С. МҰРАТБЕКОВ ӘҢГІМЕ-ПОВЕСТЕРІНДЕГІ СОҒЫС КОНЦЕПТІСІНІҢ КОГНИТИВТІК МОДЕЛЬДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
С.МҰРАТБЕКОВ ӘҢГІМЕ-ПОВЕСТЕРІНДЕГІ СОҒЫС КОНЦЕПТІСІНІҢ КОГНИТИВТІК МОДЕЛЬДЕРІ
Сарбасова К.Б., Кулынтаева Т.Б.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Тірек сөздер: концепт, таным, соғыс, модель, фрейм, тілдік бірлік, концептілік құрылым, лексема, логикалық ақпарат, ұғым.

Аннотация
Мақалада С.Мұратбековтің бірнеше шығармасына концептуалды талдау жүргізілді. Соғыс концептісі күрделі құрылым екені аңғарылды. Жазушының әңгіме-повестеріндегі соғыс концептісінің соғыс - өлім, соғыс - қайғы-қасірет, соғыс - өмір уы, тағдыр, соғыс - сағыныш, арман, соғыс - жоқшылық, кедейлік когнитивтік модельдері анықталды.
Автор соғыс концептісін беруде эпитет, теңеу, фразеологизм, метафора сынды тілдік бірліктерін ұтымды пайдаланғаны айқындалды.
Жазушы шығармаларындағы соғыс ұғымына қатысты қаралы қағаз, қу соғыс, фашист тәрізді лексемалар символдық мән иеленіп, соғыс концептісін сипаттайтыны аңғарылды. Жазушының танымдық білімдер жүйесіндегі соғыс концептісінің мазмұны түрлі қырынан көрініс тапқаны зерделенді. Жазушының әңгіме-повестеріндегі соғыс концептісінің ішкі құрылымы арқылы ұлттық ұғым-түсініктердің танымдық элементтерін ұғынуға болатыны қарастырылды. Жазушы шығармаларындағы соғыс концептісінің құрылымдарын анықтау, танымдық тұрғыдан зерделеу оның өмір, әлем, тіршілік жөніндегі концептуалды тұжырымдарын анықтауға жол ашты.

Белгілі қаламгер С.Мұратбеков әңгіме-повестері - танымдық білімдер жүйесін танытатын бірден бір арна. С.Мұратбеков әңгіме-повестеріндегі танымдық білімдер жүйесін зерделейтін концептінің бірі - "соғыс" концептісі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде соғыс сөзіне мынадай анықтама береді: Соғыс 1. Мемлекеттердiң және бiр-бiрiне қайшы таптардың арасындағы болатын қарулы күрес, ұрыс. Соғыс 2. 1. орт. етіс. Соқ-ыс. 2. Ұрысу, шекiсу; түйiсу [1]. Жазушының шығармаларына арқау болған Ұлы Отан соғысы. Адамзат баласына үлкен қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысын шығармаларында көрсетуде автор өзінің аялық біліміне сүйенеді.
Жалпы тілдік қолданыста "соғыс" концептісін бейнелеуде күрес, қару-жарақ, шабуыл, шайқас, жарақат, жанын қию, жеңіс т.б. тілдік бірліктері жиі қолданылады. Ал С.Мұратбеков әңгіме-повестерінде "соғыс" концептісі түрлі қырынан танылып, бірнеше концептілік құрылымдардан құралып, жазушының өзіндік көзқарасын танытады. Соғыс концептісі туралы орыс ғалымы Л.Бенедиктова: Концепт война как многомерное смысловое образование моделируется нами в виде фрейма как модели для измерения и описания знаний (ментальных репрезентаций), хранящихся в памяти людей деген тұжырым жасайды [2,9]. Біз де осы пікірді қолдай отырып, жазушының бірнеше шығармасын осы тұрғыдан қарастырдық.
Ауыл өмірі - жазушының шығармашылығының діңгегі десек те болады. Ауыл өміріне, оның ішінде соғыс жылдарындағы ауылдың тұрмыс-тіршілігі, жоқшылық, азап, зорлық, зомбылық фреймдері арқылы көрініс тауып отырады. Жазушының Жабайы алма повесі, Жусан иісі әңгімесінде соғыс жылдарындағы халықтың бастан кешкен ауырпалықтарын ешбір бояусыз, асыра сілтеусіз көз алдымызға алып келеді. Жазушы шығармашылығы шынайылығымен, тілінің жалпы жұртқа ұғынықты, түсінікті, ретті баяндалуымен ерекшеленеді.
Жазушы шығармаларындағы соғыс концептісі фразеологизмдер, теңеу, эпитеттер, сөздердің метафоралануы жазушының танымдық білімдер жүйесіндегі соғыс концептісінің аясына енетін мынадай когнитивтік модельдерді анықтауға мүмкіндік берді.

Соғыс - өлім когнитивтік моделі. Соғыс концептісін сөз еткенде өмір, өлім концептілері қатар жүретіні мәлім. Соғыс дегенде ең алдымен оқырман санасын өлім сөзі ұялайтыны ақиқат. Дүниежүзіндегі қай ұлтқа қатысты алсақ та, ғаламның тілдік бейнесіндегі соғыс макроконцептісінің өзегінде өлім концептісі тұрады. Себебі соғыстың басталуы, жүргізілуі және аяқталуы сияқты кезеңдерінің қай-қайсысы да адам өлімімен тығыз байланысты. Кісі өлімінсіз соғысты елестету тіпті де мүмкін емес. Сондықтан тіл ұстанушының когнитивтік базасында соғыс - адамзат өміріне төнген қауіп ретінде орныққан [3,11-12].
Жазушы әңгіме-повестерінде соғыс концептісінің құрылымы қаралы қағаз келуімен өлім көрінісін береді. Мысалы: Әскерден біртіндеп ер-азаматтар қайта бастады. Бәрі жаралы боп қайтқандар: бірі қолынан, бірі аяғынан, бірі қабырғасынан, бірі көзінен айырылғандар... Қаралы қағаздар келіп жатты(Жусан иісі әңгімесінен).
-Бәрі аман, бәрі жақсы. Ешқандай хат келген жоқ, - деймін мен, бірақ көзіне тура қарап айтуға жүзім дауаламай, теріс айналдым. Тоқтардан келген қаралы қағаз есіме түскенде жүрегім суылдап қорқып кеттім (Жабайы алма повесінен)
Әкесінен қара қағаз келгенде анасы екеуі осы долана ағашының түбінде отырып, көрісіп жылап еді. Балалығы ғой сонда жылап отырып, долана жегені есінде (Біреу әңгімесінен).
Жаз ортасы. Аңызақ жел ұйытқи соққан ыстық күннің бірінде біздің ауылға тағы бір қаралы қағаз келді. Бұл жолғы қаралы қағаз ешкімнің үйінен зарлы жоқтау айтатын дауыс шығарған жоқ. Бұл жолғы қаралы қағаз, көшеде ойнап жүрген балалардың ең соңында, белі бос штанының ауын бір қолымен көтере ұстап, сол аяғын көлдененінен сүйрете солтақтай жүгірген күйде: Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтамын, - деп жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді(Жусан иісі әңгімесінен).
Ауыл адамдарының қорқыныш үрейін тудыратын соғыстан келетін қаралы қағаз әр адамның жүрегіне жазылмас жара салып, қайғылы күйге түсіргені ақиқат. Жазушы жүзім дауаламай, теріс айналдым фразеологизмдерін қолдану арқылы кейіпкердің психологиялық жай-күйін береді. Зарлы жоқтау эпитеті де соғыс концептісінің танымдық мазмұнын айғақтап тұрғандай.
Автор ащы дауыс, зарлы қоңыр дауыс, төбе құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан дауыс деген тілдік бірліктер арқылы қазаққа тән болмысты аңғартумен қатар, өлімнің қиындығын сипаттап береді. Мысалы:
Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар. Аянның үйінен шығып жатыр(Жусан иісі әңгімесінен).
Зарлы қоңыр дауыс өне бойымды дірілдетіп жіберді. Көз жасының ыстық болатынан мен сонда бірінші рет сездім (Жабайы алма повесінен).
Жусан иісі әңгімесіндегі Аянның қызықты әңгімелерінің бәрі жетім бала, оның арман-тілегі ертегі оқиғасымен келеді. Жетімдіктің дәмін, өмірдің ащысын, тауқымет соғыстың зардабын баяндайды.
Соғыс-қайғы-қасірет когнитивтік моделі. Жазушы шығармаларында соғыс концептісі өзара шектес өлім, өмір, қайғы концептілерімен байланысты түрлі тілдік бірліктер арқылы репрезенттелген. Автордың танымдық білімдер жүйесінде әке-шешесінен,туыс-туғанынан, сүйгенінен айырылған кейіпкерлердің жан-ахуалынан көрініс тапқан.
Жабайы алма повесіндегі басты кейіпкердің бірі Назираның монологында өмірдің ащы уы, жалғыздық, тағдырға налу, қасірет шегуі байқалады.
Неден осынша бақытсыз болдым. Неден осынша сормаңдай едім. Жарық дүние-ау, қай күні ғана қырсығыңа шалынып тудым екен. Әкеден айырылғаным анау, сүйгенімнен айырғаның мынау... Неден жаздым?.. Неден?.. (Жабайы алма повесінен).
Жанына батқан қайғыға қабырғасы қайысып, егіле жылап зар иледі. (Жабайы алма повесінен).
Қазақ халқының танымында асқар тауы құлау - тірегінен айырылу, арқа сүйері жоқ, жағдайсыз күйге ұшырау тілдік бірліктері әкені асқар тауға теңеп, одан айырылғанның қаншалықты қиындығын тіл арқылы білдіріп отырған. Жабайы алмадағы Назираның әкесінен айырылуы орны толмас қайғы.
Автор қолданып отырған қабырғасы қайысу, егіле жылау, зар илеу тұрақты тіркестері кейіпкердің хал-ахуалын бейнелеуде ұтымды қолданыс тапқан және соғыс - қайғы-қасірет когнитивтік моделін құрайды.
Енді бір ретте автор кейіпкерін панасыз, қамқоршысыз күйін, қайғыдан қан жұтып жүргенде жан ашыр ешкімнің болмағанын былай суреттейді:
Үйге қайтып оралғам. Әжем сол әліндегі құдайға біресе налып, біресе жалбарынып, зар еңіреген күйінде байыз таппай жүр екен. Оған қосылып тұс-тұстан кішкене балалар ұлардай шулап жүр. Менен басқа бас көтерер Нәзира әпкемді іздеп шығар ешкімнің жоғы белгілі (Жабайы алма повесінен).
Автор қолданысындағы зар еңіреу, байыз таппау, бас көтеру фразеологизмдері арқылы кейіпкерінің басындағы қайғыны, дәрменсіздіктің зардабын, қайғының уын дөп басып көрсетеді.
Жабайы алма повесінде қайғы, соғыстың зардабы бір ғана адамның басында емес, барша халықтың басындағы зілзала екендігі баян етіледі. Осылай соғыс макроконцептісінің танымдық аясы кеңейе түседі.
Бұ қалай, Нұғыман-ау, соғыс болса мынау күннен-күнге арқаға аяз батып қыса түсуде. Бәрін майданға жөнелтсек екен дейміз, атың өшкір жауды тезірек жеңсек екен дейміз. Бәріміздің жұтып отырған уымыз да бір, қайғы-қасіретіміз, тілегіміз де бір.. (Жабайы алма повесінен).
Жалпы, жазушының қабылдауында сөз ішкі күйзелісті сыртқа шығару ғана емес, сол күйзеліс қайғы-қасіреттің себепшісі бола алатын сиқырлы күш көзі де.
Соғыс- өмір уы, тағдыр когнитивтік моделі.
Көркем шығармада адам тағдыры көп жағдайда өмірдің адам перзентінің мойнына артқан жүгі. Өмірінің сәтті-сәтсіз болуы, көздеген бақыты немесе көрген қорлығы, өкініші-реніші сияқты жағдайларда көп кездеседі.
Көркем шығармада адам тағдыры бірінші орында болады. Яғни халық болмысын ашу кейіпкер тағдырын танудан басталады. Адам өмір сүрген, тіршілік еткен орта туралы жазушыларымыздың шығармаларында кейіпкерлердің өмірі тағдырлары толғандыратын оқиғалар. Әр дәуірдің өз шындығы бар, сол дәуірдегі адам тағдырын, қоғамды қопару-төңкеру арқылы көркем шығарма туындайды.
Сол сияқты Сайын Мұратбековтің әңгіме-повестеріндегі соғыс-өмір уы, тағдыр концептілік құрылымы да сол қоғамдағы болып жатқан оқиғалар тізбегінен ақпарат беріп, сол дәуірдің шындығын, кейіпкердің психологиялық жай-күйін білдіреді. Мысалы:
Көл-көсір аққан көздің жасы. Ыстық жас. Қорс-қорс етеміз. Әжем айтпақшы: Уһ, дүние, жалған-ай!.. Енді қайтып еш уақытта әкемізді, шешемізді көрер күн жоқ қой!.. Қайран әке!..Қайран шеше!..Көке!.. Көке!..Апа!Апа! Седерден айырған сұм тағдыр неткен опасыз еді?! Зар илетіп, зар еңіретіп қалай қиып кеттіңдер?! Зәбір көріп, жапа шегіп, зар еңіреп жүрсін дедіңдер ме?! Неге? Неге, бізді тастап кеттіңдер?! (Жабайы алма повесінен).
Автор ыстық жас, жалған дүние, сұм тағдыр эпитеттері және зар илетіп, зар еңіретіп, зәбір көріп, жапа шегіп сынды тілдік бірліктер арқылы соғыс концептісінің мазмұнын сипаттаушы өріс құрайды.
Енді бірде кейіпкер танымында соғыс - өмір уы, қабырғаны қайыстырар зардап әкелген жазылмас жара.
Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүргемізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыл салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой (Жусан иісі әңгімесінен).
Қу соғыс, жараның тыртығы, удай сыздап, қабырғаға бар зілін салды сынды фреймдер арқылы санадағы логикалық факт бейнеленеді. Ал автор қолданысындағы бесіктен белі шықпау, жанға бату тұрақты тіркестері соғыс көрінісін еңкейген қарттан, енбектеген балаға дейін тартып, уын ішкенін бейнелеуде қолданған.
Адам мен табиғат қашан да етене жақын. Ендеше, жазушы танымындағы соғыс концептісінің мазмұнын аша түсу үшін жетімдік микроконцептісі қатар қамтылады. Мысалы: Әкеден де, шешеден де айырылған жетімдік тақсыретінің аяздай қарығанынан ба, сол жылғы қыс айрықша қатал, қытымыр болып еді (Жабайы алма повесінен).
Автор соғыс салған жараны одан әрі аша түсу үшін Қанаттың монологын былайша береді:
Енді, міне, Көбегеннің жалғыз аяқпен секектегенін көргенде, соғыс дегеннің тірі адамды қандай күйге түсіретінін ұққандай боп тұрмыз. Екі қолы, екі аяғы емес, жалғыз аяғынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақырып идеяға тартылған жол
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Концептуалды талдау жұмысы (Софы Сматаев шығармашылығы бойынша)
Б. СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Тіл танымдық оқу практикасы
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Пәндер