ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ:811.512.122:801.7

Г.Сагидолда1 , С.К. Қасымова2 , С.Ж. Жуанышпаева3

1 ф.ғ.д., профессор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана қ. Қазақстан Республикасы, е-mail: asem963@mail.ru
2 ф.ғ.к., профессор Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты, Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы, е-mail:merei_72@mail.ru
3 ф.ғ.к., доцент М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл қ., Қазақстан Республикасы, е-mail: samal500@mail.ru

ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ
ҰЛТТЫҚ КОДЫ

Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар екенін пайымдаймыз. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері қазақ тілін туысқан түркі тілдерімен салыстыра зерттеу, қазақ тілі тарихының тереңіне бойлау бұрынғыдан гөрі қарқын ала бастады. Қазақ тілінің даму тарихын нақтылау мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерінің тіліне, түркілік ежелгі жазба ескерткіштер тіліне, орта ғасырдағы жазба мұралар тіліне зерттеулер жүргізіліп, ата-бабадан қалған мәдени-әдеби рухани мұраларды ұлттық құндылықтар ретінде зерттеп-зерделеуге ерекше мән берілуде.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың осы уақытқа дейін айтып келгеніндей, түркі халықтарының ықылым заманнан бері жасап келе жатқан сөз өнерінде ұқсастық басым. Соның ішінде, әсіресе, ортақ мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдеріндегі ұқсастықтар ең алдымен, бұл халықтардың тіл туыстығын, жақындығын, танымдық ортақтықты көрсетсе, екіншіден, мәдениет, салт-дәстүр саласындағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болса керек. Сонымен бірге түркі халықтарының идеологиялық өмірінің бірдей ұқсас келуі, мәселен, ғылымдағы, көркем әдебиеттегі және соның ішінде ауыз әдебиетіндегі паремиологиялық қордың бір-бірімен пара - пар келуі бұл халықтардың тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындықтарын айқындайтын тілдік материал бола алады. Осыған қатысты түркі тілдерінде (қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркімен, әзербайжан) кездесетін тақырыбы жағынан да тұлға жағынан да байырғы мақал-мәтелдердің тілара ортақтығын, ұқсастығын салыстыра таңдауға болады.
Түйін сөздер:халық тарихы, түркі тілдері, ортақ мақал-мәтелдер, құндылықтар, оқу процессі, тарих, этнос, ұлттық код, паремиология.
КІРІСПЕ
Ұлтымыздың қалыптасуы, ұлттық сананың бастаулары арғы түркі заманына, терең тарих қойнауына жетелейді. Сол себептен, осы түркі тілдес халықтардың туыстығы мен бірлігін айшықтайтын тарихи-мәдени ортақ жазба мұраларды бүгінгі күні бір арнада зерттеп-зерделеу қазіргі таңда өте өзекті. Қазіргі тарихымыз орта түркі дәуірінен кейін түркі тілдес халықтардың қалыптасу дәуірінде өз алдына жеке отау тігіп, жеке ұлт ретінде тарих сахнасына шыққаны белгілі. Сол себептен түркі халықтарына ортақ ауыз әдебиеті үлгілері мен тарихи жазба мұралар қазақ ұлтына да тиесілі болып саналады.
Түркілік мұраны зерттеудің маңызы туралы аз айтылып-жазылып жатқан жоқ. Өйткені оны зерттеп-зерделеу арқылы халық тарихын, жады мен ой-санасын, таным-түсінігін, этникалық ұқсас қауымдастықтардың белгілі бір тарихи-мәдени кеңістіктегі тұрмыс-тіршілігін, өркениетін анықтауға болады. Осылардың тағылымдық жағы да назар аударуды қажет етеді. Бұл бағыттағы ізденістер, әлі де болсын, ортақ арнасы мен шешімін күтуде.
Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар екенін пайымдаймыз. Бұрын батыс, орыс ғалымдарының еңбектері шешуші құжат, айқын дәйек ретінде қабылданып келді, қазір сол мұраларды зерттеп-зерделеуге әрі толықтыруға мүмкіншілік кеңінен ашылуда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері қазақ тілін туысқан түркі тілдерімен салыстыра зерттеу, қазақ тілі тарихының тереңіне бойлау бұрынғыдан гөрі қарқын ала бастады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ тілінің даму тарихын нақтылау мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерінің тіліне, түркілік ежелгі жазба ескерткіштер тіліне, орта ғасырдағы жазба мұралар тіліне зерттеулер жүргізіліп, ата-бабадан қалған мәдени-әдеби рухани мұраларды ұлттық құндылықтар ретінде зерттеп-зерделеуге ерекше мән берілуде. Түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдеріндегі ұқсастықтар ең алдымен, бұл халықтардың тіл туыстығын, жақындығын, танымдық ортақтықты көрсетсе, екіншіден, мәдениет, салт-дәстүр саласындағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болса керек. Сонымен бірге түркі халықтарының идеологиялық өмірінің бірдей ұқсас келуі, мәселен, ғылымдағы, көркем әдебиеттегі және соның ішінде ауыз әдебиетіндегі паремиологиялық қордың бір-бірімен пара - пар келуі бұл халықтардың тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындықтарын айқындайтын тілдік материал бола алады. Осыған қатысты түркі тілдерінде (қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркімен, әзербайжан) кездесетін тақырыбы жағынан да тұлға жағынан да байырғы мақал-мәтелдердің тілара ортақтығын, ұқсастығын салыстыра таңдауға болады.
Мәселен, жеті санының молшылық, байлық, баршылық мағынасын беретін тілдік фактілер бар. Атап айтсақ, түрік тілінде jedi ikilim dort buzak барлық жерде (тура мағынасында жеті түрлі ауа райы, төрт бұрыш), jedi maһаlle бүкіл әлем, барлық жер (тура мағынасында жеті шақырым), jedi kat бірнеше мәрте, түркмен тілінде иуди йолуң үстүнде бәрінің көз алдында (тура мағынасы жеті жолдың үстінде), кабардин - балқар тілінде зети атадан бери (баяғыдан, бұрынғы заманнан (тура мағынасы жеті атадан бері), татар тілінде зиде төн уртаси йети төн уртаһи қап-қараңғы түн (тура мағынасында жеті түн ортасы), якут тілінде sättäbin jlturun жетеуін де артып алдым.
Жалпы әлем халықтарының мақал-мәтелдеріндегі ортақ ойлау жүйесі адамның саналы ғұмырының бергі кезеңде онымен біте қайнасып келе жатқан тілдің түпсаналық (подсознание) қатпарларында алуан түрлі мифтік дүниетаным қазыналары жасырынып жатқандығында болса керек [1]. Себебі, адам санасының мифтік-танымдық қатпарларында архетиптер кез келген ұғымның қалыптасуына қатысып, таным процесіне әсер етеді.
Тіл тағдыры - ұлт тарихымен сабақтас. Халықтың салт-дәстүрі, ой - санасы, әлеуметтік жағдайы, мәдени деңгейі сол ұлттың тілінде бейнеленеді. Көп ұлттың ішіндегі түркі халықтарының тілінде де әр халықтың сана-сезімін, мәдени тұрмыс-тарихын бейнелейтін ерекше мақал-мәтелдер ұлт тілінің даму ерекшелігін және ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткішін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Түркі дүниесінің қақпалары айқара ашылып, түркі халықтары бір-бірінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін зерттей бастаған кезеңде түркі тілдеріне ортақ мақал-мәтелдерді салыстыра қарастырып, ұлттық мәдени ерекшеліктерін айқындаудың, олардың семантикалық-құрылымдық табиғатын ашудың түркітану ғылымында теориялық та, практикалық та жағынан өз негізі бар деп айтуға болады.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың осы уақытқа дейін айтып келгеніндей, түркі халықтарының ықылым заманнан бері жасап келе жатқан сөз өнерінде ұқсастық басым. Соның ішінде, әсіресе, ортақ мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдеріндегі ұқсастықтар ең алдымен, бұл халықтардың тіл туыстығын, жақындығын, танымдық ортақтықты көрсетсе, екіншіден, мәдениет, салт-дәстүр саласындағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болса керек.
Сонымен қатар бір халықтың паремиологиялық қорындағы мақал-мәтелдердің бәрі бірдей сол тілдің қолтумасы негізінде жасалмай, басқа тілден де үлес болып қосылып отырады. Көптеген мақал-мәтелдер жалпы түркі тілді халықтарға ортақ болғандықтан, олар сол туыстас халықтардың тілінде сақталып, бүгінгі күнге дейін өз мағынасында қолданылып келе жатыр. Мақал-мәтелдерді бір ғана тілдің асыл мұрасы деп айту қиын. Өйткені, бұлар түбі бір түркі жұртының көбінде бір мағынада қолданылады.
Паремиолог ғалымдар түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдерінің ұқсастығына әр түрлі жауап береді. Біреулері бұл ұқсастықты халықтың этникалық және тілдік туыстығы ретінде түсіндіреді. Екінші топ - шаруашылық, мәдени қарым-қатынас негізінде пайда болған десе, үшіншілері - тарихи тәжірибенің ортақтығымен және қоғамдық дамудың бірдей сатысындағы рухани бірліктің нәтижесі деп ұғындырады.
Сонымен бірге түркі халықтарының идеологиялық өмірінің бірдей ұқсас келуі, мәселен, ғылымдағы, көркем әдебиеттегі және соның ішінде ауыз әдебиетіндегі паремиологиялық қордың бір-бірімен пара - пар келуі бұл халықтардың тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындықтарын айқындайтын тілдік материал бола алады. Осыған қатысты түркі тілдерінде (қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркімен, әзербайжан) кездесетін тақырыбы жағынан да тұлға жағынан да байырғы мақал-мәтелдердің тілара ортақтығын, ұқсастығын салыстыра таңдауға болады. Осы ретте біз мақаламызға арқау ретінде түркі тілдес халықтардағы сандарға негізделген мақал-мәтелдердің ұлттық-мәдени негізін зерделеуді жөн көрдік.
Математика - ғылымдардың ішінде ең ерте шыққан, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда артық, кем, үлкен, кіші ұғымдары туған. Бұлар кейін тең ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте замандағы адамдардың айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.
Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне Сандар әлемді билейді-, деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13, бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады . Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі жеті қазына, ер кезегі үшке дейін, сәрсенбінің сәтті күні ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың қасиетті үштігі, америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін айдың 13-дегі жұмасы тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады [2]. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Мәдениет морфологиясы туралы
Көне түркі жазба ескерткіштері
Қазақтың маркстік философиясы
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Мәдениеттану
Әлемнің когнитивтік суреті
Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар беттеріндегі бейнелер мен жазбалардың орын алу себептері жайлы
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Пәндер