Тромбоциттердің электронды – микроскопиялық құрылысы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тромбоциттердің электронды - микроскопиялық құрылысы

Орындаған:
Группа:



Тромбоциттердің электронды - микроскопиялық құрылысы
Кан пластинкалары, тромбоциттер (thrombocytus) адам канында ұсақ түссіз пішіндері дөңгелекше, сопакша немесе ұршыкша тәрізді, көлемдері 2 -- 4 мкм денешіктер түрінде аныкталады. Олар кішкентай немесе үлкен топтарға біріге алады (агглютинденуге кабілетгі болады). Олардың адам қанының кұрамындағы саны 2,010чл-ден 4,010чл-ге дейін ауытқиды. Қан табақшалары сүйек майының гиганттық жасушасы -- мегакариоциттерден бөлініп кеткен иитоплазманың ядросыз фрагменті болып табылады.Қан ағымында тромбоциттер екі бүйірі де шығыңкы диск түрінде болады.Қан жұғынын азур 11 -- эозинмен бояғанда қан табақшаларында ашықтау түсті шеткері аймак -- гиаломер және одан көрі күнгірттеу, түйіршікті бөлігі -- грануломер аныкталады. Олардын құрылымы мен боялуы қан табақшаларынын даму сатысына байланысты өзгеріп отырады. Тромбоциттердін популяциясында жастаулары да, одан гөрі дифференциялана түскендері мен картайғандары да болады. Жас табакшаларда гиаломер көгілдір түске боялады (базофилді), ал жетілген түрлерінде кызғылт болады (оксифилді). Тромбоциттердін популяциясында негізгі бес түрін ажыратады:
жас -- көгілдір (базофилді) гиаломері және кызғылттау-күлгін түсті грануломерде жекелеген азурофильді түйіршіктері бар (1 -- 5%);
жетілген -- әлсіз-кызғылт (оксифильді) гиаломері бар және грануломерде жаксы дамыған қанық азурофильді түйіршікті түрі (88%);
картайған -- күнгірттеу гиаломері және грануломерлі (4%);
дегенеративті -- сұрғылт-көк түсті гиаломерлі және тығыз кара-күлгін түсті грануломерлі (2% дейін);
тітіркенудін гигантты түрі -- кызғылт-көкшіл түсті гиаломерлі және көкшіл түсті грануломерлі, көлемдері 4 -- 6 мкм (2%).
Жас тромбоциттер картайғандардан көрі үлкенірек болады. Кейбір ауруларда тромбоциттердің әр түрлі формаларының ара-катынасынын өзгеруі мүмкін, бұл диагноз кою барысында еске алынады. Жас тромбоциттердін санының көптігі нәрестелерде байкалады. Онкологиялык аурулар жағдайында тромбоциттердің картайған түрлері көбейеді. Плазмолеммада гликокаликстін калың кабаты (15 -- 20 нм), инвагинациялар, олардан бөлініп кететін түтікшелері болады. Плазмолеммада кан табакшатарының адгезиясы мен агрегациясынын үдерістеріне катысатын, үстінгі рецепторлардын кызметін атқаратын гликопротеиндер болады.

Тромбоииттердін цитоқаңқасы жаксы дамыған және актинді микрофиламенггермен және гиаломерде айналмалы бағытта орналасып, плазмолемманың ішіне жанаса орналаскан микротүтікшелердің шоғырынан (10 -- 15-тен) кұралған. Цитоқаңқа элементтері қан табақшаларының пішінін демеп тұруды камтамасыз етеді, олардын өсінділерінің түзілуіне ат салысады. Актинді филаменттер пайда болған кан ұйымаларының ретракциясына (көлемінін кішіреюіне) катысады. Қан табакшаларында электронды микроскопияда гиаломерде жақсы көрінетін өзекшелер мен түтікшелердін екі жүйесі бар. Біріншісі -- плазмолемманын инвагинацияларымен байланыскан ашық өзекшелер жүйесі. Бұл жүйе аркылы кан табакшаларынын түйіршіктерінін кұрамдық заттары плазмаға бөлініп шығады да, заттардын сінірілуі жүреді. Екіншісі -- тығыз түтікшелік жүйе, ол электронды-тығыз аморфты материалы бар түтікшелер тобынан тұрады. Ол жазық эндоплазмалық торға ұксайды, Гольджи кешенінде пайда болады. Грануломерде органеллалар, косындылар және арнайы түйіршіктер аныкталған. Органеллалар рибосомалармен (жас табакшатарда), эндоплазмалық торлардың элементтерімен, Гольджи кешенімен, митохондриялармен, лизосомалармен, пероксисомалармен берілген. Гликогеннің және ферритиннің қосындылары ұсақ түйіршіктер түрінде аныкталады.
Арнайы түйіршіктер грануломердің негізгі бөлігін кұрайды, олардын саны 60 -- 120 дейін жетіп, екі негізгі түрлері болады. Бірінші түрі: а-түйіршіктер (альфа- түйіршіктер) -- ең үлкен түйіршіктер (300-500 нм) орталык бөлігі ұсақ түйіршікті, қоршаған мембранадан кішкентай ашық кеңістікпен бөлінген. Оларда канның ұюына қатысатын әр түрлі нәруыздар және гликопротеиндер, өсу факторлары, литикалык, ферменттер табылған. Екінші түрі -- 6-түйіршіктер (дельта-түйіршіктер) көлемдері 250 -- 300 нм тығыз денешіктер, оларда шеттей орналаскан тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тромбоциттердің электронды – микроскопиялық құрылысы
Инфаркттың түрлері
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Қанның және иммундық жүйелердің жас ерекшеліктері
Қан және лимфа айналымының бұзылуы
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау
Иммунды жүйе мүшелері
Сиыр малына жалпы сипаттама
Қан эритроцит осмостық резистенттілігіне төмен диапазонды сәулелердің әсерін зерттеу
Гистология туралы
Пәндер