Қазақстанның білім деңгейін көтеру мәселесі


Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақстанның білім деңгейін көтеру мәселесі.
- Еліміздің экономикалық жағдайы
- Қазақстан 2030 стратегиясының 18 бағыты
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Елу елдің қатарына қалай қосыламыз.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі еседі,
Менің елім Қазақстан - Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі, -
демекші, менің елім, менің Отаным - Қазақстан.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, тәуелсіз мемлекетіміздің қолға алып отырған басты мәселелерінің бірі - жастарға жоғары дәрежеде сапалы білім беру және елу елдің қатарына қосылу.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» - деп бізге үлкен сенім білдірді. Осыны біле отырып, «Біз елімізге қандай жақсылықтар әкелер екенбіз?», - деген ой туындайды. Ал осы сұраққа тек білім арқылы, көп ізденудің арқасында үлкен жетістіктерге жетуге, биік шыңдардан көрінуге мүмкіндігіміз зор.
Адам өмірге шыр етіп келгеннен бастап, бірінші - денсаулық, екінші - білім қажет. Дүниедегі өз орнын тауып, қоғамдық белгілі роль атқаруы тиіс. «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан!» - деп ұлы ақын Абай айтқандай өмірдің алғашұы сатысын қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталады. Халық «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - деп бекер айтпаған.
Мектеп - кеме, білім, теңіз. Әрбір адам осы кемеде аялдап, білім теңізінен сусындап, нәр алады. Білім бізді сауаттылыққа және ең бастысы адам болуға үйретеді. «Оқудың ерте - кеші жоқ» дегендей бұл өмірде бәрібір білім керек. Жастардың оқып, жан - жақты білім алуына, ғылымға ден қоюға барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі қазақ жастарының әлемдік стандарттар деңгейінде білім алуына кепілдік бар.
Президентіміз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты өз жолдауында еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына нық орны алуы мен елді индустрияландыру міндеттері басты стратегиялық мақсат етіп қойылды. Осы сара мақсат жолындағы басты мәселелердің бірі - жастардың білім деңгейін көтеру. Ал олардың білімдерін кімдер көтереді? Әрине, ұстаздар. «Білімді ұрпақ - келешектің кепілі», демекші біз яғни Қазақстан жастары, ұстаздарымыздың сенімінен шығып, оқу - білімді терең игеріп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатын боламыз.
Елбасымыз халыққа арнаған жолдауының тағы бір бағыт - бағдары. «білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез - келген азаматы әлемнің кез -келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деп, білім саласының алдында үлкен міндеттер қойды.
Тәуелсіз еліміздің экономикасының өрлеп, деңгейінің жоғарлауы білімді, бәсекеге бейім маман иелеріне негізделеді.
Қазіргі заманғы геосаяси жағдайда ғаламдық ықпал етіп отырған дамыған елдерді кешенді түрде оқып - үйрену аса қажет. Сонымен қатар бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық қарым - қатынасында елеулі орын алатын тікелей инвестициялар салу арқылы ел экономикасының одан әрі өркендеуіне қолдау көрсетіп отырған елдер туралы жан - жақты саяси білім қалыптастырудың маңызы да зор. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің жеткіншектері үшін әсіресе жоғары дамыған елдердің экономикасымен мемлекет басқару жүйесінің қалыптасуын қоршаған ортаның табиғатын үрдісін танып білудің маңызы зор. ХХІ ғасыр «жас кезіңде білім алсаң қалайда, Өсе келе қолың жетер талайға» - дегім келеді.
Елбасының халқына сенімі мол деп ойлаймын:
Егемендік еңселім ерке гүлім,
Есейе бер бағын да ертегінің.
Елдігі мен ерлігін жырлап өтем,
Егеменді елімнің ертеңімін, - дей отырып мен әлем таныған елімнің ертеңінен, жаңа ғасырдан тек жақсылық күтемін.
Еліміздің білім саласындағы өзгерістердің бірі ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің дүниеге келуі болып табылады. Өскелең ұрпақтың білімін сараптауға таңданылып алынған осы жүйе жүзеге аса бастаған уақыттан бері оның тиімділігі, тиімсіздігі жөнінде көзқарастардың, ойпікірлердің, алып - қашпа сөздердің алуандығы бар екендігін жасыра алмаймыз.
Білім сынағының осы жүйесі жыл өткен сайын жетілу үстінде болғандықтан ба, өзгерістерге жиі ұшырап жататынына тағы анық.
Әлемдегі дамыған елдердегі білім беру жүйесінде - білім дағдыларын механикалық түрде беру емес, ақпараттық зиякерлік ресурстарды өз беттерінше тауып, талдап және пайдалана білетін, жедел өзгеріп отыратын техникалық прогресс жағдайында өзін - өзі ашып көрсете алатын, нарықтық талап - талпыныстарға еркін бейңмделе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдылық болып табылады.
Екінші жағынан республикамыздың тыныс - тіршілігінің, өркендеп дамуының, әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылуының алғы шарттарының бірі ретінде білім саласын әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету, күннен - күнге шешуі қиын күрделі мәселеге айналып бара жатқан секілді.
Оның негізгі себептерінің бірі - білім беру сатыларындағы білім стандарттары мен оқу бағдарламаларының - тұрлаусыздығы, екіншісі - білікті маман - кадрлардың жетіспеушілігі, үшіншісі - білім беру мен тексеру құрылымындағы формалылықтың басымдылығы деп түсінемін.
Дүниежүзінің үздік оқу орындарын бітіріп, мамандық алған жастарымыз жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз өмірін жаңғыртуға өз күштерін аямайтыны анық. Көлемі жағынан дүниежүзіндегі тоғызыншы орында тұрған Қазақстан жерінің қойнауында қыруар байлық жатыр. Осы байлық біздің халқымыздың ұлттық қазынасы. Ата - бабаларымыз бізге кең - байтақ жерді аманат етіп қалдырды. Сол ұлан - байтақ жерді игеретін бүгінгі бақытты ұрпақ сендерсіңдер, - деді Елбасы.
Экономикалық реформаның обьективтік қажеттілігі. 1991 жылы КСРО құлады. Соның нәтижесінде Қазақстан басқа да КСРО құрамындағы республикалар сияқты егеиен, тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Әкімшіл - әміршіл жүйе, жоспарлы экономика өмірден өтті. Бұл жүйе өмір сүрген 70 жылдың көлемінде елдің экономикасы тұрақты дағдарысқа ұшырай бастады. Қоғамдық меншік адамдардың еңбекке деген ынтасын жойды, тепе - теңдік үстем болды. Өндірістің негізгі құралдары министрліктердің қарамағына шоғырланды. Қатаң орталықтандырылған принцип орнады. Министрліктер жоғарыдан төменге дейін жоспарлады, бүкіл қорды бөлушіге айналды. Жоспар заңға айналды. Өндіріс орындары өз өнімдерінің пайдасының иесі болудан қалды. Өндіріс орындарының материалдық ынтасы жойылды. КСРО өнімінің сапасы жөнінен көптеген елдерден артта қалды. 20 проценттен астам өндіріс орындары тиімсіз жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы сын көтермейтін жағдайға жетті. Ең жақсы, қолайлы деген жылдарда егістің әр гектарынан 17 -19 центнерден өнім алды, бұл Еуропа елдерінен 2, 5 есе кем еді. Батыс Германияда ауыл шаруашылығындағы бір жұмыскер 67 адамды тамақпен қамтмасыз етті. Америкада бұл көрсеткіш бұдан жоғары еді, ал КСРО - да 7 - 8 адамды ғана тамақпен қамтамасыз ете алды.
80 - жылдардың екінші жартысындағы Горбачевтің «қайта құруы» да бұл кемшіліктерді жоя алмады.
Мемлекеттік органдар тиімсіз жұмыс істейтін мекемелердің одан әрі өмір сүруіне мүмкіндік жасады.
Жоспарлаушы, өнімді бөлуші және бақылаушы органдар көбейген үстіне көбейе түсті. Бірақ одан экономика жақсармады. Әкімшіл, жоспарлы экономика ғылым мен техника жаңалықтарының өндіріске енуіне зиянын тигізді.
Сонымен, КСРО экономика саласында индустриялы елдерден барлық көрсеткіштер бойынша артта қалды: ғылым - техникалық жаңалықтар, өндірістің тиімділігі, өнімнің сапасы, т. б.
Осы көрсетілген және басқа да кемшіліктер КСРО - ның құлауына әкелді. Оның құрамындағы 15 республика өздерінің дербестігін жариялады. Оның бірі Қазақстан.
Нарықтық қатынастың өмірлігінен және жемістілігін әлем елдерінің тәжірибесі дәлелді. Нарықтық экономикаға көшу адамдардың ынтасының артуына жол ашты. Ол еңбекті сүюге, шығармашылыққа, бастаманың, еңбек өнімділігінің артуына жағдай жасады.
Барлық елдер, шағын елден ұлы елге дейін, өз алдына дербес, стратегиялық және әлеуметтік - экономикалық міндеттер қояды.
Ол тұрақты экономикалық даму:
- еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;
- барлық азаматтардың тұрақты өмір деңгейін сақтау, әсіресе материалдық жағынан аз қамтамасыз етілгендерді қорғау;
- табысты әділетті бөлу,
- ақшаның құнсыздануын бақылау, оның тұрақтылығын сақтау;
- өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізу.
Халықаралық сауданың және қаражаттық қарым - қатынастың ақылға сыйымды теңдігін (балансын) жақтау.
Экономиканың стратегиялық мақсатын іске асыру деңгейі дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде әр түрлі, әрқайсысы өз проблемаларын әр түрлі жолмен жүргізген.
Қазақстанның тәуелсіздігін алуы көптеген елдермен экономикалық байланыс жасауға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде дүниежүзілік нарыққа жағдай жасалды.
Қазақстан 1993 - 1996 жылдар аралығында 6897, 9 млн. доллар көлеміндегі шетел инвестициясын жаратты.
Қазақстанның экономикасы жоғары дәрежеде мемлекеттендірілген. Мұнда дәрежедегі өндіріс аппараты қалыптасқан. Экономика саласында базалық - негізгі салалар, ғылыми - техникалық потенциалды күшті өнеркәсіп кешендері басым еді. Сонымен қатар арзан жұмыс қолы жеткілікті болды, демографиялық жағдай да қолайлы еді.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет, әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары мен дәстүрі бар, еңбек, тұрмыс, мәдениетті дамытуда стратегиялық өмірлік тәжірибесі болды.
Қазақстанның экономикасына басқа елдердің әсері күшті еді, олармен мемлекетаралық, экономикалық, саяси, басқа да қатынаста болды. Бұл бірінші кезекте Ресейге қатысты.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде инвестициялық саясатқа назар аударып отырған ел екендігін жариялады. Бұған үкіметтің және ел президентінің бірнеше рет қабылданған қаулылары, оларды парламентте бекіту дәлел. Елімізде инвестиция туралы мемлекеттік комитет құрылды, оған экономикаға шетелдердің инвестициясын әкелу туралы үлкен құқық берілген, сонымен қатар көлемді қаржы әкелетін инвесторларға жеңілдік беру құқығы да бар. Инвестициялық климатты түбірінен жақсартуға жағдай жасалынды, соған сәйкес дүние жүзі елдерінің іскер азаматтары және финанс топтары тарапынан біздің елімізге деген назар күшейе түсті.
Еліміздің экономикалық жағдайы
Менің жыл сайынғы Жолдаударым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айықындауыымызға бағытталып келеді. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды. Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда «Нұр Отан» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкімет жасақтады. Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8, 5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсуі болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырып, ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады.
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен естам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1, 1 триллион теңгеден асып түсті.
Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл ішінде 18 млн. Шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жоғарыда аталынған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні - біздің экономикамыздың еркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.
Бүгінгі әлемдік конъюктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.
Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді мына басым бағыттарда шешу үшін жұмылу қажет.
Бірінші - өндіруші сектор. Мұнай - газ саласындағы басты бағыт - мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту.
Бұл үшін біз энергетика саласының стратегиялық маңызы буындарына мемлекеттің ықпалын дәйектілікпен күшейтеміз. Біз қазірдің өзінде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т. б. игеруде Қазақстандық үлесі ұлғайттық.
Бұл біз үшін және қосымша құн салығы үлесі жоғары дайын өнімді халықаралық рынокқа шығаруды қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Осы бағыттары жұмысты жалғастыру керек.
«Самұрық» колдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар таукен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс. Бұл үшін қазіргі тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттерін бір жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кірісу, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет.
Үкіметпен бірлесіп, жаңа кен орындарын барлау мәселесін шешу қажет.
Екінші - экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету.
Үкіметке электр энергетикасын, тасымалдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгінде Қазақстан экономикасы дамуына анық «ілесе алмауда».
Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС-і және басқаларын салу құрылысы болып табылады.
2009 жылы «Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі» жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екінші желісі мен «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» қуат тасымалдау желісінің құрылысын аяқтау қажет. Бұл Қазақстанның өңтүстігі мен батысындағы қуат тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ақтау қаласында атом электр стансасын салу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет.
Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш-жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс.
Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет.
Үкімет осы жұмысты кеңінен қолға алуы тиіс.
Темір жол және автомобиль инфрақұрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет.
Біз биылғы жылдың өзінде концессиялық негізде Шар - Өскемен темір жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау - Баутино, Ералиев - Құрық темір жол желілері мен Қорғас - Жетігін учаскесінің құрылысын, Мақсат - Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіруді бастауымыз керек.
Жылжымалы құраманың тапшылығын төмендету үшін үстіміздегі жылы отандық көліктік мәшине жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыруға кірісуіміз керек.
Біз барлық оңтүстік облыстарды көктей өтіп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шағытын, өңірлердің экономикасын жандандыратын Қазақстандағы ең ірі көліктік жобаны - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансқұрылықтық дәлізді іс жүзіне асыруды қолға алуымыз қажет.
Бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында, тұтастай алғанда, концессиялық негізде, алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана - Бурабай, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады.
Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін Үкімет қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруі тиіс.
Үшінші. «30 корпоративті кошбасшы» бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді.
Қазірдің өзінде «серпінді» аталудан үміткер 100-ден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын салу. Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода өндірісі зауытының құрылыстарын одан әрі жалғастыру. Қарағанды облысында сортты прокат өндірісі мен металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыру секілді экономикамыз үшін айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар іске асырылып жатыр.
Таядағы уақытта Атырау қаласында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің, келесі жылы Қарашығанақ кең орнының базасында газ өңдеу зауытының, Қостанай облысында жаңа алюминий зауытының құрылысы басталды.
Біз Астана қаласында шина жасау кешенін құру, Астана мен Алматы қалаларында логистикалық орталықтарды дамыту, поликристалл кремнийі өндірісін құру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастырамыз.
Мен аса ірі нысандарында атап өттім. Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Шыны шығару өндірісі Қазақстанда ешқашан болған емес - бұл өте тапшы, қажет материал. Қазақстанда алюминий өндірісі де болған емес.
Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді.
Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жихаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда.
Тұтастай алғанда, «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын қағидаты жаңа деңгейге шығаруы тиіс.
Бейіндік министірліктердің, «Қазына» қоры мен өзге де холдингтердің, сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы, бірінші кезекте, «серпінді» жобаларды жүзеге асыру көрсеткіші бойынша бағаланатын болды.
Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамудың айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Сіздер біз табысты жүзеге асырған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасын жақсы білесіздер. Бағдарлама ел ішін дамытуға қуатты серіп берді.
Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты.
2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды.
Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті.
Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс.
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін.
Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жүктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.
Өмір сапасының стандартты адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс, бұл ретте мысалдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz