ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ


Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов - 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. 1941 - 1945 жылдары - Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949) . 1953-1979 жылдары - “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1953 - 56 жылдары - Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы, 1961 - 63 жылдары - республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді. 1987 жылы - “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А. А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды. Әзілхан Нұршайықов, 2011 жылдың ақпанында дүниеден озды.
Өмірбаяны
- Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.
- 1941 - 45 жылдары - Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды.
- Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949) .
- 1953 - 79 жылдары - “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,
- 1953 - 56 жылдары - Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы,
- 1961 - 63 жылдары - республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді.
- 1987 жылы - “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А. А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды. [2]
2011 жылы Азиада 2011 қысқы ойындарында эстафетаны жалғаған. Бірнеше күннен соң дүние салып, әйелінің жанында жерленген.
Шығармашылығы
- Тоғыз толғау, А., 1977
- Автопортрет, А., 1977
- Шығ. жин. 2 т., А., 1992
- Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996
- Қаламгер және оның достары, А., 2000
- Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000
- Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 - 82), А., 2002
- Ақиқат пен аңыз, А., 2004
- Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 - 82), А., 2005
- Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005
- Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005.
Аудармалары
И. Буниннің шығармаларын, М. Шолоховтың “Адам тағдыры”, П. Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т. б. туындыларды қазақ тіліне аударды.
Мемлекеттік марапаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
- 1943 жылы КСРОның «Ерлігі үшін» медалі;
- 1944 жылы КСРОның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі;
- 1944 жылы КСРОның 3ші дәрежедегі «Даңқ» Ордені
- 1945 жылы КСРОның «Германияны жеңгені үшін» медалі;
- 1945 жылы КСРОның «Варшаваны азамт еткені үшін» медалі;
- 1956 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
- 1984 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
- 1985 жылы КСРОның 2ші дәрежедегі «Отан соғысы» Ордені;
- КСРОның Еңбек ардагері медалі;
- 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Ленин туғанына 100жыл медалі;
- 1978 жылы «Ақиқат пен аңыз» романы үшін Абай атындағы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
- 1987 жылы А. А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты;
- 1990 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
- 1995 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
- 2005 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталған.
- 2010 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасының өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2010 жылы) .
- 2010 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік және президенттік степендиясының иегері.
- Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы
- Жарма ауданының Құрметті азаматы. [3]
Жеке қасиеттері
- Әскери шені - аға сержант.
- Хоббиі - фотография, жақсы кітаптар жинау.
- Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары - Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова
Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған), экономист; ұлдары -Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған), инженер-электрик. [4]
ҚАН МЕН ТЕР «Қан мен тер» трилогиясы - ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты. «Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тәуелсіздік мұнарасынан, демократиялық көзқарас тұрғысынан оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін табылмайды. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай жіберді екен?» деп қалуға негіз бар.Қан мен тер» трилогиясының сюжеттік - композициялық желілері де бір бағытта өрістенгенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқығаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үрдісін ашатын белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді. Бұл орайда «Қан мен тер», «Ботакөз», «Тоқаш Бокин», «Жолдастар», «Өмір мектебі», «Ақ Жайықтағы» тәрізді алмакезектесіп отыратын, бір тартыстың орнына, екінші қақтығыстар арқауымен күрмей байлап, ілестіре дамытып отыратын күрделі композицияға құрылғаны аңғарылады.
«Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.
Міне осынау дәуірдің әдебиетте көркем суретін салмақшы болған Нұрпейісов неге иек артып, нені үлгі тұту керек еді. Осы жерде алдымен бір кездегі жас Михаил Шолохов еске түседі. Ол өзінің «Тыныќ Дон» секілді ұлы туындысына кірерде, оның көз алдына эпопеяның ең керемет үлгісі ретінде Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрғаны тәрізді, жас Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына кірісерде, көз алдына тарихи - революциялық эпопеяның оңды үлгісі ретінде Михаил Шолоховтың ұлы туындысы «Тынық Дон» тұруы және сол үлгіні Нұрпейісовтің ақылымен де, жүрегімен де қабылдап өнеге тұтуы бақыт боп табылған.
«Тынық Донның» қаһарманы -Дон казагі Григорий Мелехов, «Қан мен тердің» қаһарманы - балықшы Еламан. Оларды туыстастыратын - тағдыр. Екеуі де шырғалаңнан шындық іздеп шарқ ұрушылар, екеуі де халық ортасынан шыққандар. Бірақ бірін-бірі қайталау емес. Әрқайсысы өзді-өзі.
Еламан образын жасарда Нұрпейісов Шолоховтың Григорий Мелеховына көз тікті ме екен. Меніңше сөз жоқ, сөйткен. Шолоховтың құдіретті күші Мелехов секілді әрі айрықша дара, әрі сонымен бірге жалпы адам жаратылысына тән үздік характерлі образ жасауы Нұрпейісовті баурап алған жай тәрізді. Сөйтіп, Нұрпейісов Шолохов ықпалына түсіп, одан үйренуі даусыз деп білсек, енді ол ұлы суреткерден қалай үйренді деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Шолохов Лев Толстойдан қалай үйренсе, Нұрпейісов Шолоховтан солай үйренді деп жауап беруге тура келеді.
Нұрпейісов өзінің шыѓармашылыќ оқу, үйрену, іздену жолында адам характерінің диалектикасын Шолоховша тануды, бала кезден туасы пайда болған характер қырларының келе-келе әлеуметтік ортамен, революция мен азамат соғысы тұсында түп-түбірімен қопарылған халық өмірімен тоғысқан күрделі күйін Шолоховша суреттеуді үйренді демекпіз. Шынында да Нұрпейісов геройының жанына Шолоховша үңіледі, оның геройы манекен емес, қатып семген қалып емес, өзгеріп отыратын, құбылып, құлпырып отыратын, көбіне қайшылығы мол динамикалы характер.
Нұрпейісовтың Еламаны Шолоховтың Григорий Мелеховына қаншама ұқсас болғанмен, ол кәдімгі байырғы қазақы образ өзі кедей, сауатсыз, батырлығы да, жауынгерлігі де жоқ айрықша ақыл таланты да жоқ, қарапайым жігіт. Басынан қаншама қайғы - қасірет, аштық, қорлық жағдай өткізсе де, ол көпке шейін айнала дүниеде не болып жатқанын, өзінің неге бақытсыз екенін, тағдырының неліктен сонша қатал екенін түсіне бермейді.
Еламан образы - типтенген жиындық образ. Еламан сықылды көңіл көзі болатын-ды. Тәңірберген, Кәлен, Ақбала образдары да шындыққа сай көркем дәлелдемемен, психологиялық тереңдікпен Шолоховша мінезделген. Мұның сыры неде? Мұның сыры Шолохов шеберлігінің құпия сырын терең түсінуде. Және дисертатсиясында былай деген Еламанды жазушы кезінде "Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіне ұқсас екендігі айтқан болатын”.
Нұрпейісов ұстазынан не үйренді дегенде алдымен айтар сөзі: социалистік реализм әдісінің маңызды кілтифатыын үйренді деу. өз әл-қадарынша Нұрпейісов геройларын Шолоховша суреттеуге тырысады, бірақ Шолохов геройларының көшірмесі дерлік онда біреуі де жоқ. «Қан мен тер» геройлары - кәдігулі қазақтар, малшылар, балықшылар, Нұрпейісовтің жерлестері, ағайын - жұрты.
Бұрынғы кезде романдағы дағдылы әдетпен ескі мен жаңаның күресі деп талдаған. Бұл романдаа да Еламанды революционер, Тәңірбергенді үстем таптың өкілі деп көрсеткен. Қазақ әдебиеттерде күрделі бейнелер көп, олар: Құнанбай, шілік, Итбай, Итбай, Шәкен және Тәңірберген бейнелері. Бұлардың бәрі сәтті шыққан образдар. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай орбазына келсек, ол өте күрделі жасалған сом характер. Оның типтілігі, жинақтылығы, даралық қасиеттерінің қайталанбас ерекшелігі шүбә келтірмейді. Көркемдік кемелдігі жағынан Ќұнанбай образы қазақ жазушыларының шығармашылығында бұрын-соңды кездесетін ескі әлеуметтік құрылыс туғызған ұнамсыз кейіпкерлердің қатарында, әсіресе еліміздегі халыққа қарсы қара күш иелері тұлғаларының арасында теңдесі жоқ үздік образ. Бұл кесек тұлғаның бұралаң қалтарысы көп. Қаталдық пен қатыгездіктің, зұлымдық пен зымияндықтың рухын бойына жиған Құнанбай, ұрда - жық алаңғасар, күйкі мінезді, күйгелек жан емес, ол өзінің таптық тұрғысында табанды да құретті. Айласы мол залым, мейірімсіз, қаныпезер.
Ал, Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Игілік - пәрменді, қу, айлалы, заман жаңалығына сергек түлкі іспетті жырқыш.
Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Шәкен образы - өте керемет жасалған шебер кейіпкер. Оның кереметі нағыз типтілігінде. Қазақ әдебиеттерінде озбыр, зұлым, бай, болыстың жексұрын типі аз емес. Ал, мына шәкеннің «кереметі» оның белгілі бір қысқа кезеңге тез бейімделе қойған хамелеондық қылығында, үстем тап атаулының типті өкілі рөлдерінде Шәкен кешегі жоғары аталып өткен кейіпкерлердің бүгінгі жаңа жағдайдағы мұрагері. Бұл бір жағынан революция орнатқан совет үкіметі бұрынғыдай олардың үкіметі емес екенін біліп үрейі ұшқан бай, екінші жағынан жаңа экономикалық саясат оларды өткен күнге қайта апарар деп соқыр үмітке мінген бай. Осы қос қырлы ұғыммен ол дұшпандық айла - тәсілін әбден машықтандырған қу, сұм.
Ал, аталмыш романдағы Тәңірберген образы болса, басында бала жігіт кезінде әлі жамандықпен ауызданбаған, ешкімге зияны жоқ, биязы ғана жас мырза сияқты еді. [3. 229] Ол бар мінезін жүре келе ашады. өз табының мақсатын көздеген тартыс, күресте қатал, мейірімсіз, арам, айлалы жігіттің ой-санасында, сезім-сезігінде ара-кідік ар-ұят, ұждан және т. б. ізгі адамгершілік қасиеттері де ұшқындап қояды сол кезде оның айнала дүниеге ақынша романтикалы көз жанарымен қарайтына бар. Ал өз табының күйрегініне көзі жеткен кезде Тәңірберген өз қатарынан бір мойын озық парасаттылық танытады. Ол заман заңы жөнінде философиялық ой түйеді. Ұзақ күрестің нәтижесінде Еламан өз табының жеңетініне сенсе, Тәңірберген өз табының жеңілетінін түсініп торығады. Тәңірберген образы бұл кейіпкерлерге ұқсайды, бірақ ерекшеліктері де бар. Себебі, әр жазушы бұл оқиғаны, кейіпкерлерін, әр түрлі етіп көрсетеді, шеберліктері де болып келеді. Тәңірберген сырт көзге бұл ауылдың мал жаны мен ісі жоқ кісі секілденіп, бойын аулақ салып жүрген мен түптеп келгенде мал қамын мына екі ағасынан артықырақ ойлайтын жігіт.
Қазақ халқының революцияға келу жолын, ұлы өзгеріске араласуын әр жағынан бейнелеуде. Мәселе оқиғалардың көңіл - күйінің, жан дүниесінің бүтіндей тарихи өзгеріске түсуін бейнелеуде. Осы тұрғыдан Еркебұлан (Ғ. Мүсірепов, «Кездеспей кеткен бір бейне»), мен Еламан (Ә. Нұрпейісов, «Қан мен тер») образының арасында елеулі айырмашылық бар. Айталық, әуелгі шығармада орыс, украин достығымен бірге совет үкіметін орнатушылардың саналы күресіне шыққан, қалыптасқан революция күрескерін көрсек, келесі туындыда қатардағы кедей, Еламанды сондай күреске ұзақ шырғалаң жол кешу үстінде кездестіреміз. Еркебұлан нақты дерекке незізделіп, очеркті - насихатты тұрғыдан суреттелсе, Еламан сол өмір жолында шырмалып жан-дүниесінің бірте-бірте түлеу барысында бейнеленеді. Аса күрделі, іштей қарама-қайшылыққа толы кейіпкерлерді шығарманың басты қаһарманы ету Х. Есенжанов («Ақ жайық» романындағы Хакім) пен І. Есенберлин («Қатерлі өткел» Бүркіт) шығармашылығына да тән қасиеттер деп білу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz