Тоқырау кезеңіндегі Қазақстан: кеңестік социализмге наразылықтар мен 1979 жылғы Ақмола толқулары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді. Шынтуайттап келгенде, онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А. Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік -монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды. 1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л. И. Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 - 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады. Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж. ) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.

Неміс автономиясы мәселесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылымық пен тоқырау кезеңіндегі Қазақстандағы кеңестік тоталитарлық режим және оның саяси-қоғамдық салдары
Джон Стейнбектің Қаһар романы: Ұлы Тоқырау кезеңіндегі әлеуметтік наразылықтың бейнесі
1971-1985 тоқырау кезеңі: Кеңестік Қазақстандағы саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстар мен радиациялық-экологиялық салдарлар
1950-1980 жылдардағы Қазақстан: реформалар мен экономикалық тоқырау
Қазақстан тарихы: Алаш әскерінен кеңестік тоталитаризм мен тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық жобаларға дейін
Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан және 1986 жылғы Желтоқсан: ұлт-азаттық көтеріліс
1970-1991 жылдардағы Қазақстан: тоқырау кезеңінің экономикалық және экологиялық зардаптары мен ұлттық-саяси ояну
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі: шығу себептері, Уақытша ереженің рөлі және Орал-Торғай толқулары
1960-1985 жылдардағы Қазақстан: рухани, әлеуметтік-экономикалық тоқырау және экологиялық дағдарыстар
Қазақстан Коммунистік партиясының қалыптасуы, басқару жүйесіндегі тоқырау және дағдарыс жылдарындағы қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz