Жобалау сатылары және жобалау нормалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Оқу тобы: ИСС-18-1

Орындаған: Жарылқасын Р

Қабылдаған: Қаршыға Ғ. О.

Қызылорда 2021

2-дәріс. Жобалау сатылары және жобалау нормалары

Бақылау сұрақтары:

1. Құрылыс конструкцияларының қандай түрлері бар?

2. Бетон деп қандай затты айтамыз?

3. Бетондар қандай түрлерге жіктеледі?

4. Бетон маркасы нені білдіреді және қандай маркаларын білесіз?

5. Бетон байланыстырғыштары ның құрамына қандай материалдар кіреді?

6. Бетон толтырғыштарының қандай түрін білесіз?

  1. Құрылыс конструкцияларының қандай түрлері бар?

Құрылыс конструкцияларын орнату, монтаж жұмыстарын ұйымдастыру әдістері нақтылы жағдайларда құрылыстың ерекшелігіне, құрылыс алаңының жағдайына сәйкес техникалық-экономикалық есептің негізінде анықталады.

Құрылыс конструкциялары материал түріне байланысты темір, темір-бетон, тас, арматура, ағаш және пластмасса конструкцияларына бөлінеді.

Отқа төзімді темір-бетон және тас конструкциялар болып саналады.

Ұзақ уақыт қызмет ететін конструкциялар ол тағы да да темір-бетон және тастан жасалған. Егер коррозияға қарсы шаралар қолданса онда металл конструкцияларда ұзақ уақыт қызмет етеді.

  1. Бетон деп қандай затты айтамыз?

Тұтқыр заттар (байланыстырғыш), малта тастан не жасанды жарықшақ түйіршіктен, құмнан, үстеме коспалар, судан, тиісті үлес мөлшері сақтала отырып дайындалған қоспа - бетон деп аталады. Бұл қоспа шылауышта араластырылып, қалыпқа құйылып, нығыздалып, табиғи немесе жасанды ылғалда ұсталып қатайтылғаннан кейін жасанды тас (бетон ) деп аталады.

  1. Бетондар қандай түрлерге жіктеледі?
  • Структурасы бойынша:тығыз, тым кеуекті (крупнопористый), кеуектендірілген (толтырғышпен және де толтырғыш түйіршіктерімен қатайған байланыстырғыштардың арасындағы жасанды кеуектері бар) торлы және жасанды кеуектерімен.
  • Меншікті салмағы бойынша:аса ауыр, жеңіл, аса жеңіл.
  • Байланыстырғыш түрі бойынша:цементті, ақшыл (силикатный), гипс байланыстырғышта, аралас немесе арнайы байланыстырғшытарда (мысалы, қожды сілтілі бетон (шлакощелочной бетон) .
  • Толтырғыштардың ірілігіне байланысты:ұсақ және ірі түйірлі.
  • Толтырғыштардың түрі бойынша:тығыз, кеуек немесе арнайы шарттарға сай келетін толтырғыштарда жасалған.
  • Қатаю жағдайларына байланысты:табиғи қатайған бетон, атмосфералық қысымда жылумен өндеуге бейімделген бетондар, автоклав өңдеуге бейімделген бетондар.
  1. Бетон маркасы нені білдіреді және қандай маркаларын білесіз?

Бетон маркасы мынадай көрсеткіштері бойынша тағайындалған:

  • сығылуға қарсы беріктігі бойынша;
  • созылуға қарсы беріктігі бойынша;
  • аязға төзімділігі бойынша;
  • ылғал өткізбегіштігі бойынша.

Бетонның шартты көрсеткіштерінің бірі - беріктік бегі. Бұл көрсеткіш - бетонның сыртқы күштердің әсеріне қарсыласу қасиеті. Бетонның беріктік касиеті марка арқылы сипатталады:

  • ауыр бетондардың маркасы 100-ден 600-ге дейін (100; 150; 200; 300; 400; 500; 600) ;
  • жеңіл бетондар (35; 50; 75; 100; 150; 200; 250; 300; 350; 400) ;
  • торлы бетондар (25; 35; 50; 75; 100; 150; 200) ;
  • тығыз силикат бетондар (100; 150; 200; 250; 300; 400) ;
  • ыстыққа төзімді бетондар (100; 150; 200; 250; 300; 400) ;
  • кұмсыз бетондардың маркасы (15; 25; 35; 50; 75; 100) .

Маркасы 600-ден жоғары бетондар аса берік бетондар деп аталады.

  1. Бетон байланыстырғыштарының құрамына қандай материалдар кіреді?

Бетон құрамына кіретін құм, қиыршық және жарықшақ тастар тұтқыр заттар арқылы біріктірледі. Олар органикалық (битум, цемент, әктас, және т. б. ұнтақ заттар) болып, қатаю, белу қасиеттеріне қарай ауалық және гидравликалық болып бөлінеді.

Гидравликалық байланыстырғыштар ауада және су ішінде бекітіп қатаяды. Бұл топқа пуцолланцементтер, портландыцементтер, романцементі және гидравликалық әк жатады. Ауалық байланыстырғыш тобына әк, кұрылыс гипсі, каустикалық мағнезит және дополит пен ангидритті байланыстырғыштар жатады. Солардың ішінен аса көп тарағаны портландцементтер. Цементтердің көптеген қасиеттері бар, оның ең бастысы - цементтің сумен араластырғанда тез бірігіп қатаятындағы, жасанды тасқа айналуы. Цементтің құрылыста көп талануы міне осыған байланысты. Цементтен жасалған тастың сапасы марка түсінігімен сипатталады. Марка - цементтен жасалған тастың 28 тәуліктен кейін итерген қысым күшіне беріктік шегі. Байланыстырғыштардың қатаю және беку қасиеттері олардың химиялық және минералдың құрамына байланысты.

  1. Бетон толтырғыштарының қандай түрін білесіз?

Бетон толтырғыштары ауыр және жеңіл болып екі топқа бөлінеді. Ауыр

толтырғыштарға ұсақ ( 5 мм-ге дейін) жарықшақ немесе малта тастар мен құм тобы жатады. Жеңіл толтырғыштарға жасанды заттар (керамзит, термозит, аглонорит) пемза, туер қосылады. Бетон толтырғыштары ретінде колданылатын құм ұсақ түйірлі (0, 14-0, 25 мм), ipi түйірлі (0, 25-0, 5 мм) болып салмағына қарай ауыр (1200 кг/м"), жеңіл (1200 кг/м дейін) кұм болып бөлінеді.

Құрылыста қолданылатын құм түйіршіктерінің ірілігіне байланысты ірілік модульмен сипатталады.

Қиыршық және малта тас толтырғыштар түйіршіктерінің ірілігіне байланысты төрт фракцияға бөлінеді: 5-10 мм; 10-20 мм; 20-40 мм; 40-70 мм-ге дейін.

Бетонның ойдағыдай берік болуы үшін оның құрамындағы су, байланыстырғыш, толтырғыштар мөлшері инженерлік есеппен дәл анықталып мұқият тексеріліп отыруы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
Көп қабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Кентау құрылыс алаңы
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
Алматы энергетика және байланыс университетінің қабылдау комиссиясының жұмысын автоматтандыру
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Құрылыстың бас жоспарын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz