Біліктер. Біліктерді жөндеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Күні: 29-30.12.2020
Пән: Техникалық күтім және жабдықтарды жөндеу.
Тақырып: Біліктер. Біліктерді жөндеу. (Вал)
Мақсаты: Бөлшекпен танысу, қолдану аясын білу, ақауларын жөндеу әдістерін білу. Біліктердің дайындамаларын, қызметі мен түрлерімен танысу.
Білік (аспаптарда-білікше) тісті берілістер, фрикциялық ролик және т.б. механизмдерінде бұйымдарды ұстап тұру үшін қолданылатын айналмалы түтікшеден тұрады. Біліктер энергияны беруге қатысады. Осьтер айналмалы бөліктерді ұстап тұру үшін қолданылады және конструкциясы білікке ұқсайды, бірақ механикалық энергияны беруге қатыспайды. Иілгіш білікшелер тек қана айналмалы моментті береді; оларды әдетте бір біріне қатысты қозғалатын буындар арасында энергияны беру үшін қолданады.
Біліктер және осьтер сатыға тән дайындалады. Біліктердің өлшемін анықтау алдына ала айналуға немесе айналу және иілуге есептеуден басталады. Содан кейін біліктің құрамына кіретін барлық механизм жобаланады. Осылайша біліктің барлық өлшемдерін ала отырып, оны тексеру есебін орындайды. Жалпы жағдайда білік оған бекітілген берілістік элемент күштерінің әсерінен кеңістіктегі иілу, айналу және созылу немесе сығылу деформацияларына ұшырайды.
Біліктер мен осьтердің деформациясы берілістік жұмыс жағдайының нашарлауына, ал көп жағдайларда вибрацияның туындауына да алып келеді. Біліктер мен осьтердің деформациясын және тербелісін есептеу кезінде номограммалар кеңінен қолданылады.
Біліктер мен осьтердің тіректері айналып тұрған бөліктерден корпусқа немесе платаға күш береді. Механизмдер жұмысының сенімділігі және жұмыс істеу дәлдігі көбінесе тірек конструкциясының ерекшелігіне, ондағы айналу кедергісінен туындайтын мәннен және тұрақтылықтан байланысты болады.
Сырғанау тірегін кіші радиалдық өлшемдер алу қажет болған кезде қолданады. Майды сіңірген көпіршікті қосымша бетті пайдаланғанда тіректік түйіннің аса қарапайым конструкциясында айналу кедергісін біршама азайтуға болады. Май параметрлерін және сырғанау подшипнигінің өлшемін дұрыс таңдай отырып (мысалы, номограмма көмегімен), аса үлкен жүктемеде гидродинамикалық режимдегі жұмысқа қол жеткізуге болады: білік және тіректің жылжымайтын бөлігі май қабатымен тұтастай ажыратылады, мұндай тірек қарқын және жүріс күшейгенде ғана тозады. Егер үйкеліс күшінің аз моментін алу керек болса, ал білік баяу жылдамдықпен айналып тұрса, онда аспаптардацентрдегі және керндегітірек қолданылады.Үйкеліске шығынды одан әрі азайту үшін магниттік және сынапты тіректі қолдануға болады.
1. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
Бiлiктер машиналар мен механизмдердiң құрамында, көбiнесе айналмалы қимылдар мен моменттердi, олардың бiр торабынан екiншi торабына беру (өткiзу) үшiн қолданылады. Қызметiне қарай бiлiк жұмыс үстiнде өте күрделi бұралу, майысу, созылу және сығылу деформацияларының әсерiнде болады. Сондықтан бiлiкке орнатылған тетiктердiң жұмыстары дұрыс болуы үшiн, бiлiк материалының сапасы мен серпiмдi қатаңдылығы өте жоғары болуы керек.
Бiлiктiң серпiмдi қатаңдылығы оның геометриялық өлшемдерiне байланысты. Тәжiрибеде, егер бiлiктiң ұзындығының оның орта диаметрiне қатынасы 12-ден кем болса, оны серпiмдi қатаң бiлiк деп есептейдi де, ал одан жоғары болса, майысқақ, осал бiлiктерге жатқызады.
Бiлiктердiң қызметтерiне, конструктивтi пiшiндерiне, өлшемдерiне және материалдарына қарай алуан түрлерi кездеседi.
Бiрақ та, оларды жасау әдiстерiнде көптеген жалпылама технологиялық қағидалар болады, сондықтан нақтылы бiлiктiң технологиясын құруда, бiлiктердiң неше түрлi конструкцияларын жiктеу тұрғысында жасалған типтi үрдiстердi пайдаланған өте абзал.
Машина жасаудың салалары өте мол. Әр саласындағы технологияның өзiндiк ерекшелiк-терi болады.
Жалпы машина жасау саласында бiлiктердiң жадағай, текпiшектi, текпiшектi-белдеушелi, қуыс және бiртұтас шлицтi, тiстi бiлiктер және арнайы түрлерi кездеседi. Бiлiктердiң геометриялық остерiне қарай иiндi, тiзелi, кривошиптi, құлақшалы және эксцентриктi түрлерi болады.
Бiлiктердегi шлицтi элементтердiң өтпелi ашық және тұйық жабық пiшiндерi кездеседi. Әсiресе тетiктердегi шлицтердiң 65% тұйық жабық пiшiндерi. Шлиц қимасының пiшiнi тiкқабырғалы немесе эвольвенттi болып келедi. Машина құрылысындағы шлицтердiң 85-90%-ының қималарының пiшiндерi тiкқабырғалы.
Қолданылатын материалдар
Көбiнесе бiлiктердiң материалы ретiнде конструкторлық сапалы көмiртектi болаттар 35, 40, 45 және легiрленген болаттар 40Х, 50Х, 40Г2 және т.б. қолданылады.
Бiлiктер берiк, үйкелiске төзiмдi болулары тиiс. Сондықтан оларды арнайы термиялық өңдеулер арқылы, қаттылықтарын НВ 230-260 мөлшерiне дейiн, ал iске шегулi мойын беттерiнiң қаттылығын HRC 45-50 мөлшерiне дейiн жеткiзедi.
Материалы аз легiрленген болаттан жасалған бiлiктiң үйкелiс төзiмдiлiгiн көтеру үшiн, оны алдымен химиялық-термиялық (цементациялау) өңдеп, одан кейiн термиялық өңдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вал бөлшектерін дайындаудың технология процесін жобалау
Иінді біліктің мойындарына тән тозулар
Шығару көлемін және бөлшектердің партиялық өлшемін есептеу
МЕТАЛДАРДЫ ҚЫСЫММЕН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Үздіксіз суық жаймалау станы және болат жолақтарын шынықтыру
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым)
Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы
Біліктер мен өсьтер
Бәсеңдеткішті құрастыру
Білікше ұсақтағыштың жетегі - электр қозғалтқышынан
Пәндер