Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стилі


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
Реферат
Тақырыбы: Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стилі
Орындаған: Жобалаева Ж
Қабылдаған: Ибраева Ж
Педагогикалық іс-әрекет стилінің жалпы сипаттамасы
Педагогикалық стиль сипаттамасы, оның өзгешелігін бейнелей отырып, басқару стилін де, өзін-өзі реттеу стилін де, қарым-қатынас стилін де және мұғалімнің когнитивті стилін де қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет стилі кем дегенде үш факторлардың әсер етуін айқындайды: а) осы іс-әрекет субъекті - мұғалімнің (оқытушының) даралық-психологиялық ерекшеліктері, ол даралық-типологиялық, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; б) іс-әрекеттің өзінің ерекшеліктері және в) оқушылардың ерекшеліктері (жасы, жынысы, мәртебесі, білім деңгейі және т. б. ) . Оқушылардың нақты оқу жағдайын ұйымдастыру және олардың оқу іс-әрекеттерін басқаруда субъект-субъекттік өзара әрекеттесумен сипатталатын педагогикалық іс-әрекетте бұл факторлар: а) өзара әрекеттесу сипатымен; б) іс-әрекетті ұйымдастыру сипатымен; в) мұғалімнің пәндік-кәсіби құзырлығымен; г) қарым-қатынас сипатымен де байланыстырылады. Бұл жерде В. А. Кан-Каликке сәйкес, қарым-қатынас стилі деп педагог пеноқушының әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетесуінің даралық-типологиялық ерекшеліктері түсініледі.
Педагогикалық іс-әрекет стильдерінің түрлері
Педагогикалық іс-әрекет стильдері ең алдымен, жоғарыда қарастырылған жалпы үш түрге бөлінеді: өктемшілдік, демократиялық және либералды-бетімен жіберу, сонымен қатар ол өзіндік «педагогикалық» мазмұнмен толтырылып отырылды.
Өктемшілдік стиль
. Оқушы тең құқықты серіктес емес, педагогикалық әсер ету обьекті ретінде қарастырылады. Мұғалім бір жақты шешім қабылдайды, шешеді, өзі қойған талаптардың орындалуына қатаң бақылау орнатады, қалыптасқан жағдайлар мен шәкірттердің пікірлерін есепке алмай өз құқықтарын пайдаланады, шәкірттерінің алдында өз әрекеттерін негіздемейді. Осының салдарынан шәкірттер белсенділіктерінен айырылады немесе оны тек мұғалімнің жетекші рөлі барысында ғана жүзеге асырады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында агрессиялылық пайда болады. Өктемшілдік стиль барысында оқушылардың күші білімдер игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің негізгі әдісі бұйрық, ақыл айту болып табылады. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән. Жетекшілік етудің осындай стилін ұстанған мұғалімдер басты назарды әдістемелік мәдениетке аударады, педагогикалық ұжымда көбінесе лидер болып келеді.
Демократиялық стиль.
Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, бірігіп білім іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың тек оқу үлгерімін ғана емес, сондай-ақ олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады. Басқарудың демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары байыпты қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Осы стильдегі мұғалімдер өзінің психологиялық іскеріктеріне көбірек назар аударады. Мұндай мұғалімдер үшін үлкен кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль.
Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық-ты, толқуды көрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар байқалады»
Осы стильдердің әрқайсысы, өзара әрекеттесу серігіне деген қатынасты айқындай отырып, оның сипатын анықтайды: бағынудан - серіктестікке және бағытталған әсер етудің болмауына. Осы стильдердің әрқайсысының қарым-қатынастың не монологтық, не диалогтық формаларын ұйғаратыны маңызды. Педагог іс-әрекетінің қарым-қатынасында стильдердің сараланып жіктелінуінің енгізілу сипатын В. А. Кан-Калик ұсынған
- педагогтың оқушылармен бірлесіп шығармашылық әрекетпен елігушілік стилі, бұл мұғалімнің өз ісіне, өз мамандығына деген қатысының әлпеті болып табылады;
- достық ықылас стилі, ол мұғалімнің сыныппен өзара әрекеттесу табыстылығының жалпы фоны және алғышарты болып табылады. В. А. Кан-Калик достық ықыластың тұрпайылыққа, ағайынгершілікке айналу қауіпіне, оның жалпы педагогикалық іс-әрекетке зиянды болуы мүмкін екеніне назар аудартады. «Достықпедагогикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес болып, бірақ педагогтың балалармен өзара әрекеттесуінің жалпы жүйесіне қарама-қайшы келмеуі керек»
- өктемшілдік стильдің көрінісі болып табылатын қарым-қатынас стилінің түрі - дистанция, ол оқушылардың тәртіптілігі мен ұйымшылдығының сыртқы көрсеткіштеріне қолайлы әсер ете отырып, тұлғалық өзгерістерге - конформизмге, фрустрацияға, өзін-өзі сәйкес бағалай алмауына, талаптану деңгейінің төмендеуіне және т. б. әкелуі мүмкін;
- қорқыту мен жарамсақтану қарым-қатынас стилі - оның өзі педагогтың кәсіби кемеліне жетпегендігін көрсетеді.
Мұғалімнің мінез-құлығындағы келтірілген стильдердің әрқайсысының басымдылық тарту жағдайын талдау негізінде В. А. Кан-Калик сегіз модельді қарастырады.
Педагогикалық іс-әрекеттің
сипатына байланысты оның стильдері
Педагогикалық іс-әрекеттің стильдері туралы неғұрлым толық нақты көріністі А. К. Маркова мен А. Я. Никонова ұсынды Осы авторлардың көрсетуінше, мұғалім еңбегіндегі стильдерді ажыратудың негізіне келесі негіздемелер жатқызылған: стильдің мазмұндық сипаттамалары (мұғалімнің өз еңбегінің процесіне немесе нәтижесіне бағдарлануға басымдылық беруі, мұғалімнің өз еңбегіндегі бағдарланушы және бақылаушы-бағалаушы кезеңдерін күшейтуі) ; стильдің динамикалық сипаттамалары (икемділік, тұрақтылық, ауысқыштық және т. б. ) ; нәтижелілік (мектеп оқушыларындағы білім мен оқу дағдыларының деңгейі және оқушылардың пәнге қызығушылықтары) . Осы негізде авторлар қазіргі заман мұғалімін сипаттаушы даралық стильдердің төрт түрін бөледі.
Эмоционалды-импровизациялық
стиль (ЭИС) .
ЭИС-ті мұғалімді оқыту процесіне басымырақ бағдарлану ажыратады. Мұндай мұғалім жаңа материалды логикалық, қызықты түсіндіреді, алайда түсіндіру процесінде көп жағдайда оның оқушылармен кері байланысы болмайды. ЭИС-ті мұғалім сауалдама жүргізу барысында оқушылардың көп санымен, негізінен ол күшті, өзін қызықтыратын оқушылармен жұмыс істейді, олардан тез қарқынмен жауап алып, формалды емес сұрақтар қояды, бірақ оқушылардың өздерін аз сөйлетеді, олардың өз бетінше жауап құрастыруын тоспайды. ЭИС-ті мұғалімге оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлауда жеткіліксіздік тән: сабақта өту үшін ол неғұрлым қызықты материалды таңдайды; қызықтылығы аз, бірақ маңызды материалды шәкірттердің өз бетімен талдауларына қалдырады. ЭИС-ті мұғалім іс-әрекетінде оқу материалын бекіту мен қайталау, шәкірттердің білімін бақылау жеткіліксіз орын алады. ЭИС-ті мұғалімді, оқытудың саналуан әдістерінің үлкен арсеналын пайдалану ерекшелендіреді. Ол ұжымдық талқылауды жиі қолданады, шәкірттердің спонтанды пікір айтуларын ынталандырады. ЭИС-ті мұғалімге ішкі түйсіктік тән, ол сабақ үстіндегі өзінің іс-әрекетінің ерекшеліктері мен нәтижелілігіне талдау жасай алмауынан көрінеді.
Эмоционалды-әдісқойлық стиль (ЭӘС) .
ЭӘС-ті мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлау, жоғары шапшаңдық, рефлексивтіліктен ішкі түйсіктің басымдылығы тән. Оқытудың процесі мен нәтижесіне бірдей бағдарлана отырып, мұндай мұғалім оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлайды, бүкіл оқу материалын кезеңдеп өңдейді, шәкірттердің барлығының (күштілерінің де, әлсіздерінің де) білім деңгейін мұқият қадағалайды, оның іс-әрекетінде үнемі оқу материалын бекіту мен қайталау, шәкірттердің білімін қадағалауорын алады. Мұндай мұғалім жоғары шапшаңдықпен ерекшеленеді, ол сабақ үстіндегі жұмыс түрін жиі ауыстырып отырады, ұжымдық талқылауды қолданады. Оқу материалын өтуде ЭИС-ті мұғалім қолданған бай әдістемелік тәсілдер арсеналын қолдана отырып, ЭӘС-ді мұғалім соңғыға қарағанда балаларды сыртқы тартымдылықпен белсендендіру орнына, оларды өз пәнінің ерекшелігімен біржолата қызықтыруға ұмтылады.
Пайымдаушы-импровизациялық стиль (ПИС) .
Пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалімге оқыту процесі мен нәтижесіне бағдарлану, оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлау тән. Эмоционалдық стильді мұғалімдермен салыстырғанда пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалім оқыту әдістерін таңдау мен түрлендіруде аз ойлап тапқыштық көрсетеді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz