Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы туралы деректер мен тарихнамалық зерттеулер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Үркімбай Шырын

№ 2 Тәжірибелік сабақ

Тақырып: Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы туралы деректер мен

тарихнамалық зерттеулер

Практикалық сабақтың тапсырмасы:

1. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстанға жасалған экспедициялар тарихына тоқталу.

2. Тарихи экспедициялар ерекшеліктерін, деректерін, сонымен қатар әдістемелік негіздерін қарастыру.

3. Өлкетану жұмыстары негізіндегі тарихнамалық зерттеулерге шолу жасау.

4. Жергілікті тарихты зерттеуге орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының үлесі.

Қазақ жерін отарлап, империяның құрамына енгізілуі нәтижесінде, Қазақстанның мәдени, рухани өмірінде өзгерістер болып, өлкені орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады

Орыс зерттеушілерінен алғаш рет Батыс Қазақстан жеріндегі халықтың тұрмыс-тіршілігі, материалдық мәдениетімен, тарихымен танысқан князь А. Б. Черкасскийдің ірі экспедициясы.

Қазақстандағы ғылыми зерттеулер. Қазақстанның Ресей империясына құрамына кіруі оның мәдениетін ғылыми тұрғыдан зерттеу талабын тудырды. Осы ниет Далалық өлкені оқып-үйрену мен зерттеуге жол салды. Осындай мақсатпен қазақ еліне экспедициялар аттандырылды. Олардың мақсаттары мен міндеттері қарапайым ғылыми зерттеулер шегіннен асып кетіп жатты. Орыс зерттеушілері қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде біршама зерттеулерін жазды.

XVIII ғасырдың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И. Д. Бухгольцтың, С. Лихаревтың, И. Унковскийдiң және басқа ғалымдардың экспедициясы жұмыс iстедi. Олар Ертiс өзенінiң алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А. Бекович-Черкасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ қазақ халқы туралы кейбiр этнографиялық мәлiметтер жинады. Хиуа ханының шабуыл жасауы салдарынан Бекович-Черкасскийдiң экспедициясы құрамындағылар қаза тапса да, Ресей зерттеушiлерiнiң Орта Азия мен Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне бойлап енуге деген ұмтылысын тоқтата алған жоқ.

1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П. С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерлері арқылы өтті. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П. С. Палластың «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773) . Еңбекте қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар. П. С. Паллас қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы: «Олар негізінен ауқатты тұрады. Малдары да көп, сондықтан тұрмыстары да жақсы… Қазақтардың байлығы, негізінен, олардың малы», - деп жазады.

2) Ресей шығыстанушысы, этнограф В. Радлов қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі, тарихына байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізді. Оның «Сібір қазақтарының этнографиясы туралы» іргелі еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал етті.

Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі, географ П. П. Семенов-Тян-Шанский. Ол Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция ұйымдастырып, «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі еңбектер жазды.

Қазақстан тақырыбы әйгілі орыс зерттеушісі Г. Н. Потанин еңбектерінде де маңызды орын алды. Оның зерттеулерінде қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі қазақ тұрғындары жан-жақты суреттеледі. 1862 жылы ол алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысып, Көкпектіде, Марқакөлде өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Кейін ол біраз жылдар бойы Омбы генерал-губернаторлығында татар және қазақ тілінен тілмаш болып қызмет жасады. Одан кейін Томскіде статистикалық комитетте хатшы міндетін атқарды. Ол бұл жерде Орыс географиялық қоғамының Шығыс бөлімін басқарды. Егде жасқа келгенде «Сібір өлкесін және тұрмысын оңалту» қоғамын құрды.

3) Зерттеуші И. Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» атты еңбегін жариялады. Кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы құнды деректер келтірілген. Қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар» деп сипаттайды.

Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П. И. Рычков құнды еңбектер жариялады. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүз жерлері де қарайтын. П. И. Рычков «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» атты құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі тұсында келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы баяндайтын деректер бар. Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шегаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнағанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жатқан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін.

ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдері, шығыстанушылар (ориенталистер), саяси жер аударылып келгендер, сондай-ақ қазақ қоғамының білімді тұлғалары айналысты. Бұл салада шетелдіктер - ағылшындар, немістер, француздар да елеулі із қалдырды.

Қазақстанның тарихы мен географиясы, этнографиясы және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдары мен әскери офицерлердің еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар әртүрлі кәсіп пен мамандық иелері: ақындар мен жазушылар, тарихшылар мен географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатын ғылыми тұрғыдан негіздеуге де қызмет етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Өлкетану үйірмесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстыру
Қазақстан Республикасындағы өлкетанудың мәні мен мақсаттары
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Өлкетану
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz