Пуллороз


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Пуллороз

Пуллороз (Pullorosis, пуллороз) - тауық балапанының ішегі мен үлпер-

шек мүшелердің зақымдануы жэне септицемиямен, ал ересек тауықтың ана-

лық безінің фоликуласының азғындауымен ерекшеленетін ауру.

Тарихи деректер. 1889 ж Англияда алғаш рет Клейн бүл аурудың жап-

пай байқалуын сипаттап, ≪құс сальмонелезі≫ деп атады. \зақ уақыт бойы ере-

сек тауықта ≪сүзек≫ (тиф), ал балапанда ≪ақ тышқақ≫ деп аталды. Кейінірек

пуллороз бен тиф бір қоздырушы тудыратын ауру екені дәлелденді.

Қоздырушысы - Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобы-

на жатады. Бүл топтағы басқа микробтардан айырмашылығы жіпшелері жоқ,

қозғалмайды. Спора мен қауашақ түзбейді, грамтеріс, қарапайым қоректік ор-

тада жақсы өседі.

Сыртқы ортада төзімділігі жоғары, кұрғатылған жағдайда өсіні жылдар

бойы сақталады: Топырақта 14 ай, қүстың сыңғырағында 3 айға дейш тірші-

лігін жоймайды. ;

Дезинфекция үшін 15-20% кальцийленген сода, 5-6% нафтиназол, 3-5%

сілті, 1 % формальдегид, 20% хлорлы эк ерітінділері жақсы нэтиже береді.

Індеттік ерекшеліктері. Пуллорозға қүстардың көптеген түрлері бейім,

бірақ, көбінесе тауық пен күрке тауық ауырады. Бәрінен де ет тұқымды та-

уықтардың балапандары ауруға жиі шалдығады. Олардың ауруға шалдығу

көрсеткіші 80% дейін жетеді.

Пуллороздың жіті қаулауы 5-7 күн аралығындағы балапандарда жиі бай-

қалып, ауруға шалдығу 14 күнге дейін жалғасады. Кейіннен аурудың таралуы

бәсеңдеп, 20-45 күн аралығындағы балапандарда тек спорадия ретінде кез-

десіп, созылмалы түрге ауысады.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған балапандар жэне микроб

алып жүретін ересек тауықтар. Сальмонеллалар сыртқы ортаға нэжіспен жэне

жүмыртқамен бөлінеді. Зарарланған жүмыртқаның 40-60% -ынан балапан

шығады да, қалғанындағы ұрық өліп қалады. Сонымен балапандарда пул-

лороз жүмыртқа арқылы берілетін конгенитальды (трансовориальды) жэне

туғаннан соң жүғатын постнатальды болып бөлінеді.

Пуллороздың кең таралуына қүс пен оның балапанын дүрыс азықтан-

дырмау, гиповитаминоз, суыққа шалдығу, ұзақ уақыт тасымалдау жағдай ту-

дырады.

Дерттенуі. Ауру қоздырушысы ас қорыту немесе тыныс алу мүшелеріне

енгеннен соң қанға өтіп, бауырда, көк бауырда, бүйректе, жыныс мүшелерін-

442

де іркіліп, кабыну процестерін тудырады. Кей жағдайда сальмонеллалар тек

ішек-қарында ғана қөбейіп, қанға аз_ мөлщерде өтеді. Тыныс мүщелеріне

түскен қозырушы микроб септицемия тудырады. Инкубациядағы жұмыртқаға

түскен микроб токсйндері эмбрионның өлуіне себеп, болады.

•Өтуі мен симптомдары. Ауру балапан дел-сал, аппетиті жоқ, тынысы

жиілеп, токтаусыз іші өтіп, нэжісі ақшыл түсті болады. Балапандар жылы

жарге ұйлығып, бір-біріне тығыла береді. Ауру трансовариальді жолмен

жүққан жағдайда балапандар 1-3 күңдігінде өліп қалады. 10-20 күндік

балапандарда ауру баяулау өтеді, бірақ өлім көрсеткіші өте жоғары. Ересек

құста пуллороз көбінесе симптомсыз өтеді, бірақ кей жағдайда асқынып,

өліммен аяқталуы мүмкін. Ауырған қүс жөнді қозғалмай, аппетиті болмайды,

ыстығы 42-43° С-қа жетіп, іші өтіп, шөлдейді.

59-сурет. Пуллорозбен ауырган бапапан.

Патологоанатомиялық өзгерістер. 3-5 күндік өлген балапандардың ба-

уыры мен көкбауыры ұлғайып, катарлы энтерит пен ішек-қарынның кілегейлі

қабықтарының қанталауы байқалады. Одан ересек балапандар арықтап, ба-

уыры мен көкбауыры ұлғайып, өліеттенген ошақтар кездеседі, ішектері қа-

бынып, бүйректері үлғаяды.

Пуллороздан өлген ересек тауықтардың фолликулалары қабынып, қат-

парланып, сыртқы қабығы сүрғылт-сарғыш түсті болады. Ауру созылмалы

өткенде бауырда, бүлшық еттерінде өліеттенген ошақтар, перитонит, ішектің

бір-біріне жабысуы кездеседі.

Балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологоанато-

мпялық өзгерістерді талдауға, бактерологиялық зерттеудің нэтижесіне негіз-

делген. Ересек тауықтарда жасыран өтетін инфекцияны қан тамшысының

агглютинациясы реакциясымен (ҚТАР) анықтайды. Бүл реакцияда боялған

бактериялық жэне эритроцитарлық пуллороз антигендері колданьыады.

443

Дауалау және күресу шаралары. Тауықтарды бағып күткенде, азықтан-

дырғанда, жүмыртқаны инкубацияда басқанда зоогигиеналық-санитариялық

шараларды мұқият сақтау қажет. Жүмыртқаны инкубацияға жіберерде дез-

инфекциялап, А витамині мен каротиноидтарға тексереді; Құс қоралары мен

аулаларды, құрал-саймандарды таза ұстап, оқтын-оқтын дезинфекциялап

тұрады. Сальмонелла алып жүретін құстарды уақыттылы оқшаулау үшін бар-

лық аналық мекиендерді пуллорозға ҚГАР арқылы тексеріп түрады. __

Сальмонеллез

Құстың сальмонеллезі ( Salmonellosis avium, сальмонеллез птиц) - бала-

пандарда диарея мен септицемия, ересектерінде жасырын микроб алып жүру

ретінде өтетін көптеген үй жэне жабайы құстардың ауруы.

Тарихи деректер. Алғаш рет көгершіндердің S. typhimurium тудырған

ауруын Леффлер (1892) байқады.

Қоздырушысы. Негізгі қоздырушысы - Salmonella typhimurium, қазіргі

жіктелім бойынша Salmonella enterica. Микробтың төзімділігі мен басқа

қасиеттері төлдің сальмонеллезі, құстың пуллорозы бөлімдерінде келтірілген.

Індеттік ерекшеліктері. Үйрек пен көгершін жиі, сирегірек тауық, күрке

тауық жэне қаз ауырады. Үй құстарының 6-20 күндік балапандары сезімтал

болады да, ауру жіті өтеді. 2, 5 айдан асқанда созылмалы, ал ересек құста

симптомсыз немесе жыныс мүшелерінің шектеулі зақымдануы ретінде өтеді.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру немесе сальмонелла алып

жүретін құстар. Олардың жүмыртқалары, зарарланған жем, су, құрал-жабдық-

тар жұғу факторлары болады. Микроб трансовориальдік жэне алиментарлық

жолмен беріледі.

444

Індет ошағы әдетте тұрақты сипат алып, ауру құстың күтімі нашарлаған

кезде қайтадан ерлейді. Жас балапандардың витаминнің жетісисуінең, гель-

минт инвазиясынан ауруға төзімділігі төмендейді.

Дерттенуі. Сальмонеллез қезінде дерт процесінің өрбуі пуллорозбен

тақылеттес.

Өтуі және симптомдары. Жасырын, кезеңі 1-3 күн. Ауру жіті> жітіден

шмен жэне созылмалы өтеді. Жіті өткенде 20 күнге дейінгі балапандардың

аппетиті болмай, көп қозғалмай, мүлгіп тұрады, іші өтіп, серозды іріңді конь-

юнктивит байқалады. Кейде сереңдеп, басын шайқап, аяқтарын тьшырлатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс сальмонеллезі
Пуллороз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Құстың пуллороз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Құс жұмыртқасын ветеринариялық - санитариялық сараптау
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Жұмыртқаларды тоңазытқышта
Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдері
Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың ветеринариялық - санитариялық алдын алу шаралары
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz