Тұлғаны дамыту, қалыптастыру формаларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тұлғаны дамыту, қалыптастыру формаларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.
Орындаған: Жобалаева Ж
Тексерген: Ибраева Ж
Дамудың қай қырлары адамның өзіне тәуелді және қай тараптары сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы - жағдаяттар деп аталады, ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мәнді себеп - себеп-шарттар деп аталады. Даму үдерісі мен оның нәтижесіне әсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар қандай?
Белгілі болғандай, адамның даму үдерісі мен оның нәтижесі үш өзекті жағдаяттардың бірлікті әрекетімен жасалады, олар - нәсілдік, қоршаған орта және тәрбие . Негізге «нәсілдік» деп аталатын адамның тума, табиғи ерекшеліктері алынады. Нәсілдік - бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерекшеліктер. Нәсілдікті тасушы - биологиялық ген (грек сөзі - туындатушы) . Ағза қасиеттері табиғат жаратқан гендік рәміздерде өрнектеліп, белгілі ақпарат күйінде тіршілік өкілі тәнінде сақталатынын және бірден бірге ауысып баратынын бүгінгі ғылым дәлелдеп отыр. Генетика - адам дамуының нәсілдік бағдарлама құпияларын ашып, жариялады. Адамның нәсілдік бағдарламасы адамды даму кейпінде танытатын жалпы, сонымен қатар әрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша детерминантты (тұрақты да себепті) және ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нәсілдік бағдарламаның тұрақты бөлігі адамзаттың ұрпақ жалғастыру және адам тегіне тән нышандарды (сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-әрекеті, ойлау, т. б. ) қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның сыртқы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз, тері түстері - ауысады. Қан тобы, резус-фактор, ағзадағы ақуыздардың әртүрлі бірігуі қатаң генетикалық бағдарламаға тәуелді түзілген.
Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық үдерістердің өту ерекшелігі осы нәсілдік қасиеттер тобынан. Ата-аналар тәнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері, олардың арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар -патологиялық ауытқулар ұрпақтан- ұрпаққа өтіп отырады. Сондай-ақ, қан аурулары (гемофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік бұзылыстар, мысалы, ергежейлілік-нәсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін жағдаяттардың бір тобы - ата-аналардың маскүнемдік және нашақорлық зиянды әдеттерінен.
Нәсілдік бағдарламаның ауыспалы бөлімі адамға тіршілік жағдайларының өзгермелі шарттарына икемдесіп баруына көмегін тигізді. Нәсілдік бағдарлама жетілдіре алмаған адамның сапа-қасиеттері өмір бойы жүріп жататын тәрбиемен толықтырылады. Бағдарламаның бұл бөлігін әрбір адам өз бетінше дамыта алады. Осылайша, табиғат әрбір адамға өзіндік даму және өзіндік жетілу жолымен өзінің адамилық мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады. Сонымен, тәрбие қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген. Балалар өз ата-аналарынан нені мұра етіп алады - ақыл әрекетіне дайын қабілеттерді ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет болған нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді талдау бұл сұрақтарға нақты бір жауап мүмкіндігін берді: нәсілдіктен өтетін қабілеттер емес, тек қана - нышандар . Әулетке өткен нышан кейін дамуы да мүмкін немесе қолайлы жағдайлар болмаса, өшіп кетуі де ықтимал. Бәрі жағдайға байланысты: егер адамның нәсілдік бастаулары нақты қабілетке өту мүмкіндіктеріне кез болса және тұрмыс шарттары, тәрбиесі, адам мен қоғамның қажеттері орынды үйлесім тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді.
Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл және танымдық күштерін дамыту мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға қабілетті. Жоғары жүйке қызметі типтеріндегі айырмашылық ойлау үдерістерінің жүрісін ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-парасат әрекеттері деңгейіне олардың ешқандай әсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние педагогтары нышандардың ақыл-ой қабілеттерінің дамуына кедергі де болатынын айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас миындағы енжар жасушалары, нашақорларда болатын гендік құрылым бұзылыстары, кейбір нәсілдік психикалық сырқаттар - қабілеттердің орнығуына көп кедергі келтіреді. Шылымкеш ата-аналардан туған балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді.
Ақыл-ой әрекеттеріне негіз - жалпы нышандармен бірге арнайы нышандар да ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Белгілі іс-әрекет түріне адамның қалыптаса бастауы осы арнайы нышандарда. Егер адамға қажетті жағлайлар жасалса, арнайы нышандар ерте жастан-ақ белгілі болады. Мұндай нышандар: ән-күй, сурет өнері, математика, лингвистика, спорт және т. б. үшін үлкен маңызға ие.
Биологииялық нәсілдіктен басқа адам дамуына үлкен ықпал жасайтын және бір себеп-шарт - бұл әлеуметтік нәсілдік . Осы нәсілдікке орай жаңа дүниеге келген адам өз ата-аналарынан және төңірегіндегілерден олардың әлеуметтік-психологиялық тәжірибесін (тіл, әдет, мінез бітістері, адамгершілік сапалары, т. б) . белсенді игеруге қабілетті. Әсіресе, қызықтыратыны - моральдық нышандардың нәсілдікпен берілуі. Көп заманнан бері адам тумадан жауыз да, қайырымды да, мырза да, сараң да емес, - деген тұжырым қалыптасқан. Бала өз ата-аналарынан олардың моральдық сапаларын қабылдап - ұры не қарақшы болып өспейді.
Ендеше, неліктен көп ғалымдар « тума жыртқыштық » теориясын ұсынады? Осыдан, ғасырлар тұңғиығынан бізге дейін жеткен - «алма ағашынан ұзап түспейді» - деген мақал әділ ме? Бүгінгі таңда ғалым педагогтардың көбі адамның ізгілік қасиеттері биологиялық негізге ие деген пікірге ойысып отыр. Адамдар қайырымды немесе ашулы, адал немесе өтірікші, адамның жыртқыштығы, қайырымсыздығы, аш көздігі табиғаттан берілген (М. Монтессори, К. Лоренц, Э. Фромм, А. Мичерлик, т. б. ) деген теория да баршылық. Адамның тұлға болып жетілуі - әлуметтенуден, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа келу үдерісінен. Адамзат қоғамынан тыс рухани, әлеуметтік, психикалық дамуы мүмкін емес, (Маугли жөніндегі аңыз-ертегіні есіңізге түсіріңіз) .
Нәсілдіктен басқа адам дамуына үлкен ықпал ететін қоршаған орта . Орта - бұл даму жүріп жатқан шынайы болмыс, дүние. Тұлғаның қалаптасуына әрқилы сыртқы жағдайлар, солардың ішінде географиялық, әлеуметтік, мектеп, отбасы жағдаяттары себепші болады. Олардың кейбіреулері белгілі аймақтың барша балаларына тиісті болса (географиялық жағдаят), екінші біреулері - жасаған ортаға байланысты (айталық, қала немесе ауыл) ал үшінші біреуі - кейбір әлеуметтік топтағы балаларға маңызды, төртінші жағдаяттар - бүкіл халықтың жалпы жақсарған өмірімен байланысты (соғыс және күйзеліс жылдары ең алдымен балалар қиыншылығы туындайды) .
Араласу қатынастарына байланысты жақын және алшақ орта ажыралады. Педагогтарды көбіне қызықтыратыны әлеуметтік және отбасы ортасы. Әлеуметтік орта балалар үшін алшақ, ұзақ орта есептелсе, ал отбасы - жақын ортаны құрайды. Бұл ортада балалар ата-анасымен, туған-туысқандарымен, жекжаттарымен, достарымен қатынас түзеді. Үй ішіндегі тұрмыстық жағдаяттар нақты баланың дамуына ықпал жасайды және ол дамудан біз ең алдымен баланың қай дәрежеде тамақтанатынын, сабақ және демалыс тәртібін, тән-дене және ақыл-ой жүктемелерінің қажетті дәрежеде болуы, болмауын анықтаймыз. Қалыпты тән-дене дамуындағы қандай да ауытқу ата-аналар мен мұғалімдер үшін баланың денсаулығына байланысты кейбір жағдайлардың қамтамсыз етілмегенінен хабар беріп, оны қалпына келтіру үшін шаралар қолдану қажеттігін білдіреді. « Әлеуметтік орта» түсінігі қоғамдық құрылым, өндірістік қатнастар жүйесі, өмірдің материалдық шарттары, өндірістік және әлеуметтік үдерістердің өтуі және басқа да жағдаяттарды аңдатады. Ортаның адам қалыптасуына ықпалы қандай? Қоршаған орта маңыздылығын барша дүние педагогтары мойындауда. Дегенмен, сол ортаның ықпал дәрежесін бағалауда әртүрлі көзқарас қалыптасқан. Дерексізденген (абстракт) орта болмайтыны белгілі. Нақты қоғамдық орта-адамның нақты өмір жағдайлары, оның жанұясы, мектебі, достары - болады. Осыдан алыс және жақын қоршаған орта неғұрылым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете алатын болса, соғұрылым адам өз дамуында жоғары деңгейлерге көтеріледі.
Адам дамуында, әсіресе, балалық шағында отбасының маңызы орасан. Адамның алғашқы кезеңі - өте қажет даму және қалыптасу дәуірі - осы жастық шағына байланысты. Бала өзі туып өскен және дамыған отбасының дәл бейнесін қайталайды. Оның қызығулары мен қажеттері, көзқарастары, құндылықтар бағыты өскен отбасының сипатына тәуелді: осы отбасыда баланың табиғи нышандарының дамуына қолай материалдық және басқа да жағдайлар жасалады. Тұлғаның адамгершілік және әлеуметтік сапалары да - отбасыдан.
Қазіргі күнде қай отбасы болсын, қиын кезеңді басынан кешіріп жатыр. Ажырасқан некелер, бір тарапы кеміс отбасылар, әлеуметтік кіріптарлық пен жоқшылыққа ұшыраған балалар санының көптігі - көз алдымыздағы қоғамдық жағдайлар.
Отбасы дағдарысы, мамандардың пікірінше, көптеген келеңсіз қоғамдық құбылыстардың, ең алдымен, кәмелетке жетпегендер ортасындағы тәртіп бұзушылықтың басты себебіне айналып отыр. Елдегі құқық бұзушылардың басым көпшілігі 14 пен 18 жас аралығындағы жас өспірімдер. Бұл қоршаған орта ықпалының кері кетіп жатқанын, онымен бірге даму нәтижесінің де төмендегенін байқатады.
Адамның басқалармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасқанына қарамастан, жеке тұлғаны қалыптастыру процесіне бірқатар факторлар әсер етеді:
• Ең алдымен, туған кезде алған адамның генетикалық сипаттамалары жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Тұқымқуалайтын қасиеттер - жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Адамның бұл қасиеттері, қабілеті немесе физикалық қасиеттері, оның мінезіне, оның қоршаған әлемді қалай қабылдайтынын және басқа адамдарға баға беріп отырғанын көрсетеді. Биологиялық тұқым қуалаушылық адамның жеке басын, оның басқа адамдардан айырмашылығын түсіндіреді, өйткені олардың биологиялық тұқым қуалау көзқарасы тұрғысынан бірдей екі адам жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz