Педагогикалық қарым-қатынас стилдеріне сипаттама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беріңіз.
Қарым-қатынастың стильдері:
Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес - психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым - қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі;
в) педагогтың творчестволы дербестігі;
г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері.
1. Авторитарлық стиль (Директивті)
- өз қызметін ұйымдастырған мұғалім бұйрық, ескерту жасау, кінәлау, ұрсу.Бұндай стильдегі мұғалімдер балалдарда үрей тудырады, бұндай стильде істеген мұғалімнің беделі төмен болады.
Авторитарлық стильде (бұйрық, ескерту, сөгіс) жиі қолданылады.
2. Либеральдық стиль (анархиялық) - бұл стильде істейтін мұғалімдер беделге ие болмайды.Олар өз пікірлерінен гөрі, басқалардың пікірлеріне көп сүйенеді. Мұғалім де, оқушылар да белсенділік танытпайды.
3. Демократиялық стиль (алқалық) - мұғалім оқушылармен ынтымақтастық құрайды.Мұғалім оқушыларды тыңдай, сыйлай алады, қателескен жағдайда кешіре біледі.Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, инициативасын қолданып отырады.Жиі қолданатын әдістері өтініш, ақыл-кеңес.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стилдері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
Қазіргі мектепте педагогикалық қызметтің қай стилі басым?
Қазіргі мектепте демократиялық стил басым. Мұғалім оқушылармен ынтымақтастық құрайды.Мұғалім оқушыларды тыңдай, сыйлай алады, қателескен жағдайда кешіре біледі.Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, инициативасын қолданып отырады.Жиі қолданатын әдістері өтініш, ақыл-кеңес.

Педагогикалық еп дегеніміз не?
Педагогикалық еп - мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінің бірт бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі - бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.
Педагогикалық епті игерудің қандай жолдарын білесіз?
Педагогикалық епке тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып, мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білуі керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп - бұл мұғалімнің рухани жетілуінің, толысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі.
Педагогикалық епті меңгеруде мұғалім, қазіргі жасөспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жасөспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-әрекеттің адамгершілік мәнін көре білу іскерлігі де маңызды. Әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек. Олар:
- балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;
- балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;
- нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;
- ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: Сен өзің білесің, бірақ мен саған айтар едім...;
- балалармен әңгімелесу.
Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас орнату техникасы?
Қарым-қатынастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық, өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құремттеп, өз абыройын сақтап қалуды ұмытпағаны жөн.
Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынасын орнату техникасы?
Педагогтың оқушы ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.
Үгіттеудің мәні, формалары, шарттары қандай?
Үгіттеу - ықпал ету тәсілі.Үгіттеу - тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты - тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекетінің мазмұнына, нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Үгіттеу - адамның санасына, өзін және қоршаған ортаны түсінуіне әсер ету, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым ‒ қатынас құралы және оның түрлері
Қазақ тілі оқулығындағы жаттығу жұмыстары
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
Оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері
Қарым - қатынас ұғымы
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Оқушылардың білімін, дағдылары мен ептіліктерін анықтау әдістері
Пәндер