Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қарқынды өзгерістер нәтижесінде оның дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы зор.

Өзінің мемлекет болып қалыптасу және даму тарихында көптеген сын сағаттарды, сындарлы кезеңдерді басынан өткерген Қазақстан халқы тағы да жаңа белеске көтерілу жолында тың серпіліс жасап отыр. ҚР Президенті, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басып отырған кезеңдегі ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап берді. Олардың қатарында еліміздің білім беру жүйесін жоғары деңгейге көтеру керектігін айтты. [1]

Бұл үздіксіз педагогикалық білім жүйесінде рухани - адамгершілікті, рефлексияға қабілетті, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-тұлғалық құзырлықтары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары жаңа формацияның шығармашыл әлеуеті дамыған мұғалімдерін қалыптастырудың тың жолдарын қарастыру қажеттілігін туындатады. Өйткені өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытуға, педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, кәсіби мәнділігін жүзеге асыра алатын, белгілі бір әлеуметтік мәртебені иеленген, шығармашыл мұғалім ғана қоғам талап етіп отырған біртұтас, ашық, динамикалық шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.

Осыған орай мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналысып отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгертуі, мұғалімдерді педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, олардың шығармашылық бастамаларын қанағаттандыру ұстанымдарына көшіру өзекті мәселелер қатарына жатады.

Дегенмен жалпы білімнің дамуы мен педагогикалық шығармашылыққа деген қызығушылықтың болғанына қарамастан мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуды нәтижелі етуде: қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер ұстаздан шығармшылықты талап етіп отырғанымен бұл мәселені тиімді шешудің ғылыми - ториялық негізінің жеткіліксіздігі, біліктілікті арттыру жүйесінде аталмыш мәселеге жете көңіл бөлінбегендіктен, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы, білім көтерудің қалыптасқан дәстүрлі тәжірибесінің үстемдігі, жүйенің мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы мүмкіндігінің шектеулілігі, педагогтардың өзін - өзі дамытудың тетіктерін білмеуі сияқты шешімін таппаған мәселелер бар екендігі айқындалды.

Соның салдарынан орын алып отырған мұғалімдердің кәсіби сауатты, шығармашылық сипаттағы шешімдер қабылдай алмауы, импровизациялап, өз бетінше жаңа идеялар туындата білмеуі өз тәжірибесінің нәтижесін саналы талдап, кәсіби дамудағы алыс - жақын болашақты болжай алмауы, олардың педагогикалық әрекетін шығармашылық деңгейге көтеруге кедергісін келтіріп отырған факторлар деп есептейміз.

Сонымен шығармашылыққа қатысты теориялық еңбектер біліктілікті арттырудың нақты тәжірибесін талдау барысында:

- шығармашылыққа деген әлеуметтік қажеттілік пен шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың ғылыми - теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі;

- қазіргі біліктілікті арттыруды ұйымдастыру мен оның қызметі арқылы шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуеттерін дамытудың мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасындағы қарама - қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Аталған қарама - қайшылықтар біліктілікті арттыру жүйесін инновациялау негізінде оның жұмысына түбегейлі өзгерістер енгізіп, шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ету мәселесін туындатып, оны теориялық - әдіснамалық және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етті.

Зерттеудің нысаны : шетел тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесі.

Зерттеу пәні : шетел тілін оқыту барысында болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту үрдісі.

Зерттеудің мақсаты : біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық - әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Біліктілікті арттыру жұйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздерін айқындау; "әлеует", "шығармашылық әлеует", "шығармашылық әрекет", "педагогикалық шығармашылық", ұғымдарын инвариантты түрде анықтау;

2. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің құрылымдық - мазмұндық моделін жасап, компонеттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

3. Біліктілікті арттыру жағдайында шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін тиімді дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың тұжырымдамасы теориялық - әдіснамалық тұрғыда негізделіп:

  • білім көтерушілердің өзін - өзі дамытуын тиімді ететін технологияларды пайдалану;
  • курсаралық әдістемелік жұмыстарға жаңашылдық тұрғыдан өзгерістер ендіру жүзеге асырылса, онда бұл мәселені шешудің нәтижелілігі арта түседі, өйткені бұл жағдайда біліктілікті арттыруды инновациялау қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің жетекші идеясы: шетел тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстары барысында олар шығармашылық әрекеттің мәнін терең ұғынып, соған сәйкес өздерінің ішкі мүмкіндіктерін жетілдіру орын алып, кәсіби шығармашылыққа бағытталуы үшін жүйені инновациялау, оны субъектілердің өзара әрекеттесу аймағына айналдырып, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағыттау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері : шығармашылықтың мәні жайлы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы, үздіксіз білім және кәсіби педагогикалық білім теориялары, дамыта оқыту, тұлғалық - бағдарлы оқыту жүйелері, педагогикалық шығармашылық жайлы еңбектер, біліктілікті арттыруға қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулер мен тұжырымдамалар құрайды.

Зерттеу көздері : Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010-2015 жылдарға дейінгі арнайы мемлекеттік бағдарламасы", "Қазақстан Республикасы жаңа формация мұғалімінің үздіксіз педагогикалық білімі Тұжырымдамасы", "Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім Тұжырымдамасы", "Қазақстан Республикасы біліктілікті арттыру жүйесі туралы Ереже" басқа да білім беру саласына қатысты заңдық күші бар мемлекеттік құжаттар, осы мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын шет елдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - философиялық, психологиялық - педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, нақтылау мен жинақтау, модельдеу, жобалау, диагностикалау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

1. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері айқындалды; "әлеует", "шығармашылық әлеует", "шығармашылық әрекет", "педагогикалық шығармашылық", ұғымдарының инвариантты анықтамалары берілді;

2. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің құрылымдық - мазмұндық моделі жасалып, компонеттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды;

3. Біліктіліктілікті арттыру жағдайында шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімділігін арттыратын педагогикалық шарттар айқындалды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мұғалімдердің шығармашылығы және оның категориялары

"Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармаласында" мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жаңа мазмұн мен жаңаша оқыту үлгілеріне көшіру - педагогикалық мамандардың кәсіби дайындығы мен шығармашылық шеберлігін дамытудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

Осыған орай жүріп жатқан жаңалау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің қатарынан көрінеміз деген өр талабын жүзеге асырады деп күтілуде.

Бұл - біліктілікті арттыру жүйесінде бұрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі бойынша оқытатын репродуктивті білімнен танымның биік баспалдақтарына қарай бастайтын, сол арқылы белгілінің шегарасынан тыс ойлай отырып, мәселені шешудің өзіндік, соның жолын табуға ынталандыратын, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалімді қалыптастыру міндеттерін жүктейді. [3]

" Әлеует " категориясы педагогика үшін аса маңызды жалпы ғылыми әдіснамалық түсінік болып табылады. Адамға қатысты айтылатын бұл ұғымның философиялық сөздіктегі түсіндірмесі адамның бойындағы "күш-жігер", "қайрат", деген сөздермен мағыналас екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, адамның белгілі бір мәселені шешу, нәтижеге жету жұмсайтын қор, ішкі мүмкіндіктер көзі. Ұғымды ең алғаш тұрмыста қол жеткен нәтижелер мен болашақты екі бөліп қарастыру үшін қолданысқа Аристотель енгізген. [4; 256]

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби сананың сарқылмайтындығымен сипатталатындығын, ол әлеуеттене отырып, бардың мәнін түсінуге әкеледі десе, ал өз заманында сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн өзінің "Құтты білік" атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда "толық пішімді" ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір жолы ғылым мен білім екенін атап көрсетеді және олар арқылы жетілген адамның ақыл-парасатының барлық нәрсенің мән - мағынасын түсінуге мүмкіндігі бар деген пікір білдіреді.

Қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алатын Абай Құнанбаевтың "Адам бол" атты өлеңіндегі негізгі түйінді ойда адамның өмірде өз орынын табуының маңыздылығы, әркім өз ішкі мүмкіндігін (әлеуетін) іске қосып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруге тиіс екендігі аталып өтілсе, ал 1896 жылы жазған "Сенбе жұртқа . . . " деп басталатын шығармасында кісіні биік мұратқа бастайтын, сол мұратқа жеткізетін ұлы күш оның өз бойында, сол асылды таңдаған адам "жүрегінің түбіне терең бойлап", іздегенін тек содан ғана табады деген терең де тағылымды философиялық тұжырым жасалған. [5-368; 6-192]

Адамның білім ала отырып табиғаттан тәуелсіз бола алатындығы, өз ішкі мүмкіндіктерін әр адам өзі жетілдіре алуға қабілетті екендігі жайындағы пікірлер Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның, Ш. Құдайбердиевтің еңбектерінің негізгі мәселелерінің бірі болған.

Зерттеудің келесі тірек ұғымы - шығармашылық жайлы философиялық сөздікте "проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті" делінсе, психологияда - ойлаудың маңызды критерий деп санала отырып, "жаңалық ашу" дегенді білдіретіндігі көрсетіледі. Қазіргі жағдайда шығармашылық - барлық еңбек түріндегі әрекеттің сапалық белгісі, қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы деп танылады. [7; 438]

Адамның шығармашылық сияқты аса маңызды сапалы әрекеті сонымен қатар көптеген шет елдік психолог - зерттеушілердің назарын аударған. Олардың қатарында Дж. Гилфорд, А. Маслоу, К. Роджерс енеді. Шығармашылық мәселесіне өз еңбектерін арнаған шетелдік ғалымдардың берген анықтамаларын талдай отырып, оларды мына төмендегідей топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік:

1. шығармашылықты анықтайтын критерийдің негізгісі - жаңалық деп қарайтындар:Л. Л. Терстон оны басқалардың жаңалық деп тануы шарт емес, бастысы ол соны ашқан кісінің өзі үшін тың нәрсе (жаңалық) болса болды десе, М. Стайн керісінше қоғамдық мәнінің болғанын қолдайды. Байқап отырғандай олардың әрқайсысының шығармашылыққа деген көзқарастары әр түрлі.

2. шығармашылықты үрдіс ретінде қарастыра отырып, Т. Рибо шығармашылық әрекет үшін адамның аналогиялар арқылы ойлау қабілетінің маңызын, ал Е. К. Спирмен шығармашылық ойлауды саналылық деңгейдегі өзара байланысты көре, жасай білуді атап өтеді.

3. шығармашылықты тұлғаның ақыл -ой қабілетімен байланыстыра қарастыратын Д. П. Гилфордтың еңбегінде ақыл - ой қызметіне қабілеттілік шығармашылыққа әкеледі, шығармашылық дивергенттік өнім алуға негіз болады, яғни белгілі ақпарат негізінде соны, тапқыр шешім тудырады деген тұжырым жасап, ал дивергенттік ойлау жылдамдығымен, икемділігімен сипатталатындығы жөнінде пікір білдіреді.

Мәселеге қатысты еңбектердегі ой - пікірлерді қорыта отырып, шығармашылық - нәтижеде объективті және субъективті жаңалық алынатын, тұлғаның ішкі әлеміне әсер етуі арқылы әлеуеттің жоғарлауын қамтамасыз ететін адам әрекеті деген анықтама береміз де, зерттеу нысанына алынып отырған тұлғаның сапасы - шығармашылық әлеует жайындағы көзқарастар мен тұжырымдарға тоқталамыз.

Шығармашылық әлеует жайлы түсінік П. К. Энгельмейердің еңбектерінде адам өміріндегі даму фазаларының бірі, табиғаттың өзінің шығармашылығы тұрғысынан қарастырылады. Д. Б. Богоявленская, А. В. Брушлинский, А. Я. Пономарев, т. б ғалымдар шығармашылық әлеуетті қабілеттердің дамуы, тұлғаның интеллектуалдық әрекетімен байланыстырады. Олар шығармашылықтың заңдылықтары, шарттары, даму барысы жайлы мәселе көтеріп, құрылысы танымдық қабілеттердің процессуалдық сипаттамаларынан түзілетіндігіне назар аударады.

А. П. Анохин шығармашылық әлеует ең төменгі деңгейден ең жоғарғы деңгейге белгілі бір тәжірибелерді жинақтай отыра көтеріліп, сапаға айналады, әр жаңа деңгей алдыңғы деңгейдің қойнауында пайда болып, өз даму барысында барлық фазалардан өтіп бірте - бірте жоғарылайды деген тұжырым жасайды.

Жетілген ересек адамның дамуын зерттейтін ғылым акмеологияда шығармашылық әлеует табиғаттан бір рет беріліп қана қоймай үнемі толығып отыратын тұлғаның ішкі ресурстары деп қабылданады. (А. А. Бодалев, Н. В. Кузьмина, А. А. Деркач) . Акмеологиялық көзқарастар бойынша тұлғаның жетілуі - оның моральдық және азаматтық сапаларын, гуманисттік бағыттылығын, қарым - қатынас нормаларының деңгейін көрсететін кең ауқымды категория. Жетілген тұлғаны жоғары жауапкершілік, гуманистік тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік пен басқаларға қамқор бола білу, өзін - өзі іске қоса алу сияқты сапалар сипаттайды. Сондықтан жетілудің шыңы - АКМЕ - ересек адамның жоғары кәсібилік, тұлғалық және әлеуметтік табыстарға жеткізетін прогрессивті жолмен дамуының белгілі бір кезеңін көрсетеді.

Халықаралық акмеология академиясының президенті Н. В. Кузьминаның зерттеулерінде "шығармашылық әлеует" ұғымы "энергоәлеует" ұғымымен байланыстырылады. "Энергоәлеует - адамның кейде өзі де дұрыс пайдаға асыра алмайтын, қайда бағыттауды біле бермейтін шығармашылық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі, сондықтан адамының жас, ержеткен, есейген шақтарындағы энергоәлеуетін диагностикалау оның өзі үшін аса маңызды" - деген пікір айтады.

Бұлардан басқа еңбектерінде шығармашылық әлеует жайлы өзіндік көзқарастар білдіретін мына төмендегі ғалымдардың тұжырымдарында ол туралы:

• жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ашықтық, ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға әрекет түрлерін өзгерте алу қабілеті. (Ю. Н. Кулюткин) ;

• нақты мүмкіндіктер, білік, дағдылардың бірлігі. (Г. Л. Пихтовиков) ;

• объективті өмірдегі қалыптан тыс мәселелерді шешудің әлеуметтік-психологиялық қондырғысы. (Е. В. Колесникова) ;

• индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі іске қосудағы мүмкіндігін көрсететін қасиеті. (Е. В. Копосова) ;

• әрекетті іске асыруға негіз болатын тұлғаның бойындағы білімі, білік - дағдылар жүйесі (Т. Г. Браже) делінген.

Шығармашылық әлеуетке қатысты айтылған ойлар мен тұжырымдарды қорытындылай келе, шығармашылық әлеует - тұлға мен оның мақсатты әрекеті арасындағы аралық буын. Әлеуеттің дамуы нәтижесінде адам әлемді өзгерте отырып, тұлға ретінде өзі де өзгереді деген қорытынды жасалады.

Шығармашылық - адамға тән әрекет. Психология мен педагогикада шығармашылық әрекет - тұлғаның шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай алуы, жаңа шешімдер қабылдауы деген мәнге ие. Біздің ойымызша шығармашылық әрекет субъектінің өзінің еңбегіне қанағаттануы, жағымды мотивация негізінде даралыққа ұмтылуы. Сондықтан шығармашылық әрекет өз кезегінде шығармашыл тұлға дамытудың маңызды шарты мен нәтижесі болып табылады.

Педагогикалық шығармашылық мәселесін талдай отырып, ғалымдар В. А. Кан - Калик, Н. Д. Никандров бұл сапаның төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

1) педагогикалық ойдың пайда болуы;

2) түпкі ойды талдау;

3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау.

Белгілі ғалым М. М. Поташник шығармашылықтың көрініс беретін мүмкін жағдайларына: мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдану; оқытудың жаңа әдістерін, формаларын, тәсілдерін жасап, оларды үйлесімді қолдана алу; жаңа мақсаттарға сай белгіліні жетілдіре алу; жоғары деңгейде дамыған интуиция мен дәл есеп, нақты білім негізінде сәтті ипровизация жасай білу;

Бір мәселені шешудің бірнеше нұсқаларын таба алуды жатқызады.

Бұл мәселеге қатысты пікірлерді жинақтай келе, педагогикалық шығармашылыққа - білім алу үрдісін мағаналы да мәнді, жарқын ету, таңдана, тамсана отырып тануға жағдай жасау, осы әрекет барысында білім алушылардың өз сұрақтарының пайда болып оларға жауап іздеулеріндегі шығармашылық белсенділігін тудыруға көмектесу деген анықтама береміз.

1. 2 Қазақстан Республикасында мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұстаздар құрамының сапасын арттыру қажеттілігі туралы сөз қозғаған болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әрбір аймақта жүйелендірілген педагогтар біліктілігін арттыру орталықтарын құру маңыздылығы туралы айтқан. 2011 жылдың қарашасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру орталығы жанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталығы осы жүйені қайта қалыптастырудың маңызды буыны болмақ.

«Ұстаздар құрамының сапасын арттыру маңызды мәселе. Базалық педагогикалық білім беру стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындарында сабақ беретін ұстаздар біліктілігін арттыруға қойылатын талаптары күшейту керек. Әрбір аймақта жүйелендірілген педагогтар біліктілін арттыру орталықтары жұмыс істеуі керек», - деп мәлім етті Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында ұстаздар мәртебесін арттыруға ерекше назар бөлінген. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдер мен тәрбиешілерге біліктілік санаттарына байланысты қосымша үстемақы, ал техникалық және кәсіптік білім беру шеберлерінің жалақысына қосымша үстемақы қосылды. [13]

Мұғалімдер мәртебесін арттырудағы айта кетерлік алға басылған қадамды педагогтар біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі қайта қалыптастырудың басталуымен байланыстыруға болады. Елімізде осы жүйеде мүлдем жаңа базалық кешендер құрылды, атап айтсақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы, аймақтарда жүйелендірілген орталықтармен қатар құрылған Ұлттық педагогтар біліктілігін арттыру орталықтары.

Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру, бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:

1. Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.

2. Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.

3. Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.

4. Көптүрлілік (Диверсификационность) . Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту.

5. Ашықтық (транспарентность) . Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.

6. Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

7. Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.

8. Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.

Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді:

- жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;

- жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары;

- e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары;

- «Назарбаев интеллектуалдық мектептер» педагогикалық шеберлік орталықтарында оқыту:

- шетелдік біліктілікті арттыру курстарында «Өрлеу» орталығының қызметкерлерін оқыту;

- қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту;

- жаңа мазмұн жасау;

- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру.

Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды:

1. Педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың жаңа жүйесін жасау.

2. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау.

3. Жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту.

4. Білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс жасауына қажетті жағдайлар тудыру.

Бұл мәселенің өзектілігі елдің экономикасын дамытуға негіз болатын адам капиталын қалыптастырудың басты механизмі білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан қойылып отырған жаңа талаптармен түсіндіріледі. Сондықтан елдің педагогикалық қауымдастығы алдында өндірістік күшті жетілдіру, қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту әлеуметтік міндеттері айқындалды. Осы негізде қоғамдағы кәсіптік құндылықтар баспалдағында педагог еңбегінің орны мен маңызы белгіленеді. [14]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz