Мал тұқымын асылдандыру жұмысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мал шаруашылығында әр түрлі мал тұқымдары негізгі еңбек құралы болып есептелінеді.Материалдық өндірістің барлық саласындағы сияқты мал шаруашылығында да негізгі еңбек құралы - мал тұқымы қоғамның дамуына сәйкес жетілдіріп отыруға тиісті.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысының негізгі әдістеріне,белгілі бір мақсатқа сәйкес сұрыптау мен жұп таңдау жатады.
Сұрыптау деп тіршілік пен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген құнды малды ұрпақтан-ұрпаққа іріктеп отыруды айтамыз.
Жұп таңдау - іріктетеп алынған малдың ішінен ұнамды ұрпақ беретін бір-біріне лайықты аталық және аналық жұп құру.
Сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысының нәтижелілігі бұл екі эоотехникалық әдістің үздіксіз
Жүргізіліп отыруына тікелей байланысты.Кез келген мал табыныен жүргізлетін тиянақты селекция жұмысы сұрыптаудан басталып сол жылы жұп таңдаумен аяқталуы тиіс.Келешекте осы жұп таңдаудан алынған ұрпақ қайтадан сұрыпталып,олардан тағы да жұп құрылады.Сөйтіп шын мәнінде жүргізілетін селекцияға ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз жүргізілетін сұрыптау мен жұп таңдау тізбегі деп қарауымыз керек.

Сұрыптау-таңдау - жалпы тұрғыдан алғанда адамға ежелден түсінікті ұғым.Тіпті сонау басында аңшылықпен айналысқан кездің өзінде тағы хайуандарды адам өзінің бір талғамы бойынша атқан.Сол сияқты хайуанаттарды қолға үйреткен кезеңде де адам белгілі бір талғамды басшылыққа алғаны сөссіз.
Ежелгі Египет,грек,рим, мәдиенеттері ескерткіштерінен малды қалай өсіріп-өндіру,азықтандыру және күтіп-бағу мәлелеріне байланысты нақтылы кеңестерді кездестіруге болады.Мысалы,осыдан екі мың жыл бұрын ежелгі дүниенің аса ұлы ақыны Вергилиидің Буколикижәне Георгикиатты поэзиялық мұраларын,кезінде шын мәнінде басшылыққа алатын елеулі агроозоотехниялық дүниелер деп есептелінеді.Бұл сияқты мал өсіруге бейімделген қағидаларды орта ғасыр жәек одан кейінгі кезеқдердің мәдени ескерткіштерінен ,әдеьиет шығармаларынан жиі кездестіруге болады.Бірақ та бұладың бәрінің де бірегейлі ғылыми жүйесі болған жоқ.
Сұрыптаудың ғылыми теориясының негізін қалаушы Ч.Дарвин(1809-1882 болды.Ол органикалық дүниенің эволюциялық дамуында,тірі организмнің жаңа түрлерінің ,жаңа тұқымдық топтардың пайда болуында сұрыптаудың шешеуші ролі барын анықтады.Ч.Дарвин сұрыптау,тұқым қуалаушылық және өзгергіштік біріге отырып,эволюцияның негізгі қозаушы күшін құрайтындығын дәлелдеді.Өзгергіштік әр ұрпақта оншп көзге көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызды.
Ч.Дарвин сұрыптауды негізінен екі түрге бөлген табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау .

Табиғи сұрыптау деп организмнің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерінің кейбір жеке артықшылықтарының арқасында тіршілік үшін күресте тірі қалып,ұрпақ қалдыруын айтамыз.Табиғи сұрыптау табиғат күштері әрекетімен орындалады.
Мал топтарындағы жеке организмдер бір-бірінен көптеген тұқым қуалайтын белгілері арқылы ажыратылады.Бұл айырмашылықтар мутацияның пайда болуына және ата-аналық формалардың комбинациялануына байланыты.Мутацияның тұрақты әсер етуі мен генетикалық факторлардың комбинациялануы тұқым қуалайтын гетерогенділікті табиғи сұрыпталудың алғы шартына айналдырады.Организмдердің әрбір жұбы өте көп ұрпақ беріп,шамадан тыс кобейіп кетуге бейім келеді.Мысалы,бір аналық майшабақ жыл сайын 40 мыңға жуық уылдырық шашады,бекіре балығы -2млн ,жасыл бақа-10 мыңға жуық уылдырық шашады.
Бұл құбылыс жер бетіндегі барлық тірі организмдерге тән қасиет.Бірақ табиғатта дәл осындай (жеке бір тірі организмдердің шамадан тыс(көбею байқалмайды.Демек,табиғатта организмдердің шамадан тыс көбейіп кетуін шектеп отыратын белгілі бір күш бар деген сөз.Ч.Дарвин ол күшті тіршілік үшін күрес деп атады.Тіршілік үшін күрес организмдер активтілігінң барлық формаларын қамтиды.
Кез келген хайуан өзінің қорегін табуда,жауларынан қорғануда басқа организмдермен белгілі бір қарым қатынаста болады.Мысалы,қоян қасқырдан және басқа жыртқыштардан қашып құтылады,бірақ қыс айларында және қорек заттары тапшы жылдары қорек үшін олар өзара бәсекелеседі.Бірінші жағдай (қояндар мен қасқырлар)түр аралық күрестің,екінші жағдай (қояндар мен қасқырлар)тіршілік үшін күрестің көрінінсі болып табылады.Бұдан басқа тіршілік үшін күрестің түрі сыртқы тіршілік ортасының қолайсыз жағдайымен байланысты.Мысалы,бір түрдің өкілдері қолайсыз орта жағдайларына байланысты.Мысалы,бір түрдің өкілдері қолайсыз орта факторларының аштықтың, суықтың,қуаңшылықтың және т.б.әсерлеріне төзімділік көрсету дәрежесі бойынша бір-бірімен бәсекеге түседі.Бұл бәсекеде бейімделу дәрежесі жоғары организмдер ғана ұрпақ қалдырып,тіршілігін әрі қарай жалғастырады,ал нашарлары жойылады.

Қолдан сұрыптау деп адам өзіне ұнаған малдарды жеке іріктеп алып өсіруді айтады.
Сонымен,қолдан сұрыптауды үй малдары ішінде тікелей адм өзі жүргізеді.Бұдан жануарлар мен өсімдіктер селекциясын адам өз қолына алысымен ,табиғат(табиғи сұрыптау)өз жайында қалады деген жалған ұғым қалмау керек.Табиғи сұрыптау үй жануарларының ішінде де жүреді.Адам оның ықпалын бір арнаға түсіріп,қажеттті бағытқа бұрып отырады,өзінің қалауына қарай табиғи сұрыптаудың әсерін күшейтіп,я бәсеңдетіп отырады.
Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың бірбірімен ұқсастығы да,айырмашылығы да және байланыстылығы да бар.Селекционер мұны өзінің мал тұқымын асылдандыру жұмысында ескеріп,басшылыққа алуы керек.
Табиғи сұрыптау малдың тіршілігіне қажет белгілерді ғана сақтап қалады,сондықтан ол белгілі бір ортада жақсы бейімделген,өміршең малдардың сақталуын қамтамасыз етеді.Қолдан сұрыптауда мал белгісінің адамға қажеттілігіне байланысты сұрыпталады.Көпшілігінде кейбір өнімдік белгілердің соншалықты жақсы дамуының организмге қажетті болмауы мүмкін.Міне бұл екі түрлі сұрыптау бағыттары нәтижелерінің басты айырмашылығы.
Табиғи сұрыптау әсіресе мал өсіруі экстенсивті жағдайда немесе табиғи жемшөп қорын ,жайылымды мейілінше толық пайдалануға негізделген шаруашылықтар үшін өте маңызды.Себебі,бұл ретте қолдан сұрыптаудың нәтижелілігі сыртқы орта жағдайына тікелей байланысты.Сайып келгенде мал белгілерінің,организм қасиеінің жарасымды үйлесілімділігін ,оның өмірге бейімділігін тек қана табиғи сұрыптау анықтайды.
Адамға қажетті өнімділік қасиеттері жақсы дамыған малдың дене бітімінің беріктігі табиғи және қолдан сұрыптау бағыттарының сәйкестігімен анықталады.Сонымен қорыта айтқанда ,мал тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізгенде ,нақтылы ауа райы мен жағдайында табиғи сұрыптаудың бағытын біліп,оны қолдан сұрыптаумен ұтымды ұштастыра білу керек.
Қолдан сұрыптау алға қойған мақсат пен нәтижесіне қарай негізінен үш түрге бөлінеді 1.Қозғаушы, 2.Дизруптивті(бөлшектеуші,жіктеуші) 3.Тұрақтандырушы
Қозғаушы сұрыптау.Табыда бұрын қалыптасқан өнімдік белгілер мен қасиеттерінің орташа мәнін өзгертуге бағытталған сұрыптауды қозғаушы сұрыптау деп атаймыз.Сұрыптаудың бұл формасы арқылы малдың шаруашылыққа бұрыннын құнды қасиеттерін одан әрі дамытып ,жаңаи тиімді қасиеттерін нығайтады.Бұл үшін бірнеше ұрпақ бойы өнімдік қасиеттері табынның орта көрсеткішінен жоғары болатын құнды малды өсіріп отырады.Осының нәтижесінде бірнеше ұрпақтан кейін өнімдік (фенотиптік)және тұқымдық (генотиптік)қасиеттері жағынан бұрынғы табыннан артық жаңа тобын (популяция)шығарылады.
Қозғаушы сұрыптау қолдан сұрыптаудың негізгі формасы,ол белгілі бір мал тұқымының ,табынның ,тұқымдық топтардың өнімдік және нәсілдік қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады.
Айта кететін мәселе,табиғи сұрыптаудың тікелей және жанама дәлелдерінің барлығы да,қозғаушы сұрыптауға мысал бола алады.Табиғи жағдайда жаңа формалардың ,түрлердің жойылып кетуі де осы қозғаушы сұрыптаудың әері болып табылады.
Дизруптивті(жіктеуші)сұрыптау.Попул яцияда екі немесе одан да көп формалардың пайда болып,қатар тіршілік етуіне қолайлы әсер ететін сұрыптау формасын дизруптивті срыптау деп атаймыз.Сұрыптаудың бұл формасының әсерінен бір популяцияның ішінде екі немесе одан да көп формалар пайда болады.
Жіктеуші сұрыптауды қолданғанда шеткі оң(ең жоғары)және теріс(ең төмен)белгілері бар малды іріктеп,әрқайсысын жеке өсіріп,орташа өнім көрсеткіштері(белгілері)барларды бракқа шығарып отырады.Жіктеуші сұрыптау мал шаруашылығы тәжірбиесінде сирек қолданылады.Жіктеуші сұрыптау ғылыми мекемелердің тәжірибе шаруашылықтарында ерекше қасиеті бойынша мамандырылған мал тұқымдарын шығарғанда қолданылады.Мысалы ,мини тауықтар (аяғы өте қысқа)осы жолмен шығарылған.
Тұрақтандырушы сұрыптау.Популяцияда (табында)бұрын қалыптасқан белгілер мен қасиеттердің тұрақтылығын сақтауға қалыптасқан белгілер мен қасиеттердің тұрақтылығын сақтауға бағытталған сұрыпталудың формасын тұрақтандырушы сұрыптау деп атаймыз.Сұрыпталудың бұл формасы орта жағдайы өзгергенге дейінгі қалыптасқан,тұрақталған белгілердің орташа мәнін сақтайды және күшейтеді.Фенотипінде ауытқулары бар мал сұрыптаудың бұл формасы арқылы популяциядан шығарылады.
Тұрақтандырушы сұрыптауды қолданғанда ,табында нақтылы бір мал тұқымына тән өнімдік қасиеттері бар,яғни тек сол тұқымдарының ұнамды типіне лайықты малдарды өсіреді.Бұл сұрыптау осы табынның өнімдік және нәсілдік қасиеттерін тұрақтандырып,өзгергіштігін және сыртқы орта әсерлеріне бейімделеген,өнімділігі жағынан бірегей мал тобын өсіруге мүмкіндік туғызады.
Бірақ тұрақтандырушы сұрыптау әзірге мал шаруашылығында кең қолданылмай келеді.Мұның негізгі себебі бұл сұрыптау формасын өз мәнінде қолданудың экономикалық тиімсіздігінде болды.Шындығында,табында өнімділігі біркелкі мал өсіру мақсатымен,ұнамды типтен өнімділігі тым жоғары малдарды бракқк шығарудың ешқандай реті жоқ.
Қазіргі уақытта мал шаруашылығын интенсивтендіруге,өндірістік негізде ұйымдастыруға көшуге байланысты,мәселе басқаша болып отыр.Өнеркәсіптік мал комплекстері мен мамандандырылған өндірістік мал шаруашылықарында,өсірілетін жоғары өнімді болуымен қатар,өнімділіктерінің біркелкі болуы қажетті басты шарттардың бірі болып отыр.Бұлай болмайынша өнеркәсіптік ұйымдастыруға тән өндіріс нақтылығы мен жаппайлығын ,малды бағып күту мен пайдалануға (мысалы саууға)байланысты,жоғары дәрежеде еңбекті механикаландвру мен автоматтандыруға байланысты толық жағдай тумайды.Осыған байланысты тұрақтандырушы сұрыптауға соңғы уақытта баса назар аударылып отыр.
Қолдан сұрыптауды жүргізу тәсілдеріне қарай жаппай(фенотиптік)және жеке (фенотипі және генотипі бойынша),жанама,технологиялық деп те бөледі.
Жаппай сұрыптау дегеніміз жекелеген малға,оның тек сырт түр тұлғасына ,өнімділігіне қарап баға беріп,іріктеу,яғни малды тек фнеотипі бойынша сұрыптау.Бұл сұрыптаудың шаруашылықта жиі қолданатын ,кең тараған түрі.
Біріншіден өндірістік шаруашылықтарда малдң ата тегі және ұрпағы туралы толақ мәліметтер бола бермейді.Екіншіден,сайып келгенде малды біз белгілі бір өнім алу үшін өсіреміз.Сондықтан сол өнімі бойынша сұрыптаудың маңызы үлкен.Үшіншіден,малдың тұқымдық қасиетіне де,оның ата тегі мен ұрпағының фенотиптері бойынша баға береміз.Қорыта айтқанда,уыл шаруашылық малы селекциясында малды фенотипі бойынша сұрыптау әр уақытта маңызды рөл атқарады.
Жеке сұрыптау деп малдыңфентипі мен генотипін (ата тегі мен ұрпағының сапасын)қатар бағалап,іріктеу.Жеке сұрыптаудың жаппай сұрыптауға қарағанда нәтижелілігі жоғары.Бұл үшін шаруашылықта зоотехникалық есеп өз дәрежесіне жүргізілуге тиісті.Сондықтан жеке сұрыптау асыл тұқымды мал табындарында қолданылады.
Жанама сұрыптау корреляция(байланысты өзгеріс)заңдылықтарына негізделген.Мал организміндегі әр түрлі морфологиялық.биохимиялық,физиологи ялық құбылыстар сайып келгенде бір бірімен тығыз байланыста болады.Сондықтан организмнің кейьір ерекшеліктерінің өзгеруі,екінші басқа қасиеттерінің өзгеруін туғызады.Осындай жағдайда екі өзгеріс кейде бір бағытта ,кейде қарама қарсы бағытта жүреді.Әйтеуір организмнің екі ерекшеліктері өзгерісінің арасында байланыс болса,біріне қарап екіншісін біршама нақтылы болжап анықтама беруге болады.
Сонымен жанама сұрыптау арқылы малдың жас кезіндегі кейбір белгі қасиеттеріне қарап,оның ересек кезінде беретін өнімін болжап,баға беруге болады.Бұл сұрыптау мерзімін тездетіи,малға ерте баға беріп іріктеуге мүмкіншілік туғызады.Жанама сұрыптауды қолдану қазіргі уақытта біршама кең өріс алып келеді.Мысалы,интерьерлік(терінің құрылысы,қаннң құрамы т.б.)
Технологиялық сұрыптау дегеніміз өнеркәсіптік мал шаруашылығы технологиясына жақсы бейімделген малды өсіруге бағытталға ,қолдан сұрыптаудың бір саласы.Технологиялық сұрыптаудың оргпнизмге әсері,табиғи сұрыпталу процесімен іспеттес,өнеркәсіптік мал комплекстері технолгиясының жаңа факторлары мен ауыл шаруашылығы малының арақатынасы негізінде жүреді.Мал шаруашылығы технологиясы жағдайында,тіршілік қабілеті және өнімділігі төмен болған генотиптер (мал)популяциядан (табыннан)шығып отырады да,тіршілік қабілеті және өнімділігі жоғары болатын генотиптердің концентрациясы көбейеді.Бұдан асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда жаңа технологияға баға бергенде ,оның мал өнімділігіне тигізетін әсері тұрғысынан ғана емес,оған қолдан сұрыптаудың бір факторы есеьінде де қарау керек.
Селекцияның негізгі мақсаты өсіріп отырған мал тұқымын қоғамның тілегіне сәйкес ұрпақ сайын жетілдіріп,өнімін қалаған бағытта көбейтіп отыру .Осы тұрғыдан селекцияны ,ауыл шаруашылығы малының адам баласы басқаратын эволюциясы деп бағалау орынды.
Ч.Дарвин дәлеледегендей ,эволюцияның негізгі қозғаушы күштеріне сұрыптау ,оргпнизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалағыштығы жатады.Сондықтан селекция тәжірибесінде сұрыптау мәнін жетік түсініп,тиімді қолдану үшін ,сұрыптаудың негізін селекцияның генетикалық параметрін жетік білу керек.
Селекцияның генетикалық параметрі деп сұрыптаудың популяция құрамына кіретін әсерінің генетикалыұ мәнін түсіндіретін математика тұрғысынан дәлелденген сандық көрсеткіштерді айтады.
Селекцияның негізгі генетикалық параметрлеріне белгілердің тұқым қуалаушылық,қайталау,корреляция(бай ланыс),регрессия коэффициенттері ,препотенттік және генетикалық ұқсастық көрсеткіштері,селекция дифферециялы,селекция нәтижелілілгі ,т.б. кқрсеткіштер жатады.
Сұрыптау қажеттігін туғызатын гентикалық алғы шаттарға организмдердің өзгергіштігі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал тұқымын жіктеу
Малдардың тұқымын асылдандыру
Сүтті ірі қараны асылдандыру жұмысы
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Қолдан ұрықтандыру
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Қойды қолдан ұрықтандыру
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Пәндер