Психикалық таным процестерінің жалпы сипаттамасы


ДӘРІСТІК КЕШЕН
1 лекция. Психикалық таным процестерінің жалпы сипаттамасы (3 сағат) .
Психикалық таным процестері мәліметтерді өңдеудің бірдей жүйесі ретінде. Мәліметтерді өңдеу деңгейлері. Өңдеудің әртірлі деңгейлерінде мәліметтерді бұрмалану мәселесі. Таным сферасында мәліметтерді өңдеу процесінде субъект және субьективтілік ажырамас бөлімі ретінде. Субъективизмді жеңу мәселесі.
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология - айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis - білім, таным) - философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол - бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формалді логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі. Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты-белгілі бір жүйедегі информация ағының қозғалысын бақылау.
Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.
Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.
Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Ежелгі Мысырда жер өңдеу геометрия мен математиканың қалыптасуын жеделдетті, ол кеме жөндеу мен сауда ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын ілгерілетті.
Екіншіден, практика өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты болып табылады. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет. Олар заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден-бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар, физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған. Егер де білім практикада қажет болмаса, оның әлеуметтік құндылығы төмендей береді.
Үшіншіден, практика адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар мен идеаларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу.
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
- Сезімдік таным:
- Тікелей бейнелеу;
- Сыртқыны бейнелеу;
- Жекеніі бейнелеу.
- Рационалдық таным:
- Жанама бейнелеу;
- Ішкіні бейнелеу;
- Жалпыны бейнелеу.
Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.
Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.
- Сезімдік таным түрлері:
- Түйсік;
- Қабылдау;
- Елес.
- Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
- Ұғым;
- Пікір;
- Ой-тұжырымы.
Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер объектілердің жекелеген қасиеттерін бейнелейді-қызыл, қатты, тәтті т. б. Қабылдау-затты, құбылысты толық бейнелеу.
Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете алмайды. Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз - шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. “ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды”.
Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың формасын анықтау. Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.
Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір-заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. Пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді.
Ой-тұжырымы деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді. Ойдан ой туады - деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған. Ой-тұжырымы “үш түрлі білімдерден немесе ойлардан құралады: бастама ой (посылка), яғни түйіннің (заключение) шығатын көзі, шығатын (туатын) ой (выводное знание), яғни бастама ойдан шығатын ойға өтудің мүмкіндігін көрсететін ой не білім”
Ой-тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысын білдіреді. Қарапайым ой тұжырымының мысалы: “Адам ақылды жан. Сондықтан ол дүниені тани алады”. Таным және практика.
Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы мағлұматтар алдық. Таным-адамның ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі. Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі, жетілген сайын ол таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді.
Таным екі деңгейден тұрады:
- үйреншікті, қарапайым таным
- ғылыми таным.
Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды роль атқарады. Дегенмен, дүниенің терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.
Ғылыми таным дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.
Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.
Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып табылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге, функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке бөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі дегейін-эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.
Эмпириялық таным-бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді.
Эмпириялық білім-теориялық зерттеулер мен ғылыми мәселелерді қоюдың маңызды стимуляторы. Тәжірибенің мәліметтерінің негізінде диаграммалар, карталар, жобалар жасалады, алғашқы болжамдар мен қорытындылар тұжырымдалады, алынған мәліметтердің өзара байланыстары анықталады.
Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз-зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау-сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады. Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындауға тиіс:
- Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты беруге тиіс.
- Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.
- Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Өлшеу зерттеліп жатқан объектің сандық сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Эксперимент дегеніміз-белгілі бір құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытына өзгерту арқылы зерттеу. Тарихи тәсіл заттың барлық тарихын жан-жақты, әртүрлі көріністерімен баяндап, жаңғыртады. Ал логикалық тәсіл заттың дамуының тек жалпы қисыны мен бағыттарын және қайшылықтарын ғана қарастырады. Моделдеу деп зерттеу мақсатында арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғыртуды айтамыз. Мысалы, қоғамның нарықтық қатынастарға өтуінің теориялық моделін жасап, оның барлық көріністерін бақылап отыруға болады.
2 лекция. Түйсік (3 сағат)
Түйсік және қабылдаудың өзарабайланыс мәселесі. Түйсіктің жіктелуі. В. Вундтың сенсуализмі және қазіргі практикалық психология. Бейненің пәндік мазмұны.
Түйсік дегеніміз - сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.
Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.
Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды да білеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге - қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды.
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.
И. В. Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.
Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б. ) үш бөліктен тұрады.
1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор) . Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.
2) Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары) .
3) Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар. (мидағы түрлі нерв орталықтары) .
Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер - экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады) .
2. Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.
3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары - проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.
2. Түйсік қасиеттері.
1. Адаптация - сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.
2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А. Р. Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъекті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланысты тосыннан болған әсерлерден туындайды.
3. Синестезия - грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.
4. Сенсибилизация - сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.
Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.
2. Түйсік жөніндегі көзқарастар.
Түйсіктер адамға қоршаған ортамен өзіне тән сигналдарды қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды тереңірек дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Көптеген тұжырымдар философия тарихында күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы емес, табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл ой қабілетіміз, - деп ойлаған. Рационализм философиясының негізіне алынған бұндай көзқарастың мәні : психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, санамен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндірілмейтін қасиеті. Идеалистік тұжырымдаманы қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келді.
Бұл көзқарасты кезінде философ идеалист (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) «сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (құлақ, көз, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр. Бұған идеалисттердің келтіретін дәлелі: көзге қандай әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қлошаған дүниенің объективті әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің субъективті кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдады. Бұл сезім көзі- түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz