Жаратылыстану оқу бағдарламасы мен оқулығының мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау және тиімді оқыту әдістерінің әдістемелік негізін ұсыну



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
6
1
Мектеп оқушыларын жан-жақты дамытудағы тәлім-тәрбиенің ықпалы
8
1.1
Абай шығармаларының құндылығы
8
1.2
Тәрбие жұмысында жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жан-жақты дамыту
10
2
Жоғарғы ізгілік мұраттарының ең біріншісі-руханилық
15
2.1
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру
15
2.2
Педагогика баланың дамуы жайында
19

Қорытынды
22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
23

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан-2050 стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы былай делінген: ...Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс. Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс [1]. Осыған сәйкес бастауышта білім беру парадигмасы өзгерді. Онда жаңадан Жаратылыстану пәні, информатика деген пәндер оқу бағдарламасына енгізілді.
-қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
-өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін, салдарын;
-жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын меңгереді [2].
Бастауыш сыныптарда меңгерілетін Жаратылыстану пәні негізгі мектептегі Биология, География, Химия, Физика пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану және зерттеушілік білігін дамытуға бағытталған.
Ендеше осы оқушылардың кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруға әлеуеті жоғары жаратылстыну пәнін оқыту әдіс-тәсілдерін іріктеу, тәжірбиелеу мақсатын алдымызға қойып отырмыз.
Зерттеу мақсаты: Жаратылыстану оқу бағдарламасы мен оқулығының мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау және тиімді оқыту әдістерінің әдістемелік негізін ұсыну.
Зерттеудің міндеті:
-қазіргі білім беру жүйесін талдау;
-жаратылыстану пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын және ондағы ұстанымдарды ашып көрсету;
-бастауышта енгізілген жаңа жаратылыстану пәнін оқыту мақсаттары мен оның нәтижелік бағытын анықтау;
-жаратылыстану оқу жоспары мен оқулығы мазмұнын талдау.
Зерттеудің объектісі: жаңа жаратылыстану пәнінің мазмұны мен мүмкіндігін көрсету
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі.

1 Мектеп оқушыларын жан-жақты дамытудағы тәлім-тәрбиенің ықпалы
0.1 Абай шығармаларының құндылығы

Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Тарихтағы контент-сараптама Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі 20 Маусым 2014 71632 0 Сонымен қатар өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей бағыт берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда. Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: Біз қазақ елі мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізді жау басынбасын деп Ордамыздан құт қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз, Басымыздан намысты асырмаған елміз, Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз. Атаның өсиетін балаға, Баланың өнерін атаға Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді халыққа айта білген елміз [1]. Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам -- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда жеке адам және тұлға ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі -- оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы. Жеке адам болу дегеніміз -- азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати [2]. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері -- оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі
айырмашылығын айтуға болады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда жас және дара ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық әрекетін нәтижелі ұйымдастыру шарттарының бірі -- балалардың жас және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру [3].
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі және шығармашылық қызмет -- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиеттерден тұрады. Бүкіл адамзат тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері бар. Әлем әрқашан түрлі дауыстар, түрлі үндерден тұрады. Бір-біріне даралығы жағынан ұқсамайды әр адамның бойы, түрі, салмағы, дене бітімі, әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениеттің әр түрлі-деңгейі сияқты ерекшеліктер болып табылады. Адам дүниедегі ең басты құндылық. Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер етеді. Тек тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде адами әрекет құндылықтар арқылы реттеліп отырады. Аксиология құндылықтар табиғаты оларды реалдылықтағы орны және құндылық әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы философиялық ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін, оның адамгершіліктік санасын білдіреді. Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет болмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрып, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттермен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кең мағынасында алсақ, құндылықтар әлемі- мәдениет әлемі. Адам әрқашан кез-келген құбылысқа немесе обьектіге өзінің бағасын береді. Бір затты немесе құбылысты бағалау сана жұмысын талап етеді. Адамның шындыққа құндылықты қатынасы тек сананың негізінде ғана мүмкін болады. Алайда құндылықты сананың танымдық санадан ерекшелігі, ол зат немесе құбылыс не болып табылады деген сұраққа жауап іздейді. Сондықтан құндылықтар адамның рухани әрекет саласы, оның санасының (өзіндік санасының) жетілгендігінің, тұлғалық қалыптасу-деңгейінің, рухани байлығының көрсеткіші болып табылады. Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді. Бірақ қанағаттану құндылықтардың табиғатын бұрмалап қабылудауға алып келуі-де мүмкін. Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы деген ұстаным адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады. Бұл ұстанымда тұлғалық құндылықтар мен қасиеттерге қарағанда функционалдық тиімділік, пайдалылық алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан шынайы құндылықтар мен жалған құндылықтардың аражігін аша білу, тани білу маңызды болып табылады. Шынай құндылықтар деп -- адамға игілік әкелетін, оның бойында адамдық қасиеттерді қалыптастыратын, бақытқа бастайтын, қоғам мен жеке адамның ілгерлей дамуына ықпал ететін құндылықтарды айтамыз. Алдамшы жалған құдылықтар, уақытша жылтырап көрінгенімен, қоғам мен жеке индивидтің дамуына пайдасын тигізбейді. Шынай құндылықтар уақыт өткен сайын жарқырай береді, сан ғасырлар өтседе өзінің мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Шынай құндылықтар өмір мектебінің дәрістері тәрізді, онда бізге дейінгі адамзаттың маңдай алды өкілдерінің рухани ізденістері, ой-толғамдары, аңсаған армандары мен күңіренген күрсіністері көрініс табады. Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттері мен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі-де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастарға түсінікті болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді. Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының мәдениеті тарихында орасан үлкен орын алдған ұлы, ақын ойшыл Абай Құнанбаев. Ақынның эстетикалық және этикалық мәселелдер жөніндегі ой-пікірлері сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белесі болып табылады. Оның шығармаларындағы басты тақырыптарының бірі моральдық мәселелер болып табылады. Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейрімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Абай шығармашылығының негізгі өзегі -- адамның адамгершілік, ар-ұяты, ақылдығы болып келеді. Жеке тұлғалардың қалыптасуында моральдық ілімдерін, олардың теориялық дейгейін айтап қана қоймай, іс жүзінде ұстанатын парыз, әділеттік, мейрімділік, адамдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және басқа моральдық принциптерді танып -- білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну-индивидтенбірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті принциптердің бірі. Еркіндік адамның немесе жеке ұлттың халықтың өз мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыру. Адамның дүниеде болуының негізінде жатқан қасиет, ол еркіндік. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Адамдардың дүниедегі обьективті жағдайда таңдау еркіндігі болғанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктер қатарын неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. К.Маркс Еркіндік қажеттілігін және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланыстырады, Ф.Энгельс Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше ол адамның жаратысының күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі, Б.Спиноза Ең бастысы -- адамның еркіндігі оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді деген пікірді айтады [4]. Адам рухы әрқашан өзінің себебін біліп, жоғарыға көтеріп, адамнан жоғары не бар деген сауалға тоқталуы тиіс. Сонда ғана өзін-өзі жетілдіреді. Адам жападан-жалғыз болмайды, адам қоғамда ғана толық қалыптасады және оның да өзіндік ішкі дауысы бар. Рух материалдық әлемге сәйкес келмейтін өзінше ерекшелігі бар әлем болып табылады. Ғаламда рухтың екі түрлі көрінісі болады, біріншісі барлық материалдық нысандардың, құбылыстардың (органикалық, немесе органикалық емес дене болса да) өзіндік табиғи рухы болады, яғни кез-келген материалдық денеден, оның ішінде, тіптен, табиғаттың бір бөлігі ретінде көрініс беретін адам, ағзасынан да белгілі бір табиғи қуаттың күштің әлемге тарап отыратыны белгілі. Руханилық -- ізгі, ақылдың шешімі, ізгі жүрек өмір ізгі сезім, жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, Абайдың айтуынша адамгершілік -- махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және шешіледі, яғни рухани тәрбие -- адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниелерінің сұлулылығына тәрбиелеу деген сөз. Адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі. Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене бастағандығын оның барынша қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп соларды жетілдірі, өркендету жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең адамгершілік принциптерді көкке көтере бастағанын, аңғаруға болады. Нағыз қазақи рухтың сипатын рухани жетілуімізден, адамгершілік принциптерін сонау балабақшадан бастап халқымыздың діліне енгізе берудің тәсілдерін, іздеуіміз керек. Адам үшін жаудың үлкені оның өзінің бойындағы нәпсілік басылымдықтары болып табылады. Егер адам өзінің нәпсісін игеріп, оны руханилығымен көмкеріп отырса, онда оның рухы тазарады, халықтың ішкі бірлігі нығайып, адамға бауырмал бола түседі [5]. Сонымен қатар келер ұрпақтың болашағы үшін толыққанды жетілген тұлға болып қалыптасуының маңызы өте зор. Жастардың бойында ең маңызды деген моральдық нормалар, әдет-ғұрып, адамгершілік, ар-ождан, адамға ізгілік әкелетін рухани құндылықтар және адами қасиеттерге тәрбиелеу алдыңғы қатар ұрпақтың елшісінде деген ойға жетелейді
Бүгінгі күні Абай шығармашылығы несімен өзекті, өміршең, қажетті деген сұрақтар барша қауымды толғандыратыны анық. Дана Абай туылғанына 170 жыл толғалы отырған тұсында да, қанша уақыт өтіп, адамзат баласы жаңа формацияға, жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, рухани суаты, сарқылмас қазынасы болып отыр. Шындығында, ұлылардың мұрасы заман мен уақыт төрелігіне бағынбайды. Өз шығармалығын адамзат болмысына қатысты мәңгілік тақырыптарға арқау ете білген ғұламалар уақыт өткен сайын түрленіп, толығып, құндылығы арта түсетіні тағы бар.
Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлділ жарап шығып, өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де, хакім Абайдың жұлдызы биік тұратындығы неліктен? Ол ең алдымен Абай шыығармашылығың әмбебаптылығы, энциклопедиялығымен түсіндірілсе керек. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана қоймай, осы жанрларды әлемдік биікке шығара білуі, музыкалық мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінің мазмұн тереңдігі, ағартушылық, педагогикалық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат ғұламасы атануына арқау болды.
Бүгінгі қазақ қоғамы - дана Абай айтқан дерттерден толық арылып кетті ме? Абайды шерлі еткен қоғам мерездері біздің қоғамымызда толық жойылды ма?Абай заманындағы күрделі саяси-әлеуметтік ахуал, жаңа Қазақстанның басынан толықтай тәркі етілді ме?
Әрине, Абай заманынан бері, қазақ елі өте үлкен ғаламдық өзгерістерді басынан өткерді. Патшалық Ресей билігінен кейін, Кеңестер Одағы тұсы халқымыз үшін тәлкекті, нәубетті болса да, ауыртпалықтарды қайыспай көтере білген ел дамудың даңғыл жолына бет алған кезеңдер болды. Қазақ жері формацияларды алмастырды, индустриализацияны, ғылыми-техникалық прогрессті, ғылым мен білімді игерді, кешегі заманнан елдің тұрмыс-тіршілігі мен санасы елеулі өзгерді. Тәуелсіздігін алған қазақ елі жаһандық ықпалдасу көшінен кейін қалмай, шекарасы айқын, әлемнің барлық елдерімен терезесі тең қарым-қатынас орнатқан, өз алдына серпінді мақсаттар қойған, даму сатысынына жаңа белесіне қадам басқан мызғымас ел. Алайда, Абай шығармашылығына өзек болған мәселелер олар - мәңгілік тақырыптар. Жан мен тәнмен жаратылған адам баласының рухани өмірінде мәңгілік болатын діңгекті мәселелер. Материалдық, техникалық тұрғыдан адамзат қоғамы қаншалықты дамып, өмір сүру тым қолайлы әрі жеңіл, ыңғайлы болғанымен, адамның жан мен тәннің қосындысы екендігі, оның санасы, ақыл-ойы, ішкі жан дүниесі, руханияты мен ділі қатпарлы болатындығы белгілі. Абай заманынан бері, адамзат ақыл ойы, әсіресе, әлемнің дамыған, бәсекеге қабілетті елдерінде жаңа деңгейге көтерілді. Ол елдерде дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық сана, құқықтық мәдениет адам баласының бақытты өмір сүруіне мол мүмкіндіктер беруде. Қазақ қоғамы - адами қасиеттер, менталдық, руханияттық тұрғыда қаншалықты ілгері дами алды? Абай шығармашылығына арқау болған - жалған құндылықтар, жалған намыс, надандық ұяты, қызыл сөз, өсек, өтірік, мақтаншақтық, аярлық, күншілдік, надандық қасиеттерден толық арыла алдық па? Абай сынды ұлы қаламгерлердің ойларының құдіреті әрбір жеке адамның жеке қасиеттерін қозғаумен қатар, тұтас бір ұлттың, мемлекеттің адамгершілік келбетін таразылайды, тіпті ол шеңберден де шығып, тұтас адамзат баласының адамдық қасиеттерінің сапасын анықтайды. Ақынның этикалық мөлшерлерінің адамзат баласына ортақ мәңгілік құндылықтарға негізделгендігі себебінен оның көтерген мәселелері қазақ баласы үшін ғана емес, барлық адамзат баласы үшін өте өзекті болып қала бермек.
Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы - толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Абай аңсаған Толық адам - идеалды адам ба? Өмірде толық адам болып өмір сүру мүмкін бе? Абайдың толық адамы тек діни-моральдық бағдарлы ғана адам ба?
Абай шығармаларының құндылығын тек қана діни құндылықтарға алып келіп тіреп қоюға болмайды. Абай дін тақырыбында өте терең білімді ғұлама болғанымен, әсіре діншіл, не діндәр емес. Ол туралы Абай өз қара сөздері мен өлеңдерінде анық айтып кеткен. Ал отарлау езгісіне түсіп, рухани-этикалық тұрғыдан ұсақталып бара жатқан халқына, тура жол мен тура дінді нұсқау барысында ғибратты діннің ілімін түсіндіріп, тәрбиелік, танымдық мақсатта көптеген ойларын қалдырған. Ол тұста дүмше молдалық пен дүмше діншілдіктің кең қанат жайған тұсы болғандықтан, асыл діннің маңызын түсінген ақын, халықты клерекализмнен, соқыр діннен, соқыр діни санадан сақтандырып, діни қажеттілікте де мол оқу мен ізденіс керектігін халықтың санасына сіңдірген. Жалпы адам өмірінің, адамзат тіршілігінің мәнін дінсіз таразылау қандай мәнсіз болса, адамзат өмірінің құндылығын тек дінмен ғана түсіндіру, дінмен ғана шектеу сондай мәнсіз. Дана Абай ұлыларға ғана тән тереңдікпен, діни таным мен қоғамдық сананы, ғылымды, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды сабақтастырып, адамзаттық ілімді, Адам бол қағидатын ұстанып, сол ілімді барша адамзатқа үндейді.
Абай шығармалары қазіргі таңда адамзат қоғамының дертіне айналған ұлтшылдық, ксенофобия, нәсілшілдік, фашизм, діни антагонизм, клерекализм мәселелеріне түбегейлі қарама-қайшы. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жаһандық мәселелерге айналған ұлтшылдық, ксенофобия, нәсілшілдік, діни антагонизм, радикализм мен фанатизм, клерекализмнің емі, айықтырар жолы Абай шығармаларында жатыр.
Абай шығармашылығына арқау болған құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп, салтанат құрса, сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде. Абай ілімі құндылықтары аяқ асты болып, екіжүзділік, аярлық салтанат құрған қоғамдар шырғалаңға қадам басып, іріп-шіру сатысында тұр.
Ақынның жиырма бірінші қара сөзінде айтылатын - мақтан деген қасиет бар. Қазақ халқының бойындағы мақтан сезімі туралы Абайдың айтқандары бүгінгі күні жаңа сатыға көтеріліп, мемлекетіміздің стратегиялық бет-пердесіне айналды. Жауырды жаба тоқу, кілең жылт еткен жақсыны ғана термелеу, айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады дегендей түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі керек қажетті дүниелерді қоғам игілігі, азаматтардың бақытты өмір сүруі үшін емес, ұпай жинау, мансап, көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін істейтін даңғаза деңгейіне жеткізу белең алып кеткені жасырын емес. Елбасының көтеріп отырған дамыған 30 елдің қатарына ену, бәсекеге қабілетті мемлекеттермен теңесу сынды бастамалары нақты іс пен көрсеткіш, нәтиже емес құр сөзбұйдаға салыну, көзбояушылық болып бара жатыр. Лепірме сөз, лепірме ұрандар, ішкі мазмұн мен сапаға үңілмей дақпыртқа үйірсектеу, жалғандыққа алып келіп, мақтанудың ұлттық дертке айналғандығы көрініп тұр. Әрине, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері аз емес, оны ешкім жоққа шығармайды, жоққа шығаруға тырысу ол нағыз қиянатшылық, дегенмен әсіре мақтанға жол бермеуге тырысу қажет. Қазақстан мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде ішкі жалпы өнім пайызы еселеп арттып, отандық өнімдер молынан өндіріліп, елімізде ғана емес экспортқа шығарылғанда, ел ішінде кең қанат жайған өзін өзі өлтіру, қылмыс, түсік жасау, тастанды бала, қарттар үйі, жұмыссыздық, баспанасыздық мәселелері шешіліп, сыбайлас жемқорлық ауыздықталғанда (әлем бойынша жемқорлықты қабылдау факторы бойынша Қазақстан 126-орында), сөз бостандығы көрсеткішінен әлемдегі 166-орыннан алғашқы отыздыққа кіргенде елдің өркендеуі туралы сөз етуге болады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік пайда болып, ол асқынған кезде мақтаншақтық қасиетке ұласады.
Дана Абайдың ұлылығы сол - жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Қырық төртінші қара сөзінде адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір бәрекелдіні керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, бәрекелді деушіні көңіл іздеп тұрады деп адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай бәрекелді тілегіштік біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік телеарналар мен баспасөзде тек бәрекелді тілегіштік сарын, бәрекелді тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, не шешілмеген түйін жоқ па деген ой тудыруы да мүмкін. Әлемнің дамыған 30 елінің ұстанымдары қалай? Адамдық сапа-қасиеттерді мейлінше сараптан өткізген бұл дамыған елдерде мақтан мен бәрекелді тілегіштік саясат әбден екшеуден, талқыдан, тараздан өткен сыңайлы. Ол елдер жүргізіліп отырған саясаттың жемістілігін - БАҚ-та айтылып, жазылған бойынша не Үкіметтің есебінен емес, азаматтардың тұрмыс-тіршілігінің көрсеткішінен есептейді.
Қазіргі жаһанданған қоғамда құндылықтар, өркениеттер, саналар қақтығысы орын алуда. Бір конфессияның екінші бір конфессиямен шиеленісі тым күшейіп отыр. Еуропа құндылықтары үшін қатардағы іс, өзге елдер үшін кешірілмес күнә, барып тұрған азғындық. Ондай әрекеттері үшін ортағасырлық жазалау әдістері дайын тұр. Діни құндылықтарды адами құндылықтан жоғары қою, асыл дінді дұрыс түсінбеу, түсіндірмеу түрлі қасіреттерге алып келуде. Кертартпа, соқыр, жалған, таптаурын сенім, намыс адамзат қоғамын жалпыадамзаттық құндылықтардан алыстатуда.
Абай отыз алтыншы сөзінде надандықтың ұяты деген қасиетті айтады. Ұялмайтын нәрсеге ұялатын, ұялатын нәрседен ұялмайтын тоғышар санадан, ергежейлі рухтан, таяз парасаттан, соқыр надандықтан, парықсыздықтан, ардың ластығынан туыындайтын әрекет. Абайдың Надандықтың ұяты ұғымы - ақын өмір сүргеннен бері екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, адамзат сана, таным, парасат тұрғысынан жаңғыра алмай отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты қазақ қоғамына да менталдық, рухани, парасат тұрғысынан жаңаратын, ескіліктің шеңберінен шығып, жаңаға ұмтылатын, құндылықтар дүниесінде ревизия жасап, дақпырт пен даңғазаға, кертартпалық пен соқыр нанымға, таптаурынға, екіжүзділік пен аярлыққа, жалған намыс пен мақтанға толы рухани, адамгершілік келбетімізді жақсартуға, адам құқықтары мен бақытын дәріптейтін жалпыадамзаттық құндылыққа ұмтылатын кезең келді.
Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған, аяқ асты болған қоғамда - адам ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы жоғары қоғамда ғана адам өзің толық бақытты сезінеді.
Отыз төртінші сөзінде : Адам баласына адам баласының бәрі - дос деген хакім Абай өлеңдерінде Адамзаттың бәрің сүй - бауырым деп жырлап, ұлтқа, дінге, нәсілге, әлеуметтік жікке, жынысқа бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндеуі, қазіргі адамзат қоғамының басты ұранына айналуы тиіс. Мынау бізге жат, мынау бізге теріс, мынау мүлде болмайды, мынау өзге діннен, мынау өзге ұлттан деп адам мен қоғам түрлі шектеу, тыйым, наразылық, жиіркеніш, жеккөрушілікті өршіткенде ешқашан келісім мен татулық болмайды. Адамзат қоғамы Абай сынды ұлылардың парасаты арқасында ұлық, биік. Әлем ұлыларының асыл ойлары адам баласын бақытты өмір сүруге шақырып отырады. Адамзат баласының бақыты ол - шектеу мен тыйымдардан ада, жаны мен тәнінің үйлесімі, жан қалауын жүзеге асыра білу мүмкіндігі, адам құқықтарының салтанат құруы.

0.2 Тәрбие жұмысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Стандарт туралы ұғым
Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Пәндер