Тұлғаның құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тұлға туралы түсінік..
Тұлғаның құрылымы.
Тұлғаның қазіргі кезеңдегі теориялары.
Кажеттіліктер. Кажеттіліктердің түрлері.
Мотив.
Тұлға бағыттылығы.

Ерте кезден бастап-ақ тұлға түсінігі қалыптаса бастаған. Тұлға түсінігі алғашында бетперде (маска) дегенді білдірген, ол бойынша оны көне театрдың актёрі киіп, рөл ойнаған. Кейінірек тұлға термині қоғамдық өмірдегі адамның шынайы рөлі деп түсіндірілді. Тұлға түсінігі көпжақты. Кон И.С., бір жағынан алғанда жеке тұлға нақты бір индивидті, индивидуалды қасиеттері және оның қоғамдық рөлдерімен қоса сипатталатын әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлғаны еңбек ету, түсіну және қарым-қатынас жасау субъектісі болатын, басқа адамдармен тікелей және жанама араласу процесінде түзілетін, индивидтің интеграцияланған әлеуметтік мәнді сипаттар жиыны түрінде, әлеуметтік қасиеттер ретінде қарастырады .
Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса , соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады.
Леонтьев А.Н. ойынша, тұлға - бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тұлғаның қасиеттеріне өте алмайды. Өзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді, қалыптасатын тұлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Тұлға, индивид сияқты субъекттердің өмірлік қарым-қатынасын жүзеге асыратын интеграциялық процестің өнімі.
Жоғарыда айтылған анықтамалардан түсінетініміз, тұлға - бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше жоғарғысезімді қасиеті болып табылады. Жоғарғысезімді, яғни іштей бөлшектенген, күрделі қасиет. Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі, мiнез-құлық, сөз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, өз тәртібімен, келбетімен және т.б. бейнеленедi.
Психологияда тұлғаның құрылымын бейнелейтін бірнеше үлгілер бар (Ковалев А.Г., Мерлин В.С., Платонов К.К., Крутецкий В.А., Щербаков А.И.). Барынша негізделген және қалыптасқан құрылымды Платонов К.К. ұсынды. Тұлға қасиеттерінде әлеуметтік және биологиялық қатынастар өлшемінің негізінде, оның құрылымында төрт иерархиялық қатынасатын ішкі құрылымдар бар: бағытталу, тәжірибе, психикалық процесстердің даралық ерекшеліктері, биопсихикалық ерекшеліктер.
XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты. 48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.
Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е).В- мінезді, F-функциональдық тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)
Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.
Социодинамикалық теориядамінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді.
Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).
Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.
Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.
Құрылымдық теория- тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.
Динамикалық теория- тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.
Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.
Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады.
Адамның өмір сүруі көп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе физиологиялық ұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамның түсінуіне тойтарыс етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке шақырып, мінезінің себебі түрінде болады. Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін адамға үнемі өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек, салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік, мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру.
Қажетті әрекетіне ауысқанды адамның психоэмоцианалдық, психомоторлық өзгерістері пайда болады, олар адамның өмір жасына, білім денгейіне, қабілеттілігіне, жекелік қасиеттерімен байланысты болады. Қажетті адамның қасіретіне, ерігінен әсер етіп, жеке адамның бағытын құрады. Басымды болатын қажеттік басқа қажеттіліктерді басып, адамның іс әрекетінің негізгі бағытын анықтайды мысалы: шөлдеген адам судан басқа ештемені ойламайды. Басқа адам өнегелі қажеттікті бастан кешіреді, ол шөл түгелі өзінің өмірін қиюға бас тартады. Қажеттік ұғынулық аз ұғынулыққа бөлінеді. Аз ұғынушылар үнемі мазасы кетіп себепсіз жағдай жасайды. Адам өзінің сана сезімімен өзінің қажеттілігін реттейді, осымен жануарлардан айырмашылығы бар. Қажеттердің реттеген кезде мыналарды есепке алу керек: сыртқы факторларды, моральдық мінез құлқын, адамның жасын. Төртінші - адам өзінің қажеттілігін қамтамасыз етіп реттейді, басқа елдердің қажеттілігін, қоғамның сапасын есепке алады. Сыртқы факторларға кіретін қоршаған ортасы: өмір, қоршаған орта, әлеументтің, рухтың, материалдық жағдайлары. Өзгермейтін факторлар: жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы. Қажеттіліктің іске жєне әрекетке көшуі эмоциямен сақталады. Эмоция дегеніміз қажеттіліктің индикаторлары. Қажеттілікті қамтамасыз ету үшін эмоция жағымды, жағымсыз болады.
Барлық қажеттік үш топқа бөлінеді:
І топ - виталдық (өмір сүру қажеттілігі, өзінің өмірін қамтамасыз ету)
ІІ топ - әлеуметтік (қоғамда өзінің орнын табу)
ІІІ топ- танымдық (ішкі және сыртқы әлемді танып білу)
Американдық психофизиолог А. Маслоу 1956 ж адамның 14 негізгі қажеттілігін анықтап, оларды бес сатыға бөлген:
Физиологиялық қажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзін қорғау.
Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтамасыз етуін ыңғайлау.
Әлеуметтік қажеттілігі - қоғамдық қарым - қатынастар.
Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну
Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттап, өз ой-пікірі.
Бағыттылық - адамның әлеуметтік және рухани жағынан даму динамикасы, оның мінез-құлқының негізгі тенденциялары көрінетін ең маңызды феномен. Бағыттылық үнемі әлеуметтік тұрғыда шартталады және онтогенезде оқу, тәрбиелеу процесінде қалыптасып, тұлғаның құрылымы ретінде көрінеді.
С.Л. Рубинштейн бойынша, тұлғаның бағыттылығы динамикалық тенденцияларды білдіреді, мұнда мінез-құлық мотиві ретінде адамның іс-әрекеті анықталады. Тұлға бағыттылығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жеке тұлға туралы ақпарат
Педагогикалық - психологиялық ғылыми әдебиеттерде тұлғаның қалыптастуындағы адамгершілік мәселесінің зерттелуі
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Жеке тұлға құрылымы өмір жолының субъектісі ретінде
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде
Тұлғаның психологиялық сипаттамасы
Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Тұлғаның психикалық дамуы
Пәндер