БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Жүйе - нақты мақсатты көздейтін және қоршаған ортамен байланысы бар анықталған толықтық пен бірлікті құрайтын элементтердің (олардың бөліктерінің) өзара қатынасы.
Басқару процестерін құрайтын жүйе басқару жүйесі деп аталады.
Басқа жүйелерге қарағанда басқару жүйелері келесі сипатты ерекшеліктерді құрайды:
1) ақпараттық байланыс арқылы толықтықты қамтамасыз ету;
2) басқару әсеріне сәйкес әр-түрлі әрекетке өту мүмкіндігі, бұл кезде өту әрекеті уақытты бірден қажет етпейді;
3) даму бағытын таңдау;
4) қоршаған ортаға сәйкес жүйені қабылдау;
5) жүйелердің қызмет ету процесінің түзу бағыты.
Басқару жүйесі - ұйымдастырылған жүйелердің функциялары
(биологиялық, техникалық, әлеуметтік және басқа), осы жүйелердің құрылымын сақтауды, олардың әрекет етуін, олардың мақсаттары мен бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Басқару субъектілері дегеніміз басқарудың экономикалық және моральді-этикалық, ұйымдастырушылық, үкімдік, биліктік өкілдері бар әр-түрлі әкімшілік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар табылады.
Басқару объектілері болып заңды және жеке тұлғалар сонымен қатар, әлеуметтік, табиғи, экологиялық, экономикалық жүйелер мен процестер.

1.1 Басқару заңдары

1) Басқару жүйесінің толықтығы мен бірыңғайлылық заңы. Бұл заң бойынша, басқару жүйесі ұйымдастырылған және функционалдық бірыңғайлылыққа сәйкес болуы керек дейді.
Ұйымдастырушылық толықтылық - басқаруға қойылған міндеттердің орындалуы үшін қажетті элементтердің құрамымен, ал функционалды - жүйенің мақсаттарына жету үшін қажетті функционалды дамутымен қамтамасыз етіледі.
2) Кез-келген басқару жүйесінің барлық элементтерінің пропорционалды және ұтымды сәйкестенуін сақтау заңы. Бұл дегеніміз, жүйенің элементтерінің ұтымды сәйкестенуі дамуға олардың функционалды және құрылымдық мүмкіндіктерінің, деңгейлерінің, бағыттарының әсер етуін қарастырады.
3) Қолданылған ақпараттың көлеміне байланысты басқару жүйесінің тиімділік заңы. Басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланатын ақпараттың көлемі мен басқару міндеттерін орындау сапасының бір-бірімен байланысын қарастырады.
4) Басқару процесі кезіндегі пайдаланылатын тиімділік критерилерінің бір-біріне тәуелділігі және бірыңғайлылық заңы.
5) Басқару жүйесіне әсер етуші және тәуелді болатын техникалық құралдарды қолданудың сәйкестік заңы. Бұл заңның талаптары әсіресе басқару жүйесін автоматтандыру кезіндегі маңызы зор.

1.2 Басқару принциптері

Басқару принциптері - басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді.
Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады.
Басқарудың негізгі принциптері:
1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі;
2) Жүйелілік және кешенділік - басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі;
3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады.
5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
2009 Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСКАРУ
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
Сұлулық салонның ақпараттық жүйесін жобалау
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Заңды тұлғалардан ұсталатын салық
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Мектепішілік бейіндік оқыту
Пәндер