Михаил Тимофейұлы Калашников және 7,62 мм Калашников автоматы (АК): өмірі мен даму тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының базасындағы тірек мектебі

Калашников автоматы

Тексерген: Тойғанбеков С. Ж.

Дайындаған: Толеутаева А. С.

2020

Калашников Михаил Тимофейұлы (10/11/1919ж-23/12/2013ж) - кеңестік жəне ресейлік атқыш қарулар конструкторы, техника ғылымдарының докторы(1971), генерал-лейтенант (1999), дүниежүзіне əйгілі Калашников (АК) автоматының ойлап табушысы жəне құрастырушы. Ресей Федерациясының Батыры (2009), екі мəрте Социалистік Еңбек Ері(1958, 1976), Лениндік сыйлықтың(1964), I дəрежелі Сталиндік сыйлықтың(1949) лауреаты. Партия мүшесі, уақытысында Жоғары Кеңес депутаты.

Белгілі құрастырушы Алтай өлкесіндегі Курья ауылында өмірге келді. Ол көпбалалы шаруа отбасында дүние есігін ашқан он жетінші сəби болды.

1930 жылы əкесі Тимофей Калашниковты билік кулак деп тауып, Томск облысына жер аударып жібереді. Михайл бала кезінен техникаға əуес болады. Мектепте оның сүйіп оқитын пəндері- физика, геометрия, əдебиет еді. Жетінші сыныпты аяқтағаннан кейін Алтайда жұмысқа орналаспақ болады. Бір жылдан кейін төлқұжат алады. Дəл сол кездерде ол браунинг пистолетімен танысады. 18 жасында туған жерін тастап, Қазақстанға келеді. Бұл жақта Түрксіб теміржолы бойындағы Матай станциясында жұмыс жасайды. Михайлдың машинисттермен жəне ұсталармен қарым-қатынас жасауы техникаға деген қызығушылығын арттырып, өз өнертабысын жасап шығаруды армандайды.

1938 жылы əскер қатарылына шақырылады. Кіші командирлер курсын танк жүргізуші-механигі мамандығымен тəмамдап, 12 танк дивизиясында қызмет етеді.

Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың тамыз айынан бастап қатынасады. Сол жылдың қазанында кіші сержант Калашников Брянскі түбінде ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Ауруханада жатқанда өз ойынан автоматты қару жасап шығарғысы келеді. Осылайша ол, аурухана кітапханасын пайдаланып жəне жорықта көргендері мен қарулас жолдастарының қару жайындағы ойларынан қорытынды түйіп, сызба жұмыстарын бастап кетеді. Оған қоса жұмыс барысында, атқыш қарулардың тарихы мен құралуын жетік білетін лейтенант десантшының кеңестері септігін тигізеді.

Дəрігерлерлердің нұсқауымен ол толық жазылуы үшін алтыайлық демалыс алады. Қазақстанға, Матайға қайтып келіп, үш айдан соң мамандардың көмегімен өзінің пистолет моделінің бірінші тəжірибелі нұсқасы- пулемётты жасап шығарды.

Одан ол Алматыға көшіріліп əкелінген Мəскеу авиация институтының шеберханасында жетілдірілген үлгісін дайындайды. Кейіннен ол үлгі Самарқандтағы Ф. Э. Дзержинский атындағы Əскери-инженелік академия басшысы, атқыш қарулар жөніндегі белгілі ғалым А. А. Благонравқа көрсетіледі. Ол кісі үлгіге ешқандай оң пікір білдірмегенімен, жұмыстың шынайылығын айтып, аға сержант Калашниковқа бұдан ары жетілдіруін сұрайды. Бұдан кейін пистолет-пулемёт Бас Артиллериялық Басқармаға ұсынылады. Олар да Калашниковтың ППсының кейбір кемшіліктерін айтып, БАБ мамандары оны қару қатарына санауға əлі ерте деп шешеді. Олардың айтуынша, бірнеше технологиялық себептер болған көрінеді: Калашниковтың Пистолет-пулемёты алдыңғыларға қарағанда дайындалуы қиын əрі қымбатырақ жəне салмағының жеңілдігі, қысқа болуы т. б. 1942 жылдан бастап Калашников Бас Артиллериялық Басқарманың ғылыми-зерттеу полигонында жұмыс істейді. Бұл жерде 1944 жылы өздігінен зарядталатын карабиннің үлгісін құрастырып, 1945 жылы автоматты қаруын жасап шығарады. Калашниковтың автоматы 1947 жылғы бəсекеде жеңіп шыққаннан кейін қаруландыруға ілігеді. 1948 жылы Калашников Артиллериялың бас маршалы Вороновтың нұсқауымен Ижев мотозаводына, өзінің алғашқы тəжірибелі "АК" автоматының құрастыру жұмыстарына автор ретінде қатысады. Дəл осылай 1949 жылы 20 мамырда заводтан жаңа шыққан 1500 автомат əскери сынақтан өткізіліп,, Кеңес Армиясының атқыш қарулары қатарына қосылады. Жəне сол жылы Михаил Калашниковқа бірінші дəрежелі Сталиндік сыйлық табысталып, кеудесіне Қызыл Жұлдыз ордені тағылады.

1971 жылы құрастырушы техника ғылымдарының докторы атанады. 1969 жылы полковник дəрежесі, 1994 жылы генерал-майор, 1999 жылы генерал-лейтенант атағы беріледі.

Михаил Тимофейұлы 16 ресейлік жəне шетелдік академиялардың академигі жəне 35-ке жуық өнертабыстың авторлық куəлігінің иесі. 1990 жылы Калашников "АК" автоматының бəсекелесі М16 винтовкасының құрастырушысы Эдвард Иззеланың шақыртуымен АҚШ-қа аттанады.

Калашниковтың бейнесін əлемде ешкім білмесе де, Құрама Штаттар оны киножұлдыздай қарсы алып, құрмет көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Калашников автоматы: тарихы, құрылысы және техникалық-тактикалық сипаттамалары
Калашников автоматының толық емес бөлшектеуі мен жинақтауы: оқу-әдістемелік нұсқаулық
Автоматты атыс қаруларының даму тарихы мен конструктивтік-салыстырмалы талдауы: АК-47, АКМ, АК-74 және M-16
Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765): өмірі мен ғылыми-педагогикалық мұрасы
Михаил Васильевич Ломоносовтың философиялық, педагогикалық және ғылыми мұрасы
Атыс дайындығы және атыс қарулары: негіздер, баллистика, қауіпсіздік және АК-74
Қазкоммерцбанк АҚ: даму тарихы, өнімдері мен қызметтері және банк тәуекелдерін басқару
Михаил Васильевич Ломоносов: орыс ғылымы мен жоғары білімнің негізін қалаушы
Банк ЦентрКредит АҚ: даму тарихы, қызметтері және халықаралық қатынастар
Михаил Сергеевич Горбачёв: өмірбаяны, қайта құру саясаты және тарихи бағасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz