СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жоспар:

1. ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ ТІЛ МҮКІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

2. СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

1. ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ ТІЛ МҮКІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ
ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ. Дүние есігін ашқан сәби түрлі дыбыстарды естіп ,
ажырата бастайды.   Адамдардың әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, құстардың
сайрағаны секілді. Уақыт өте сол дыбыстарды ауызекі дыбыстау арқылы сөйлеу
дәрежесіне жетеді. Егер бала дұрыс, анық түрде  дыбыстарды айтып сөйлей
білсе, ол оның өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, ал керісінше тілінде
мүкісі бар бала өзін өзгелерден кем санап, көп сөйлемеуге тырысып, қуыстана
бастайды. Ол өз кезегінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін
тигізетіні анық.

Қазіргі таңдағы  еліміздегі  және шет елдің ғалымдарының зерттеулері
бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның
ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені
анықталды. Біздің басты   мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін
анықтау,  оқыту, тәрбиелеу,  түзету  жұмыстарын жүргізу.

Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде
әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу
мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек,
ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте
негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа
дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан
бала  әлі былдырлап жүрсе, онда ол  логопедтің қарауына қаралғаны жөн..

Тіл мүкістігін түзеуде :

-Тыныс алу жаттығулары;

-Су-Джок терапия;

-Түрлі  дидактикалық,қимылды,мазмұнды,сюжет ті, рөлді ойындар  және

шығармашылық жұмыстар;

-АРТ терапия;

-лого-ырғақ жаттығулары ;

-Артикуляциялық жаттығулар;

-Жалпы және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға  арналған жаттығулардың

маңызы зор.

Су-Джок терапия

ХХ ғасырдың аяғында Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің
шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың
өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті.
Ол әдістеме су джок (корей тілінен аударғанда су — алақан, джок —
табан) деп аталды

Су Джок терапиясын пайдалана
отырып:                                                   бұдыр-бұдыр
шарлармен, қыры бар қарындашпен екі алақанның ортасына салып  айналдыру
арқылы жұмыс жасаймыз.   Жеке және топпен балалардың өз бетімен
саусақтарына массаж жасауға дағдыландырамыз. Мәселен, сырты бұдыр кішкене
шар немесе жаңғақты алақанға салып айналдыру арқылы баланың ұсақ
моторикасын дамытамыз. Яғни, бұл саусақтарға массаждың бір түрі. Сол
секілді карандаш, пластилин, мозайкамен жұмыс та, құмды,қиыршық тасты
уыстау, тиындарды іріктеу, көз алдына елестету арқылы ауаға белгілі бір
бейненің суретін салу- саусақ қимылын жетілдірудің,  ми жұмысын жақсартудың
бірден бір жолы.

           Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді
білдіреді. “Арттерапия”– терминi (a rt – өнер, artterapy – өнер арқылы
терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен
тараған. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп,
шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен,
ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және
идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске
асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Арт
терапияға құммен ойналатын ойындар мен  дәстүрден тыс сурет салуды жатқызға
болады.

       Лого-ырғақ жаттығулары бұл -әуен ырғағымен  және сөзбен үйлескен
қимылдар жүйесі.Түзету  жұмыстарында  лого –ырғақтың  атқаратын маңызы
зор.Себебі  музыка оқу қызметінде  үнемі лого –ырғақтың  элементтерін
енгізу  тілді , жалпы моториканы және  үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал
етеді. Лого-ырғақ жаттығуларын “денсаулық” білім беру саласында дене
шынықтыру  оқу қызметінде  элементтерін пайдаланамыз.

Қолдың саусақтары жақсы жұмыс жасауы үшін баланың сурет салып үйренуіне,
қайшымен жұмыс жасауына,  мозайка, пазлы жинауына, түймелерді тағып, шешуі
секілді әрекеттерді атқаруына басымдық беріледі.

Көптеген тәжірибелерге сүйенсек,сөйлеу тілі бұзылған  балалардың белсенді
қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасында 
ауытқушылықтар байқалады. Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын
дамыту жұмыстары мектепке дейінгі  кезеңде де  мектеп жасында да маңызды
болып табылады. Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда 
қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың  маңызы бар.

Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын  саусақ
жаттығуларының да орны ерекше.Данышпан қазақ халқымызда  бұған да ерекше 
назар аударған. Мысалы, Қуырмаш, Санамақ т.б. ойындарды  ойнатудың
баланың ұсақ  моторикасын , көру-қозғалыс тепе-теңдігін  сақтауда , зейін
қою, есте сақтау, санау қабілеттерін  дамытуда  маңызы   роль атқарады.

Ата-аналар мен  тәрбиешілердің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн.
Ойындар, жаттығулар , түрлі тапсырмалар беріліп отыруы керек.

Ұсақ моториканы дамыту  барысында біз осы нәтижеге жетеміз:

1.Сөйлеу тілі жетіледі.

2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.

3.Икемділігі арта түседі.

4.Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.

5.Танымдылық деңгейі артады.

 

Ұсақ моториканы дамытудың  баланың жалпы дамуында  да алатын орны
ерекше.В.А. Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының
ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы  қаншалықты епті болса,
соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды.

Барлық  жаттығуды баламен бірге жақсы көңіл-күйде орындаймыз, ән айтамыз,
жақсы жұмыстарын бағалап, мақтаймыз-бұл өз кезегінде балалардың
қызығушылығын оятады. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысады.
Әрбір баламен жеке-жеке жұмыс жасаймыз.

Баланың кедергілерден өту секілді ойынды  ұйымдастыру барысында оны сөзбен
де, қол шапалақтау арқылы да қолдап тұрған жақсы нәтиже береді. Әрбір бала
мақтау сүйеді. Жылы сөз, жылы қабақ арқылы баланың сөзін де, тәрбиесін де
түзеуге болады.

Қарапайым жаттығулар барысында балаға түрлі жануарларды таныстырып, олардың
жүрісін, қандай дыбыс шығаратынын қайталатқан абзал. Бұл бала үшін әрі
қызық әрі керемет жаттығу. Мәселен, мысық қалай жүреді?, ол қандай дыбыс
шығарады?- деген сауалдарға баладан жауап алып, оның қимылын бағалауға
болады. Бұдан басқа бірнеше жан-жануарларды атап шығуға болады. Ол үшін
әрине, балаларға сол жануарлар туралы алдын ала мәлімет беру арқылы оқу
қызметін өткізіп алған дұрыс. Сондай-ақ, аталған аңдарды көз алдына
елестетуді үйреткен жөн. Ол өз кезегінде оның  логикалық ойлау қабілетін
дамытады. Ойын арқылы баламен қарым-қатынас нығаяды, сенім артады, баланың
өз-өзіне деген көзқарасы жақсы жағына қарай өзгереді, көрсем, білсем деген 
ынтасы, қызығушылығы оянады. Ойын  ақыл-ойды дамытатын тәсіл. Сондықтан
оны    тиімді пайдалану арқылы көздеген нәтижеге жетуге әбден болады.

Ұлттық құндылығымыз-қолөнерге баулу да осы моториканы дамытуда өзіндік 
роль ойнайды.  Жуан жіптен тоқыманың қарапайым түрін тоқу, түйін жасау, оны
тарқату. Аппликация, жапсырма жасау, бір уыс бидай мен күрішті араластырып,
балаға  оны бөлек ажыратуды тапсыру да әрі қызық әрі пайдалы істің бірі.
Бастысы, кез келген тапсырманы баланың қызығушылығын тудыратын ойын түрінде
ұсынған дұрыс және тәрбиеші өзінің көңіл күйінің де көтеріңкі  болуын
қадағалағаны жөн, жағымды эмоционалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің
жақсаруына, психикалық тонусының жоғарылауына әсерін тигізеді.

Баламен неғұрлым көбірек сөйлесіп, оны диалогқа тарта білу қажет.Сол арқылы
оның  сөздік қоры қалыптасады. Тек баланың дұрыс сөйлеуін ғана бақыламай,
тәрбиеші өзінің де құлаққа жағымды, дыбыстарды анық, мәнді етіп айтуына
үлкен маңыз беріледі.Шағын ғана қуыршақ театрын, көлеңке театрын, көңілді
эстафета ұйымдастырып, балаларды қызықтырып, көтермелеп отыру-тіл
 мүкістігін түзетуде ерекше роль ойнайды. Не десек те, басты нәрсе – ниет
пен мүдде. Тәрбиеші мен ата-ана осы ретте мүдделі болса, кез келген
кедергіні жоюға, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Тәуелсіз еліміздің
ертеңі-балғындардың ақылды, өз-өзіне сенімді, ені сау, зерек болып өсуі-
ортақ мүддеміз. Міне осы бағытта біз ең тиімді, ең дамыған, ең керемет
тәсілдерді қолданамыз. Өз жұмысымыздың жақсы нәтижесін көргенде, бізден
бақытты жан жоқ. Бұл жұмысымызды одан әрі инновациялық тұрғыда дамыта
бермекпіз.

2.СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
.Логопедия - бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу
нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым.
Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология,
педагогика және т.б. ғылымдар негізінде жұмыс атқарады. Бұл ғылыми пәндер
логопедияға сөйлеудің бұзылуының механизмдері мен кұрылымдарын ғылыми түрде
негіздеуге, сөйлеуді дамыту, түзету мен қайта қалпына келтірудің ғылыми
әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сөйлеу тілінің бұзылуының
себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру,
дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.
Сөйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX ғасырдың орта
шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін
қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмдер жүйесінің
зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі. Логопедияның ғылым ретінде
қалыптасуы Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, О.П. Правдина, Р.Е. Левинаяның
есімдерімен тығыз байланысты.
Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып,
мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер - есту,
көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының
негізгі үш бөлімінің - дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің
үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.
Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда
сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу - есту және
сөйлеу - қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы
процесінде қалыптасады.
Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі:
-  Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі,
толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы
айлардағы (ми инфекциялары. жаракаттар, т.б.) патогендік факторлар жатады.
-   Әлеуметтік - психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте
психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз - ұзақ уақыт
аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі өмірлік және
психикалық қажеттіліктерінің қанағаттндырылуына кедергі келтіретін өмірлік
ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.
-         Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған
таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге
құмар. Дұрысы, емізікке үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен
сәбидің таңдайы тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе,
артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс
дыбысталмайды.
-            Ата-аналардың көпшілігі баласының тілі дұрыс шығып,
шықпағанына, даму ерекшеліктеріне жете мән бермейді. Баланың былдырлап
сөйлегеніне мәз болып, соны қызық көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік
деп түсінеді. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса,
мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір
сөйлер деп бейжай қарайды. Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес. 1 жасар бала
кем дегенде 10 сөз айтуға тиіс. 2 жаста сөздік қоры  300-ге жуықтайды. Ал 3
жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады. Сондықтан кез келген
ата-ана бала 1 жасқа толысымен, онымен көбірек сөйлесуі керек. Онда да
баланың былдырына еріп, соның тілімен емес, түсінікті тілде сөйлеуге
үйретуі тиіс.
-       Сақаулық еліктеуден де болуы мүмкін. Балаға сөйлеу тілі әлі
дұрыс қалыптаспаған сәбидің қасында үнемі бірге ойнау зиян. Сонымен қатар
баланың тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың қасында болуы да
дұрыс емес.
-            Баламен бір тілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде
қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі
тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата
алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.
-       Тілдің мүкістігі дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің,
еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан, тістің құрылысынан
да болуы мүмкін. Тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте
қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Тілдің
өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, сөйлеу тілі бұзылады. Сонымен
қатар тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің
ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стоматолог-дәрігерлер
арнайы құрал қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі
қатаймаған 5-6 жасар балаға қойылған шинаның ықпалы өте күшті болады.
Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы ерін және ерінтісті
дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.
-         Психикалық, физикалық жарақаттану. Отбасындағы қолайсыз
жағдайлар да баланың сөйлеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.
Сөйлеудің бұзылу түрлері:
            Дислалия -  дыбысты дауыстап айтудың бұзылуы. Дислалиялық
дыбыстық бұзылулар артикулярлық аппарат құрылымының ақауларымен, сондай -
ақ сөздік тәрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Ринолалия - артикулялық аппарат құрылысының туа біткен анатомиялық
дефектілерімен байланысты пайда болатын дыбыс шығарудың және дауыс
тембрінің кемістіктері.
Дауыстың бұзылуы - Бұл деффект дауыс аппаратындағы патологиялық
өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Дауыс бұзылуының екі түрі бар:
- Дисфония яғни дауыстың ішінара бұзылуы (дауыстың жоғарылық деңгейі,
күші, тембрі бұзылады);
- Афония – дауыстың мүлдем жойылып кетуі.
Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациялық жетіспеушіліктерінен
болатын дыбыс шығарудың және сөйлеудің мелодиялық және интонациялық
тұрғыдан бұзылуы.
Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде мамандар түзету
жұмыстарын жүргізуі қажет.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас
миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға
икемділігін  арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына
кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет.
Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология
саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет.
Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін
ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен
тапсырмалар беріп отыру қажет.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі
массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту,
дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық
активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар,
спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде
алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз.
Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар.
1) Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық
сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.
2) Баланың терісі-құрғақ, таза болуы керек. Массаж жасаушының қолы
таза, жылы, жарақатсыз болу тиіс.
3) Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл, күн сайын немесе күн
аралық. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.
Қол моторикасын дамытуға арналған графикалық диктант баланың тіл
мүкістігін, жазу бұзылуын түзетуде айтарлықтай ықпал етеді. Жаттығудың бір
түрі мынадай: Алдымен қолды суық және ыстық суға салып алмастыру керек.
Осыдан кейін ермек саз, сурет салу немесе графикалық жаттығуларды жасаймыз.
Қамырмен жұмыс жасау да пайдалы. Қамырды домалату, сығу, содан кейін үш
саусақпен кішкентай бөлшектерге бөлу арқылы саусақтарды жазуға дайындауға
болады. Немесе моншақты, түймелерді жіпке тізу.  Мұндай жаттығулардың
баланың дамуына септігі көп.
Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер
қолданылады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен
айтылады.
Ол екіге бөлінеді:
-         Отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дефектология негіздері
Жалпы мектеп жасындағымекемедегі мұғалімдердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Компьютерлік бағдарламалар тізбегі
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Пәндер