Қазіргі таңдағы оқыту технологиялары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1-тақырып : Қазіргі таңдағы оқыту технологиялары .

Практикалық сабақтың қысқаша тезисі: Сабақты студенттер заманауи технологиялар жайлы ғалымдардың пікірлерін оқып, талдайды. Өз пікірлерін білдіреді. Бір-біріне сұрақ қойып, сұрақтарға жауап береді. Студенттер топпен жұмыс жасайды.

Жоспар:

1. Субъектінің іс-әрекеті.

2. Ж. Пиаженің пікірі.

3. Ж. Пиаже мен Л. С. Выготскийдің ойы.

1-топ субъектінің іс-әрекеті жайлы оқып, талқылайды.

Субъектінің іс-әрекеті - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторы . Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды.

Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «баласыздық» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек.

Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т. б. ) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер) . Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты.

Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қойса да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.

Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер - бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері - барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Жан Пиаже ойлау психологиясында беделі мойындалған тұлға болып табылады. Пиаже ойлауды зерттеудің жаңа əдісін ойлау дамуының заңдылықтарын жəне қызмет етуін зерттеуге бағытталған клиникалық əңгімелесу əдісін ұсынады. Психологтің ойынша əңгімелесу баланың ойлауын зерттеуге мүмкіндік береді, өйткені ересектің сұрақтарына баланың берген жауаптары зерттеушіге ойлаудың тірі үдерісін ашады. Ж. Пиаженің ойынша əңгімелесу əдісі келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: ересектің сұрақтары баланың тəжірибесінен бөлек болуы тиіс. Білімдерге, дағдыларға, іскерліктерге қатысты сұрақтарды қоюға болмайды; əңгімелесу эксперимент ретінде ұйымдастырылуы тиіс. Зерттеуші балаға сұрақ қойғанда ойлаудың факторларымен себептері жайында қайсыбір болжамын тексереді, ал жауабын алғанда ол сол болжамды дəлелдейді не жоққа шығарады. Сол себепті клиникалық əңгімелесу əдісінде сұрақ қоюдың қатаң, стандартты реті болмайды. Олар баланың жауаптарына байланысты жəне зерттеушімен верификацияланатын болжамның түрленуіне сəйкес икемді өзгеріп отырады.

2-топ мүшелері Ж. Пиаженің пікірін оқып, талқылайды.

Ж. Пиаженің ойынша, бала ойлауының дамуы - бұл эгоцентризмнен децентрацияға ұласатын ой операцияларының алмасуы. Зерттеуші ол үдерістің үш кезеңін көрсетеді: субъекті мен объектінің теңдестірілуі, өзін жəне қоршаған əлемді ажырата алмаушылық; эгоцентризм - дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық; Децентрация - дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу. Пиаженің бала ойлауының эгоцентрлігі жайлы феноменді ашуы оның ең үлкен жаңалығы болды. Эгоцентризм - бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге асады. Біріншісі - əлемнің объективті жəне субъективті қабылдау түріне ажыратылуы. Екіншісі - субъектінің ақыл-ой ұстанымының шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың дамуын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыстарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды.

Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлау туралы жəне оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дəуірді құрайды. Олардың тарихи мəні өте зор. Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу əдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін əдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен жəне кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.

Баланың ойлау мəселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келеді деп айтуға болады. Дəстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырады. Ж. Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді жəне бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құрауға, мағыналарды біріктіруге, т. б. өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды. Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мəселелерге аударылады.

Бала ойлауының əртүрлі ерекшеліктерін біріктіріп тұратын орталық тізбектің мəні неде? Ол Ж. Пиаже теориясының негізгі көзқарасы тұрғысынан, бала ойлауының эгоцентризмінен тұрады. Бұл - оның барлық жүйесінің негізгі жүйкесі, бұл - оның барлық құрылысының басты бөлігі. Ж. Пиаже бала логикасына тəн белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады. Барлық белгілер жиынтықты құрады, ал ол өз кезегінде баланың логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлау мен баланың іс-əрекетінің эгоцентрлік сипаты жатыр. Бала ойлауының басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктерінен туындап отырады жəне оның дəлелдеуіне немесе жоққа шығарылуына байланысты бала логикасының əркелкі белгілерін біртұтас етіп біріктіріп, ұғындырып, мағыналап, тұруға ұмтылатын теориялық жалпылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки түседі. Мəселен, автор синкретизмді бала эгоцентризмнің тікелей нəтижесі дейді.

3-топ мүшелері Ж. Пиаже мен Л. С. Выготскийдің ойын оқып, талқылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың қазіргі технологиялары
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Биологияны оқытудағы жаңа технологиясының әдістері
Биологияны оқытуда педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі
Оқытудың әдіснамалық негіздері
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Имитациондық модельдеудің заманауи технологиялары
Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz