Ойлау туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

ZHANGIR KHAN UNIVERSITY
СРС

Орындаған: Мұрат Б. С.МААХҒ -11
Тексерген: Джакупова А.

Орал қаласы, 2020 ж

Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері.
Ойлаудың құрылымы және теориялары.
Сөйлеу және оның түрлері.
Сөйлеудің қоғамдық сипаты.

Ойлау- өзіндік ішкі қарама - қарсы қайшылықтарға толы процесс, жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі, тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады.
Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау - бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.
Ойлау-дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі ,танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді,әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой қорытындысы.
Ұғым - бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден - оның қасиеттері,жағдайлары,байланыстарыж әне қатынастарынан тұрады. Әрбір зат,әртүрлі көптеген қасиеттерді,белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды.неғұрлым заттың маңызды белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады.
Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе нақтылы және дерексіз.
Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б.
Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз-ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б.
Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия)
Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау.
Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі. Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау
Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтас-тыру (классификациялау) проблемасы бірнеше бағытта шешімім табуда.
Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түр-лері - дискурсивтік: өз кезөң, кезегімен өрістей дамы-ған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезең-дері нақтыланбаған, мазмуны толық ұғылмаган ойлау процесд
Шешілуі қажөт мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шыгармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға багытталады, оның нәтижесіндө қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бурыннан бар шешімнің жетілгөн өдісі жүзөге көледі. Шыгармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығарма-шылдықтан айырмашылығы - дайын білімдермен ептілік-терді қолданып, өскі сүрлеумен жүре білу.
Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әркеті теориялық және практикалық болып бөлінеді.Және бір жагынан, практикалық ойлау объектив құ-былыс деп қаралғанның өзінде де, ол сезімдік-қимыл деңгейіндегі ой щмысы сипатында ескерілді, сондықтан да тәжірибелік ақыл жұмысы қабылдау құбылысынан бө-ліктенбей, тікелей затпен байланысқан қимылдарға тең-герілді. Алайда, өмірде тек "теоретиктер" ғана ой толғап қоймайды. Практикалық ойлау - бұл сәби ойының бастау формасы емес, ересек адамның пісіп жетілген ойлау қабілеті (Б. М. Теплов). Шынында да, күнделікті тұрмысымызда терең ой толғауларын қажет ететін кейбір күрделі қызметтер туындайтыны бәрімізге аян. Адам ақылының ең жоғары деңгейіндегі көрінісін ұлы жасампаз практиктер Абылайхан мен Бауыржан Момышұлы жәнө дана теоретиктер Әл-Фараби мен Қаныш Сәтпаевтардың қызметтерінен байқаймыз.
Ойлау түрлерін классификациялауга байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі - шешілуі тиіс болган мөселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты-әрекеттік; 2 көрнекі-бейнелі; 3) сөзді-логикалы болып түрленеді. Затты-әрекеттік ойлаудың кәрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды (ситуацияны) жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей багытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл ойлау формасы ересектер тәжірибесінде де көптеп кездеседі. Мысалы, үй жиһаздарын ауыстырғанда; бұрыннан таныс болмаған механизмдермен жұмыс істеген сынаушылар мен конструкторлар қызметінде, яғни нәтижесі әлі күңгірт болған әрекеттерді орындау барысында қолданымын табады.
Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен қүбылыстардың тікелей іздері емес, олардың есте қалган елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады.
Қарапайым формада көрнекі-бейнелі ойлау 4-7 жас-тағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекетпен емес, дәлелденген нысанды қабылдап, көрнекі-бейнесін еске, көз алдына келтірумен байланысты. Осындай жолмен ғылымда атом ядросының, схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.
Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді.
Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан. Қандай да тәжірибелік іске кірісу алдын біз оның нәтижелік бейнесін көз алдымызға келтіреміз, яғни болашақ істі теориялық болжастырамыз.
Әр адамда оның ақыл-қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен әр тулғаның ақыл сапасы көрінеді. "Ақыл" түсінігінің ауқымы "ойлау" түсінігінен кеңірек келеді, себебі "ақылдылық" интеллект сияқты тек ойлау қабілетінен көрінбей, басқа да таным процестерінің тұтастай желісінен байқалады. Кей адамдар ойлауда көрнекі-бейнелерді көбірек пайдаланса, бас-қалар теориялық тұжырымдарды негізіне алып, ой жүгіртеді. Ой әрекетінің ерекшелігі сондай-ақ адам көңіл-күйі мен де, оның топтаған білімдері мен еңбек, тұрмыс тәжірибесіне де, өзінде қалыптастырған ойлау әдістеріне де тәуелді келеді.
Тұлғаның ойлау дербесшігі оның жаңа мәселе-лер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістер-мен шеше білуінде, ал бұл қабілет өз кезеңінде ойлаудың белсенділігімен, яғни кезіккен міндеттер мен мәсе-лелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап, әзінше шешім жолдааы мен қүралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мүндай ерекшелігі, әсіресе, мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылығы басым болган 3-4 жастағы сәбилер үлкендерге "неге олай?", "неге бұлай?" деген сұрақтарды жиі қояды.
Ойлаудың жеке дара ерекшеліктерін әңгімелей отырып, келесі жәйтті өстен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзі емес, адам, біртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейінде қалып жатқанының куәсіміз, сондықтан әрқандай ұшқыр ойдың жасампаз, белсенді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз дарынды қызметін пайдалы, өнімді еңбек әрекетіне жұмсағаны жөн.
Сөйлеу туралы жалпы ұғым
Адам озінің өмір кажетін өтеугс байланысгы басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалык, ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуыпың маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына кабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды.
Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қағамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Интеллект және оның функциялары
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны
Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨРІНІСІ
Жалпы психология пәні
Сана мен таным
Логикалық ойлау қабілеті
Ойлау
Теоретикалық ойлау - заңдарды, ережелерді тану
Пәндер