Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы

Орындаған:Жұбаназар Гүлназ
Группа:ОМ20-014-1К

C.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы
Лимфа-адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфаның құрамында белоктар, минералды тұздар, гемоглобин, глюкоза және тағы да басқа қанның пішіндік элементтері болады. Ол лимфоплазмадан және пішіндік элементтерден тұрады. Химиялық құрамы бойынша лимфоплазма қанның плазмасына жақын, бірақ құрамында нәруыздары аздау болады. Нәруыз фракциясының ішінде альбуминдер глобулиндерден басымырақ болады. Нәруыздың біраз бөлігін ферменттер -- диастаза, липаза және гликолитиялык ферменттер кұрайды. Түрлі тіндерге,мүшелерге, ұлпаларға байланысты нәруыз мөлшері әр түрлі болады. Лимфоплазманың кұрамында бейтарап майлар, қарапайым қанттар, NaCl, Na,CO, және баскалар, сондай-ақ құрамына кальций, магний, темір кіретін әр түрлі коспалар болады. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар.
Қанның пішіндік элементтері:
Лимфоциттер - 90%;
Моноциттер - 5%;
Эозинофилдер - 2%;
басқа жасушалар - 2%.
Сегменттік-ядролық нейтрофилдер - 1%;
Кейде эритроциттер де болады
Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.Лимфа құрамындағы лейкоциттердің жекелеген түрлерінің пайызы лимфаның лейкоциттік формуласы деп аталады.
Лимфа жуйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі.Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су , нәруыз , май , зат алмасу өнімдері қайта өтеді . Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұксас тамырлар болмайды , тек лимфа қылтамырлары болады . Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы -- лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық болып келеді . Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады . Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа болып табылады.Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық.Лимфа қылтамырлары ми , жұлын , шеміршек , қағанақ , көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады .Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді , оның ішкі бетінде қақпақшалары бар . Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка ( жүрекке ) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады.Лимфа сұйықтығы вена қанымен араласып , жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады . Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі . Олар қантамырлардың айналасында орналасады . Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ , сопақша , үрмебұршақ тәрізді болып келеді. Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі , ойыстау болады . Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан . Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды . Лимфа түйіндерінің орналасқан жері : қолтық , шап , мойын , құрсақ қуысы,шынтақ пен тізенің бүгілісі,астыңғы жақсүйек және т.б . Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып , ісіп кетеді . Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне , ағзаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы туралы
Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері
Қан түзу. Эмбрионалді қан түзу
Организмнің сұйықтық орталары
Қан плазмасы және қан түйіршіктері
Лимфа жүйесінің физиологиясы
Иммундық жүйе
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Қан айналымның бұзылуы
Лимфа жуйесінің қызметі
Пәндер