Қарым - қатынас түрлері


- Қарым-қатынас туралы ұғым. Қарым-қатынас түрлері.
- Қатынас жасау құрылымы және оның қызметі.
- Шағын топ және ұжым. Топтағы өзара қарым-қатынас динамикасы.
- Тұлғааралық қарым-қатынастың феномендері.
Қарым - қатынас дегеніміз біріккен іс- әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір -бірін қабылдауы.
Қарым - қатынас - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым - қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И. А. Зимняяның айтуынша қарым - қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелуде. Қарым- қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломова, А. Р. Лурья, В. Н. Мясищев, А. В. Петровский зерттеген.
Кіші мектеп жасында қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми негізін А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, Х. Т. Шерьязданова және т. б. қалаған.
Оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Е. И. Головаха, А. Б. Добрович, А. А. Бодалев, И. С. Кон, Л. А. Петровская, В. В. Столин, Н. И. Шеврандин, Л. Д. Стрляренко, Қ. А. Айдарбеков, Т. М. Шалғынбаев т. б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж. Морено, Д. Карнегин.
А. Н. Леонтьев ic-әрекеттің кай түрі болмасын қарым-қатынаспен кабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.
Ал отандық ғалым С. М. Жақыпов бүтіндей оку-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бipi және оқытушы мен оқушының арасындагы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық, танымдық, іс-әрекеттік тиіміділігінің критерийі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, карым-катынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті калыптастыру үрдісіне жетекшілік жасауға мүмкіншілік пайда болатындығы дәлелденеді.
Қарым - қатынастың келесі аспектілері болады:
- Қарым-қатынастың мазмұны дегенімізол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.
- Қарым - қатынастың мақсаты дегенімізол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы
- Қарым-қатынастың әдіс - құралдарына мыналар жатады:тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар
Қарым - қатынастың типтері:
Манипулятивті қарым -қатынас -партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз.
Диалогты қарым-қатынас - біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым - қатынастың ерекшелігі - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.
Императивті қарым - қатынас - авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез - құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.
Іскерлік қарым-қатынас - тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.
Рухани - жеке тұлғааралық - бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әртүрлі тақырып қозғалады.
Топ - әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т. б. болуы мүмкін. Адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Табиғи топтар шағын және үлкен топтар деп бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады.
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығынын ең жоғарғы фомасы - ұжым . Ұжы- ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымдық -индивидтің кіші топқа қатысын анықтайды. 2 концепция да топтың дамуын қарастырады. Бір фазадан екіншісіне өту индивид іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты ұжымдық мәдениетті жалпы бәрінен жағдайын қараумен байланысты. Бұл - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.
Топтағы өзара қарым-қатынас - адамдармен қатысты барлық жерде пайдаланылады, алға қойған мақсатқа жетуде, жақсы дағдылар болып табылады. Бұл- бетпе бет, вербальді, вербальді емес ақпарат алмасу, адамдар арасындағы немесе топтағы пікір алмасу болып табылады .
Тұлға аралық қарым - қатынасқа мотивация, оқыту, , кеңес беру кіреді.
• Мотивация -бұл динамикалық ағым, адамды іске жетелейтін эмоцианальді жағдай . Жеке және топтық оқытылу -Оқытылып жатқан қатысушыларға керек ақпаратпен қамтамасыз ету . Алынған мәлімет тыңдаушының білімін жетілдіруіне, ал әдістері оның орындалуын, оқу үрдісі оқып жатқанның тәжірбиелік қарым қатынас орнату, мінез құлқын өзгертуге септігін тигізеді.
• Кеңес беру-бұл адамдардың бетпе бет қарым қатынасы, кеңес алушыға нақты толық ақпарат беруге, клиентке қиындықтарын шешуге және қарсы тұру үшін көмектеседі . Жеке кеңес беру -бұл клиентке өміріне қатысты шешім қабылдауда немесе өмір тәртібін өзгертуге септігін тигізетін көмек.
• Егер қарым- қатынас сәтсіз болса, аяғы да сәтсіз болады. Егер ақпарат әртүрлі түсінікте болса, онда ол түсінік көптеген жағымсыздық әкеледі. Әрқашанда сізден артық білетін біреу бар. Қарым- қатынас көп болған сайын, түсінісу қиын болады. Бұл пікірлер нақты емес қағида болып табылады, бірақ әзілдеп болса да дұрыс қарым қатынастың қиындығын көрсетеді . Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады. Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланыстықарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарымқатынастар (дәріс оқу, баяндама және т. б. ) ;
- Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады) ;
- Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарымқатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарымқатынастың екінші жағы - қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі - тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz