Оқушылардың музыкалық дамуы мен жас ерекшеліктері: әдістемелік қағидалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады. Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.

Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.

Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз. Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш .

Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді. Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.

Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз. Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық. Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:

1) Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады.

2) Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу.

3) Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту.

4) Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету.

5) Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін анықтау.

6) Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаздың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады.

Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге болады:

1) Ұстаздың өзі орындап көрсетуі.

2) Ноталық жазбаны қолдану.

3) Ән әуенін жай екпінде, жеке фраза, шумақтармен үйрену.

4) Ән интонациясы мен ырғағының өте дәл орындалуын тұрақты қадағалау.

5) Әннің кейбір қиындау жерлерін жеке бөліп қарау.

6) Ән мәтіннің логикалық шыңын анықтау, дикциямен жұмыс істеу.

7) Ұстаз бен оқушының әнді орындау жоспарын ойластыруы.

8) Әр сабаққа арналған жұмыс жоспарын жазып отыру.

9) Екі, үш дауысты әндерді үйренуді әр дауысты жеке көрсетуден бастау керек. Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылай жүргізген дұрыс.

10) Ұстаздың дирижерлік әдістерді қолдануы ән үйрену кезеңі жеңіл.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы: сыртқа шығару жүйелері мен терінің жас ерекшеліктері
Ересек жас топтарындағы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
Музыкалық білім берудегі балдық-рейтингтік әріптік бағалау: әдістемелік қағидалар мен сабақ тәжірибесі
Оқушылардың қазақ тілін дамыту: әдістемелік қағидалар мен практикалық тәсілдер
Музыкалық білім беру әдістемесі: оқушылардың музыкалық қабілеттері мен шығармашылығын дамыту
Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру: педагогикалық принциптер мен әдістемелік негіздер
Музыкалық білім беруде сатылай кешенді дамудың педагогикалық-әдістемелік ерекшеліктері
Музыкалық психология негіздері: Музыкалық білім мамандығының оқу-әдістемелік кешені
Музыкалық сабақтардағы музыкалық қызмет түрлерінің теориялық-әдістемелік негіздері
Мектептегі музыкалық тәрбие: әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz