Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті: коммуникативтік мәдениет пен педагогикалық этика


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

СӨЖ

Баяндама

Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті

Орындаған: Жобалаева Ж

Қабылдаған: Ибраева Ж

Мұғалімнің педагогикалық кәсіби мәдениеті

Қазіргі замандағы мұғалімнің комуникативтік мәдениеті ол ізгілендіру бағытындағы жеке-дара және күрделі әлеуметтік жүйе. Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т. б. Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы. Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базасының болуы.

Мұғалімнің мәдениеті.

1. Үнемі жылы шырай таныту: мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл күйін білдіреді. Мұғалімнің жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен, дауыс ырғағынан, қимыл -қозғалысынен көрінеді. Балалар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзғарасын білдіреді.

2. Үнемі мадақтап отыру: Баланы үнемі мақтап, оның әрбір іс -әрекетіне көңіл бөлу, баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Бала өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады. Үлкендер қолдап отырғанда балалар өздерінің біліктерін бұрынғыданда табысты іске асырады. Мақтау балаға қанат бітіріп қабілеті мен мүмкіншілігін арт тырады. Мақтау балаға білім беру мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып саналады.

3. Ынтымақтастық: Мұғалім оқушыларға сабағын қызықты өткізе білсе, оқушы сол мұғалімнің сабағына жақсы дайындалып келеді. Егер мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса, оқушыларға қалай болса солай сөйлесе, орынсыз балағаттай берсе, оқушымен тіл табыса аламаса, сабақ үстінде әр түрді сылтаумен сабақ өтілмесе, мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп оқушыны сабағына қызықтыра алмайды. Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы.

4. Оқытумен тәрбиелеу үрдісі: Білім берудегі негізігі мақсат балаларды зерделі де, өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап, өздері таңдауына жол беру керек. Балаларды өз ойларын, өз пікірлерін, өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет. Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады. Өзіне сенімді, өз сезімдерін шын айта алады, дұрыс пікірлерін айтып басқаларға көмектесе алады.

Мұғалімнің әдеп кодексі.

Педагогикалық әдеп/ этика - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарын жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды. Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез -құлқына, іс қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т. с. с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады. Педагогикалық қызметте моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық қызмет пен қарым-қатынас тәрізді түсініктер этиканың жеке дара тарауына қатысты педагогикалық түйсіну тәрізді жекелеген түсініктерді бөле -жара көрсетеді. Осындай санаттың ішінде кәсіби - педагогикалық борыш, педагогикалық әділдік, педагогикалық ар-намыс және педагогикалық бедел бар.

Әділдік дегеніміз - жалпы алғанда, адамдардың адамгершілік қасиеті мен олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы өзара сәйкестілік деуге болады; педагогикалық әділдіктің : мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынасы барысында олардың тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас - құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін деңгейін анықтау мен бағалау барысындағы мұғалімнің объективтілігі мен оның адамгершлігіне өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің кәсіби мәдениеті және педагогикалық шеберлігі: жеке тұлға, этика және мектептегі рөлі
Педагогикалық әдеп пен кәсіби этика: педагогикалық еңбек мәдениеті, қарым-қатынас этикасы және конфликттерді шешу әдістемесі
Педагогикалық коммуникативтік біліктілік пен мұғалімнің педагогикалық шеберлігі: анықтамасы, функциялары және даму кезеңдері
Мұғалімнің кәсіби мәдениеті мен педагогикалық шығармашылық әлеуетін дамыту
Мұғалімнің тұлғасы мен кәсіби мәдениеті: педагогикалық сапалар мен құзыреттер
Басқарушылық және педагогикалық этика мен мәдениет
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық мәдениет: мәні, компоненттері және кәсіби педагогикалық іс-әрекет
Педагогикалық шеберлік пен қарым-қатынас: компоненттері, педагогикалық мәдениет және кәсіби даму
Мұғалімнің кәсіби этикасы және педагогикалық шеберлігі: өнегелілік мәдениеті мен қарым-қатынас қағидалары
Педагогикалық этика: кәсіби борыш, тәртіп және шеберлік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz