Банк тәуекелдері туралы


Г. Д. Текебаева, Г. Т. Танабаева, А. Н. Сатыбалдиева
«Банк тәуекелдері»
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Шымкент, 2020 ж
ӘОЖ
КБК
Р
Мардан Сапарбаев институты Оқу құрал Кеңесінің мәжілісінде бекітіліп, баспаға ұсынылған (№ _ 2 _ хаттама « 27 » 10. 2020 ж. ) .
Экономика кафедрасы (№2 хаттама « 27 » 10 _2020 ж. ) баспаға ұсынған.
Рецензенттер:
Иманбаев А. А. - э. ғ. к, аға оқытушы Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті
Кыдырова Ж. Ш. - э. ғ. к, Мухтар Әуезов атындағы ОҚУ
Ағабекова Г. Н. - э. ғ. к., аға оқытушы, Мирас унивеситеті
Текебаева Г. Д., Танабаева Г. Т, Сатыбалдиева А. Н.
Банк тәуекелдері оқу құралы - Шымкент: баспахананың атауы , 2021 ж., б.
ISBN
Ұсынып отырған оқу құралы банк тәуекелдерінің тиімділігін анықтау үшін қажетті білім мен шеберліктің заманауи кешенін меңгеруге студенттерге көмектесуге бағытталған.
Оқу құрал жоғары оқу орнының болашақ экономика саласындағы білім алушыларға арналған.
ӘОЖ
КБК
ISBN
©Текебаева Г. Д., Танабаева Г. Т. Сатыбалдиева А. Н. 2020
© Мардан Сапарбаев институты, 2020
Мазмұны:
Глоссарий . . .
1 тақырып: Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні . . .
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
2 тақырып: Банктік тәуекелдер. Банктік тәуекелдерінің жіктелуі
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
3 тақырып: Банктік тәуекелдер . . .
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
4 тақырып: Банктердің ішкі тәуекелдері . . .
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
5 тақырып: Валюталық тәуекелдер және оларды азайту . . .
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
6 тақырып: Пайыз тәуекелі және оны азайту әдістері . . .
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
7 тақырып: Активтік операциялар тәуекелдері. Портфелдік тәуекелдер
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
8 тақырып: Несиелік тәуекелдерді басқару . . .
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
9 тақырып: Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
10 тақырып: Экономикалық тәуекелді сандық бағалау жуйесі
Бақылау сұрақтары: . . .
Тест сұрақтары . . .
Қолданылған әдебиет . . .
ГЛОССАРИЙ
Акциз - тауар немесе қызмет көрсету бағасына кіретін жанама салықтың түрі.
Аренда (жалға алу) - мүліктің жедел, өтелетін иелікке, пайдалануға берілуі. Мүлік жалға берушімен жалға алушыға арнайы жалға алу келісім-шарты негізінде беріледі.
Банк - ақша қаражатын шоғырлаушы және соның негізінде өз клиенттеріне несие беруші, ақша есеп берулері мен басқа да операцияларды жүргізуші несиелік - қаржылық ұйым.
Биржа - құнды қағаздар (биржалық қор), тауарлар(тауарлар биржасы), шетел валютасы сатылатын нарық түрі.
Саяси тәуекел - мұнда саяси Өкіметтің ауысуы нәтижесінде немесе Мемлекетпен жүргізілетін саяси бағдарламаның ауысуы нәтижесінде банк қызметіне өз әсерін тигізетін тәуекел.
Жалпы экономикалық тәуекел - мемлекеттің экономикалық жағдайы төмендегенде пайда болады. Мысалы, ЖҰӨ деңгейі құласа, мемлекеттік бюджетінің тапшылығы өссе, инфляция деңгейі көтерілсе және т. б.
Депозиттік тәуекел - сыртқы ортадан салымдарды, несиелерді, депозиттерді және тағы басқа қаржыландыру қайнар көздерін тарту тәуекелі.
Несиелік тәуекел - бұл тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе мүлдем банкротқа ұшырауымен байланысты алған қарызын бөлшектеп немесе толықтай қайтара алмауымен байланысты.
Валюталық тәуекел - әлемдік нарықта шетел валюта курсының тез өзгеруінің нәтижесінде пайда болатын шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелге тек шетел валютасы бойынша ашық валюталық позициясы бар банктер ғана ұшырайды.
Пайыздық тәуекел - мемлекеттік не болмаса әлемдік нарықта бір немесе бірнеше құрал бойынша пайыз ставкаларының жағымсыз түрде өзгеруінен болатын тәуекел.
Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарық конъюктурасының өзгеруі нәтижесінде бағалы қағаздар құнсыздану тәуекелі.
Банк бағытының тәуекелі
- банк қызметінің мақсатты бағытталуы мен, оның қызмет ету аясы мен даму приоритеттерінен туындайды.
Жартылай басқарылатын сыртқы тәуекелдер
- бұл тәуекелдер сыртқы ортада қалыптасады, бірақ банк олармен толық немесе жартылай басқара алады.
Клиенттің тәуекелі - клиенттің экономикалық жағдайының нашарлауынан не болмаса тіпті банкроттыққа ұшырауынан туындайтын тәуекел.
Ішкі тәуекелдер - банк ішінде болатын тәуекел.
Стратегиялық тәуекелі - ішкі стратегияны, құралдарды қолдану приоритеттерін дұрыс құрмауынан пайда болатын тәуекел.
Құрылымдық тәуекелі - банк құрылымының тиімсіздігінен туындайтын тәуекел.
Басқару тәуекелі - банкті авантюристік жолмен басқарудың нәтижесінде пайжа болатын тәуекел түрі.
Кадрлық тәуекелі - ұжымның, яғни мамандардың психологиялық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіндігіне байланысты тәуекел.
Ынталандырушылық тәуекелі - бірдей жасалған қызметке түрліше ынта ету, яғни басшы өз қызметкерлеріне бірдей қарамай, теңбе-тең қарамауынан пайда болады.
Шектен шығу тәуекелі - банктік коррупция, қылмыстық топтар мен байланыс, өз туыстарын жеңілдік беріп несиелендіру арқылы тәуекелге ұшырауға болады.
Бақылаушылық тәуекелі - егер, бақылау жүйесі банктің жеке бөлімшелерінің қызметін тиімді қадағалай алмаған жағдайда тәуекел туындайды.
Қаржылық тәуекелі
- банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер.
Операциялық тәуекелі
- жеке банктік бөлімшелерін басқару деңгейінде банк қызметінде күнделікті болатын ағымдағы тәуекелдер.
Ұйымдастырушылық тәуекелі
- операция мен есеп жүргізу тәжірибесінде, құрылымында банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуында болады.
Ақпараттық тәуекелі
- банк операцияларына өз жағымсыз әсерін тигізетін жалған мәлімет алу тәуекелі.
Ұжыммен байланысты тәуекелі
- ұжымның тәртібінің ерекшелігіне байланысты туындайтын тәуекел.
Техниканы қолданумен байланысты тәуекелі - компьютер немесе басқа да техниканың бұзылуынан шығындар шығару тәуекелі.
Саудалық тәуекелі - саудалық құрал-жабдықтармен, депозиттермен, бағалы қағаздармен, валюталармен оларды сатып, сауда-саттық жасағанның нәтижесінде болады.
Табыстылықты азайту тәуекелі - басқаруға дұрыс жол таппау нәтижесінде банк табыстылығын сипаттайтын тәуекел.
Әртараптандыру тәуекелі - жеке қарыз алушыларға, бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне өте үлкен салым салудан туындайтын тәуекел.
Мемлекеттік тәуекелі - егер банк клиенті экспорт-импорттық қызметпен шұғылданып немесе егер банк шетел қарыз алушыларын несиелендірген жағдайда болады.
Портфельдік тәуекелі
- бағалы қағаздардың жеке түрлері бойынша және ссудалардың барлық категориялары бойынша шығындар шығару тәуекелі.
Жүйелік тәуекелі - акция бағасының өзгеруі, оның табыстылығы, облигация бойынша күтілетін және ағымдағы проценттердің, дивиденттердің күтілетін мөлшерімен байланысты түрі.
Жүйелік емес тәуекелі
- нарық жағдайына байланысты болмайды және банк, кәсіпорынның нақты спецификасы болып табылады.
Жалпы нарықтық бағалардың құлау тәуекелі - белгілі бір қаржы активтері бойынша алынбайтын табыс тәуекелі.
Инфляциялық тәуекелі - бөлімшенің өмірлік циклымен анықталатын тәуекел.
Форфейтингтік тәуекелдер
- егер форфейтор немесе банк өз мойнына регресс құқығынсыз экспортердің барлық тәуекелдерін алады.
Активті операциялардың тәуекелдері
- банктер үнемі өз қызмет процесінде ұшырайтын пайыздық тәуекелдер деңгейімен байланысты болады.
Өтімділік тәуекелдер - қысқа мерзімді ссудалар бойынша міндеттемелерін орындауға өтімді қаражаттарының тапшылығы болу тәуекелі.
Базалық тәуекел - пайыздық ставкалардың құрылымында болатын өзгерістермен байланысты келеді.
Уақытша бөлектену тәуекелі
- егер банк ресурстарды тартып орналастырса, бірдей базалық ставкамен тек оларды қарастыру мерзімі әртүрлі болады. Қарастыру мерзімін таңдауына байланысты тәуекел пайда болады.
Есептер тәуекелі
- егер банк контрагентпен алдын-ала ақылдасып алмай төлемдерді жүзеге асырған жағадайда болады.
Капиталдық тәуекелі - тәуекелдің бұл түрі мына жағдайда пайда болады - банк келісімге отырып, серіктеске қаражаттарды төлеуі тиіс және де серіктесі келісім бойынша толық өз міндеттемесін орындай алатындығына күмәні бар болса.
Кіші тәуекелі - стандарттан төмен немесе стандартты емес тәуекел.
Маржиналды тәуекелі - клиент форвардтық келісімге отырғаннан кейін банкрот болып қалуы мүмкін, банк нарықта оның міндеттемелерін жабуға мәжбүрленеді, яғни тәуекелділікке бет бұрады, себебі валюта курсы жағымсыз жаққа өзгеруі әбден мүмкін.
Ипотекалық тәуекелі - кепілдікпен қамтамасыз етілген ссудаларға тән күтілетін пайызбен негізгі соманы жоғалту тәуекелі.
Ағымдық тәуекелі - қызметкерлердің персоналдық қажеттіліктері, техникалық жаңылуы, банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы себебінен күнделікті қызмет нәтижесіндегі мүмкіндіктерді білдіреді.
Своп-ставкалардың өзгеруінің тәуекелі - егер своп-позициялары келісілмеген немесе мерзім бойынша мүлдем жабылмаған болса пайда болады
Тақырып 1. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1. Банктік тәуекелдер категориялары мен классификациясы
2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
1. Жалпы тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз пайыздық нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге бет бұрған адам міндетті түрде шығынға ұшырайды. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әртүрлі банктік операцияларды жүзеге асыру барысында мойнына алатын жауаптылықты дұрыс бағалай білуінің маңызы зор.
Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Олардың ауқымы әртүрлі. Сондықтан да банк қызметтерде тәуекелдің мүлде болмауы маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу, кеміту маңызды. Яғни кез келген банк өз қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен ісәрекеттерде жұмсауға тырысады.
Банктік тәуекелдер деп несие мекеменің жүзеге асыратын, банк операциясының ерекшелігімен туындайтын шығын қатері, яғни банктің өз ресурсының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз.
Тәуекел банктің берілген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын белгілейді.
Банктік тәуекел категориясы экономикалық теорияның тану объектісі ретінде әртүрлі бағыттағы нәтижелер мен ақпараттардың анықталмағандығы және оссиметриялылығымен тығыз байланысты.
Банк қызметі залалсыз болуы үшін шыгын, ысырап, залал сенімді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану керек.
Ысырап банк қызметіне тән, тәуекелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысынан банк пайдасының болжанбаған кемуі ретінде ұғынылады.
Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залалды ұштастырады. Сол себепті де, қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады.
Қатер мен ысырап ұғымы бір-бірімен өзара байланысты. Осыған орай, қатерді ысырап категорияларын пайдалана отырып, сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуекел теориясын дамытудың базасы болып табылады.
Шығын - банк өз қызметінде белгілі бір шығындар жұмсайды. Оларға: салымға төленетін пайыздар, өзге де қаржы институттарынан алынған кредит ресурстары үшін төлем, есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығын, жұмыскерлерге, қызметкерлерге, үй-ғимаратқа кететін шығындар жатады.
Табысты ала алмау немесе белгіленген шығыннан да көп шығын шығару жағдайы залал деп аталады. Залал алдағы кезеңнің операцияларының жеткілікті дәрежеде таңдалмаған кезінде, жарамсыздыққа ұрынған жағдайда және қал-ақуалды болжауға келмейтін жағдайда болады.
Іс жүзінде портфельдердің келесідей түрлері бар:
- несиелік тәуекелділік портфелі;
- өтімділік тәуекелділік портфелі;
- валюталық тәуекелділік портфелі;
- пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі портфелі.
Банк өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әртүрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және экзогендік факторлар (өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің орнын анықтауға, тәуекелді басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай экономикалық әдебиеттер мен тәжірибеде басқару және талдау мақсаттарына байланысты банк тәуекелдерінің көптеген классификациялары бар. Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидаларына:
- банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы;
- банк клиенттерінің құрамы;
- банктік операциялар сипаттамасы;
- коммерциялық банктердің түрі жатады.
Ал енді әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдер - банктік қызметіне немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер. Банкте анықталған ақшақаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси факторларға: соғыс, жаулап алу, басып кіру (оккупация), саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестициялар тәуекелі және т. б. жатқызылады.
Экономикалық факторлар: ЖҰӨ-нің төмендеу немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан түсетін табыстың төмендеуі, импорттық өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігі мен іскерлік белсенділігінің және басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың бірыңғайлылығы мен білім деңгейінің төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы мен тағы да басқа шектеулерді (экспорттық, импорттық шектеулер, шетел инвестициясын лимиттеу сияқты) білдіреді.
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады.
Банктік операциялар: технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау, т. б. факторлар. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді.
Банктің ішкі тәуекелінің өзі төртке бөлінеді : банк активтері, банк пассивтері, активтер мен пассивтерді басқару сапасы, қаржылық қызметті жүзеге асыру тәуекелі. Олардың өзі ішінара жіктеледі:
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің несиесінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді, сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытында айналысып отыруы керек. Несиелік тәуекелдің өзі былайша жіктеледі:
1. Қарыз алушыға байланысты несиелік тәуекел:
- объективті;
- субъективті;
- заңды.
2. Несиені қамтамасыз етумен байланысты тәуекел:
- кепіл берушінің тәуекелі;
- сақтандырылған кепіл мүлкінің тәуекелі:
- кепіл мүлкінің өтімділік тәуекелі;
- жойылу тәуекелі;
- жүйелік тәуекел;
- форс-мажорлық тәуекел.
Валюталық тәуекел - келісімшартқа қол қойған кезеңі мен ол бойынша төлемді жасау арасындағы кезең ішінде төлейтін валютаға қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекел қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатысы кезінде, курстың өзгеруі кезінде зиян шеккен банктерде және өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстың толық алынбауына, қосымша шығынның шығуына алып келеді. Валюталық тәуекел ашық валюталық позиция кезінде туындайды. Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады, атап айтсақ:
- айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;
- конверсионды операциялар тәуекелі;
- трансляциялық тәуекелдер;
- форфейтинг тәуекелі;
- коммерциялық тәуекел;
- операциялық тәуекел.
Нарықтық тәуекел - валюталық, пайыздық және инвестициялық тәуекелдердің жиынтығынан тұрады. Бұл тәуекел мүмкін болатын жоғалтулардың, ескерілмеген шығындардың әсерінен және активтер мен пассивтердің нарықтық бағасының, өтімділік дәрежесінің төмендеуінен туындайды. Нарықтық баға әрқашан да сұраныс пен ұсыныстың негізінде құрылады, сондықтан ол өзгеріп отырады. Нарықтық тәуекелді, әсіресе несиемен қамтамасыз ету кезінде ескерген жөн, себебі бағалы қағаздар нарығындағы өзгеріс немесе жылжымайтын мүлік нарығындағы кері жағдайлар күтілмеген шығындарға алып келуі мүмкін.
Кассалық тәуекел - кассалық операциялардың жүргізілуі барысында кассирлер тарапынан байқаусызда немесе кассирлердің жұмысқа салғырт қарауынан туындайтын тәуекелдің түрі. Банк тәжірибесінде кассалық кателіктер көбіне аударымдар жасағанда, коммуналдық төлемдер қабылдағанда, алаяқтардың басқа тұлғалардың атынан ақша алуы және т. б. жағдайларда туындайды.
Есеп айырысу тәуекелі - банктің есеп айырысу процесін ұйымдастыру барысында есеп айырысу техникасына байланысты туындайтын тәуекел. Төлемсіздік немесе төлем мерзімін бұзу тәуекелі, есеп айырысу формаларының төлем және құжат айналымдары тәсілдері, есеп айырысу мазмұны мен мәмілелерінің сипаттамасына сәйкес келмеу тәуекелі. Есеп айырысуға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеуі немесе олардың бұзылуы.
Факторингтік тәуекел - факторингтік келісімшарт негізінде клиентке қаржылық қызмет көрсету барысында, яғни тауарлыкомиссиондық операцияларды жүргізу барысында туындайды. Факторингтік операцияда үш тұлға қатысады. Олар: факторингтік компания немесе банк, жабдықтаушы, сатып алушы.
Инвестициялық тәуекел - белгісіз жағдайда инвестицияның көзделмеген шығынға ұшырауы. Яғни белгілі бір жобаларға, бағалы қағаздарға салынған қаржының шығынға ұшырауы мен мүлдем қайтарылмау тәуекелі.
Инвестициялық тәуекелдерді келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:
1. Жүзеге асыру сферасы бойынша:
- техника-технологиялық тәуекел;
- экономикалық тәуекел;
- саяси тәуекел;
- әлеуметтік тәуекелдер;
- экологиялық тәуекел;
- заңды-құқықтық тәуекелдер.
2. Жүзеге асыру түрлері бойынша тәуекелдер:
- нақты инвестициялық тәуекелдер;
- қаржылық инвестициялық тәуекелі.
3. Инвестициялық тәуекелдердің пайда болу көздері бойынша:
- жүйелі тәуекел: пайыздық, валюталық, инфляциялық, саяси тәуекелдер;
- жүйесіз тәуекелдер.
Банкаралық несиелерді тарту тәуекелі - банктердің арасында бір-біріне берілетін несие, яғни банк өз өтімділігін қамтамасыз ету үшін алатын қысқа мерзімді несие негізінде туындайды. Банкаралық несие тартылған ресурстардың ішіндегі ең қымбаты - олар көбінесе бір күнге немесе бір түнге берілетін несиелер, яғни овернайт несиелері.
Диверсификациялық тәуекел - ақша қаражатын әртараптандыру кезінде әртүрлі салаға орналастыру негізінде туындайтын тәуекел. Ақша қаражаттарын әр салаға бөліп салу тәуекел деңгейін азайтады, алайда жалпылама экономикалық құлдыраулар салалардың құлдырауына алып келуі мүмкін, осы жағдайда диверсификациялық тәуекелді жоғарылатады.
Өтімділік тәуекелі - банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерін уақытында орындай алмауы, қолма-қол ақша қаражаттары мен активтерінің жеткіліксіздігінен, басқа көздерден тез арада тарта алмауы негізінде туындайды. Банк өтімділігінің төмендеуі тікелей банктің нарықтағы деңгейінің төмендеуіне, яғни бәсекелестік қабілетінің азаюына алып келеді.
Пайыздық тәуекел - бұл пайыз мөлшерлемелерінің болжанбаған ауытқуы негізінде банктің ысырапқа ұшырау мүмкіндігі. Пайыз мөлшерлемесі өзгергенде банк табыстары мен шығындары, активтерінің нарықтық құны, пассивтер мен баланстан тыс шоттар да өзгереді. Пайыз тәуекелі берілген ссудалар мен тартылған қаражаттардың мерзімдері сәйкес келмеген жағдайда немесе активтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әртүрлі тәсілмен берілгенде пайда болады. Пайыздық тәуекелдің жіктемесі:
- жаңа баға құру бойынша активтер мен пассивтер бағасының өзгеруі;
- табыстың өзгеру тәуекелі;
- базистік тәуекел;
- операциондық тәуекел.
Төлемқабілетсіздік тәуекелі - клиенттің банк алдындағы қарыздарын өтей алмау кезінде туындайды. Төлемқабілеттілікті скоринг жүйесі арқылы бағалайды, яғни несие бермес бұрын төлемқабілеттігін бағалау керек.
Капитал құрылымы тәуекелі - банк капиталының құрылымының, яғни банктің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және меншік капиталының дұрыс орналастырылмауынан, қолданбауынан туындайды, сонымен бірге банк ресурстарының нарыққа сәйкес қымбаттауы немесе арзандауы барысында болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz