ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН - АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН - АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ

ХХ ғасыр басында Алаш қозғалысы қазақ халқының үлт - азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, ұлттық сана - сезімді оятып, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен ой - пікірлердің, көзқарастардың қалыптасуына жол ашты.
1917 жылдың 21 - 26 шілдесінде Орынбор қаласында бірінші жалпықазақ съезі өтті. Онда қазақ интеллигенциясы үшін аса маңызды ұлттық мәселелер талқыланды және көпшіліктің қолдауымен Алаш саяси партиясы құрылды. Алаш партиясы автономиялы қазақ мемлекетін құру, жердің қазаққа қайтарылуы, Құрылтай жиналысын өткізу, дін жағдайы және т. б. өзекті - өзекті мәселелерді шешуді басты мақсат етіп алды.
Алаш қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болып Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов сайланды. Ол дарынды публицист, ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы.
Әлихан Бөкейхан 1886 жылы 5 наурызда дүниеге келді.Бұл кез отаршылдық саясат салдарынан қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің дәстүрлі рулық - қатынастарынан, жерінен де, оны пайдалану құқынан да ажырай бастаған, көшпенділердің байырғы құндылықтары шеттеліп, жаңасы қалыптаса қоймаған алмағайып кез еді.
Әлиханның әкесі - Нұрмұхамед, анасы - Бегімханым оқу - білімге жақын, парасатты адамдар болған. Әлихан жасынан зерек, алғыр болды, Қарқаралыдағы молданың қолында оқып, одан қаладағы бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1876 -1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886 - 1890 жылдаы Омбы қаласындағы техникалық училищеде оқып, оны техник мамандығы бойынша бітіріп шықты. Одан кейін 1890 -1894 жылдары Санкт - Петербургтегі орман шаруашылығы институтының экономика факультетінде білімін жалғастырды. Ол Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары - ақ ілініп, саяси сенімсіздіктердің қара тізіміне алынды. Институтты бітіргеннен кейін Омбы қаласына барып, Орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып орналасты. Степной край газетінің қызыметіне белсене араласып, оның редакция алқасы құрамына енеді. 1896 - 1903 жылдары Щербина экспедициясының жұмысына қатысты. Сонымен қатар 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен земство және қала қайраткерлерінің съезінен де тыс қалмады. Съезде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін т.б. бостандықтары мәселелерін көтерді. Осы жылы Халық бостандығы партиясының мүшелігіне, 1906 жылы оның ОК - і құрамына енді. Бөкейханов конституциялық - демократиялық партияның Қазақстандағы бөлімшесін ашуға ынта білдірді. Осылайша 1906 жылдың маусымында Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов Халық бостандығы партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов I Мемлекеттік Думаға Семей обылысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. Өйткені Бөкейханов Дума өз жүмысын бастаған кезде Дала генерал - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Алихан Бөкейханның ролі
Алихан Бөкейханов өмірбаяны
Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1870-1937)
Қазақтар аңықтамасы
Пәндер