Қашықтықтан оқыту – оқытудың заманауи форматы


А. А. Айтубар
орта деңгейлі екінші санатты
өндірістік оқыту шебері
Қашықтықтан оқыту - оқытудың заманауи форматы
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға . . . ) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) - оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Қашықтан оқыту - ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Мұғалімдердің алдын - ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі оқытушылар мен студенттер арасында, өзара студенттер арасында жұмысқа қатысты кез келген форматтағы файлдармен алмасуды қолдайды. Moodle жүйесінде сабақ дайындау және өткізуде оқытушы құрамына глоссарий, ресурс, әр түрлі тапсырмалар, форум, wiki, сабақ, тест, webinar, аудиодәрістер, бейне сабақтар және т. б. курс элементтерінің жиынтығын пайдаланады.
Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен студент арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: студенттерді тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: студентерді оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған. Бірақ бұл оқу бағыты барлық жерде және әрдайым шешім бола алмайды. Оның басты себебі еліміздегі техникалық және әлеуметтік жағдайдың әр түрлі болуы.
Даму үстіндегі мемлекет болғандықтан бұл проблема әрдайым басты назарда болып отыр. Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және студенттің үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар. Аз уақыт ішінде, яғни 2 ай көлемінде болған қашықтан оқыту әдісі өзінің нәтижелерін беруде:
• техниканың жетіспеушілігі;
• интернет желісінің дұрыс жұмыс жасамауы;
• байланыс аппараттарының сапасыздығы;
• тым көп ақпарат;
Атап айтсақ қашықтан оқытудың зиянды жақтары жетерлік бірақ бұл толықтай алып тастауға себеп емес! Зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс сияқты. Әр істен жақсылық іздей білген жөн. Дәл осы оқиғаларға байланысты, яғни COVIT-19 вирусының таралуына байланысты қашықтан оқыту таптырмас әрі жалғыз шешім болды. Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар үйде отырып ақ тапсырмаларды орындап, дәріс берушімен байланысы алды. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстанда ҚО жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді: ЖОО студенттері; орта мектептер оқушылары (әсіресе ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен ауылдарда) ; түрлі деңгей басқарушылары; аймақтық басқару органдары жетекшілері; жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар; екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар; қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар; қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т. б.
ҚО негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялары:
· оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;
· эфирлік, кабелді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар;
· студенттерді оқу-әдістемелік материалмен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар. Internet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын кез келген адам пайдалана алады.
Түрлі статияларды салыстыра отырып, қашықтан оқыту - бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол студент пен мұғалімнің, студенттердің өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше түрін ұыснады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтиытын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.
Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру кезінде мұғалім мен студенттің өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифрененциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т. с. с) күндізгі оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек. Қашықтан оқыту - процесс. Қашықтан оқу - жүйе.
Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағаналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау.
Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқуға тән бірқатар сипаттамаларды бөліп көрсетеді. Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұйымдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағадай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да кез-келген қашықтықтан оқыту крусының маңызды бір бөлігі. Оның көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтан оқыту курстарын ұйымдастрығанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек.
Орындалған талданымдар негізінде қащықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
1. инетрактивтік теледидар;
2. компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультмедиялық технология, видеоконференция, телекөпір, онлайын-сабақ . . . ) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;
3. Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.
Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тікелей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақпа, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзне қажет әдстердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл өте қымбат технология болып отыр.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық мен Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.
Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде компакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;
-инетрактивтік;
-мультмедиялық;
-ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- оқытуды даралау;
- оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
- дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
- оқу курстарын қолдау;
- білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
- кеңестер беру;
- білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
- білім алушылардың білімдерін бақылау. Білім беру ұйымдарында:
- білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
- телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
- әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
- CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жеке меншік және немесе сатылып алынған) ;
- желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын) ;
- тестілеу кешендерінің;
- тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
- жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
- желілік тестілеу кешендерінің;
- оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS) ;
- оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management SystemsLCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Авторлар өз еңбектерінде, қашықтан оқытудың қазіргі мезетте бар ашық желісінде қолданылған келесі моделдерді қарастырады:
Бірінші модель - экстарнат түрінде оқыту. Қандайда бір себеппен күндізгі оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің және оқу орнының (емтихандық) талабына ыңғайластырылған оқыту.
Екінші модель - бір оқу орын базасында оқыту. Тұрақты түрде оқытылмайтын, оқу орынан қашықта орналасқан, сырттай (ашық форма) немесе қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялы мен ақпараттық технологияны қамытыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.
Үшінші модель - бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез-келеген аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының, сырттай қашықтан оқытудың бағадарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету, оның сапасын арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты - достас елдердің кез-келген азаматына, өз елінен немесе үйінен алысқа ұзамай ақ, осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез-келген білім алуына мүмкіндік беру.
Төртінші модель - Студеттер әр бағытта білім алатын, ашық немесе қашықтан оқытуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс істейтін ұймдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме Лондондағы Ашық университет болып табылады. Оның базасы негізінде соңғы жылдары Ұлыбританияның ғана емес Достастық елдерінің де көптеген студенттері қашықтан оқытылып жатыр.
Бесінші модель - тәуелсіз оқыту жүйесімен оқыту. Бұған ұқсас жүйелерде оқыту толығымен теледидардағы бейнежазу немесе райдиобағдарлама, сонымен қатар баспа құралдары арқылы жүргізіледі. Қащықтан оқытудың бұндай түрінің мысалына америка - самоан тележобасын жатқызуға болады.
Мультимедиялық бағдарлама негізіндегі қалыпты тыс, интерактивті қашықтан оқыту. Мұндай бағдарламалар, өз уақытысында түрлі себептермен мектепте оқудын аяқтай алмай қалған үлкендерге арналған. Бұл жобалар арнаулы білім беру бағдарламаласының кірктірілген (мысалы, Колумбияда бар) бөлігі, немесе белгілі бір білім беру мақсатына икемделген (мысалы, Қазақстандағы Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту, Британияның халық ағарту бағдарламасы) болуы, немесе денсаулықтың профилактикалық бағдарламасы (мысалы СПИТтен сақтау бағдарламасы) болуы, даушы елдерге арналған бағдарлама болуы мүмкін.
Қашықтан оқыту артықшылықтары.
Зерттеушілердің айтуынша, қашықтан оқытудың даусыз артықшылықтары мыналар:
1. білім беру қызметінің арзандығына қарамай, кешкі немесе сырттай оқу түріне қарағанда әлдеқайда жоғары кәсіби дайындық;
2. оқу мерзімін қысқарту;
3. Қазақстан мен шет ел ЖОО-нда қатар оқу мүмкіндігі;
4. Студенттің оқу орнының географиялық орнына тәуелсіздігі.
Оқу курстарының сапасы мен құрылымы қашықтан оқыту мен дәстүрлі оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтан оқыту сапасы жоғары болғанын тәжірибелер дәлелдеп отыр. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Дыбыстың, қимылдың, образдың және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады, оның дамыу барысында оқу процесіне қатысатын оқушы саны да арта береді. Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын бағдарламалар мен ақпаратты жеткізу жүйесінің интерактивтік мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнатады және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құралдарымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Қашықтан оқытудың әсерлі болуы студенттермен бірге Интернетпен жұмыс істейтін мұғалімге тікелей байланысты. Бұл мұғалім қазіргі заманғы ақпараттық және педаогикалық технологияны меңгерген, студентпен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге писхологиялық тұрғыдан дайын бесаспап ұстаз болуы керек. Өкінішке орай біздің елімізде осыған ұқсас мамандар дайындау жүзеге асырылмай отыр. Басқа проблема - желідегі студентті ақпаратпен қаматамасыз ететін инфраструктура. Оқу материалының құрылымы мен кешені қандай болу керек деген сұрақ әлі ашық тұр. Бұлармен қатар қашықтан оқыту курсына жіберу туралы сұрақ та бар. «Қашықтағы» студенттердің білімін бағалау мен оны ұйымдастыру да шешілмеген сұрақ күйінде қалып отыр. Оны шешу үшін оқушылардың білімін бағалайтын норамитвтік-құқықтық база жасау керек.
ТМД елдерінде қашықтықтан оқытудың өзіне тән болашағы бар - қазіргі дәстүрлі білім беру жүйесін көбінде консервативтілік, инерциялық қабілет, жергіліктілік, шектілік пен аумақтық факторлар тежейді.
Сурет 2 - SloanConsortium - ның 2005 жылы жүргізген сауалнама қортындысы
Суретке сүйене, келесідей тұжырымдама жасауға болады: алғашқы уақытта қашықтан оқыту жүйесін барлық пәндер бойынша жаппай енгізу керегі жоқ, тек кейбір пәндер бойынша, кейбір салаға енгізу керек деп ойлаймын. Мысалы, экономика және ақпараттық технологиялар, гуманитарлық салаларда қашықтан оқыту жүйесін енгізсе дұрыс болады деген ойдамын. Өйткені медицина, химия сияқты пәндерде зертханалық сынауларсыз білім алу мүмкін емес. Бұл салаларға жартылай қашықтан оқыту деген жүйені енгізсе де жетерлік.
Әлемдік білім беру жүйесінің орташа есебі бойынша қашықтықтан оқыту дәстүрлі білім беру түрлеріне қарағанда 50% төмен екені анықталды.
Қашықтан оқыту жүйесінде алдыңғы қатардағы әлемдік қашықтан оқыту жүйесінің орталығы қатарына кіретіндер:
- Францияның қашықтан оқыту ұлттық орталығы, құрылғын жылы 1993, білім алушылар саны 400 мың адам;
- Испания Ұлттық Университеті, 1972, 124 мың адам;
- Анадолу Университеті(Түркия), 1982, 300 мың адам;
- Калифорниялық виртуалды Университет (АҚШ), 1977, 28 мың адам;
- Оңтүстік Африка Университеті, 1973, 120 мың адам;
Қазіргі уақытта қашықтан оқыту жүйесінің қолданылу аясы елімізде әлі де болса кең етек ала қойған жоқ.
ҚО жүйесінің қарқынды дамуы үшін:
- оқу орнында компьютерлік сыныптардың болуы және сол сыныптардың соңғы үлгідегі интерактивті-инновациялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс;
- ЖОО-да қашықтан оқыту курстары мен бағдарламалары жасалынған болуы тиіс;
- интернет желісіне қосылу төлемінің төмендетілуі.
- алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибелерін үйрену және тиімді тұстарын пайдалануды іске асыру;
- қашықтан оқытудың арнаулы орталықтарын ашу;
- қашықтан оқыту әдістемелік құралдары, оқулықтарының, материалдардың тиімді болуы.
Ақпараттық технологияны меңгеру компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Қоғамда қалыптасқан сонау КСРО кезіндегі кеңестік ой-пікір ғылыми технологияны меңгеруде артта қалушылыққа әкеледі, яғни адамдардың көпшілігінде ғылымда пайда болған инновациялық, телекоммуникациялық құралдарды игеруде қорқыныш, үрей, сенімсіздік сезімі байқалады. Қорытындылай келе, ХХI ғасыр ғылыми технологияның ғасыры болғандықтан компьютерлік сауаттылық заман талабы болып табылады. Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында қашықтан оқыту енді ғана күшіне енуде деп айтса да болады.
Елімізде аталған оқу жүйесінің қолданысқа енгізілгеніне небары 9 жылдың көлемі болды. Астана қаласында тікелей қашықтан оқыту жүйесіне арналған жоғарғы оқу орнының ашылатындығы Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесінің дамуына үлкен әсер ететіндігі сөзсіз. Президентіміз өзінің халыққа жолдауында айтқан сөздері және ҚР 2011-2020 жылдарға арналған жаңа білім бағдарлымысында қашықтықтан электронды оқыту жүйесінің жан-жақты қарастырылуы елімізде бүгінгі күні білім жүйесінде атқарылып жатқан жаңа бағыттағы жұмыстардың барлығын модернизациялаудағы индустрияландыру мен инновациялық дамыту негізі болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің заманауи қашықтан оқыту жүйесіне қадам басып, игеруде жоғары деңгейге жететініне сенімдімін. Қазақстанның болашағы жастар, біздер өмір бойы ізденіс арқылы өз өзімізді дамыта отырып, сапалы білім алып, қашықтан оқыту жүйесі арқылы әлеуметтік ортада әр салада өз орнын алады және біз өз үлесімізді қосамыз!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz