Психика мен сананың дамуы
Психика мен сананың дамуы. Психикаға түсінік, психиканың көрінісінің формалары.
Ми және психика, психиканың қасиеттері.
Психика эволюциялық үрдістің факторы мен өнімі ретінде.
Сананның құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы.
Сана психиканың дамуының жоғары сатысы ретінде.
Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.
Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм - барлық табиғатқа: биопсихизм - тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм - тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі - тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның өзі - фототропизм, хемотропизм, термотропизм болып бөлінеді.
Психиканың өзінің даму сатыларына келсек:
- біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік) психика сатысы
- келесі даму сатысы - перцептиптік психика сатысы.
- психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы - интеллект сатысы.
Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жөнінде Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықтар қосумен бірге бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Психиканың өсіп дамуына эволюциялық теорияның көзқарасы бойынша өсіп-даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар. Даму - сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың дамуына жаңа сапалар пайда болмайды, даму - бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес - психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму.
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін қүрайтын іргетас.
Жануарлар мен адамдардың психикалык әрекетінің материалдық негізі -мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты аксон қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармагы бар. Нейрондардьщ тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық шеткі (перифериялык) және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өн-бойына _орналасқан .
Жүйке жүйесінің, кызметі жайында зерттеу жүргізіп, алғаш рет байсалды пікір айткан - француз ғалымы Р. Декарт (1596 -- 1654). Ол өз еңбектерінде- жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал рефлекстін биологиялык сипатын ашып көрсеткен -чех ғалымы Иржи Прохаске (1749-1820), Ол ғылымға рефлекс ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді. Рефлекс-латын сезі, казақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы- сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің ағзаның жауап қайтару реакциясы.
Ми - психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның кабығында пайда болатын козу мен тежелу - психиканын физиологиялық негізі. Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру - организмнін үнемі езгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінін, мінез-кұлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады.
Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым И. П. Павлов мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болатындығын ашып көрсетті.Сигнал - латын тілінде -- сигнум - қазақша - белгі, таңба деген сөз. И. П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.
Динамикалық стереотип. Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі динамикос - қазақша - қозғалыс жағдайында болу, стресс тупое - казақша - қатты таңба деген грек сөздерінен шықкан.
Жоғары жүйке қызметінің заңдары - И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкізаңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жергешоғырланатынын (концентрация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді.
· Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде ы, і әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кездеқозу процесінің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр. Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып отырады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді.
· Мысалы, жаңағы ы, і әріптерінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастырмай танитын болады. Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организмөмірінде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.
· Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдайларда ми сыңарлары қабығының клеткаларынмөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды.
· Мәселен, ұйқы - бұл мидың барлық алабына тежелудің жайылуы.
· И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі - өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама-қарсы процесс - қозу пайда болады. Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді.
· Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады. Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзегеасып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz