Қазақ əдебиетіндегі лирикалық проза
15-16 тақццццццууууууууцццццццууууццццццц цццццццццццццццккццкккццццккккццццц цккккццккккккккккккццкккккццццкккыы ввфцццырып. Қазақ əдебиетіндегі лирикалық проза
Қазақ əдебиетінде лирикалық проза туралы зерттеулер алғаш рет ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған қарап лирикалық сарында жазылған шығармалар ұлттық əдебиетімізде осы кезеңге дейін болмады десек, қателескен болар едік. Сонау ауыз əдебиеті үлгілеріндегі, Шоқан, Ыбырай, Абай туындыларындағы баяндау дəстүрін еске түсірсек, лиризм айшықтарының ертеден жеткілікті түрде көрініс тапқанын байқаймыз. Негізінен бұл құбылыс лирикалық проза деп аталатын терминге қарағанда əлдеқайда ертерек басталды. Термин пайда болған алғашқы күндерден бастап қазіргі таңға дейін прозаның осы түрі туралы талас-тартыстар толастар емес. Көптеген сыншылар лирикалық проза өз алдына өмірлік құбылыстарды бейнелей алмайды деп көрсетеді. Бізге шындықты кең көлемде қамти алатын прозаның, сол сияқты адамның толғаныстары мен тебіреністерін жеткізетін лирика бар екені белгілі. Олай болса, осы екі түрлі құбылыстарды араластырудың қажеті бар ма деген сұрақ туындайды.
Лиризм кез келген эпикалық шығарманың құрылымына қатыса алады (лирикалық шегіністер, хаттар, т.б.). Осы жерде лирикалық проза лирикалық поэзияға қарағанда ерекше екенін атап өту керек. Эпикалық образда лирикалық тебіреністерді көрсете білу ерекше түрге тəн. Мұнда сезімге негізделген өз алдына жеке образ болуы шарт. Ал оны əр қаламгер өзінше бейнелейді, əрқайсысының прозада поэтикалық образ тудыруда өзіндік əдіс-тəсілдері болады. Мəселен, бірінші жақтан баяндау мəнері, балалық шаққа шегініс жасау, қарапайым адами сезімдерге, табиғатқа қаратпа ретінде беру, т.б. жатады. Жанрдың өзгеруі, жанрлар мен түрлердің өзара кірігуі дəстүрлі емес, əлі де қажетті дəрежеде зерттелмеген жаңа түрлердің тууына алып келеді. Эпос пен лириканың бірігуі нəтижесінде пайда болған лирикалық проза да осындай құбылыстардың қатарына жатады. Лирикалық прозада көптеген мəселелер өзіндік тұрғыдан ашылады. Мəселен, мұндай шығармаларда автор тұлғасы ерекше көрінеді. Кей шығармаларда автор өзі басынан өткізген, сезінген, ойлаған жағдайларға баса назар аударады. Мұнда автор тұлғасы авторлық менінің, яғни ғұмырбаяндық əңгімелеушінің аясында қалыптасады. Дегенмен көркем шығарманың сипатын бірінші жақтан баяндау арқылы айқындауға болады деген ой тумауы керек. Əрине кезінде прозаның осы түріне қатысты көз- қарастардың ішінде бірінші жақтан жазылған шығармалардың бəрін лирикалық стильдік ағымнан туған деп есептегендер де болды. Бірақ мұнымен əрдайым келісе беруге болмайды. Мəселен, С. Мұқановтың Өмір мектебіндегі мені мен С. Мұратбековтің Жусан исіндегі менін алып қарайық. Біреуінде тарихи реттілікке бағындырылған оқиғалар желісі жазушының мені арқылы баяндалып, оның дүниеге көзқарасы, ойлау, таным белсенділігі арқылы қорытылып, эпикалық сипат алса, екіншісіндегі мен өзгеше сыр шертеді, лирикалық кейіпкерлердің арман-сағынышы, жан толғанысы сезім арқылы бір арнаға үйлестіріліп, шындықпен өрілген толыққанды көркем бейнелер туғызады. Сондықтан лирикалық прозаның стильдік обьектісін жазушы мені екен, солай болғанда кейіпкердің арман-тілегі айқындалып, жан əлемі, сезімі жарқырап көрінеді деген ойдан аулақ болу керек. Зерттеушілердің айтуы бойынша лирикалық прозаның эпикалық шығармадан басты айырмашылығы - ойдың талқылауға көнбейтіндігі. Мұнда бірінші орында семантикалық мəн емес, сөздің əуені тұрады. Мұнда сюжет айтарлықтай рөл атқармайды, лирикалық жазушының шеберлігі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым оның əңгімелерінде сюжет белгісіз болады. Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет көп кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл-күй əсерімен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады. Лирикалық прозаның қаһарманы эпостық шығармалардағы секілді күрделі, желілі оқиғаларға, іс-əрекеттерге негізделмейді, қайта ойламаған жерден күтпеген жағдайды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады. Лирикалық жазушыны да өзекті мəселелер толғандырмай қоймайды, ол да қайғырады, мұңаяды, қуанады. Онсыз ол мұндай шығарма тудыра алмас еді.
Сонымен, поэзиядағы сияқты лирикалық прозаның да бейнелеу құралы жазушының сезімі мен ой толғамы. Дегенмен поэзияға қарағанда лирикалық проза қаламгердің жан əлемін ашуда лирикалық қана емес, əңгімелеудің барлық эпикалық тəсілдерін емін-еркін пайдалана алады. Қазіргі əдебиеттануда лиризм ұғымы лириканың синонимі ретінде де қолданыла береді. Мұндай шығарманың композициялық құбылысы лирикалық кейіпкерге, соның тебіреніс-толғаныстарына сəйкес қалыптасады. Өмір көріністері лирикалық кейіпкердің көзімен қаралып суретеледі. Лирикалық прозаның даму өрісін талдағанда, оның бүкіл композициясынан, түр мен мазмұн бірлігінен, стильдер ерекшелігінен, сезім күші мен жарқындығынан, ішкі драма қуатынан, сөздердің пəрменділігі мен өткірлігінен, реалистік шындығынан толып жатқан көркемдік қасиеттер табамыз. Лирикалық прозаның мүмкіндіктерін асыра бағаламау жəне оны көркемдік бейнелеудің басқа формаларына қарсы қоймау жағын қатаң қадағалай отырып, лиризм қаламгердің өмір құбылыстарын кеңірек, молырақ бейнелеуіне бөгет болады, кедергі келтіреді деген пікірдің шындыққа сəйкес еместігін де ескеру керек. Себебі лиризмнің қамтитын аясының қаншалықты кең екені бірталай факторларға тығыз байланысты. Мəселен, ол жазушының жеке басына да, өмірдің қай жағын суреттейтіндігіне де, оның мақсат-мұратына, ой-сезіміне де, яғни дүниетанымына тығыз байланысты. Жалпы, прозалық шығармалардың міндеттерінің бастысы - кейіпкер мінезін ашу, характер жасау. Бұл тұрғыда лирикалық шығармаларда бір немесе бірнеше типтендірілген характерлердің сəтті сомдала түсетінен айтуға болады. Шығармалардың ортақ бір сюжетке немесе бірнеше сюжеттерге құрылатындығы лирикалық шығармалардың дүниеге келуі үшін аса қолайлы алғы шарттар болып есептеледі. Сондықтан да бұл шығармалардың өзіндік ерекшелігі оның көлемінде ғана емес, мазмұн тереңінде жатыр. Кез келген эмоциональды шығарманы лирикалық деп қарастыра беруге болмайды. Керісінше, баяндаушылық интоноцияның болуы, оның эпикалық жанрдағы шығарма екенін көрсетеді. Кей кезде лириканың прозаға ауқымды түрде кірігуі романтикалық стиль деп жатады. Бірақ шын мəнінде лирика мен романтика бір-біріне сай келе бермейтін түсініктер. Бірінші жақтан баяндалған шығармалар көбіне эпикалық сипатта болады да, керісінше көңіл-күйдің, сезімнің, толғаныстың кейіпкерлердің өздерінің білдіруі арқылы берілген баяндаулар лирикалық болып табылады. Автордың оқиғаның дамуына қатысуының өзі де əртүрлі болатынын ұмытпау қажет. Шығармадағы барлық авторлық шегіністер, талқылаулар, ойлар əрдайым лирикалық сипатта бола бермейді. Прозадағы лиризм туралы сөз болғанда, ең алдымен ондағы сезімталдық, қобалжу, əуенділік, белгілі бір көңіл-күйдің болуы, т.б. айтылады. Бірақ бұлар лирикалық түрдің ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан да олар лирикалық стильге тəн міндетті белгілер болып табылмайды. Лирикалық жəне эпикалық проза туралы айту - өмірдің белгілі бір кезеңі туралы айту, жазушының өмірлік деректерге субьективтік немесе обьективтік тұрғыдан келуі. Эпикалық, яғни обьективтік прозада автордың қатысы тікелей емес, кейіпкерлерді топтастыру жолымен, олардың қарым - қатынастары мен байланыстарын бейнелеу арқылы көрінеді. Мұның мазмұнының негізінде адамдар мен топтардың қарым-қатынасы, характерлердің дамуы, олардың қақтығысы мен күресі жатады. Сондықтан мұнда екпін мен мəнер эпикалық сипатта болады. Мысалы, пейзаж қалыпты түрде, оқиғалар өтетін шынайы ая ретінде беріледі, немесе басқа да стильдік белгілер туралы да осыны айтуға болады. Ал субьективтік, лирикалық прозада əңгімелеушінің тұлғасы бірінші орында тұрады. Оның ішкі жан дүниесі бейнелеудің басты құралы болып табылады. Егер эпикалық проза өмірдің өзін жəне ондағы түрлі қарама-қайшылықтар мен байланыстарды суреттесе, лирикалық проза əңгімелеушінің өмірге қатысына, ол туралы ойларына, оның сезімі мен тебіреністеріне баса көңіл аударады. Қаламгердің дамылсыз еңбегі мен ізденуінің нəтижесінде оның өзіндік ерекшелігін, даралығын айқындайтын, ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тəн стилі қалыптасады. Яғни, стиль жазушының шеберлігінің жемісі. Əр жазушының стилінде оның дүниетанымы, көзқарасы, ұстанымы, мақсат-мүддесі жа тады.
Сонымен қатар тақырып таңдау, сюжет құру, кейіпкер бейнесін ашу шеберлігі, тіл ерекшелігі - бəрі де қаламгердің стиліне байланысты. Сондықтан да кез келген жазушының шығармашылығы туралы айтқанда, ең алдымен оның стиліне тоқталамыз. Қазіргі таңдағы осы бағытта қалам ұстаған жазушылардың қатарына Ш. Бейсенова, Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз сияқты қаламгерлерді жатқызуға болады. Олар да өз туындыларында лирикалық прозаға тəн ерекшеліктерді сақтай отырып, өзіндік даралықтарын таныта білген жазушылар. Т.Ахметжанның Сұлу мен суретші деп аталатын жинағына енген шығармаларының лирикалық портреттің шебер үлгілерін көре алсақ, Н. Ораз да Биіктегі сұлулық деген жинақтағы терең лиризмге құрылған шығармалары арқылы танылған қаламгер. Жазушылардың қай-қайсысы болмасын өздерінің айтайын дегенін жай баяндап қана қоймай, ыммен, ишарамен, астарлап, айтумен, сөз өрнегімен суреттеуімен бере отырып, өзіндік стилімен дараланады. Олар не туралы жазса да, үлкен тебіреніспен адамгершілік пен ізгілікті дəріптей отырып жазады. Олардың əрқайсысының баяндау стилі оқырманды бейтарап қалдырмайды, тақырыптары əртүрлі болып келсе де, негізінен ауыл адамларының психологиясын, заманға бай ланысты өзгерістерді, ауыл адамдарының бойындағы ізгілік қасиеттерді шынайы да тартымды етіп бейнелейді, сол арқылы оқырманын баурап алады, тəтті сезімге бөлейді, ойландырады. Жазушы кейіпкерінің сыртқы келбетіне, ішкі жан дүниесіне, сөйлеу мəнеріне, қимыл ‒ қозғалысына, шығармада қолданылып отырған кішкене бір детальдарға баса назар аудара отырып, өз туындысының сыршылдығын арттыра түседі. Портрет - кейіпкердің тек сырт пішін тұлғасы сияқты боп көрінгенмен, ол мінез-құлықты, іс-əрекетті, характерді де қамтиды. Кейіпкердің жүріс-тұрысынан, əдетінен, бет-пішініні құбылысынан да адамның ішкі сарайы, жан - күйі сезіліп тұрады. Яғни, портрет қатып қалған тас сурет емес, адам пішінінің, тұлғасының, мінез-құлқының жанды көрінісі. Осындай ерекшелікті Талаптан Ахматжанның Сұлу мен суретші шығармасынан көргендей боламыз. Суретшінің Жұмбақ келіншек деп атаған туындысы үлкен жүлдеге ие болып, жоғары бағаланады. ...Осылай бүкіл жан дүниесі, санасындағы миллиардтаған түйіршіктерге дейін сұлуды аңсап, өртті сағынышқа күйгенде барып айқай дүниеге Жұмбақ келіншек келгенін шал кімге жария етсін! Қажеті қанша оның; шал соның бəрін сұлуға деген отты махаббаттың алауына оранып отырып жасаған, ендеше Жұмбақ келіншектің бүкіл болмысынан қараған жұрт сартап сағыныштың табын сезінсе болды емес пе; иə-иə, бар болғаны сол ғана... басқаның бəрі бос далбаса... Жо-жоқ дүниеге Жұмбақ келіншек келген жоқ, шал қателесіп отыр, суретшінің жан-дүниесі қорғасындай балқып, алтындай буланып қылқаламның құдіреті арқасында сол картинаның өзіне, Жұмбақ келіншекке айналып кетті емес пе; енді шал суретші боп емес, Жұмбақ келіншек боп өмір сүреді... олай болса картинаға қожайынның сырттай иемденгенінен не өзгермек? Оның жалған атақ-даңқы сурет бетіндегі суретшінің жанын, жүрек лүпілін ысырып тастай алмайды ғой.... Осылайша шығарманың басынан аяғына дейін беріліп отыратын кейіпкердің толғаныстары мен тебіреністері оның шексіз сезімін білдіріп қана қоймай, басқа кейіпкерлердің бейнесін де ашуға көмегін тигізеді. Оқырманды да өзімен бірге ерекше бір сұлулық əлеміне жетелейді. Суретшінің лирикалық шегінісі арқылы берілетін келіншектің бейнесі мен туындыдағы келіншектің портреті бір-бірін толықтырып тұр. Келіншектің аты аталмай, сұлу деген аттың қойылуының өзі кейіпкердің портретін беруде ерекше қызмет атқарып тұр. Байқағанымыздай, портреттің кейіпкер бейнесін берудегі қызметі үлкен. Жалпы портрет жасаудағы жазушының амал-тəсілі де əр түрлі болады. Кейіпкер портреті авторлық баяндауда да, кейіпкер тілінде де ұшырасады. Кейде бір адамның портреті екінші бір қаһарманның көзімен де беріліп жатады. Жазушы шеберлігі портрет арқылы адамның сыртқы сұлулығын жай
баяндай салмайды, сол арқылы оның ішкі жан дүниесіне де үңілуінде жатыр. Адамның сырт келбетін, кейіпкердің кейбір ерекше белгілерін суреттеу арқылы қаһарманның мінез қырларын ашу да жазушылар қолданысындағы ұтымды тəсіл. Портрет əр адамның өзіндік сыр-сипатын, өзара бітімін танытуға да қызмет етеді. Сонымен қатар, портрет адам мінезінің негізгі өзгешелігін де білдіріп отыратын шығармадағы көркемдік компонент. Яғни,
портрет кейіпкер жан дүниесіне талдау жасаудың, кейіпкердің мінез-құлқын ашудың бірден-бір негізгі құралы.
Лирикалық прозада уақыт пен кеңістік те ерекше рөл атқарады. Қазақ əдебиеттану ғылымында көркем туындыны зерттеудің бір түрі уақыт жəне кеңістік мəселесі болып табылады. Бұл мəселе туралы ертедегі Аристотельдің еңбегінен бастап ХҮІІ ‒ ХІХ ғасырлардағы бір топ зерттеушілердің еңбектері бар екені белгілі. Бұл мəселеге негізінен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап ден қойыла бастады. Тұтастай жүйе бола қоймағанына қарамастан бұл кезеңдегі М. Бахтин, Л. Выготский, С. Эйзенштейн сияқты ғалымдардың еңбектері уақыт жəне кеңістік мəселесінің қалыптасуына негіз болды деуге болады. Əсіресе, 60-жылдардан бастап осы мəселеге көбірек назар аударыла бастады. Осы тұста зерттеушілер арасында екі түрлі көзқарас пайда болды. Олардың бір тобы уақыт категориясына, енді бірі кеңістік категориясына ерекше мəн берді. Осы орайда бұл екі категорияны біртұтас қарастыру қажет екенін атап көрсеткен М. Бахтиннің пікіріне ерекше тоқталуға болады. Ол уақыт пен кеңістікті бірлікте қарастыра отырып, оны хронотоп деп атады. Кейінгі көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде осы тұжырымды басшылыққа алып келе жатыр деуге де болады. Ішкі монолог көркем шығармадағы кез келген деталь сияқты хронотопты болып келеді. Хронотоп дегеніміз - уақыт пен кеңістік ұғымдарының бірлігі. Уақыт кеңістікте ашылса, кеңістік уақытпен өлшенетіні белгілі. Ішкі монологтың хронотопында уақыт жетекші рөл атқарады. Бұл жағдайда көбіне уақыттың
көрсетілуі ықпал етеді. Ішкі монологтарда көбіне: ертеде, бұл сол кезде болып еді, ал қазір, ешқашан, содан бері, есімде, қазір, сонда, сол сəтте, енді, осы уақытта, бірде т.б. сөздер көп қолданылады. Бұлардың бəрі уақытты білдіретіні сөзсіз. Осылайша хронотоп сюжеттік те, бейнелеуіштік те қызмет атқарады. Мұнда сюжет нақтыланып, толыға түседі.
Уақыт жəне кеңістік сияқты философиялық ұғымдардың көркем əдебиеттегі көрінісі туралы айтқанда, басты назарды əр жазушының өз шығармасында жасаған образдар жүйесі, нақтырақ айтсақ, автордың адам концепциясына деген қарым-қатынасы. Лирикалық прозада сюжет мен автордың тебіреністері суреттеліп отырған оқиғалардың бір бөлігі болып табылатындықтан оқиғалар мен автордың оларға қатысы арасындағы тартысқа қатысты болады.
Лирикалық прозаның негізінде əрқашанда автордың өзі тұрады. Мұнда көбіне сезімге, сағынышқа мəн берілетін бол ғандықтан, кейіпкердің осындай тəтті сезімдеріне қатысты тебіреністері еске алу түрінде баяндалып отыратыны белгілі. Ол туған жерге, Отанға деген сағыныш па, өзінің сүйген адамына деген нəзік сезімі ме, болмаса өз өмірінің қымбат, ұмтылмастай қимас сəттеріме ‒ бұлардың бəрі əр сəтте кейіпкердің есінде, қимастықпенойына алып отыратын құбылыстар. Сондықтан да лирикалық прозада көбіне уақытқа шекқойылмайды. Кейіпкер кез келген сəтте осы оқиғаларды еске түсіріп, қазіргі кезеңмен салыстырып отыруы мүмкін. Шығарманың сюжеті мен композициясы да осы кейіпкердің көңіл-күйіне, сезіміне сəйкес құрылып отыратынын байқауға болады. Мысалы, Сұлу мен суретші шығармасында суретші өзінің өмірінің ең тəтті де күйзелісті сəттерінің себепшісі болған оқиғаны бірнеше жыл уақыт өткен соң өзінің туындысына арқау етеді. Бүгінгідей өміріне себепкер болған қимас махаббат сезіміне өз уақытында қапаланып, өкінгенімен, жүрегіне мəңгілік жара салған сұлуға деген нəзік сезімінің нəтижесінде дүниеге керемет туынды келеді. Адамның, оның өмірінің уақытқа тəуелді екенін жазушы да өз шығармасында білдіргісі келетіндей. Мəселен, шығармадағы кейіпкердің: Əйел жүзіндегі сезім толқынысының картинада тылсым күйінде сақталып қалуы суретшінің ең ұлы
жеңісі еді; өз қолымен өмірге əкелген осынау ғажайып дүниені екінші қайтара сол қалпында қайтадан тудыру мүмкін емес екеніне суретшінің көңілі иланғалы қашан; суретші осы еңбегіне кіріскен кезі мен тəмамдап шыққан уақыт аралығын не сəл кешеуілдетіп, не сəл ертерек бастап жібергенде дəл Жұмбақ келіншектей кереметтің дүниеге келмеуі мүмкін екен ғой; сəл ерте немесе сəл кеш болғанда сол өлшеулі уақыт аралығында дүниеге келуге тиісті өнер туындысы қауызын жарар еді; ол бəлкім Жұмбақ келіншектен артық болар, мүмкін шаңына да ілесе алмас, бірақ бəрібір Жұмбақ келіншек емес! Сұлудың тіл жетпес көркі, яки тұрлаусыз сұлулығы ақ кенеп бетіне көшіп, өлмес, өшпес сұлулыққа айналуына ақ бас Алатаудың апай төсін аймалаған алқызыл арайдың да, тау басында ноқат боп нұрланып, терезенің əйнегіне шейін жақындап келетін Елес ‒ Сұлудың да шапағаты тиді; ендеше осынау өлшеулі уақыт аралығында суретші тыныстаған ауадан бастап бояуға дейінгі барша қоршаған ортаның картинаның тууына ықпалы болғаны ғой; осы өлшеулі уақыт аралығында суретшінің жаны тамшыдай еріп; қылқаламнан туған бояу боп ақ кенептің бетін есіңе беріпті; иə-иə, суретшінің жаны өзі салған суретке ауысты... шалдың құр сүлдері жүргендей ештеңеге зауқы соқпайтыны да сондықтан болар. Ақиқатқа тереңнен үңілсе Жұмбақ келіншекті дүниеге əкелген тіпті де суретші емес екен, ол бар болғаны өзінің жанын суретке ғана берумен шектеліпті; ал осының бəрін бір жүйеге түсіріп, кереметті тудырып тұрған ұлы уақыт екен! Жұмбақ келіншек алғашқы нүктесі мен соңғы нүктесі қойылғанға дейінгі өлшеулі уақыттың перзенті; яғни тілмен айтқанда жиырмасыншы ғасырдың соңында дүниеге келген өнер туындысы!, - деген тебіренісінен автордың да өмір, уақыт туралы ойы анық сезіледі. Қандай шығарма болса да ондағы кейіпкерлердің болмысы қаншалықты дəрежеде бейнеленетіні көп жайды аңғартады. Кейіпкер шығармадағы басты тұлға екені даусыз. Сондықтан да оның бейнесін ашуда көптеген көркемдік тəсілдермен қатар уақыт пен кеңістік ұғымдары да айтарлықтай қызмет етеді. Яғни, жазушы кейіпкердің басынан кешегі өтіп кеткен жайларға бүгінгі күн тұрғысынан баға бергізе отырып, оның ойынан,
санасынан хабардар етеді. Ал бұл көбіне өткенге шегініс жасау, кешегіні еске түсіру түрінде келетіндіктен, шығарманың да лирикалық сипатын арттыра түсетіні белгілі. Шығармаларды талдай отырып, лирикалық прозада уақыт пен кеңістік аясының шексіз болатынын, оның ешқандай заңдылыққа бағынбайтынын, шығарма сюжетінің де осыған сəйкес құрылатынын байқадық. Көркем уақыт пен кеңістіктің маңызды атрибуты сюжеттік- композициялық құрылым ерекшеліктері сараланып, қаламгердің көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесі, стильдік даралығы оның сюжет құру, композицияны ұтымды қолдану саласынан да ерекше байқалатыны анықталды. Сол сияқты поэтикалық синтаксис, яғни риторикалық сұраулар,
көпшілікке арналған қаратпа сөздер, философиялық тұ жырымдар, сол сияқты анафора, қайталаулар, аллитереция, логикалық үзіліс, инверсия сияқты лирика жанрына тəн құралдардың қолданылуы пейзаждың мəнін түсінуге мүмкіндік береді. Қайталау - поэтикалық тілдің элементі. Ол мəтінге ырғақ, ерекше эиоциональды бояу дарытады. Қаламгерде лексикалық қайталаулар анағұрлым күрделі тəсіл синтаксистік қайталаудың бір компоненті түрінде көрінеді. Жиі қайталанып, тұрақты түрде кездесетін сөздер шығарманың негізгі ойын ашуға, кейіпкердің көңіл-күйін білдіруге көмектеседі. Лирикалық
стиль табиғатынан туындайтын ырғақ, поэтикалық инверсиялармен қайталаулар жазушы шығармаларына айрықша реңк беріп, əсерлілігін күшейткен. Оның стиліндегі лирикалық, экспрессивті бастау автордың интонациясын, стилистикалық тəсілдерін де анықтайды. Бұл жазушының шығармаларына лиро-эпикалық толғау жанрының саздылығын, əуезділігін дарытады. Т. Ахметжанның шығармасында белгілі бір сөздер, сөйлемдер ғана емес, тұтастай бір ойлар қайталанып беріледі. Мысалы, шығармада: Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. Үкідей үлпілдеген ақ ұлпа қардың үстінде соңына түскен қуғыншыдан құтылмаққа жан дəрмен күш салып, бар айла тəсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. Бірде оңға, бірде сол ға бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып кері қашқанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай əбден діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан дірдектеді. Əппақ қарға қып-қызыл қан тамды. Қып-қызыл қан... деген ой бірнеше рет қайталанып беріледі. Лирикалық прозадағы мұндай кейіпкердің жанына поэтикалық қуат, шабыт берген туған жер табиғаты патетикалық лептегі қаратпа сөз, риторикалық сұрақ, лепті сөй лемдер арқылы, қайталаулар арқылы, автор сөзінің асқақтығы оның тебіреніс, толқу сезімін күшейтіп көрсету мақсатында қолданылған.
Кез келген жазушы өз шығармасында қандай деңгейде болса да өзі сомдаған кейіпкерінің ішкі əлеміне бойлап, адам атты болмыстың жан əлемін танытуға ұмтылады. Лирикалық прозада да кейіпкер əлеміне терең бойлау, оның жан дүниесіндегі сезім иірімдерін қапысыз аңғарту басты міндет болғандықтан, суреткер түрлі көркемдік тəсілдер арқылы сан қилы бейнелеулер жүйесін тоғыстырады. Бұл ретте ол терең психологиялық талдауға барып шығарманың тұтас композициялық құрылымын кейіпкерінің санасы арқылы өріп, оқиғаны оның ішкі жан-дүние сінің өзгерістерімен дамытып отырады. Жазушының кейіпкердің ішкі əлеміне бойлай еніп, оның жан-дүниесінің сəл өзгерісіне, жүрегінің əрбір діріліне дейін тиянақтай жазып, əрбір қиналысына назар аударуы психологиялық талдаулар арқылы беріледі. Шығармашылықтағы психологизм Батыс еуропалық əдебиетте ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болғаны зерттеу еңбектерде тұжырымдалған. ХХ ғасырдың басында З. Фрейдтің жəне К. Юнгтың еңбектеріндегі адам жанының терең зерделенуі, əдеби шығармашылыққа, соның ішінде көптеген ірі қаламгерлерге өз ықпалын тигізді. Психологиялық талдау қазақ көркем прозасында жиыр ма сыншы ғасырдың басында көрініс беріп, ары қарай тереңдей дамыды. Бұдан кейінгі аралықта көркем прозадағы кейіпкерлердің сомдалу үлгісінде психологизмнің алатын орыны айрықша байқалды. Қазіргі лирикалық прозада психологиялық талдаудың жарқын үлгісін көрсеткен шығармалардың бірі - белгілі жазушы Шəрбану Бейсенованың Сүзгенің соңғы күндері атты тарихи тұлға тағдырын арқау еткен хикаяты. Ш. Бейсенова туындыларының кейіпкерлері негізінен əйел адамдар. Мизамшуақ, Бір махаббат баяны повестері мен əр қилы тақырыптағы əңгімелері жазушының лирикалық проза бағытында жазылған мəнді дүниелері болып саналады. Əдебиет əлеміне ХХ ғасырдың 70-жылдары келген толқынның өкілі Ш. Бейсенова қаламына тəн лирикалық əуен мен психологиялық желінің шебер үйлесуі осы ғасырдың 90-жылдары прозашы ретінде танылған тағы бір қаламгер Роза Мұқанова қаламында жаңаша қырымен көрінді. Р. Мұқанованың тарихи тұлға тағдырын арқау еткен Дүние кезек, Құдырет-кие, т.б. бірсыпыра шығармаларында лиризм мен психологимнің үндесуі кейіпкер тұлғасын даралап, оның болмысын танытуда
шешуші рөл атқарған. Дүние кезек əңгімесі орыстың ұлы ақыны Пушкин өмірінің ақтық сəтін арқау етсе, Құдырет - кие əңгімесі əлем билеушісі Шыңғыс хан өмірінің бір кезеңін қамтыған. Анығында орталық қаһарман Шыңғысты дүниеге əкелуші ана - Өлең-шеше. Бұл аталған əңгімелердің лирикалық бітімі кейіпкер сезімінің нəзік қылын шертуімен айқындалса, сол сезім əлемінің қиналыстары мен күйзеліске түсуін жазушы психологиялық талдаулар арқылы бейнелеп жеткізеді. Ш. Бейсенованың Сүзгенің соңғы күндері повесі - тарихи тақырыптағы туынды. Бұл шығармада лиризм мен психологизм Сібір жұртын билеген Көшім ханның кіші əйелі Сүзге ханымның
сезімі мен ойының, сана ағымының арнасында өрбиді. Шығарманың тұтастай құрылымы да Сүзгенің ішкі жан əлемінің ағымына сəйкес өрілген. Психологиялық талдау лирикалық леппен қатарласып, шығарманың күллі желісі бойы жиналып келеді де, шығарма шешімі сол негізде жүзеге асады. Сүзге не үшін өз басын құрбандыққа берді, неге ол осы жолды таңдап алды? Оны бұл шешімге қандай күш итермеледі? Сүзгенің жан-дүниесінде, жалпы тағдырында орын алатын арпалыстар мен құбылыстарды, сезім ахуалындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz