Білім беру социологиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Білім беру әлеуметтануы
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайады. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.
Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді.
Білім беру социологиясының орталық проблемасы интеллект коэффициенті деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым - абстракты ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді.
Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ағылшын социологы Дж.Дуглас 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Дуглас оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады.
Әлеуметтік әркелкіліктің моделін білім беруде - мәдени депривация теориясы деп атайды. Мәдени депривация теориясының әр түрлі теорияларында әлеуметтік субъективті мәдениеттер білім алу саласында басқа әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған ортаның мәдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін социологтар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мәселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептердегі бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек.
Мәдени депривация теориясы білім беру жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын түзету үшін практикалық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі мамандарға зәру болған кезеңде ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім, дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мәдени депривацияны жоюға бағытталған еді.
Интеракционистердің пікірінше, адам айналасын өзі бақылап отырады. әлеуметтік шындық интеракционистер үшін жеке адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінен құралады деп айтылатындығы жайлы біз бірінші теориялық бөлімде атап кеткенбіз. Батыс социологтарының бір бөлігі педагогтардың көпшілігі идеал оқушы моделін, осындай белгілі бір стандартта ұстанатындығын атап өтеді. Оқушының мұндай идеалды образы оқушының ең жақын, өзіне сай қасиеттеріне орай қалыптастырылады. Оқушының осы идеалды образға жақындығы немесе алшақтығы оның табысын анықтайтын болады.
Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері
Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен құрылым, деңгей деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология түрлері
Социологиялық білімнің құрлымы
Зерттеудің деңгейі
Әлеуметтану пәні мен ғылымы
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Құқық әлеуметтанушы
Құқық социологиясы мен саяси социология мәселелері
Адам және саясат туралы
Билік, ғылым, тартыс социалогиясы
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Пәндер