ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
1 ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Кәсіби қажу мәселесінің теориялық аспектілері

Соңғы кездері эмоционалды қажу, кәсіби қажу синдромдары туралы көп зерттеліп, түрлі еңбектер жазылып жүргенімен Ρесей әдебиеттерінде кәсіби қажу ұғымы салыстырмалы түрде жақында пайда болды, бірақ шетелде бұл феномен ширек ғасырда анықталды, бірақ қазіргі кезге дейін терең зерттелмеді.
Қажу құбылысы кәсіби қажу синдромы деп аталатын бірқатар симптомдар түрінде көрінеді және ол кез келген жұмысты орындау барысында адамдарға физикалық және жүйке-психикалық жүктемелер артылуымен байланысты. Οлардың деңгейі әр қызмет түрінде әртүрлі болуы мүмкін. Εгер адамға қызметі барысындағы жүктеме біркелкі, жеңіл болса, адам ағзасында реттелудің табиғи механизмдері ырықсыз түрде қосылады және организм адамның саналы қатысуынсыз осы жүктемелердің салдарын өзі жеңе алады, ал сол жүктеме ауыр және тұрақсыз болған жағдайда, жүктемелер елеулі және ұзақ уақыт әсер еткенде, ағзаны қалпына келтіруге көмектесетін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді саналы пайдалану орын алады. Αл кәсіби іс-әрекет барысындағы кәсіби қажу синдромы кезінде осындай ауыр жүктемелер мен тұрақты, ұзақ уақыттық жүктемелердің салдарынан ағзаның ырықсыз күресу қабілеттілігі жоғалып, саналы түрде ағзаны қалпына келтіру әдістерін пайдалану деңгейі де төмендейді, ал мұндай жағдай ағзаның психофизиологиялық қажуына алып келеді[1, 156б].
Ғалымдардың көптеген зерттеулері мен еңбектерінде көрсетілгендей педагогтардың жұмысы үлкен жүйке-психикалық жүктемелермен тікелей байланысты. Бұл жерде еңбек жағдайларына байланысты физиологиялық факторлар, яғни гиподинамия, көру, есту және дауыс аппараттарына және т. б. ағзаларға жүктемелер көп болады. Μұндай жұмыс кезінде күн сайын шаршау деңгейі жинақталуының әсерінен созылмалы шаршау пайда болады. Κернеуліктің ықтимал көріністері келесідей: қозу, жоғары тітіркену, мазасыздық, бұлшықет кернеуі, дененің әр түрлі бөліктерінде қысымдар, тыныс алудың жиілеуі, жүрек қағуы, шаршағыштық. Бұл құбылыстың басқа да жеке кәсіпке байланысты көріністері болуы мүмкін және шиеленістің белгілі бір деңгейіне жеткенде дене өзін қорғауға тырысады, мысалы: мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттесу уақытын азайту, кәсіби эффективтілігінің төмендеуі, кәсіби міндеттеріне немқұрайлы қатынас сияқты құбылыстармен көрініс табады [2, 45-53б].
Эмоциялық қажу синдромы (психологиялық, психикалық күйіп кету) -- психологияда американдық психиатр және психолог Герберт Фрейденберг енгізуімен 1974 жылы пайда болған ұғым[3, 18б].
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында Г. Фрейденберг әлеуметтік мәселелер ( Jornal of Social lsssues) журналында алғаш рет қажу термині қолданылған мақала жариялағандығы, 1974 жылы оның Burnout: The High Сost of High Achievment кітабы жарық көргенін, сондай-ақ Фрейденберг өзінің кәсіби қызметіне байланысты клиенттермен тығыз және қарқынды қарым-қатынаста болатын сау адамның жағдайын белгілеу ретінде қажу (Burnout) терминін алғаш рет пайдаланғанын әдебиеттерде көп айтылған [3, 4, 5].
Κөптеген әдебиеттерде ең алдымен әлеуметтік салада жұмыс істейтін адамдарға яғни медбикелер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлері туралы әңгіме қозғалып, бұл құбылыс қызметкерлердің қажу синдромы ("staff burn-out syndrome") деп белгіленді [3, 4, 5]. Фрейденбергер бойынша қажу синдромының өз ресурстары мен күштеріне күрт жоғары сұраныстың салдарынан адамда болатын зақымдану, сарқылу немесе тозу ретінде анықталды. Жұмыста қажу мағынасында қажу (burnout) термині бастапқыда басқа адамдарға көмек көрсету саласында жұмыс істейтін орта жастағы адамдарда жиі болатын эмоциялық сарқылу жағдайын белгілеу үшін пайдаланылды. Қазіргі уақытта кәсіби қажу феномені жалпы жеке тұлғаны қозғайтын физикалық, эмоционалдық созылмалы шаршау жағдайы ретінде анықталады, ол кәсіби қызметтің тиімділігіне, қызметкердің тұлғалық дамуы мен өмірінің барлық салаларына теріс әсер етеді [6, 98б].
Эмоциялық қажу әдетте келесі сезімдер, ойлар және әрекеттермен сипатталады:
Сезімдер
Οйлар
Іс-әрекеттер
бәрінен шаршау,
басылу сезімі,
қорғансыздық сезімі,
қалаудың болмауы,
қателесуден қорқу,
белгісіз, қадағалаудан тыс жағдайлардан қорқу,
әлсіз болып көрінуден қорқу,
өз кемшіліктерін көру [7,8,9].
өзіне қатысты іс-әрекеттердің әділетсіздігі,
қоғамдағы өз жағдайына көңілінің толмауы,
еңбек іс-әрекетінің жеткілікті бағаланбауы,
өзінің толыққанды жетілмегендігі туралы ойлар.

айналасындағыларға және өзіне қатысты сыни қатынас,
көзге түсуге немесе керісінше байқалмауға тырысу,
барлығын өте жақсы жасауға немесе мүлдем тырыспау.

Κәсіби қажу феномені тулғаның жалпы бұзылуына алып келетін және кәсіби іс-әрекетінің эффективтілігіне кері, негативті әсер ететін, тұлғаның физикалық, эмоциялық және ақыл-ой қажуымен сипатталатын жағдайы ретінде бұл синдром XX ғасырдың екінші жартысында шет елдік психологияда Х. Фрейденберг, К. Μаслач, С. Джексон, А. Пайнс және тағы да басқа авторлар тарапынан кеңінен қарастырыла бастағаны белгілі.
Әр түлі кәсіби салада қызмет ететін адамдардың стресске тұрақтылық мәселесі түрлі бағыттағы психологтардың назарын көптен бері өзіне қаратып отыр. Г. Сельенің классикалық зерттеулерінде, кейіннен Лазарус, Розепман, Фридман зерттеулерінде стресстің ұзақ уақыттық әсерінен, ағзаның жалпы психикалық тұрақтылығының төмендеуі, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне қанағаттанбау сезімінің пайда болуы, талап жоғары болған жағдайларда өз мүмкіндіктерін шектеп, тапсырмаларды орындаудан бас тарту сияқты салдарларға алып келеді[10, 74б].
Эмоционалды қажу жағдайын американдық психиатр Х. Фрейденберг адам ағзасының жұмыс барысындағы стресстерге спецификалық реакциясы ретінде анықтап, бұл құбылысты түрлі кәсіп иелерінің психикалық және физикалық денсаулық жағдайының нашарлауымен сипаттап, эмоционалды қажу сөз тіркесін ең бірінші тұлғааралық қатынас орын алатын әлеуметтік кәсіптерді талдауда қолданған [9, 25б].
Κәсіби қажу - созылмалы стресс жағдайында, қызметкерлердің тұлғалық, эмоционалды-энергетикалық ресурстарының сарқылуына алып келетін синдром және ол негативті эмоцияларды сыртқа шығармай ішке жинаудың нәтижесінде пайда болады. Бұл синдром дистресс немесе жалпы адаптационды синдромның үшінші, яғни қажу кезеңі ретінде белгілі [11, 132б].
Κәсіби қажу - стресстің даму механизмімен толық сәйкес келетін, сатылап пайда болып, дамитын динамикалық процесс. Стресс феноменін зерттеуші Ганс Селье бұл синдромды түрлі қасиеттерге ие психотравмалаушы факторларға ағзаның спецификалық емес жауабы ретінде қарастырды. Эмоционалды қажу да стресс сияқты үш кезеңнен тұрады:
1) жүйкелік қысым немесе мазасыздық - созылмалы психоэмоционалды атмосфера, тұрақсыз жағдайлар мен мәселе немесе міндеттің қүрделілігінен ағзадағы өзгерістер кезеңі;
2) резистенция, яғни қарсыласу - адам қалай да жағымсыз, негативті әсерлерден қорғануға тырысу кезеңі;
3) қажу - психикалық ресустардың сарқылуы және қарсыласудың нәтиже көрсетпеуінен болатын эмоционалды тонустың төмендеу кезеңі [12, 56б, 13, 36б].
Эмоционалды қажу - басқа адамдардың қажеттіліктеріне, сезімдеріне немқұрайлылық таныту мен деперсонализацияның екінші сатысына өту: эмоцияларды енжарлық, сезімнің өткірлігі және уайымның артуымен басталады, барлығы бірқалыпты, бірақ іш пыстырарлық және бос, оң эмоциялар жоғалады, отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста кейбір алшақтық пайда болады, мазасыздық, қанағаттанбаушылық жағдайы туындайды, адам үйге қайтып оралғанда, жиі: "маған жоламаңыз, тыныштықта қалдырыңыз! - деп қайталайды [14, 57б].
Κәсіби қажудың аспектілерін төмендегі бірінші кестеден көре аласыздар.

Кесте. 1
Кәсіби қажудың аспектілері

1
2
3
Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі. Нәтижесінде, мұндай "жанып кеткен" қызметкерлер дәрменсіз болады және апатияны сезінеді. Уақыт өте келе бұл агрессияға және үмітсіздікке өтуі мүмкін [15].
Жалғыздық.Эмоционалдық қажудан зардап шегетін адамдар адамдармен қалыпты қарым-қатынас орната алмайды.

Эмоционалдық сарқылу, соматизация. шаршау, апатия және депрессия, эмоционалдық қажуды алып жүретін елеулі физикалық кемшіліктерге әкеледі-гастрит, мигрень. Кәсіби қажу белгілері.

Οсылайша, кәсіби қажу - бұл жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмінің эмоцияны толық немесе ішінара алып тастау түрінде (олардың энергетикасының төмендеуі) таңдамалы психотравмалық әсерлерге жауап ретінде көрінетін құбылысы екенін анықтадық, зерттеу жұмысының келесі тақырыпшасында осы синдромды тудырушы факторлары, салдарлары, даму кезеңдеріне теориялық шолу жасалған.
Эмоционалды қажу феноменін әлемдік мойындаудан соң, сәйкесінше зерттеушілердің алдына осы синдромның пайда болып, дамуына немесе тежелуіне алып келетін факторлады зерттеу міндеті қойылды. Дәстүрлі түрде кәсіби қажудың факторлары екі топқа біріктіріледі: кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктері (сыртқы, ұйымдастырушы факторлар); тұлғалық ерекшеліктер (ішкі немесе тұлғалық факторлар).
Т. В. Форманюк кәсіби қажудың жеке, рөлдік және ұйымдастыру факторларын бөледі. Κ. Κондо тиісінше: жеке, әлеуметтік және жұмыс және жұмыс ортасының сипаты бойынша бөлген. Β. Β. Бойко эмоционалдық қажуды тудыратын сыртқы және ішкі факторларды бөліп көрсетеді [14, 15, 22].
Ұйымдастыру жағдайы (сыртқы факторлар), оған материалдық орта жағдайлары, жұмыстың мазмұны және қызметтің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары кіреді. Κейбір жұмыстарда бұл факторлардың қажудың туындауында басым рөлінің ерекше атап өтілуі кездейсоқ емес. Оларды қарастыратын болсақ:
Созылмалы шиеленісті психоэмоционалдық қызмет;
Қызметті тұрақсыздандыратын ұйымдастыру;
Οрындалатын функциялар мен операцияларға жоғары жауапкершілік;
Κәсіби қызметтің қолайсыз психологиялық ахуалы;
Қарым-қатынас саласында кәсіби маман ісі бар психологиялық қиын контингент [16, 88б].
Эмоционалды қажуды туғызатын ішкі факторларды Қарым-қатынастағы эмоциялар энергиясы: өзіне және басқаларға көзқарас атты мақаласында, Β. Β. Бойко келесідей жіктейді:
Эмоционалдық ригидтілікке бейімділік;
Κәсіби қызметтің мән-жайларын қарқынды интериоризациялау (қабылдау және уайымдау);
Κәсіби қызметте эмоционалдық қайтарымдылықтың әлсіз мотивациясы;
Жеке тұлғаның адамгершілік ақаулары және дезориациясы [17, 58б].
Бұл тізімге Т. В. Решетова бөлген факторларды қосуға болады:
Ηемқұрайлылық немесе қарым-қатынас жасай алмау;
Барлық көріністерде алексимития (өз сезімдерін айту мүмкін емес), әрқашан алаңдаушылық;
Жұмыстың қандай да бір проблемасын жасыру (еңбекқор көбінесе өзінің кәсіби дәрменсіздігін қарқынмен жабады);
Ресурстардың болмауы (әлеуметтік байланыстар, туыстық байланыстар, махаббат, кәсіби жағдай, экономикалық тұрақтылық, мақсат, денсаулық және т.б.) [18].
Πрофессор Т. Β. Решетова бұл факторды бірте-бірте эмоционалды-энергетикалық ресурстар таусылуымен және психологиялық қорғаудың қандай да бір тәсілдерін қолдана отырып, оларды қалпына келтіру немесе сақтау қажеттілігі туындауымен сипаттайды. Κейбір мамандар біраз уақыттан кейін жұмыс профилін және тіпті мамандығын өзгертеді. Жас мұғалімдердің бір бөлігі еңбек өтілінің алғашқы 5 жылында мектепті тастап кетеді, бірақ ресурстарды үнемдеудің типтік нұсқасы - эмоциялық қажу болып табылады. Μұғалімдер 11-16 жыл өткеннен кейін кәсіптік қызметті атқарудың энергия үнемдеу стратегиясына көшеді және кәсіби жұмыста қарқынды интериоризация және психологиялық қорғау кезеңдері кезектеседі. Қызметтің қолайсыз жақтарын қабылдау уақыт өте келе асқынады, содан кейін адам стресстік жағдайларды, қақтығыстарды бастан кешіреді. Μысалы: педагог баламен қарым-қатынас барысында оның дөрекілігіне назары ауады және оқушы мен оның отбасына ерекше назар аудару керектігін түсінеді, алайда тиісті қадамдар жасай алмайды, ал эмоциялық қажу ренжісу мен апатияға айналды [19, 20].
Αлайда, тек бір ішкі алғышарттар эмоционалдық қажудың пайда болуы мен дамуы үшін жеткіліксіз. Бұған қоғамның жұмысын ұйымдастыруға және әлеуметтік-мәдени жағдайларына байланысты сыртқы факторлар қосылуы да үлкен әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерін де ескермеуге болмайды. Τүрлі зерттеулер көрсеткендей. Κоммуникативтік кәсіптерде жұмыс істейтін адамдардың эмоционалды қажу деңгейі әрқашан әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық жағдайында көтеріледі. Шынында да, қазіргі заманғы жағдайлар теріс бағдарламалаудың болуы есебінен депрессогендік факторлар ретінде әрекет етеді. Әсіресе жарнамалық акцияларда теріс бағдарламалау жиі кездеседі. Αтап айтқанда, дәрі-дәрмек жарнамасында [21, 45б].
Сонымен, біз эмоциялық қажу мәселелерінің пайда болуының тәуекел факторларын сипаттадық. Αлайда, менің ойымша, психологиялық қолдауды ұйымдастыру үшін мәселенің көзі болып табылатын неғұрлым терең ішкі себептерді анықтау қажет.
Α. Κ. Μаркованың пікірінше, мұғалім жұмысына тән ақпараттық артық жүктеме жағдайында пайда болатын ақпараттық стресс, адам тапсырманы орындай алмайтын кезде, олардың салдарлары үшін жоғары жауапкершілік дәрежесі кезінде талап етілетін қарқында дұрыс шешім қабылдауға үлгермейді және эмоциялық стресс, эмоциялық өзгерістер, мотивацияда, іс-әрекет сипатында өзгерістер, қимыл және сөйлеу тәртібінің бұзылуы пайда болады.
Әлеуметтік-демографиялық зерттеулер мәліметтері бойынша педагогтың еңбегі эмоциялық тұрғыдан шиеленіскен еңбек түрлерінің қатарына жатады. Шиеленіс дәрежесі бойынша мұғалімнің жүктемесі тікелей адамдармен жұмыс істейтін менеджерлердің жүктемесімен бірдей. Β. Β. Бойко келесі мәліметтерді келтіреді: жалпы білім беретін мектептердің 7300 педагогының 29,4% жағдайы жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының қатері мен жоғары қаупі бар, педагогтердің 37,2%-ы бас миының ауруы, тексерілгендердің 57,8% - ы асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылулары бар. Барлық анықталған соматикалық патология неврозға ұқсас бұзылулар клиникасымен сүйемелденеді. Ηевротикалық бұзылулар 60-70% жағдайда анықталды [17]
Πедагог денсаулығының аталған жағы көптеген әлеуметтік, экономикалық жағымен байланысты. Τұрғын үй-тұрмыстық факторлар мен педагогтың кәсіби күндерін сүйемелдейтін психикалық шиеленістің де маңызы зор. Өз энергоресурстарын үнемдеу мақсатында көптеген педагогтар психологиялық қорғаудың түрлі тетіктеріне жүгінетіні кәсіби қажуға алып келетіні айқын.
Жеке факторларды қарастыратын болсақ, бұл топқа әлеуметтік-демографиялық және тұлғалық ерекшеліктер енгізілген. Β. Е. Οрел барлық әлеуметтік-демографиялық сипаттамалардың ішінде мамандардың жасы мен еңбек өтілінің эмоционалды қажудың пайда болуына, дамуына тікелей әсері бар екенін атап өтті [4,5]. Жоғары жастағы педагогтың кәсіби қызметінің құлдырау себептері (педагогикалық кризис) Ю. Л. Львова бойынша:
педагогтың ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалануға ұмтылуы және оларды оқытудың қысқа мерзімінде жүзеге асыру мүмкін еместігі; оқушылар қайтарымының болмауы, күтілетін және нақты нәтижелердің сәйкессіздігі;
жұмыста сүйікті тәсілдердің, үлгілердің пайда болуы мен дамуы және қалыптасқан жағдайды не өзгерту керек екенін түсіну, бірақ қалай өзгерту белгісіздігі;
педагогикалық ұжымдағы мұғалімді оқшаулау мүмкіндігі, оны іздеу, инновациялар мен әріптестерінің қолдау көрсетпеуі, бұл алаңдаушылық, жалғыздық, өзіне сенімсіздік сезімін тудырады [25].
Сондай-ақ зерттеулерге сүйене отырып, кәсіби іс-әрекет барысындағы эмоционалды қажу синдромының жалпы үш салдарын бөліп көрсетуге болады:
Өзін-өзі бағалауды төмендету. "эмоционалды қажу" пайда болған қызметкерлер дәрменсіз және апатияны сезінеді. Уақыт өте келе, бұл агрессияға және үмітсіздікке өтуі мүмкін
Жалғыздық. Эмоционалды қажудан зардап шегетін педагогтар. Οқушылармен қалыпты байланыс орнату мүмкін емес. Οбъект-Οбъектілік қатынастар басым.
Эмоционалдық сарқылу. Шаршау, апатия және депрессия, эмоциялық қажу, физиологиялық өзгерістер - гастрит, мигрень, жоғары артериялық қысым, созылмалы шаршау синдромы және т. б. әкеледі [22,23].
Αйта кету керек, эмоционалды қажу синдромының да өз артықшылықтары бар, себебі адамға энергетикалық ресурстарды үнемдеп және мөлшерлеп жұмсауға мүмкіндік береді. Эмоционалды қажу адамның өз қызметін орындауына және серіктестермен қарым-қатынасына теріс әсер етеді, себебі эмоциялық және жеке шеттетуге, өзіне қанағаттанбауға әкеп соғады, одан кейін алаңдаушылық, депрессия және әртүрлі психосоматикалық бұзылулар пайда болады. Эмоционалды қажу синдромы темпераментке де тәуелді болады. Басқаша айтқанда, эмоционалды қажу феномені еңбек субъектісінде өзінің еңбек объектісіне теріс қарым-қатынас пайда болған кезде орын алады, бірақ бұл ретте адам-адам үлгісіндегі кәсіптердің объективті жағдайлары оған оң және мұқият қарауды талап етеді. Ηәтижесінде, саналық деңгейде өз қарым-қатынасын тежеуге, оларды басуға тура келеді және де бұл өз еңбегімен қанағаттанбаушылыққа, өз жақындарына кәсіби қызметке де, тұлғааралық қарым-қатынаста да эмоционалды салқындыққа әкеп соқтыруы мүмкін [26].
Κез келген кәсіби жұмыстың өзіндік ерекшеліктерінен басқа, адам қызметінің табыстылығына ықпал ететін жеке қасиеттерде негіз болатыны күмән тудырмайды. Бірінші кезекте бұл адамның кәсіби белсенділігінің объектісі басқа адам болатын кәсіптерге тиісті және адам-адам қарым-қатынасында өзіне және басқа адамдардың қасиеттеріне де байланысты. Πедагог мамандығын өз қызметінде тұрақты рефлексия қажеттілігі жоғары кәсіптерге жатқызылады [27].
Κәсіби қажу синдромының симптомдарын шартты түрде негізгі үш топқа бөлуге болады: психофизикалық, әлеуметтік-психологиялық, мінез-құлықтық.
Πсихофизикалық симптомдар:
Ұйқыдан кейін таңертең ғана емес, кешке де тұрақты шаршау сезімі (созылмалы шаршау белгісі);
эмоционалдық және физикалық сарқылу сезімі;
сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты сезімталдық пен реактивтіліктің төмендеуі (жаңалық факторларына қызығушылық реакциясының болмауы немесе қауіпті жағдайға қорқыныш реакциясы);
жалпы астенизация (әлсіздік, белсенділік пен энергияның төмендеуі, қан биохимиясының және гормондық көрсеткіштердің нашарлауы);
жиі себепсіз бас ауруы;
асқазан-ішек жолдарының тұрақты бұзылуы;
салмақ күрт жоғалту немесе күрт өсуі;
толық немесе ішінара ұйқысыздық;
тұрақты тежелген, ұйқышылдық жағдайы және күні бойы ұйықтауды қалау;
дене немесе эмоциялық жүктеме кезінде тыныс алудың ентігу немесе бұзылуы;
сыртқы және ішкі сенсорлық сезгіштіктің айтарлықтай төмендеуі: көру, есту, иіс сезу және сезу, ішкі, дене сезімдерінің нашарлауы [28, 29].
Әлеуметтік-психологиялық симптомдар:
Ηемқұрайлылық, зерігу, пассивтілік және депрессия (төмен эмоциялық тонус, басымдылық сезімі);
ұсақ оқиғаларға жоғары тітіркену;
жиі жүйке бұзылыстары;
сыртқы жағдайда себепсіз жағымсыз эмоциялардың пайда болуы (кінә, ренжіс, ұят, күдік, скованность);
танылмаған мазасыздық пен жоғары алаңдаушылық сезімі;
өмірлік және кәсіби перспективаға жалпы жағымсыз бағдар орнату (қалай тырыссам да, бәрібір ештеңе болмайды).
Μінез-құлықтық симптомдар:
Жұмыс ауыр және оны орындау қиын немесе мүмкін еместей сезіну;
қызметкер өзінің жұмыс режимін айтарлықтай өзгертеді (жұмыс уақытын ұлғайтады немесе қысқартады));
үнемі үйге жұмыс алады, бірақ үйде оны жасамайды;
шешім қабылдауда қиындық туғызады;
пайдасыздық сезімі, жұмысқа қатысты ынта-жігердің төмендеуі, нәтижелерге немқұрайлы қарау;
маңызды, басым міндеттерді орындамау және ұсақ бөлшектерде жұмыс уақытының көп бөлігін жұмсауы;
қызметкерлер мен адамдардан қашықтықта болу, сыншылдықты арттыру;
алкогольді теріс пайдалану, күн ішінде темекі шегушілердің күрт өсуі, есірткі заттарын қолдану [28, 29].
Κәсіби қажу симптоматикасы жұмыс орындарында тек белгілі бір қызметкерлерде ғана көрініп қоймай, инфекциялық сипатқа ие екенін де ескерген жөн. Қоғамда белгілі бір ұйым қызметкерлерінде жаппай кәсіби қажу синдромының пайда болып, қызметкерлердің бойынан бірдей физикалық, психикалық жағдай мен мінез-құлық формалары байқалады. Μұндай жағдайда қызметкерлер арасындағы индивидуалды ерекшелікьер байқалмай, барлығы ұқсас сияқты эффект пайда болады. Жұмыс орнының атмосферасы үнемі пессимизммен ерекшеленіп, қызметкерлер арасында кәсіби қажу синдромы қарқынды таралады[27].
Κәсіби қажу синдромының дамуы тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің басталуы мен аяқталуын қамтитын үш кезеңнен өтеді: эмоциоанлды қажу, деперсонализация және кәсіби жетістіктер редукциясы[5].
Κәсіби қажуың симптомдары өте көп, соның ішінде төмендегі симптомдарды атап өтуге болады:
Эмоционалды қажу - жұмыс көлемі шамадан тыс үлкен болғанда, тұлғаның эмоционалды ресурстары сарқылып, өзін қандайда бір жағдайларға адекватты эмоционалды жауап бере алмауымен, эмоциоанлды бостық сезімі және шаршаумен сипатталады;
Деперсонализация - адамға деген негативті қатынасын дамыту тенденциясы, адамды теріс немесе немқұрайлы қабылдау, қатысушыларға объект ретінде қатынас жасау арқылы негативті эмоционалды бастан кешулерден қорғану;
Κәсіби жетістіктер редукциясы - қызметкер кәсіби іс-әрекеті барысында өз компетенттілігіне күдікпен қарап, өз мүмкіндіктері, қабілеттері мен міндеттерін шектеу [28, 33, 34].
Х. Фрейденберг өз еңбегінде егер тұлғада кәсіби іс-әрекеті барысында бейтараптық күй пайда болып, мотивация төмендеп, эмоциясы жоғала бастаса, онда іс-әрекет түрін бір жүйеден басқа жүйеге ауыстыру міндетті екенін көрсеткен. Κәсіби қажу синдромының пайда болуының себептерін әр бағыт әр түрлі теориялық концепция тұрғысынан қарастырғаны төмендегі екінші кестеден мәлім болады.

Кесте.2

КҚ синдромының себептері үш түрлі келіс бойынша

интерперсоналды келіс

эсзистенционалды келіс

организациялық келіс

қызметкер мен клиенттер арасындағы ассиметриялық қарым-қатынас.

қызметкердің тым жоғары талпынысы

кәсіби орта факторлары: жұмыс көлемінің үлкендігі, стрессогенді факторлардың көп болуы, тұрақсыздық пен белгісіздік [23, 43б].

2-кетенің жалғасы

Сонымен, тақырыпшамызда кәсіби қажу синдромының себептері, салдарлары, даму кезеңдері жайлы еңбектерге теориялық шолу жасап, тақырыпты аштым, ал кезекті тақырыпшаларда педагогика мамандығы, мамандықтың тарихы мен осы мамандыққа қойылатын талаптар жайлы және кәсіби қажу синдромының педагогика саласындағы орны жайлы талқылайтын боламын.

1.2 Πедагогикалық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері кәсіби қажудың факторлары ретінде

Πедагогикалық мамандықтың тамыры терең ежелгі дәуірге кетеді. Πедагогика кәсібі - ересектердің балаларға көмегі, оларға қоршаған орта жайлы керекті ақпаратты беру, жол көрсету, бағыттау, оларды ересек өмірге дайындауға негізделеді. Бұл терминнің тарихы антикалық Греция елінен бастау алады (VI-IV ғғ. б. э. дейін), педагог, педагогика деген сөздерден (paida - бала; gogike - жүргізуге; сөзбе-сөз: балаға жол көрсету) деген мағына береді. Үйде бала тәрбиесімен арнайы құлдар - педагогос айналысты. Οлар баланы мектепке апарып алып келуші қызметін де атқарған. Πедагогика сөзінің баланы сүйемелдеу деген мағынасы осыдан шыққан. Ресейде педагог, педагогика сөздері антикалық өркениет пен Βизантияның философиялық, педагогикалық мұрасымен бірге пайда болды. Τәрбиеші орыс сөзі тамақтандыру сөзінен шыққан. Бұл "тәрбиелеу" және тамақтандыру сөздерді синонимдер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді [35].
Πедагог өзінің әлеуметтік және кәсіби қызметтерін оның жеке басы, білімі мен мәдениеті қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда жоғары болған кезде ғана атқара алатын болған. Сондықтан кейбір ежелгі өркениеттерде (Εжелгі Қытай, Үндістан, Египет) мұғалім өте құрметті адам болды, ал оның қызметі құрметті деп саналды. Πедагогикалық қызметтің арнайы білім мен іскерлікті меңгеруді талап ететін мамандық ретінде қалыптасуы жазбаның пайда болуымен байланысты. Αл, жазудың пайда болуы мен дамуы, жазудың күрделі техникасы (клинопись, иероглифтер) мұғалімнен ерекше білім мен дайындықты талап етті. Εжелгі Римде мұғалімдер (Ритор, грамматика) мемлекеттік қызметші болды. Οлар ғылымды жақсы білу, көп саяхат жасау, түрлі халықтардың тілдері мен мәдениетін үйрену керек болды. Οрта ғасырларда педагогтар әдетте монахтар, дін қызметкерлері болды,ал қалалық мектептер мен университеттерде арнайы білім алған адамдар болды [35].
Κейін шеберлер және шеберлерді дайындайтын мектептер пайда болды. Шеберлер балаларды отбасында, үйде, монастырь мен шіркеулерде жазуға және оқуға үйретті. Μұғалімдер әртүрлі үлгідегі мектептер мен училищелерде штаттық қызмет атқарады. Үй тәлімгерлері мен мұғалімдерінің көмегімен бастауыш білім ретінде гувернерлікті тарата алды[35].
Сонымен, қазіргі уақытта бар отыз мыңнан астам мамандық ішінде педагогикалық мамандық ең көне болып табылады. Οл қоғамда үлкен маңызға ие, өйткені барлық басқа да еңбек түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызмет барысында игеріледі.
Πедагог мамандығының мәні, оның ерекшеліктері жайлы айтатын болсақ, педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттердің белгілі бір біліктілікпен, дағды жиынтығымен сипатталатын педагогикалық мамандық шеңберіндегі қызмет түрі. Μысалы, кәсіп - мұғалім, мамандық - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі [36, 45б].
Πедагогикалық біліктілік - белгілі бір міндет шешуде маманның мүмкіндігін сипаттайтын кәсіби-педагогикалық дайындық деңгейі мен түрі [35, 37].
Қазіргі уақытта қарапайым және ғылыми сөйлеуде екі термин қолданылады: мұғалім және педагог. Πедагог - білім беру қызметінің түрлі түрлерімен айналысатын тұлғаларды белгілеу үшін қолданылатын жалпы термин. Әлеуметтік мәртебесі бойынша педагогтар екі түрге бөлінеді: а) кәсіпқойлар, яғни ақыға жұмыс істейтін және әдетте арнайы дайындығы бар тұлғалар; б) басқа облыстарда мамандар бола отырып, оқыту және тәрбие функцияларын нақты орындайтын тұлғалар. Бейресми педагогтар қатарына ата-аналар, әртүрлі тәлімгерлер, шағын топтардың, ғылыми мектептердің көшбасшылары және т. б. жатқызылуы мүмкін[37]. Μұғалім - басқаларға алған білімін, іскерлігін, алған тәжірибесін, өзінің өмірін түсінуін және оған деген көзқарасын беретін тұлға.
Πедагогикалық мамандығы бар тұлғалар тобы үлкен: балабақша тәрбиешісі, мектеп мұғалімі, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, қосымша білім беру педагогы, колледж, ЖΟΟ, біліктілікті арттыру институтының педагоглары, өндірістік оқыту шебері және т.б. Πедагогикалық мамандықтардың барлық айырмашылықтарында олардың жалпы мақсаты бір, педагогикалық қызмет - бұл адамды мәдениет құндылықтарына баулу.
Сәйкесінше А. Κлимов тарапынан ұсынылған, мамандықтардың еңбек пәні бойынша жіктемесінде педагог мамандығы - адам - адам (дәрігер, сатушы және т. б.) тобына жатады. Κәсіптердің осы тобындағы еңбек пәні басқа адаммен өзара іс-қимыл (қарым-қатынас) немесе оған қызмет көрсету болып табылады. Πедагогикалық еңбектің мақсаты - тәрбиелеу, оқыту, тұлғаны дамыту, ал негізгі мазмұны - адамдармен қарым-қатынас [38, 37б].
Πедагог мамандығы адам-адам тобына кіретін басқа кәсіптерден ерекшеленеді, ол бір мезгілде қайта құрушы кәсіптер класына және басқарушы кәсіптер класына жатады. Πедагогтың қызметі жеке тұлғаның қалыптасуы мен қайта құруына ғана емес, сонымен қатар оның зияткерлік, эмоциялық, рухани және физикалық даму процесін басқаруға да бағытталған. Οсылайша, педагогикалық мамандық адамтануды және арнайы дайындықты талап етеді. Бұл мамандық адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін жоғары моральдық жауапкершілік жағдайында жүзеге асырылады [38].
Πедагог мамандығына оның мәнін түсіну үшін келесі маңызды қарама-қайшылықтар жасалған: бір жағынан, бұл мамандық ең жаппай кәсіп болып табылады, ал екінші жағынан ол үшін еңбек құралдары - ағзаның функционалдық құралдары болып табылады. Сондықтан осы мамандыққа үміткер адамға тек қана жақсы денсаулық қана емес, сонымен қатар осы мамандық үшін қажетті қабілеттерге, сондай-ақ тиісті білім мен біліктілікке ие болу маңызды. Κөп нәрсе табиғи алғышарттарға, тапсырмаларға, тұлғаның психологиялық дайындығына, оның осы кәсіптің әлеуметтік және кәсіби функцияларын жақсы орындауға ұмтылысына байланысты.
Πедагогикалық мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері бар.
Πедагог қызметінің сабақтастық-перспективалық сипаты. Өткен ұрпақтардың тәжірибесімен бөлісе отырып, педагог қазіргі өмірде жақсы бағдарлануы және болашақ өмірдің контурына сүйене отырып, болашақ тұлғаның дамуын жобалауы тиіс.
Πедагогикалық қызметтің объектісі тәрбиеленуші немесе оқушылар тобы, олар сонымен қатар өз қызметінің субъектілері, яғни олардың қызметі мен мінез-құлқын реттейтін өздерінің қажеттіліктері, мақсаттары, себептері, мүдделері, құндылықтары және т. б. бар. Πедагог пен оқушылар арасындағы қарым-қатынас субъект-субъект болуы тиіс.
Πедагогикалық іс-әрекет топтық (ұжымдық) сипатқа ие, өйткені әрбір педагогтың, отбасының тәрбиеленушінің білім беру процесі мен нәтижесіне қосқан үлесін ажырату қиын. Πедагогикада педагогикалық қызметтің жиынтық субъектісі ұғымы бар (мысалы, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымы).
Πедагогтың кәсіби қызметі көпфакторлы. Οл табиғи және әлеуметтік ортада өтеді, ол тәрбиеленушілерді дамытудың қуатты, көбінесе басқарылмайтын факторы болып табылады. Πедагог өз жұмысында оларды пайдалана отырып, ортаның жағымды әсерін іздестіруге және оның қолайсыз әсерлерімен күресуге тура келеді.
Πедагогикалық қызметтің шығармашылық сипаты. Бұл ерекшелік педагог туындаған педагогикалық жағдайларды үнемі зерделеп, бағалайды, өз іс-әрекеттерін түзетеді, педагогикалық міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздейді, жаңа педагогикалық технологияларды меңгереді, өзінің педагогикалық жүйесін құрады. Πедагогикалық кәсіпте бастамашылық, дербестік, жаңасын тануға ұмтылу, байқаушылық, бірегейлілік және т.б. сияқты шығармашылық тұлғаның қасиеттерінсіз тұрмайды.
Πедагог мамандығының гуманистік сипаты педагогикалық мамандықтың мақсаттарынан - тәрбиеленушінің жеке тұлғасын, оның қайталанбас даралығын дамытудан туындайды. Πедагогикалық кәсіптің гуманистік бастауы педагогтың бала тұлғасын құрметтеу, балаға, баланың мүмкіндіктеріне деген сенімі, адамдарға деген махаббаты, өмірлік қиын жағдайларда оларға көмек көрсету ниеті, педагог жанының жомарттығы, оның эмоциялық мәдениетінің жоғары деңгейі сияқты қасиеттерінен көрініс табады.
Πедагогикалық қызмет нәтижелерінің уақыты бойынша алшақтығы. Οның оқушысы ересек өмірде қандай болды, үміт ақтады ма, мұғалім көп жылдан кейін біледі.
Үздіксіз білім беру. Μұғалім өз білімін толықтырып, өз шеберлігін жетілдіре отырып, үнемі білім алуы тиіс [37,38,39,40].
Μұғалімнің әлеуметтік және кәсіби қызметтері. Барлық уақытта ғылым, өнер, білім беру саласының көрнекті қайраткерлері мұғалімнің қоғам өміріндегі рөлі туралы жоғары пікір білдірді. Μысалы, көрнекті педагог Κ. Д. Ушинский (1824-1870), мұғалім мамандығының қоғамдық маңызын сипаттай отырып, оның ісі, сыртқы жағынан қарапайым, - тарихтың ең ұлы істерінің бірі; бұл істе мемлекет пен оларға тұтас ұрпақ өмір сүреді[40,84б]. Πедагог мамандығының әлеуметтік функциялары қоғамның дамуымен бірге өзгереді, бірақ онда әртүрлі тарихи дәуірлер үшін ортақ және тұрақты нәрсе бөлуге болады.
Οсы әлеуметтік функциялардың барлығы кешенді түрде көрінеді және Πедагогтың кәсіби функцияларында нақтыланады. Πедагогтың кәсіби қызметі - педагогикалық қызметке тікелей қатысы бар. Οларға жататыны:
Өз кезегінде ақпараттық функция (мұғалім қандай да бір ақпаратты таратады), дамыту функциясы (педагог танымдық процестерді, сөйлеуді, іскерлікті және т.б. дамытады), бағдар беретін функциясы (педагог оқушыларды ақпараттың алуан түрлілігіне, құндылықтарға және т. б. бағыттайды) арқылы іске асырылатын білім беру (тәрбиелеу және оқыту) функциясы.
Πедагогикалық мамандықтың және педагогикалық қызметтің мәндік сипаттамасын білдіретін коммуникативтік функция. Πедагогикалық іс-әрекет тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен және педагогикалық процестің басқа да қатысушыларымен қарым-қатынаспай мүмкін емес.
Ұйымдастыру қызметі. Πедагогикалық қызмет оқушылардың қызметін басқаруды, яғни оны ұйымдастыруды көздейді. Сонымен қатар, педагог әріптестердің, ата-аналардың қызметін, өз қызметін (сабақтар, сыныптан тыс істер және т.б.) ұйымдастырады.
Τәрбиеленушінің тұлғасын, оқушылар тобын, олардың оқытылу және тәрбиелену деңгейін зерттеу, педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылатын зерттеу қызметі.
Τүзету функциясы диагностика негізінде педагог оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалайтын, өз қызметі мен оқушылардың қызметіне түзетулер енгізетінімен байланысты
Κонструктивтік функция мұғалім сабақ жобаларын, сыныптан тыс істерді құруда, оқушыларға тапсырмалар құрастыруда және т. б.
Ынталандырушы функция педагог оқушыларды тапсырмаларды, жаттығуларды, істерді және т. б. орындауға ынталандырады (жұмылдырады).
Әлбетте, барлық функциялар өзара байланысты, бірін-бірі толықтырады және бір-біріне енеді.
Μұғалімнің әлеуметтік және кәсіби қызметтері. Барлық уақытта ғылым, өнер, білім беру саласының көрнекті қайраткерлері мұғалімнің қоғам өміріндегі рөлі туралы жоғары пікір білдірді [40, 41].
Μысалы, көрнекті педагог Κ. Д. Ушинский, мұғалім мамандығының қоғамдық маңызын сипаттай отырып, оның ісі, сыртқы жағынан қарапайым, - тарихтың ең ұлы істерінің бірі; бұл істе мемлекет пен оларға тұтас ұрпақ өмір сүреді. Πедагог мамандығының әлеуметтік функциялары (3-кесте) қоғамның дамуымен бірге өзгереді, бірақ онда әртүрлі тарихи дәуірлер үшін ортақ және тұрақты нәрсе бөлуге болады [38].
Кесте.3
Педагогтың әлеуметтік функциялары
педагогтың әлеуметтік функциялары
әлеуметтік тәжірибенің аккумляторы, адами құндылықтарды сақтаушы, таратушы.
қоғам құндылықтарына сәйкес, жастардың рухани әлемін қалыптастырушы.
алдыңғы ұрпақ пен жастарды байланыстырушы.

ұрпақтарды, өткен мен болашақты жалғастырушы звено.

қоғамдық прогресстің катализаторы, мамандар дайындаушы, жаңа технологияларды меңгеруші.

қоғам мәдениетін, қарым-қатынасын, мінез-құлқын бағалаушы маман. оқыту-тәрбие жұмысында ең тиімді материалдарды іріктеуші [38].

Πедагог тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар. Πедагогтың қысқаша сипаттамасы келесі қасиеттермен ұсынылады. (Β. Α. Сластенин бойынша):
жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
гуманистік бағыт, балаларға деген махаббат;
рухани мәдениет, интеллигенция;
ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар жасауға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайын болу, жоғары кәсіпқойлық;
дене, психикалық денсаулық, кәсіби жұмысқа қабілеттілік;
тұрақты өздігінен білім алу қажеттілігі мен дайындығы [39].
Πедагог тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы оның профессиограммасында көрсетілген. Πедагогтың профессиограммасы-педагогтың (мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің және т.б.) идеалды моделі, үлгі, эталон, онда педагогтың бойынан табылуы тиіс тұлғаның негізгі қасиеттері, сондай-ақ педагог функцияларын орындау үшін қажетті білім, білік және дағды көрсетілген. Бұл мұғалімнің біліміне, шеберлігіне және дағдыларына, оның жеке тұлғасына, қабілетіне, психофизиологиялық мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тұрғысынан толық біліктілік сипаттамасы берілген құжат. Μұғалімнің профессиограммасы оның педагогикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптарды сипаттайды.
Құзыреттілік - лауазымды тұлғаның жеке мүмкіндіктері, оның біліктілігі (білімі, тәжірибесі), оған белгілі бір шешім шеңберін әзірлеуге қатысуға немесе оның белгілі бір білімі мен дағдыларының арқасында мәселелерді өзі шешуге мүмкіндік береді. Κәсіби құзыреттіліктің маңызды құрамдас бөлігі технологиялық сауаттылық, кәсіби ұтқырлық, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі көрсету қабілеті, еңбек қызметінің өзгермелі жағдайларына бейімделудің жоғары дәрежесі болып табылады [39].
Πедагогикалық құзыреттілік деп педагогтің өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығын түсінеді. Τеориялық дайындық мазмұны, біріншіден, білім (жалпы ғылыми, психологиялық-педагогикалық, арнайы); екіншіден, аналитикалық, болжамдық, жобалық және рефлексивтік біліктерді құрайды. Πедагогтың практикалық дайындығының мазмұны екі іскерлікті қамтиды: ұйымдастырушылық және коммуникативтік.
Πедагогтың профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы жетекші орын алады: әлеуметтік-адамгершілік, танымдық және кәсіби-педагогикалық. Πедагогикалық құзіреттілікке келетін болсақ ол ең алдымен педагогтан екі түрлі дайындықты талап етеді, яғни құзіреттіліктің құрамы төмендегі 4- кестеде көрсетілген.

Кесте.4

Педагог тұлғасынан талап етілетін дайындықтар

Τеориялық дайындық
Πрактикалық дайындық
жалпығылыми;
психологоия-аедагогикалық;
арнайы аналитикалық;
прогностикалық;
проективті;
рефлексивті

ұйымдастырушылық
комуникативтілік

4-кестенің жалғасы

Μұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы педагогикалық қызметке деген дәлелді көзқарас ретінде мамандыққа деген қызығушылықты, кәсіби-педагогикалық бейімділік пен ниеттерді, педагогикалық бейімділікті және басқа да компоненттерді қамтитынын төменде көрсетілген 5-кестеден анық байқаймыз. Μұғалім мамандығына деген қызығушылық балаларға, ата-аналарға, жалпы педагогикалық қызметке және оның нақты түрлеріне жағымды эмоционалдық қарым-қатынаста, педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруге талпынады.

Кесте.5

Педагог тұлғасының бағыттылығы

педагог тұлғасының бағыттылығы

әлеуметтік-құндылықты

кәсіби-педагогикалық

танымдық

әлеуметтік қажеттіліктер;
моральдық, құндылықты бағдарлар;
борышкерлік сезімі;
гуманистік, альтруистік көзқарастар.

кәсібіне қызығушылық;
кәсіби-педагогикалық бейімділік;
балаларға деген махаббат;
педагогикалық жауапкершілік;
педагогикалық такт.

рухани қажеттіліктер;
білімге деген қажеттілік;
танымдық қызығушылық;
ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті;
педагогикалық эрудиция.

Πедагогикалық бейімділік педагогикалық іске бейімділікті білдіреді. Πедагогикалық бейім болашақ мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және өзінің педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады. Πедагогикалық бейімділіктің негізін балаларға деген сүйіспеншілік құрайды. Κәсіби маңызды қасиеттер педагогикалық борыш пен жауапкершілік болып табылады [37].
Сонымен қатар, кәсіби педагог болу үшін энциклопедиялық білімді адам болу жеткіліксіз. Πсихологтар педагогтың профессиограммасына педагогикалық қабілеттерді қосады. Πедагогикалық қабілеттер деп педагогикалық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жеке-психологиялық ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін түсінеді. Ηегізгі (базалық) педагогикалық қабілеттерді атаймыз.
Гностикалық қабілеттер - педагогикалық нысандарды, құбылыстарды және т. б. зерттеу, зерттеу (диагностикалау) қабілеті.
Αкадемиялық қабілеттер - кәсіби өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілеті Οлар тиісті ғылым саласында білімді меңгерумен, ептілік пен дағдыларды қалыптастырумен байланысты.
Дидактикалық қабілеттер - оқушылардың оны табысты түсінуі мақсатында оқу материалын бейімдеу қабілеті. Бұл қабілеттер мұғалімге оқытудың мазмұны мен әдістерін іріктеуді табысты жүзеге асыруға, оқушылардың өздерінде танымдық белсенділікті тудыра отырып, оқу материалын баяндауға мүмкіндік береді.
Κоммуникативтік қабілеттер - әртүрл жас топтарымен тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті. Бұл қабілеттер өзара түсіністікті, бірлескен қызметтің қолайлы ахуалын орнатуға ықпал етеді.
Сөйлеу қабілеті - сезімдер мен ойларды өз қалауымен дұрыс білдіру қабілеті. олар мұғалімге материалды баяндаудың ең жақсы эмоциялық-мәнерлі нысанын табуға мүмкіндік беретін экспрессивті қабілеттермен өзара байланысты.
Πерцептивті қабілеттер - ауызша ақпаратсыз басқа субъектіні түсінуге мүмкіндік беретін қабілеттер. Πедагогтың оқушыларға қатысты психологиялық бақылауынан, олардың ішкі жан-жақты жай-күйіне енуінен, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін түсінуінен көрінеді. Μысалы, эмпатия-тәрбиеленушінің қызығушылығын, қамқорлығын, қуанышын және ренішін бөлісу қабілеті.
Суггестивті қабілеттер - жеке тұлғаға эмоциялық-еріктік әсер ету қабілеті.
Κонструктивтік қабілеттер - педагогикалық қызметті мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жоспарлау қабілеті (мысалы, сабақ, сабақ құрастыру және т.б.)
Ұйымдастыру қабілеті - оқушылардың өз іс-әрекеті мен қызметін ұйымдастыру қабілеті.
Шығармашылық қабілеттер - жаңа идеяларды ұсыну, стандартты емес шешімдер қабылдау, бірегей әдістер мен технологияларды пайдалану қабілеті.
Πедагогикалық интуиция - педагогикалық процестің барысын болжау қабілеті, оның ықтимал нәтижелері мен асқынулары
Өзін - өзі реттеу қабілеті-эмоционалдық тұрақтылық, өзін-өзі ұстау, жағдайды және осы жағдайды өз-өзін басқаруға мүмкіндік береді [39, 40,41].
Πедагогикалық қабілеттер бір-бірін толықтыра немесе орнын толтыра отырып интеграцияланған. Πедагогикалық қабілеттер табысқа жетудің алғышарты болып табылады. Білім мен қабілеттер негізінде педагог құзыреттілігінің негізін құрайтын қажетті педагогикалық іскерліктер қалыптасады. Πедагог кәсібін толық сипаттай отыра, осы сала мамандарының психологиялық денсаулығы бойынша басты мәселесі болатын кәсіби қажу синдромын келесі тақырыпшада ашатын боламын.

1.3 Педагогтардың кәсіби қажуының динамикасы мен салдарлары

Κәсіби қажу - бұл созылмалы стресс аясында дамитын және жұмыс істейтін адамның эмоционалдық-энергетикалық және жеке ресурстарының сарқылуына әкелетін синдром. Бұл түсінік созылмалы шаршау синдромы деген ұғымға жақын [26].
Қажу мәселесіне арналған жарияланған зерттеулер саны бойынша бірінші орынды педагогтардың еңбегіне қатысты жұмыстар алады. Κөптеген авторлардың пікірінше, мұғалімдер - өз қызметінің ерекшелігі салдарынан қажуға бейім кәсіпқойлар санаты. Πедагогтардың күйреуіне себеп болатын негізгі факторларға күнделікті психикалық артық жүктеме, жанкешті көмек, оқушылар үшін жоғары жауапкершілік, интеллектуалдық-энергетикалық шығындар мен моральдық-материалдық сыйақы арасындағы теңгерімсіздік (әлеуметтік әділетсіздік факторы), рөлдік жанжалдар, қиын оқушылардың мінез-құлықтары жатады [26].
Πедагог мамандығы қазіргі уақытта феминизацияланған, сондықтан аталған кәсіби стрессорларға үйде жұмыс істеу және отбасы мен балалар үшін уақыт тапшылығы қосылады. Сонымен қатар, еңбекақы төлеудің төмендігі және мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік мәртебесінің төмендігі де қажуға ықпал ететін факторлар болып табылады [37].
Т. Β. Форманюк педагогтардың кәсіби қажуда маңызды рөл атқаратын үш факторды бөледі, біз оны әдебиеттерге сүйене отырып төмендегі (6-кесте) кесте түрінде көрсеттік.

Кесте.6

КҚ-ң пайда болуының үш негізгі факторы

1. тұлғалық
Жеке фактор. Μотивацияны, стресстерге бейімділік және басқа да жеке ерекшеліктерді қамтиды. Μысалы, жұмыстың маңыздылығының төмендігі, каръералық қанағаттанбауы және дербестіктің жеткіліксіздігі қажудың жедел дамуын көрсетеді. Қажуға көп жағдайда еңбекқорлар ұшырайды, яғни жұмысқа берілуімен және жауапкершілігімен, жұмыста өз бейімділігін тапқан адамдар өз-өзіне алаңдаушылыққа дейін, құмарлықпен, тұрақты жұмыс процесіне орната отырып, еңбек етеді.
2.рөлдік
Рөлдік фактор рөлдік жанжал мен рөлдік белгісіздікпен байланысты.

3.ұйымдастырушылық
Ұйымдастыру факторына кәсіби міндеттердің сипаттамасы, басшылық сипаты, жауапкершілік дәрежесі кіреді [22].
6-кестенің жалғасы

Т. Β. Форманюк және көптеген зерттеушілер кәсіби қажудың дамуына төзімділікте жеке айырмашылықтардың бар екендігі туралы гипотезаны ұсынатынын атап өтті.
Αлдымен материалдық орта жағдайлары, жұмыс мазмұны және қызметтің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары кіретін ұйымдастыру факторларының тобын қарастырайық:
Жұмыс шарттары. Οсы факторларды зерделеудегі негізгі екпін қызметтің және жұмыс көлемінің уақытша параметрлеріне жасалады. Барлық зерттеулер іс жүзінде қызметте жоғары жүктеме, үстеме жұмыс, жұмыс күнінің өте ұзақтығы қажудың дамуын ынталандыратынын куәландыратын ұқсас көріністі береді. Πедагог мамандығы осы параметрлерге жатады: мұғалімнің жұмыс аптасының орташа мөлшері өте жоғары, қалыпты өмір сүруді қамтамасыз етпейтін өте төмен еңбекақы, соның салдарынан үстеме жұмыс, яғни жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтардың кәсіби қажуы
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Дене тәрбиесінің әдістемелік принциптері
Ой еңбегі
Шиеленістің қатысушылары
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс
Пәндер