Дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдердегі скрининг



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дәрігерге дейінгі,педиатриялық және мамандандырылған кезеңдердегі скрининг
Профилактикалық медициналық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.
Дәрігерге дейінгі кезеңді медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың, білім беру ұйымының , мектепке дейінгі ұйымдардың орта медицина персоналы жүргізеді және мыналарды қамтиды:
1) бойы мен дене салмағын анықтау;
2) ерте шақтағы балалардың (3 жасқа дейінгі) басы және кеудесінің көлемін өлшеу;
3) жеке және психоәлеуметтік дамуды бағалау;
4) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан үлкен жастағы балалардың);
5) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан үлкен жастағы балалардың);
6) көру өткірлігін анықтау;
7) есту жітілігін анықтау. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5 метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу;
8) жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау мақсатында 14 және 17 жастағы балаларда электрокардиографиялық зерттеу жүргізу (12 бұрылу).
Педиатриялық сатыны педиатр, терапевт дәрігер (15-17 жас аралығындағы балаларға) немесе ЖПД жүргізеді және дәрігерге дейінгі зерттеп-қараудың деректерін есепке ала отырып, баланың денсаулық жағдайын, психофизикалық, жыныстық дамуын бағалауды, қатал қарау белгілерін анықтауды қамтиды. Осы саты барысында мыналар жүргізіледі:
1) тері жабындарын және бастың шашты бөлігін қарап-тексеру;
2) көзге көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап-тексеру: көз, ауыз қуысы, мұрын конъюнктивиттерін қарап-тексеру. Тістің, тістүйіс жағдайына, қатты таңдай жағдайының биіктігіне, таңдай бадамшаларының көлемі мен түрлеріне, дыбыс функциясына (дауыстың дыбысталуын) көңіл аудару;
3) қалқанша бездерінің аумағын саусақпен қарап-тексеру.
4) перифериялық: жақасты, шап, қолтықасты лимфа түйіндерді саусақпен қарап-тексеру;
5) қанайналым ағзаларын зерттеу (жүректі қарап-тексеру, аускультация), пульстің жиілігін, толуын, ырғағын анықтау. Аускультация кезінде дыбыстың дауыстылығы мен жиілігі анықталады. Жүрек шуылы анықталған жағдайда әртүрлі қалыпта (тұру, жату) зерттеулер және мөлшерленген дене жүктемесімен функциялық сынамалар жүргізіледі;
6) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпе аускультациясы);
7) асқорыту ағзаларын зерттеу (ішперде қуысы ағзаларын, оң қабырға асты аумағын, бауырды, эпигастралдық аумақты, көкбауырды, оң және сол мықын аумағын, қасаға үстілік аумақты саусақпен қарап-тексеру). Сілемейдің жағдайына, тілдің, иектің, үстіңгі таңдайдың, тістердің өңезденуіне көңіл аударылады. Созылмалы уыттану симптомдары анықталады (тері жабындарының бозғылттануы, орбиталдық көлеңкелер);
8) үш-төрт айлық аралығындағы балаларға көрсетілімдер бойынша сан-жамбас буындарының дисплазиясын және жамбастың туа болған шығуын ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі;
9) жыныс ағзаларын қарап-тексеру. 10 жастан асқан қыздарды қарап-тексеру кезінде гинекологиялық анамнезге, шағымдарына, етеккір функциясының бұзылуына аса көңіл аударылады;
10) туғаннан 17 жасты қоса алғанда даму тобы нұсқасын анықтай отырып, нервтік-психикалық дамуы (бұдан әрі - НПД): 1 - НПД қалыпты деңгейі; 2 - НПД-ғы сәл ауытқулар; 3 - НПР айлықтартай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық көмектің сапасы
Стационардағы пациенттің медициналық анықтамасы
Қатерлі дерттің алдын ал
Медициналық көмек және медициналық қызмет
Соvid-19 инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі
Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Магнитті-резонанстық томография (МРТ). Медицинада қолдану
Фармакогеномика, анықтамасы, мәні, маңызы
Пәндер