Философиялық көзқарастың ерекшелігі


№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Философия пәні, функциялары және міндеттері.
Негізгі сұрақтары:
1. Философия және дүниетаным. Ғылыми, философиялық, діни дүниетаным.
2. Мифология, дін және философияның арақатынасы. Қоғамдық дамудағы мифтердің рөлі.
3. Философия білімнің ерекше түрі ретінде рухани қызметі.
1. Философия пәні, объектісі және қызметі.
2. Көзқарас ұғымы, оның құрылымы. Философиялық көзқарастың ерекшелігі.
3. Философияның негізгі мәселесі, оның шешімі.
4. Философия пәнінің саналуандылығы, оның құрылымы және философияның ерекшеліктері. Философияның міндеті (функциясы) .
1. Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.
Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.
Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.
Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю) - жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік) . Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым - қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
2. Қазақ әдебиетіндегі мифология өзіндік тарихы бар, іргелі сала ретінде қалыптасқан, орныққан зерттеу нысаны. Мифология туралы зерттеулер жүйесінің бастауы мифтер, яғни мифтік сюжеттер болып табылады.
Мифтерді адамзаттың балаң, ақыл-ойы, санасы толық жетілмеген кезде, табиғаттың алдында өздерін әлсіз, бағынышты сезінген кезде ойлап тапқан шытырман сюжетті, қызық оқиғаларға толы баяны немесе табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұра алмай, оның алдында құрып бара жатқанда шығарған қиял-фантастикалық сюжеттегі шығармалар десе, кейінгілері мифтер байырғы халықтардың мәдени, рухани байланысының көрінісі, миф астарында неше түрлі құпиялар жатыр, олардың сырын ашып, кәдеге жарату үшін күрделі зерттеулер қажет деген пікірлерді алға тартады.
Мифтер әдебиет саласында қызықты әңгімелер ретінде оқытылып жүр. Дүниежүзілік мифтердің ішінде грек мифтері мен мысыр (египет) мифтері айрықша маңызды орын алады десек артық айтқандық емес. Себебі аталған елдердің мифтік шығармалары үзік-жұлық емес, тұтастай сақталып қалған, әрі оқиғалары толық болып суреттеледі. Грек мифтеріне көп ұқсайтын Египет мифтік әңгімелері құрылымдық жағынан көркемдік сипаттарымен ерекшеленеді. Екі елдің де мифтік туындыларында құдайлар, титандар, жауыздар мен ізгілердің айқасы, адамдар мен құдайлардың қарым-қатынасы суреттелген.
Мифтер, аңыздар ежелгі тайпалардың, халықтардың ақыл-есінің жоғары деңгейде болғандығын көрсететін бірден-бір дәлел.
Мифті көп жылдар бойы зерттеуші ғалымдар тек адамның қиялынан, ұшқыр ойлауынан туған шығармашылық мұра ретінде бағалап келді.
3. Философия - адамның рухани қызметінің, қоғамдық сананың ерекше түрі. Бұл болмыс пен танымның жалпы қағидалары туралы ілім. Қоғамның және қоғамның дамуының жалпы заңдылықтары туралы ойлау.
Философия әлем мен ондағы адамның орнына көзқарастың жалпыланған жүйесін білдіреді, адамның әлемге танымдық, құндылық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Бұл ғылым Қоғамдық болмысқа белсенді әсер етеді, идеалдарды, адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Философия, дінге қарағанда мифологияға және дүниетанымның басқа да түрлеріне, өз ұстанымдарын ұтымды негіздейді.
Қазіргі уақытта нақты зерттеулер философиялық білімнің мынадай салаларында жүргізіледі: логика; философиялық антропология (адам философиясы) ; этика (адамгершілік философиясы) ; Ғылым философиясы; техника философиясы; Тарих философиясы; мәдениет философиясы; дін философиясы.
Философияда құрылымның келесі деңгейлерін немесе негізгі элементтерді бөлуге болады:1) Метафизика. 2) Онтология. 3) Аксеология. 4) Гносеология (эпистимология) .
Негізгі функциялар:1) дүниетанымдық. 2) әдіснамалық. 3) Праксиологиялық.
Философия баяндауының өз тәсілі бар, сұрақтарды қойып және оларға жауап беруге тырысу. Философияның категориялары жалпы байланыстарды, заттардың қарым-қатынасын көрсетеді. Өз жиынтығында олар адам интеллектінің негізін құрайды.
Бұл кез келген құбылыстарға қоса берілетін жалпы ұғымдар: болмыс, материал, зат, құбылыс, себеп-салдары, кездейсоқ-қажеттілік және т. б. . Қазіргі әлемде білімнің одан әрі дамуы, оның дифференциациясы мен интеграциясы жүріп жатыр. Ғылымда жаңа бағыттар пайда болу үстінде: кибернетика, синергетика және т. б. . Оның ішінде философиялық білім де қоғам және мәдениетпен бірге дамуда.
1. Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері оның пәні, объектісі және қызметі. Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары сияқты болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель. Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім ; гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология -адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың болмысқа, рухтың материяға қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық сұрақ қояды. екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.
Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антика мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыс танымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыс танымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демакрациялау туралы мәселені шешу мен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф. Бэкон, Т. Гоббс және т. б. жатады.
3. Қазіргі философиялық мәселелер. Қазір Бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды мәселелер қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық жағынан алға басу, халық ағарту және мәдениет мәселелері, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық және әлеуметтік жағдайларға үйренуі, материалдық қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т. б. сияқты күрделі мәселелер бар.
Осы мәселелердің бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, оның болашағына зор әсер етуде. Ең басты мәселе - бейбітшілік пен қарусыздану мәселелері болып отыр, себебі дүниежүзілік термоядролық соғыс - адамзаттың бәрін, тіршілігін мүлде жоқ етеді. Сондықтан адам болашағы деген мәселе философияның өзекті мәселесі болып қала береді, ал оны қарастыру, зерттеу өзге де ауқымды ғаламдық мәселелердің шешілуімен тығыз байланысты. Бұл мәселе, ең алдымен, өндіріс пен мәдениет салаларында, саясат пен идеалогия аяларында, дүниетанымдық көзқарас пен адамгершілікте айқын көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz