Шымкент қаласында орналасқан, бір қабатты эксплуатациялық жөндеу пункті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

«Ғимараттар және имараттарды жобалау» кафедрасы

«Энерготиімді ғимараттарды жобалау және олардың құрылысы» пәнінен курстық жұмысқа

Түсіндірме жазба

Тақырыбы : «Шымкент қаласында орналасқан, бір қабатты эксплуатациялық жөндеу пункті»

Орындаған: РПЗС-31 тобының студенті

Қабылдаған : PhD ., доценттің м. а.

Нұр-Сұлтан

2020ж

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
: 1.
Кіріспе . . .: Сәулеттік-құрылымдық бөлім . . .
3: 4
:
Кіріспе . . .: 1. 1 Бас жоспар . . .
3: 4
: 2.
Кіріспе . . .: Энерготиімді ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі . . .
3: 7
:
Кіріспе . . .: 2. 1 Сыртқы қоршау құрылымдарының жылу-техникалық есептеулері . . .
3: 8
: 3.
Кіріспе . . .: Энерготиімді ғимараттың сәулеттік-құрылымдық шешімі . . .
3: 13
:
Кіріспе . . .: 3. 1 Негіз және іргетас . . .
3: 13
:
Кіріспе . . .: 3. 2 Қабырға . . .
3: 14
:
Кіріспе . . .: 3. 3 Есік және терезе . . .
3: 15
: 4.
Кіріспе . . .: Заманауи энергиялық тиімді технологиялар. Энергия тиімділігі мен экологиялық қағидаттарды сақтау . . .
3: 17
:
Кіріспе . . .: 4. 1 Ғимараттағы ауаны желдету және жылыту жүйелері . . .
3: 17
:
Кіріспе . . .: 4. 2 Сумен жабдықтау . . .
3: 19
:
Кіріспе . . .: 4. 3 Қаріз . . .
3: 20
:
Кіріспе . . .: 4. 4 Электрмен жабдықтау . . .
3: 21
:
Кіріспе . . .: 4. 5 Үй-жайларды табиғи жарықтандыру және инсоляция . . .
3: 22
:
Кіріспе . . .: 4. 6 Өрттен қорғау шаралары . . .
3: 24
: 5
Кіріспе . . .: Ғимаратымыздың энерготиімділік класын анықтау . . .
3: 25
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 29
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған деректердің тізімі . . .
3: 30


Кіріспе

Әзірленетін өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттар құрылыстарының жобаларында құрылыс материалдары мен энергия ресурстарының барлық түрлерін үнемді және ұтымды пайдалануға ерекше назар аударылады.

Құрылысшылардың алдына қоғамдық кешендер салу, құрылысты ұйымдастыруды жақсарту міндеті қойылды. Зауыттарда сапасы жоғары құрылымдарды шығаруға, жергілікті құрылыс материалдарын пайдалануға ерекше назар аударылды.

Құрылыстағы шығындарды қысқарту ғимараттардың ұтымды көлемдік-жобалау шешімдерімен, құрылыс және әрлеу материалдарын дұрыс таңдаумен, конструкцияны жеңілдетумен, құрылыс әдістерін жетілдірумен жүзеге асырылады.

Бұл жобаның архитектуралық бөлігі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген. Жоба Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да нормалардың талаптарына сәйкес орындалды және жұмыс сызбаларында көзделген іс-шараларды сақтай отырып, объектінің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

  1. Сәулеттік құрылымдық бөлім

1. 1 Бас жоспар

Ғимарат атауы: Шымкент қаласына салынатын, бір қабатты эксплуатациялық жөндеу пункті.

Бас жоспар шешімі шағын ауданның құрылысына байланысты қарастырылған. Ғимаратымыз оның бөлмелеріне инсоляция шарттарын қанағаттандырарлықтай етіп орналастырылған.

Жөндеу орталығының құрылысының территориясы көрші тұрған құрылыс объектілеріне байланысты келесідей белгілі нормаларға сай қарастырылады:

  • Санитарлы-гигиеналы
  • Өртке қарсы шаралар
  • Үй-жайлардың инсоляциясы.

Аумақты жоспарлы ұйымдастыру, учаскеде функционалдық элементтерді орналастыру шағын ауданның барлық жағынан адамдардың кіруі мен өтуін қамтамасыз етіледі.

Ғимаратымыздың барлық қасбеттерінің бойында өртке қарсы техниканың өтуі қамтамасыз етіледі.

Жоспарланып отырған ғимарат учаскесі Шымкент қаласы маңындағы Қайнарбұлақ шағын ауданында орналасқан. Эксплуатациялық жөндеу пункті құрылысына бөлінген учаске, жер бедері біркелкі, құрылыстан бос, бағалы жасыл желектері жоқ.

Ғимарат учаскесін абаттандыруға шаруашылық алаңдар, демалыс алаңдары, спорт алаңы, автокөлік тұрағы кіреді. Ал көгалдандыру жұмыстарына негізінен ғимараттың оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінен жел соғуы басым болғандықтан, бұталары қалың ағаштар отырғызу көзделеді. Онымен қоса, бұталар мен гүлзарлар отырғызылады.

Барлық көрсетілген жоспарлау элементтері өзара жаяу жүргіншілер жолдары жүйесімен байланысты.

Бас жоспардың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері:

  • Учаскенің жалпы ауданы - 3968 м2
  • Көгалдандыру ауданы - 1556 м2
  • Қатаң жамылғы ауданы - 2412 м2
  • Құрылыс көлемі - 3280 м. куб

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-11 (22).png

1-сурет. Бас жоспар

Ауданның климатты шұғыл континентальды болып келеді және оның негізгі көрсеткіштері «ҚР ҚЖ 2. 04-01-2017 Құрылыс климатологиясы» :

  • Климаттық аудан: IVB
  • Жел соғу бағыты: ОШ [1. сурет]
  • Топырақтың қату тереңдігі: 1. 36 м
  • Қар жамылғысы: 22. 4 см
  • Қар жамылғысының жату ұзақтығы: 66 күн
  • Ауаның орташа ылғалдылығы: 57%
  • Шілде айының орташа ауа температурасы:+26, 4℃
  • Қаңтар айының орташа ауа температурасы:-1. 5℃;
  • Ең суық бес күндіктің орташа ауа температурасы: -14. 3 ℃;
  • Орташа шаңды боран соғу ұзақтығы: 3. 9 күн
  • Орташа тұман түсу ұзақтығы: 29 күн
  • Орташа найзағай байқалуы ұзақтығы:19 күн

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-20 (2).png

1-сурет . Шымкент қаласының жел розасы

( бас жоспар сызбасында көрсетіледі )

2. Энерготиімді ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімі

Үлкен көлемдегі ғимараттарды жобалаған кезде, яғни сауда ойын сауық орталықтары, мектеп және кітапханалар т. с. с. ғимараттардың ішкі кеңістігін функционалдық қызметіне қарай оңтайлы етіп орналасуына және бір-бірімен байланысы қиындық тудырмайтынына ерекше мән беру қажет.

Әр ғимараттың функционалдық тағайындалуы оның пішініне байланысты әртүрлі болады. Бір қабаттағы функционалдық қызметі әртүрлі бөлмелерді байланыстыратын көлденең коммуникациялар, яғни дәліздер, рекреациялар, фойе, атриумдар, ал қабаттар арасын байланыстыратын тік коммуникациялар: баспалдақтар, лифттер, пандустар, эскалаторлар.

Жоспарда жобалап отырған ғимаратымыз екі аралықты.

Габаритті өлшемдері:

  • А-В осьтері бойынша - қадамы 6 метрден жалпы -12 м;
  • 1-5 осьтері бойынша - қадамы 1-3 осьтер арасы 6 м., 3-4 осьтер арасы 11. 4м. және 4-5 осьтер арасы 12. 6 м., жалпы 36 м.

Менің жобалап отырған ғимаратым бір қабатты эксплуатациялық жөндеу пункті. Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүгізілетін зал және офистік жұмыс орындары және санитарлы торап қарастырылған ( үй-жайлардың экспликациясы 1-кестеде көрсетілген ) . Қабаттағы функционалдық қылметі әртүрлі бөлмелер ортақ, ені 1. 4м болатын дәліз арқылы байланысады. Дәлізге қосымша инсоляция және күн радиациясымен қамтамасыз ету үшін шатырда арнайы фонарьлар орнатылады. Кіреберіс есіктері ғимараттың, сәйкесінше 1-5 (оңтүстік) және А-В (оңтүстік-шығыс) қасбеті жағынан орын алады және автокөліктерге арналған екі дарбазалар ғимараттың 5-1 қасбетінің (солтүстік) жағынан жоспарланған.

Жертөле қабаты мен мансарда жоқ.

Көлемдік жайғастыру шешімінің технико-экономикалық көрсеткіштері:

  • Жалпы ауданы - 389. 703 м2
  • Пайдалы ауданы - 385. 293 м2

Конструкциялық шешімі - аралас.

1-кесте. Бөлмелер экспликациясы

Атауы
Ауданы, м 2
№: 1
Атауы: Жөндеу бөлімі
Ауданы, м2: 138. 41
№: 2
Атауы: Механикалық бөлімі
Ауданы, м2: 29. 82
№: 3
Атауы: Ағаш бөлімі
Ауданы, м2: 36. 82
№: 4
Атауы: Аспаптық-үлестіру қоймасы
Ауданы, м2: 17. 38
№: 5
Атауы: Ұста бөлмесі
Ауданы, м2: 7. 17
№: 6
Атауы: Басшы бөлмесі
Ауданы, м2: 11. 15
№: 7
Атауы: Бас инженер бөлмесі
Ауданы, м2: 11. 15
№: 8
Атауы: Диспетчер бөлмесі
Ауданы, м2: 11. 15
№: 9
Атауы: Кеңсе
Ауданы, м2: 29. 50
№: 10
Атауы: Медпункт
Ауданы, м2: 11. 15
№: 11
Атауы: Буфет
Ауданы, м2: 10. 62
№: 12
Атауы: Ерлерге арналған гардероб
Ауданы, м2: 10. 37
№: 13
Атауы: Әйелдерге арналған гардероб
Ауданы, м2: 10. 30

2. 1 Сыртқы қоршау құрылымдарының жылу-техникалық есептеулері

Бастапқы деректер:

  • құрылыс ауданы - Шымкент қаласы;
  • қоршау құрылымдары - пенополистирол γ =25 кг/м3оқшаулағышы бар, көбікблокты және керамикалық кірпіштің қапталған сыртқы қабырға; қырлы тақта, пенополистирол, ылғал оқшаулағыш мембрана, қарағай ағашы және металл жабынынан тұратын шатыр және құм төсеніші үстінен гравий, табиғи тасты бетон, гидрооқшаулағыш және жылу оқшаулағыш қабаты мен темірбетон қабаттарынан тұратын еден. (оқшаулау түрі құрылыс аймағына байланысты қабылданады) ;
  • ішкі ауа температурасы tв= + 20℃
  • ең суық бес күндік температурасы tн5= минус 14. 3℃
  • жылыту кезеңінің орташа tот. пер. = минус 1. 5℃
  • жылыту кезеңінің ұзақтығы Zот. пер. = 143 тәулік
  1. Ғимаратымыздың сыртқы қабырғасының есебі (қабырға құрылымы 2-кестеде көрсетіледі) .

2-кесте. Қабылданған сыртқы қабырға құрылымы

Қабат атауы

Тығыздығы

γ, кг/м 3

Қалыңдығы

δ, мм

№: 1
Қабат атауы: Әк-құм ерітіндісі
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 3
№: 2
Қабат атауы: Газобетон
Тығыздығыγ, кг/м3: 1000
Қалыңдығыδ, мм: 400
№: 3
Қабат атауы: Стекловата оқшаулағышы
Тығыздығыγ, кг/м3: 40
Қалыңдығыδ, мм: 85
№: 4
Қабат атауы: Беттік кірпіш
Тығыздығыγ, кг/м3:
Қалыңдығыδ, мм: 100

Жылу техникалық көрсеткіштер мен коэффициенттердің шамалары:

  • n=1
  • tн=12
  • αв=8. 7
  • αн=23
  • λк. н. =0. 66 (қабырғаның сыртқы қабаты) ;
  • λк. в. =0. 76 (қабырғаның ішкі қабаты) ;
  • λут=0. 041(оқшаулағыш) ;

Қабаттар материалдарының жылу өткізгіштігінің есептік коэффициенттері (λ) қоршау конструкцияларын пайдалану шарттары үшін анықталған

Қоршау конструкциясының жылу берілуіне қажетті кедергілерді анықтау

Қоршау құрылымының қалыңдығын тексеру үшін біз табамыз:

а) мынадай формула бойынша санитарлық-гигиеналық және қолайлы жағдайларға сүйене отырып, R 0 т р R_{0}^{тр} жылу беруге талап етілетін кедергі:

R 0 т р = n ( t в t н ) Δ t н α в = 1 ( 20 ( 14. 3 ) ) 2 8. 7 = 1. 97 ( м 2 ) В т R_{0}^{тр} = \frac{n \bullet (t_{в} - t_{н}) }{\mathrm{\Delta}t^{н} \bullet \alpha_{в}} = \frac{1 \bullet (20 - ( - 14. 3) ) }{2 \bullet 8. 7} = 1. 97\ {(м}^{2} \bullet ℃) Вт

б) энергия үнемдеу шарттары бойынша R 0 т р R_{0}^{тр} жылу беруге талап етілетін кедергі:

Г С О П = ( t в t о т . п е р . ) Z о т . п е р . = ( 20 ( 1. 5 ) ) 143 = 3070 т ә у л . ГСОП = \left( t_{в} - t_{от. пер. } \right) Z_{\ от. пер. } = \left( 20 - ( - 1. 5) \right) \bullet 143 = 3070\ ℃\ тәул. \

Интерполяция арқылы [СНиП II-3-79 от 1979-07-01 Строительная теплотехника. Кесте 1а*(К) ] :

R 0 п р = 3. 12 ( м 2 ) В т . R_{0}^{пр} = 3. 12{(м}^{2} \bullet ℃) Вт.

Қабырғаның белгіленген құрылымы ( 2-суретті қараңыз ) Шымкент қаласының климаттық шарттарына сəйкес келеді.

C:\Users\Админ\Desktop\_Жилое помещение. Стена. R 4.42 10.12.2020 02_21_20.png

2-сурет. Сыртқы қоршау қабырғасының құрылымы

  1. Шатыр құрылымдарының жылу-техникалық есебі

Шатыр құрылымы 3-кестеде көрсетілген.

3- кесте. Шатыр құрылымы

Қабат атауы

Тығыздығы

γ, кг/м 3

Қалыңдығы

δ, мм

№: 1
Қабат атауы: Қырлы т. б. тақтасы
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 5
№: 2
Қабат атауы: Желдеткіш қабат
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 15
№: 3
Қабат атауы: Пенополистирол
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 150
№: 4
Қабат атауы: Әк-құм ерітіндісі, қалыңдығы
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 15
№: 5
Қабат атауы: Ылғал оқшаулағыш мембрана
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 10
№: 6
Қабат атауы: Қарағай ағашы
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 15
№: 7
Қабат атауы: Металл шатыр жабыны
Тығыздығыγ, кг/м3: -
Қалыңдығыδ, мм: 3

Қоршау конструкциясының жылу берілуіне қажетті кедергілерді анықтау

Қоршау құрылымының қалыңдығын тексеру үшін біз табамыз:

а) мынадай формула бойынша санитарлық-гигиеналық және қолайлы жағдайларға сүйене отырып, R 0 т р R_{0}^{тр} жылу беруге талап етілетін кедергі:

R 0 т р = n ( t в t н ) Δ t н α в = 1 ( 20 ( 14. 3 ) ) 2 8. 7 = 1. 97 ( м 2 ) В т R_{0}^{тр} = \frac{n \bullet (t_{в} - t_{н}) }{\mathrm{\Delta}t^{н} \bullet \alpha_{в}} = \frac{1 \bullet (20 - ( - 14. 3) ) }{2 \bullet 8. 7} = 1. 97\ {(м}^{2} \bullet ℃) Вт

б) энергия үнемдеу шарттары бойынша R 0 т р R_{0}^{тр} жылу беруге талап етілетін кедергі:

Г С О П = ( t в t о т . п е р . ) Z о т . п е р . = ( 20 ( 1. 5 ) ) 143 = 3070 т ә у л . ГСОП = \left( t_{в} - t_{от. пер. } \right) Z_{\ от. пер. } = \left( 20 - ( - 1. 5) \right) \bullet 143 = 3070\ ℃\ тәул. \

Интерполяция арқылы [СНиП II-3-79 от 1979-07-01 Строительная теплотехника. Таблица 1а*(К) ] :

R 0 п р = 3. 00 ( м 2 ) В т . R_{0}^{пр} = 3. 00{(м}^{2} \bullet ℃) Вт.

Шатырдың белгіленген құрылымы ( 3-суреттен қараңыз ) Шымкент қаласының климаттық шарттарына сəйкес келеді.

C:\Users\Админ\Desktop\_Жилое помещение. Чердачное перекрытие или утепленная кровля. R 3.91 10.12.2020 02_39_10.png

3-сурет. Жылу-техника есебі үшін шатыр құрылымы.

  1. Еден құрылымдарының жылу-техникалық есебі

Еден құрылымы 4-кестеде келтірілген.

4-кесте. Еден құрылымы

Қабат атауы

Тығыздығы

γ, кг/м 3

Қалыңдығы

δ, мм

№: 1
Қабат атауы: Темірбетон
Тығыздығыγ, кг/м3: 2500
Қалыңдығыδ, мм: 100
№: 2
Қабат атауы: Минераловата (жылу оқшаулағыш)
Тығыздығыγ, кг/м3: 50
Қалыңдығыδ, мм: 50
№: 3
Қабат атауы: Руберойд (гидрооқшаулағыш)
Тығыздығыγ, кг/м3: 600
Қалыңдығыδ, мм: 3
№: 4
Қабат атауы: Табиғи тастардығы бетон
Тығыздығыγ, кг/м3: 2400
Қалыңдығыδ, мм: 60
№: 5
Қабат атауы: Керамзитті гравий
Тығыздығыγ, кг/м3: 300
Қалыңдығыδ, мм: 15
№: 6
Қабат атауы: Құм
Тығыздығыγ, кг/м3: 1600
Қалыңдығыδ, мм: 40

Қоршау конструкциясының жылу берілуіне қажетті кедергілерді анықтау

Қоршау құрылымының қалыңдығын тексеру үшін біз табамыз:

а) мынадай формула бойынша санитарлық-гигиеналық және қолайлы жағдайларға сүйене отырып, R 0 т р R_{0}^{тр} жылу беруге талап етілетін кедергі:

R 0 т р = n ( t в t н ) Δ t н α в = 1 ( 20 ( 14. 3 ) ) 2 8. 7 = 1. 97 ( м 2 ) В т R_{0}^{тр} = \frac{n \bullet (t_{в} - t_{н}) }{\mathrm{\Delta}t^{н} \bullet \alpha_{в}} = \frac{1 \bullet (20 - ( - 14. 3) ) }{2 \bullet 8. 7} = 1. 97\ {(м}^{2} \bullet ℃) Вт

б) энергия үнемдеу шарттары бойынша R 0 т р R_{0}^{тр} жылу беруге талап етілетін кедергі:

Г С О П = ( t в t о т . п е р . ) Z о т . п е р . = ( 20 ( 1. 5 ) ) 143 = 3070 т ә у л . ГСОП = \left( t_{в} - t_{от. пер. } \right) Z_{\ от. пер. } = \left( 20 - ( - 1. 5) \right) \bullet 143 = 3070\ ℃\ тәул. \

Интерполяция арқылы [СНиП II-3-79 от 1979-07-01 Строительная теплотехника. Таблица 1а*(К) ] :

R 0 п р = 2. 07 ( м 2 ) В т . R_{0}^{пр} = 2. 07{(м}^{2} \bullet ℃) Вт.

Еденіміздің белгіленген құрылымы ( 4-суретті қараңыз ) Шымкент қаласының климаттық шарттарына сəйкес келеді.

C:\Users\Админ\Desktop\Без названия (2).png

4-сурет. Жылу-техника есебі үшін еден құрылымы.


3. Энерготиімді ғимараттың сәулеттік-құрылымдық шешімі

3. 1 Негіз және іргетас

Құрылыс алаңының геологиялық жағдайына байланысты:

Негіз - табиғи;

Негізді нығыздау көзделмейді, бекіту немесе алмастыру әдістерін талап етпейді.

Іргетас материалы В15 класты бетон :

  • Жобадағы көрінісіне немесе құрылымына байланысты - таспалы және құрамалы ұстын асты іргетасы (5-сурет) ;
  • Орындалу технологиясына байланысты - монолитті (тұтас) және құрамалы ұстын асты іргетастары қойылатындай етіп жоспарланады.

Іргетастарды орнату тереңдігін анықтау құрылыс ауданының жер асты сулары мен топырақтың қату тереңдігіне байланысты. Біздің нұсқамызда таспалы іргетас табаны таза еден деңгейінен 0. 7 м төмен, ал ұстын асты іргетасы табанының деңгейі таза еден деңгейінен 1. 22 м төмен орналастырылады.

Шымкент қаласы үшін топырақтың қату тереңдігі - 44 см, [ ҚР ҚЖ 2. 04-01-2017 Құрылыс климатологиясы ] бойынша қабылданған. Ал жер асты суларының деңгейі 650-850м аралығында өзгеріп отырады.

Таспалы іргетас ені - 0. 9 м; биіктігі - 0. 7 м етіп жоспарланады.

Ұстын асты іргетас табанының өлшемдері жоспарда - 1. 8 x 1. 8 м; биіктігі - 0. 9 м етіп қабылданды.

Іргетас табаны астына құм төсемі төселеді, бүйір беттерінен гидрооқшаулағыш битум жағылады.

Ғимараттың іргетасы аумағында су жиналып ақыр аяғында ғимарат негізінің жұмсарып отыруына, артынан ғимараттың іргетасы мен сәйкесінше қабырға құрылымдары деформацияланып, жарықтар пайда болуына әсер етеді. Кейіннен ғимараттың қолданысқа жарамсыздығына немесе мүлдем қирауына әкеліп соғады. Сондықтан іргетасқа тіреліп, ғимараттың сырт жағынан ені 1200 мм, биіктігі 150 мм, ал еңісі і=0. 04 болатын отмостка құйылады.

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-10 (2).png

5-сурет. Ұстын асты іргетасы.

3. 2 Қабырға

Қабырғалар ғимаратты сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен қорғайтын ең негізгі және күрделі құрылымдық элемент болып табылады. Олар сыртқы ортаның түрлі әсерлері мен кездейсоқ жағдайларына шыдамды болуы қажет.

Жоспарланып отырған ғимаратымыздың қабырғасы элементтерінің түріне және олардың өлшемдеріне байланысты: майда элементті ( Газобетон және керамикалық кірпіш М150 маркалы)

Сыртқы қоршау қабырғалары ( құрылымы 5-кестеде көрсетілген ) қалыңдығы 588 мм, үш қабатты етіп жобаланады. Ал ішкі көтергіш қабырға қалыңдығы 288 мм болып және бөлме аралық қабырғалар 100 мм етіп жобаланған. Қабырға қималары 6-суретте көрсетілері.

5-кесете. Сыртқы қабырға құрылымы

Қабат атауы
Қалыңдығы δ, мм
Тығыздығы γ, кг/м 3
№: 1
Қабат атауы: Керамикалық беттік кірпіш
Қалыңдығы δ, мм: 100
Тығыздығы γ, кг/м3: 600
№: 2
Қабат атауы: "Стеклованта" типті жылу оқшаулағыш
Қалыңдығы δ, мм: 85
Тығыздығы γ, кг/м3: 40
№: 3
Қабат атауы: Газобетон
Қалыңдығы δ, мм: 400
Тығыздығы γ, кг/м3: 1000
№: 4
Қабат атауы: Сылақ
Қалыңдығы δ, мм: 3
Тығыздығы γ, кг/м3: 400

а) ә)

6-сурет. Қабырғалар қималары

а) сыртқы қоршау қабырға, ә) ішкі көтергіш қабырға

3. 3 Есік және терезе

Терезелер - жеке дайындалған, екі қабат шыныланған (7-сурет) . Терезе ойықтары табиғи жарықпен ішкі кеңістікті қамтамасыз ету үшін нормативті талаптарға және стандарттарға сүйене отырып жоспарланған.

Қосымша жарықтандыру үшін шатырға арнайы фонарьлар орнатылады.

Есіктер - өртке қарсы шараларды ескере отырып жобаланған. Эвакуация жолындағы есіктердің барлығы сыртқа қарай ашылатындай жоспарланған. Ғимараттың ішіндегі есіктердің конструкциясы қозғалуға кедергі келтірмейтіндей етіп қабылданған.

Сыртқы есіктер - металлдан және шынылы ағаштан жасалған (8-сурет, а), екі жаққа кең ашылатын жарма есітер, ішкі есіктер (8-сурет, б) - ағаштан жасалған.

Қабылданған есіктер мен терезелер өлшемдері 6-кестеде көрсетілген.

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-10 (8).png C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-10 (11).png

7-сурет. Жобадағы терезелер үлгілері

а) C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-10 (4).png б) C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-10 (6).png

8-сурет. Жобадағы есіктер үлгілері

а) сыртқы есік б) ішкі есіктер

6-кесте. Есіктер мен терезелер экспликациясы

Жосардағы атауы
Ені, мм
Биіктігі, мм
Саны
№: 1
Жосардағы атауы: Есіктер
№: 2
Жосардағы атауы: Д1
Ені, мм: 1512
Биіктігі, мм: 2412
Саны: 2
№: 3
Жосардағы атауы: Д2
Ені, мм: 1212
Биіктігі, мм: 2112
Саны: 2
№: 4
Жосардағы атауы: Д3
Ені, мм: 912
Биіктігі, мм: 2112
Саны: 18
№: 5
Жосардағы атауы: Д4
Ені, мм: 762
Биіктігі, мм: 1812
Саны: 6
№: 6
Жосардағы атауы: В1
Ені, мм: 3012
Биіктігі, мм: 3012
Саны: 2
№: 7
Жосардағы атауы: Терезелер
№: 8
Жосардағы атауы: ОК1
Ені, мм: 2112
Биіктігі, мм: 1812
Саны: 6
№: 9
Жосардағы атауы: ОК2
Ені, мм: 1512
Биіктігі, мм: 1812
Саны: 15
№: 10
Жосардағы атауы: ОК3
Ені, мм: 912
Биіктігі, мм: 1812
Саны: 1

4. Заманауи энергиялық тиімді технологиялар. Энергия тиімділігі мен экологиялық қағидаттарды сақтау

4. 1 Ғимараттағы ауаны желдету және жылыту жүйелері.

Жылыту жүйесі [ ҚР ҚН 4. 02-01-2011 « Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу »] нормативтік құжаттарына сәйкес жобаланған. Ылғал режимі бар үй-жайлар үшін (себезгі, жуу бөлмесі, дәретханалар) желдету каналдарын орнату қарастырылған.

Жобаланған ғимаратта орталықтандырылған су жылыту жүйесі бар. Ғимаратта жылыту кезеңінде радиаторлар мен конвекторлары бар су жылыту жүйелері қолданылады.

Ауа тасымалдаушы ретінде диаметрі 10см болатын құбырлар қабылданды.

Ғимарат құрылымдары қызып кетуден сақтау үшін және үй-жайлардағы ауаны алмастырып отыру үшін, санитарлық нормаларға сәйкес ғимаратымызда желдету жүйелері қарастырылады.

Артық жылуды сыртқа шығармауы үшін сыртқа кететін жылы ауаны сырттан келетін салқын ауаны жылытуға пайдаланатын арнайы қондырғы ( 9-сурет ) орнатылады. Қондырғының ішінде арнайы фильтрлар мен ауа жолдары орналасады. Екі кіреберіс ойықтан ауа кіріп, бір біріне араласпайтын, жұқа пластиналар арасынан өтеді. Содан соң жылу алмасу орын алған соң қалған ойықтар арқылы біреуі ғимарат ішіне, екіншісі сыртқа кететін ауа құбырлары арқылы шығарылады.

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-11 (9).png C:\Users\Админ\Desktop\рекуп.jpeg

9-сурет. Ауаны рекуперациялау қондырғысы және оның жұмыс істеу принципі сұлбасы

Онымен қоса желдету жүйесіне геотермальді, яғни жердің жылу энергиясын пайдалану көзделеді. Оның үшін ғимаратымыздың жанында топырақтың қату тереңдігінен төмен, саны 10 болатын, диаметрі 200 мм пластик құбырлар параллель орналастырылады ( 10-сурет ) және олар бір-бірімен жалғанады. Жалғанған құбырлар ауаны рекуперация жасайтын қондырғыға жалғанады. Олардың қызметі қысты күні жердің жылуын, ал жазды күні салқын температурасын алып ғимаратты желдетуге және жылытуға кететін қосымша энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Геотермальді жылыту жүйесінің жағымды жақтары өте көп. Мысал келтіріп өтер болсам геотермалдық жылыту - экологиялық таза. Жердің жылу энергиясын пайдалану қоршаған ортаны ластамайды. Бұл адам үшін мүлдем қауіпсіз. Зиянды заттар, жағымсыз иістер шығарылмайды. Өрт қаупі жоқ, өйткені жанармай жағылмайды. Сонымен қатар, жылу сорғылары үнсіз жұмыс істейді және ешқандай күтімді қажет етпейді.

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-11 (11).png

10-сурет. Ғимаратымыздың желдету жүйесі

4. 2 Сумен жабдықтау

Ғимаратта [ ҚР ЕЖ 4. 01-101-2012 « Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі »] сәйкес жобаланған шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, кәріз және суағарлар қарастырылған.

Ішкі су құбыры-шаруашылық-ауыз су құбыры-санитарлық-техникалық аспаптарға және өрт крандарына су беруді қамтамасыз ететін және қалалық су құбырының сыртқы желісінен жалпы су өлшеу құрылғысы бар құбырлар мен құрылғылар жүйесімен қамтамасыз етілген.

Ғимаратта қосымша жаңбыр суларын арнайы резервуарларда жинап, шаруашылыққа пайдалануға мүмкіндік беретін жүйелермен қамтылған ( 11-суретте көрсетіледі ) .

C:\Users\Админ\OneDrive\Изображения\Снимки экрана\2020-12-11 (13).png

11-сурет. Жаңбыр суларын жинауға және пайдалануға арналған жүйе

4. 3 Кәріз

Ішкі канализация - шаруашылық, фекалдық, санитарлық - техникалық аспаптардан сарқынды суларды бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Раковинадан шығатын су арнайы фильтрациядан өтіп унитаздарға жіберіледі, солайша біршама су көлемін үнемдеу көзделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Компрессорлық қондырғыларды сипаттау
Газды ауамен салқындату қондырғысы
Жерасты шаймалау тәсілімен алынған уран ерітіндісін сорбциялау арқылы десорбат алу
Орташа тоннажды контейнерлер алаңы
Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы
Internet желісіне шығу
Қазақстан турбазалары және курорттары
Сұйытылған газдардың суыту қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz