Жалпы логика. Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін дамытудың негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы логика.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін дамытудың негіздері.

Жоспар
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері.
2. Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі.
1.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық базасы тек ғана жалпы, нақты, бастапқы философияның, педагогиканың, психологияның, математиканың және басқа да ғылымдардың бастапқы жағдайын құрады.
Педагогикалық білім жүйесі ретінде өзінің теориясы мен бастапқылары бар.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің элементтері-өзара байланысты, бір-бірін толтыратын жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары және формалары. Негізгісі мақсат болып келеді. Балабақша балаларды мектепте ғылымның негізін оқуға дайындауда қоғамның элеуметтік сұранысын орындайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуы деп оның қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру нәтижесінде таңымдық әрекетіндегі өзгерістерді және онымен байланысты логикалық операциялар жасай білуін санауға болады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру - бұл бағдарламалық талаптармен қарастырылған білім беру, ақыл-ой әрекетінің әдіс-тәсілдері және меңгеруге бағытталған, ұйымдастырылған үрдіс. Негізгі оның мақсаты-мектепте математиканы жақсы меңгеру дайындау болып ғана келмейді, сонымен қатар балаларды жан-жақты дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларға матемтика элементтерін оқыту ерекшеліктері.
Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл - ойының өсуі әртүрлі әрекеттер процесінде жүзеге асады.
Бала өмірінің бірінші күнінен бастап өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай- ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қошаған ортамен танысуы және қабылдаған обьектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компонеттеріне (мысалы, тамақтандыру жағдайына) оның бейімделуін қамтамасыз етеді.
Әр түрлі өнімсіз және өнімді әрекеттер процесінде сәби жастағы балаларда өздерін қоршаған әлем жөнінде: заттар әлемінің әр түрлі белгілері мен қасиеттері - түсі, формасы, шамасы, заттардың кеңістіктегі орналасу, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынастары жөнінде (баланың өзіне, бір - біріне, айналасындағы заттарға және т.б.) түсініктер қалыптаса бастайды. Элементар математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын сенсорлық тәжірибе біртіндеп жинала береді.
Мынадай сұрақ туады: баланың өздігінен дамуына жағдай жасаған жөн бе немесе олардың қоршаған әлемді танып білу процесіне басшылық жасап отыру қажет пе?
Буржуазиялық педогогика жақын жылдарға дейін баланың ішкі себептер арқылы (спонтандық) даму позициясы жағында болды. Әдетте, балалрдың жас ерекшелік мүмкіндіктері нақты анықталды және осыған сәйкес мектеп программалары жасалды. Алайда ғылым мен техниканың қарқындап өсуі бұл програмалардың шектеулілігін және жетілдірілмегендігін ашып берді.Мектепте білім беру дәрежесін көтеру, демек түрлі жас кезеңдегі балалардың мүмкіндіктерін де қайта қарау қажет болды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы буржуазиялық педагогикада әрқашан да ішкі себептермен пайда болған(спонтандық) процесс ретінде қарастырылды және бұл жастагы балалар үшін қатаң программаның қажеттігі теріске шығарылды. Ал мұндай көзқарастар қоғам талаптарына қарама-қайшы келді, сондықтан көптеген елдерде ең алдымен білім мазмұны бойынша кең эксперименттік жұмыстар жүргізіле бастады. Осындай эксперименттердің нәтижесінде ғалымдар бір ауыздан, мектеп жасына дейінгі балаларды да қоса алғанда, балалардың танымдық мүмкіндіктері бұрынғы ойлағандағыдан гөрі едәуір кең деген қорытындыға келді.
Енді бұл мүмкіндіктерді қалай барынша орынды пайдалануға болады деген жаңа мәселе туды. Оқыту мен даму проблемасын жаңаша қарастыру қажет болды.
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын,сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері
(қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды, Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. З жастан асқан, үйден келген балалар болғандықтан көпшілігі оң-сол, жоғары -төмен,алыс- жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс- жақын, биік- аласа, көп -аз, үлкен- кіші ұғымдарын шатыстырып, 0- ден 5-ке дейінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек 0 - ден 10- ға дейін тағы да кері санауда қиынсынды, кейбір балалар ауызша есептер шығарғанда көп қиналады. МАД тобында осы балалармен деңгейлік тапсырмалар орындату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек,осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп шығу өте ауыр, сондықтан. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-ші қатарға З деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғыздым, 2-ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-ші қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғыздым. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез- келген қиыншылыққа төзуге,жеңуге болады деп ойлаймын.

2. Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі.
Бала ерте жастан бастап-ақ нәрселердің жиынтығын, дыбыстардың, қозғалыстардың жиынын әр түрлі анализаторлар арқылы (көру, есту және т.б.) қабылдай отырып, олармен танысады, бұл жиынтықтарды салыстырады, оларды бір-бірінен саны жағынан айырады.Оқу процесінде бала жиындардың теңдігі мен теңсіздігін көрсету әдістерін меңгереді,санды сандық сөзбен атауды үйренеді. Алдымен элементтердің белгісіз мөлшері туралы, ал сонан соң бүтін бір бірлік түріндегі жиын туралы түсінік қалыптасады. Осы негізде жиындарды салыстыруға және ондағы элементтердің санын барынша дәл анықтауға деген талпыныс өседі; бірте - бірте бала есептеуге дағдыланады және сан ұғымын меңгереді. Мұның бәрі ересектердің басшылығымен және өзіндік оқу ойындық сипаты бар практикалық әрекеттер үстінде іске асады.
Бала, сондай-ақ нәрселерді мөлшеріне, түсіне, формасына, кеңістікте орналасуына және басқа белгілеріне қарай ерте-ақ ажырата бастайды. Ол үлкендерге еліктеп, дөрекі түрде нәрселерді өлшеуге әрекеттенеді, алдымен біреуін екіншісіне беттестіріп, сонан соң көзмөлшермен және шартты түрде қабылданған өлшеуіштің көмегімен өлшейді.
Сонымен, балалар сезімге әсер ету арқылы қабылдауға сүйене отырып, әр түрлі шамаларды ғана танып - біліп қоймайды, сондай-ақ өз ұғымдары мен түсініктерін соған сәйкес атаулармен, мысалы, көп-аз (саны жағынан), кең-тар, биік-аласа, қалың жұқа және т.б. осы сияқты сызықтық ауытқушылықты жалпы көлем ауытқушылығынан (артық-кем, үлкен-кіші) айыра отырып, сөзбен дұрыс бере білуге алғы шарттар жасалуда. Мұндай дифференциялау, Р.Л. Березина, В.К. Котырло, Т.В. Лаврентьева, З.Е. Лебедева, Е.В.Проскур және басқалардың зерттеулері көрсеткеніндей, ересектердің тиісті басшылығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар үшін толық жеткілікті.
Бала өз бетімен жүре бастасымен - ақ кеңістікпен және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастармен әсерлі түрде танысады: ол өзін қызықтырған затқа не жақындай түседі (еңбексіз емес), не одан аулақтай бастайды. Бір нәрсе баланың дәл алдында тұрса, басқалары оның артында немесе оң жағында не сол жағында тұрады. Оқыту баланың жақын- алыс және басқа сол сияқты сөздердің мағыналарын ерте меңгеріп алуына мүмкіндік жасайды. Бала практикада нәрселердің кеңістікте орналасуын өзі де бағдарлай алады, ал ересектердің басшылығында алдымен нәрселерді өзіне қатысты, кейін оның басқа нәрселерге қатысты орналасқан жерін сөзбен анықтап беруге үйренеді (қуыршақтың оң жағындағы - қонжық, ал сол жағында - қоян).
Біртіндеп балада әлі де өте нақты болмаса да жақын және алыс кеңістіктер туралы қарапайым түсініктер пайда болады (ол өзі қыдырып жүрген бақ-жақын, ал папасының жұмысы -өте алыс). Осы сияқты нақты түсініктерге сүйене отырып, өз тәжірибесі мен ересектердің оқытуы нәтижесінде бала біртіндеп кеңірек жалпылауға дейін келеді: мектепке дейінгіересек жастағыларға кеңістіктің өлшемі уақыт бола бастайды(Қара теңіз сондай алыс, оған поезбен немесе самолетпен ұшып бару керек).
Кішкентай бала нәрселермен әрекет ете отырып, олардың кеңістіктік қатынастарын ерте түсіне бастайды: ол қол орамалды қалтасына салды, қуыршақты столға жақын әкеліп отырғызды, қонжықты диванның үстіне қойды. Өзі папасы мен мамасының ортасына барып отырды, пальтоны киім ілгіштен алды және басқа. Балалар өздерінің айналасындағылардан заттардың арасындағы кеңістік қатынастарды білдіретін көмекші сөздер мен үстеулерді үйреніп алады, алайда бұл көмекші сөздер мен үстеулердің жалпыланған мағынасы олардың ерекше назар аударарлық нәрсесі болады, ал мәнін түсінуі тек оқу нәтижесінде іске асады.
Балалар мен ересектер өмірінің бүкіл тәртібі балада уақытқа тән сезімдерді қалыптастыруға және соған сәйкес кеш, ерте, қазір, кейін деген сөздерді пайдалана білуге алғы шарттар болып табылады. Уақытты білдіретін бұл сөздік сәби жастан мектеп жасына дейінгі аралықта баланың адамдармен қарым-қатынасы мен әрекетіпроцесінде кұшті қарқынмен өседі. Бала кеше, бүгін, ертең деген сөздердің мәніне қызыға бастайды, мұның өзі ересек адамның балаға уақыттың өтпелілігін, ұзақтығын, кезеңділігін таныстыруға, яғни уақытты сезіне білуді дамытуға мүмкіндік береді.
Сөздердің мәнін меңгеруге балаларға заттардың қасиеттерін жалпылай білуге мүмкіндік береді, өйткені кез- келген сөз белгілі дәрежеде жалпылауыштық қызмет атқарады. Бұдан басқа, бала заттарды олардың қасиеттерімен, қатынастарымен енжар қабылдамайды, оларға белсенді түрде әсер етеді, оларды жаңғыртады, уақыт жағынан және кеңістікте оларды пайдалана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Пәндер