Ислам құқықтық мәзһәбтары (мектептері) және методтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Кафедра: Дінтану

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ислам құқықтық мәзһәбтары (мектептері) және методтары

Орындаған: Кусаинов Б.
В022003 группа студенті

Тексерген: _________________

Алматы 2020 ж.

Жоспар:

Ислам құқық мәзһәбтары (мектептері) және методтары
1. Ханафи мәзһәбы
1.1. Әбу Ханифаның ижтиһад методикасы
1.2. Әбу Ханифаның шәкірттері
1.3. Ханафи мәзһәбының Фикх кітаптары
2. Малики мәзһәбы
2.1. Имам Маликтің ижтиһад методикасы
3. Шафиъи мәзһәбы
3.1. Имам Шафиъидың ижтиһад методикасы
4. Ханбали мәзһәбы
4.1. Ахмад б. Ханбалдың ижтиһад методикасы

Ислам құқық мәзһәбтары (мектептері) және методтары

Ислам құқығы, негізгі Ислами ғылымдар арасында маңызды орны бар білім саласы. Бұл білім саласы өз арасында тарихы, усулі (тәсілі, методикасы, әдісі) және үкімдерімен өте кең ауқымды қамтиды. Негізінде түрлі мәзһәбтар тұрғысынан Ислам құқығының, мұсылмандардың ғылым тарихында орасан зор әдебиетке және жүйелі қорын ортаға салу ерекшелігі бар.
Ислам әлемінде біршама атақты құқықшылар тарапынан мәзһәбтар, құқық мектептері құрылып оларға байланыстырылып ханафи, шафиъи, малики және ханбали сияқты аттармен мәзһәбтар пайда болды.
Һижри төртінші ғасырдан алдын халықтың білетін төрт мәзһәбтан ажырамағандығы белгілі. Бірақ Фикх мәзһәбтары төртеу ғана емес. Солардың арасында әл-Хасану-л Басри, Әбу Ханифа, әл-Әузаъи, Суфиян әс-Сәури, әл-Ләйс б. Сағд, Малик, Суфиян б. Уәйнә, Шафиъи және тағы басқа Ысхақ б. Рахауәйх, Әбу Сәур, Ахмад б. Ханбал, Дауыд әз-Заһири, Ибн Жәрир әт-Табари секілділерінің мәзһәбтары танымал. Бұлардың әр бірінің түрлі ижтиһад жүйесі мен методикасы, осылар арқылы қол жеткізген көзқарастары, түрлі мемлекеттерге тараған ұстанушылары бар. Бұл мәзһәбтардың кейбіреулері өздерінің қорғаушылары және жаюшылары болмағандықтан, ұстанушыларының аз болуы салдарынан және сыртқы себептерге, енді біреулері заһириларда болғаны сияқты ішкі себептерге байланысты яғни настардың сыртқы көрінісіне шектен тыс кетіп, қиясты қабыл етпей, қажеттіліктерге жауап бере алмаулары және басқа мәзһәбтарға деген қатаң болуының салдарынан уақыт өте келе тарих сахнасынан жойылды. Сол кезеңдегі ғалымдар өздеріне белгілі бір мәзһәбты ұстану керек деп санамайтын. Бір мәзһәбты ұстанушылар да басқа мәзһәбтардан пайдалана алатын. Бұлардың арасында төртеуі танымал болып қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатыр.
Жоғарыда айтқанымыздай қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатқан төрт мәзһәбты белгілеуге болады.
1. Ханафи мәзһәбы
Бұл мәзһәб Әбу Ханифаға байланысты соның атымен аталған. Бірақ мәзһәбта Әбу Ханифадан кейінгі шәкірттері Әбу Юсуф екінші, Имам Мұхаммед үшінші имам ретінде қабыл етілген. Классикалық Фикх кітаптарында Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфты шәйхәйн, Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедті сахибәйн немесе имамәйн, Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедті тарафайн деп сипаттайды.
Ханафи мәзһәбының имамы: Әбу Ханифа
(80-150699-767)
Исламда құқұқтық тұжырымның және ижтиһад түсінігінің дамуында елеулі үлесі бар көбіне Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам деген атпен танымал болды. Әбу Ханфиа оның лақаб аты болса да Ханифа атты қызы, тіпті ұлы Хаммадтан басқа баласы болмағандығы айтылады. Бұлай аталуы ирактықтарда ханифа деген жазу керек жарағы немесе сия құтысын әрдайым өзімен бірге алып жүретіндігі яки ханиф сөзінің сөздік мағынасына сай ақиқат пен туралықтан ажырамаған кісі болуымен деп түсіндірген. Бұған қарап Әбу Ханифаны шындығында лақаб аты емес сипаты ретінде қабыл етіледі. Оның бастамасымен басталған және шәкірттері күш-қайратымен дамып жайылған Ирак Фикх мектебі имамның осы лақаб атымен байланыстырылып ханафи мәзһәбы деп аталды. Ұлы имам деген мағынаға келетін Имам Ағзам сипатының берілуі замандастары арасында шоқтығы биік, құқықтық тұжырым мен ижтиһад методында белгілі жол салуы, сол кезеңнен бастап біршама Фикхшының оның тұжырымы мен методына шоғырлануы сияқты себептермен түсіндіруге болады.
Негізгі аты Нұғман яғни Имам Ағзам -80 (699) жылы Куфада дүниеге келді. Әбу Ханифа сауда-саттықпен айналысатын дәулетті отбасының баласы еді. Өзі де білімге бастағанға дейін мата сатумен айналысқан. Әкесі Сәбит азат бір мұсылман отбасында дүниеге келді. Ол жас шағында түсінде Хз. Али оған және ұрпағына қайырлы дұға жасады. Әбу Ханифа жастық шағында Құран Кәрімде жаттады. Қырағат ғалымы Имам Асымнан қырағат ілімін үйренді.
Әбу Ханифа, кемеңгер табиғун ғұламаларымен кездесіп олардан білім алған. Осы тұрғыдан оған үшінші нәсіл (тәбәъу-т табиъин) болып саналады.
Табиғуннан ұстаздарының арасында ең көп пайдаланғаны Хаммад б. Әби Сүлеймен (ө. 120737). Бұл кісіден он сегіз жыл бойы сабақ алған. Білім шежіресі Хаммад, Ибраһим ән-Нәхиъи және Шабиъиден олар Қазы Шурайх, Мәсрук, Алқамә және Әсуадтан, олар Абдуллаһ б. Мәсғуд және Хз. Алиден сабақ алған.
Әбу Ханифаның бұл міндетті қабыл етпеуінің себебі, мемлекет билігін қолға алған, халифалықты салтанаттыққа айналдырған басшыларға қарсылығын білдіру арқылы халыққа үндеуі болатын. Ол жайында айтылған сөздер:
Имам Малик: Әбу Ханифа ол сондай адам, саған мына тіректің алтын екендігін айтса, дәлелдеп береді.
Имам Шафиъи: Барлық адамдар Фикхта, Әбу Ханифаның жанұя мүшелері болып саналады.
Оның есепсіз фықһи ижтиһадтары мен шешімдері бар, бұлар оның зеректігіне және тез ұғынатындығын көрсетеді. Енді оның ижтиһад методикасына тоқталайық.
1.1 Әбу Ханифаның ижтиһад методикасы
Әбу Ханифа үкім шығару және методикасын былай деп түсіндіреді:
Аллаһ Елшісінен жеткен хабарбасымның үстінде орын бар, сахабадан жеткендерді бірін таңдаймыз, бірақ барлығын тастамаймыз. Бұлардан басқаларына тән үкімдер мен ижтиһадқа келер болсақ, біз де олар секілді ілім адамдарымыз.
Аллаһтың кітабындағыны қабыл етемін. Одан таба алмасам Елшісінің сенімді ғалымдардан танымал және атақты сүннетімен амал етемін. Одан да таппасам қалаған сахабаның рәйін (көзқарас) аламын. Бірақ (табиғуннан) Ибраһим, Шабиъи, әл-Хасан, Ата секілді кісілерге келер болсақ мен де олар сияқты ижтиһад жасаймын.
Имам Мұхаммед те Әбу Ханифа медресесін былай танытады:
Ілім төрт бөлім: Аллаһтың кітабында бар нәрсе мен соған ұқсас, Елшісінің сенімді сәнәдпен риуаят етілген сүннетінде болғандар мен оған ұқсастар, Расулуллаһтың асхабының ижмамен бекітілген нақты үкімдер мен оған ұқсастар, сахабаның ихтиләфқа түскен үкімдері де осылай, бұлар толықтай тасталмайды. Біреуі таңдалған соң қалғандарын оған қияс жасайсың және соңында Ислам Фикхшыларының басым бөлігі тарапынан жақсы деп қабыл етілген (мустахсан) болғандар мен осыған ұқсастар. Ілім бұл төртеуінен сыртқа шықпас.
Бұлардан түсінгеніміз Әбу Ханифа мәселенің үкімін ретімен Кітап, сүннет, сахаба сөзі және рәй ижтиһадына арқа сүйеу арқылы қол жеткізген. Рәй ижтиһадында оған байланысты екі метод бар: қияс пен истихсан.
Осылайша оның үкім шығаруда қолданған дерек көздері мыналар:
1) Құран, 2) Сүннет, 3-Ижма, 4) Қияс, 5) Сахаба сөзі, 6) Истихсан, 7) Әдет-ғұрып.
1.2. Әбу Ханифаның шәкірттері
Әбу Ханифа өмірінің соңына дейін көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Бұлардан ең танымалдары Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед. Әбу Ханифаның көзқарастарын осы екі шәкірті жинақтап тарауларға бөлген.
Әбу Юсуф (113-182731-793) Куфада туылып Бағдатта қайтыс болған. Кейбір мәселелерде ұстазымен қайшы келген жерлері де бар, соның мәзһәбын ұстанды. Осы мәзһәбтың жайылуында көп еңбек сіңірді. Қазылық міндетін атқарды. Ислам тарихында алғаш рет қаду-л қудат (жоғарғы қазы) атағы Әбу Юсуфқа берілді. Ең маңызды еңбегін Китабу-л харажды халифа Харун Рашидтің сұранысы бойынша жазды. Кітапта айрықша мемлекеттің кіріс-шығыстарына тоқталып, мемлекет қаражатының негіздері түсіндірілген. Ендігі бір кітабы Ихтиләфу Әби Ханифа уә ибни Әби Ләйлә. Кітап 148765 жылы қайтыс болған Әбу Ханифаның замандасы әрі жерлесі Ибн Әби Ләйлә мен имам арасындағы пікірталас айырмашылықтарын қамтыған. Бұл кітапта Әбу Юсуф өз көзқарасын да (рәй) баяндаған.
Имам Мұхаммед (132-189749-804) Уасытта дүниге келіп, Рәйда дүние салды. 14 жасынан бастап Әбу Ханифаның сабақтарына қатысты. Төрт жылдан кейін Әбу Ханифа қайтыс болған соң Әбу Юсуф және Имам Маликтен сабақ алды. Әбу Юсуф өмірден өткен соң ұстаздық етіп, шәкірттер жетілдірді. Раққаға қазы болып сайланды. Одан кейін халифа Харун Рашид қаду-л қудат етіп тағайындады. Басты еңбектері:
а) әл-Асл немесе әл-Мәбсут: Одан біршама шәкірттері жазып алды. Мұхаммед әл-Аслда Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың тармаққа қатысты көзқарастарын келтіріп, кейін өз көзқарастарын да қосқан. Мәселелердің барлығына дәлел келтірмеген.
ә) әл-Жамиъу-с сағир: Бұл кітапта мың бес жүз екі мәселе бар. Бұлардан жүз жетпіс мәселедегі пікірталасқа тоқталған. Тек екі мәселеде қияс пен истихсан айтылған. Бұл кітап басқаларының тарапынан тәртіпке келтіріліп баспадан шығарылған.
б) әл-Жамиъиу-л кәбир: Түсіндірмелер мен талдауларға тоқталғандықтан бұл кітап тәсіл жағынан әл-Аслдан ерекше. Біршама ғалым тарапынан түсіндірме (шәрх) жасалып баспадан шығарылған.
в) Әс-Сияру-с сағир және әс-Сияру-л кәбир: Мемлекеттер арасындағы жалпыға бірдей құқыққа байланысты еңбектерінен екіншісі әс-Сәрәхси тарапынан шәрх жасалып, Үндістанда төрт, Каирде бес том болып баспадан шығарылған. Түрік тіліне және француз тіліне аудармасы баспадан шығарылған.
г) әз-Зиядат уә Зиядәту-з зиядат: әл-Жамиъиу-л кәбирде қамтылмай қалған мәселелерді қолға алған. Бұл жерге дейін айтылған еңбектер заһиру-р риуая деп аталады. Өйткені бұлар Имам Мұхаммедтен тәуәтур және танымал жолмен риуаят етілген. Заһиру-р риуая кітаптары әл-Хаким әш-Шәһид Мұхаммед б. Мұхаммед әл-Мерзәуи (ө.334945) тарапынан қысқартылып әл-Кәфи атымен жинақталған және Сәрәхси тарапынан әл-Мәбсут атымен отыз том болып шәрх жасалған. Мәтіні де шәрхы да баспадан шығарылған.
Имам Мұхаммедтің риуаяты мұншалықты сенімді емес кітаптары надиру-р риуая деп аталады. Әр-Раққыят (Раққа қазысы болып тұрғанда өзіне келген мәселелер), әл-Кәйсаният, әл-Харуният, әл-Хиләл уә-л мәхариж осылардың арасында.
Хадис руаятында баса назар аударған әл-Муатта мен әл-Әсар атты кітабы бар. екеуі де басылып шығарылған. Муаттаны Имам Маликтен риуаят еткен Мұхаммед, өз ижтиһадтарын да келтіргендіктен Фикх тұрғысынан пайдалы еңбек болды.
Басқа танылған шәкірттері;
а) Имам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам құқығы пәнінен лекция тезистері (1 лекция)
Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Ислам құқығы (фикх әдістемесі)
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Уахабилік ағымы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?
Мұтазила мазхабы
Пәндер