Психиатрия және наркологиядағы ургенттік жағдайлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Психиатрия және наркологиядағы ургенттік жағдайлар
Психиатрия және наркологиядағы ургентті жағдайлар - науқастың өміріне, денсаулығына, сонымен қатар қоршаған ортаға қауіп төндіретін, жедел медициналық көмекті қажет ететін кенеттен дамитын жедел психопатологиялық жағдай.
Психикалық бұзылыстармен жүретін жедел жағдайларды пайда болу механизміне байланысты бірнеше топтарға бөлеміз:
Психикалық ауруларда кездесетін шұғыл жағдайлар(мысалы,меланхолиялық депрессияда болатын суицидті жағдайлар)
Наркоманияда,алкоголизмде, токсикаманияда кездесетін шұғыл жағдайлар(алкогольді делирия,героинмен улану)
Айқын психикалық бұзылыстармен жүретін шұғыл соматикалық жағдайлар(перитонит кезінде дамитын делирия)
Психотропты препараттармен жоспарлы түрде емдеу кезінде дамитын шұғыл жағдайлар(жедел дистония, серотонинді синдром).
Психомоторлы қозу - науқастың психикалық жағдайының бұзылуына байланысты әр түрлі дәрежедегі қимыл қозғалысының және сөйлеу қабілетінің бұзылысымен (көп сөйлегіштік,сөз құрамының өзгерісі, т.б.) жүретін патологиялық жағдай.
Жиі кездесетін психомоторлы қозу түрлері:
Галлюцинаторлы
Үрейлі (тревожное)
Дисфориялық
Депрессиялық
Маникалды
Аффективті - шокты
Кататониялық және гебефренді
Клиникалық көріністері:
- қимыл қозғалыстың қозуы
- үрей, өзін-өзі жоғалту.
-галлюцинациялық, сандырақтық, кататониялық симптомдармен тез алмасып отыратын көріністер.
- сананың бұлыңғырлануы: делирий, онейроид, сумеркалық жағдай, сандырақтар т.б.
Науқастар абыр-сабыр болып жүреді, ойдан шығарған аңдушылардан қашып жүреді, терезеден секіреді, жолдың қарсы бетіне өте салады, бөтен адамдарға шабуыл жасауыда мүмкін. Қозуды дереу басып және науқасты госпитализациялау керек.
Алғашқы көмек:
Науқасты физикалық шектеу үшін медицина қызметкерлері күшпен ұстап тұрады. Науқасты байлауға немесе фиксацияның жарақаттайтын әдістерін қолдануға болмайды. Науқасты кроватқа немесе еденге арқасымен жатқызып ұстайды немесе аяқ-қолын простыньямен жеңіл түрде фиксациялайды. Фиксациялағанда нервтер мен қантамырлардың қысылып қалмауын, буындардың шығып кетпеуін, кеуде клеткасының экскурциясының бұзылуынан болатын тыныс алудың қиындауының алдын алуымыз керек.
Нейролептиктер гипотония шақыратын болғандықтан оларды абайлап қолдану керек. Алдын ала қан қысымын өлшейміз. Бұрын психофармакологиялық заттарды қолданбаған науқас болса аз дозада қолданамыз. 50-70 мг аминазин немесе тизерцин, 5мг дроперидол қолданады. Бұрын нейролептиктер қолданған науқас болса қозуды басу үшін 100-200 мг аминазин, 75-100 мг тизерцин, 10 мг дроперидолға дейін қолдануға болады. Коллапстардың алдын алу үшін бір мезгілде тері астына 2 мл кордиамин енгізу керек.
Нейролептиктерге қарсы көрсеткіші бар науқастарға транквилизаторлар қолдану қажет.
Қозуды басу үшін транквилизаторлар қолданамыз:
S.Diazepami 0.5% - 2.0 - 6.0 көктамырға немесе
S.Phenazepami 0.1% - 2.0-4.0 бұлшықетке
Дәрілік препараттың дозасы науқастың жағдайына бйланысты тағайындалады. Транквилизаторларды енгізбестен бұрын оған қарсы көрсеткіштердің бар жоқтығын анықтап алу керек.
Суицидтік мінез-құлық
Суицидиальдық тенденция барлық депрессивті жағдайлардың негізгі компоненті болып табылады. Ең жиі үрейлі және депрессияларда болады. Анамнезінде суицидтік жағдайлар болса ол үрейлі белгі болып табылады, себебі мұндай жағдайлар қайталануы мүмкін. Депрессиядағы науқастар үнемі біреудін қарамағында болуы керек, әсіресе таңертеңгілік уақыттарда осындай жағдайлар өте көп болады. Әйелдерге қарағанда ерлер 3 есе көп, бірақ әйелдер ерлерге қарағанда суицидке 4 есе көп барады. Ең көп суицидке баратын жастағылар 15 - 40 жас аралығындағылар. Дәрігерде күдік пайда болса сұрау барысында науқастар ондай ойы бар екенін жасырмайды.
Алғашқы көмек:
Науқасты тыныштандыру керек. Антидепресанттар тағайындау қажет. Бірақ тез әсері болмағандықтан нейролептиктер және транквилвзаторлар қоланады. 25-75 мг тизерцин, 15-30мг реланиум,30-75 мг сонапаксті бір тәулікте қолдану керек. Науқасты психолог немесе психиатрға жолдап дер кезінде ем жүргізу керек. Әйтпесе суицидтік іс әрекеттер қайталануы мүмкін.
Тамақтан бас тарту
Науқас ашық түрде тамақтан бас тартады. Тамақты күштеп берсеңде түкіріп немесе құсып тастайды. Басын ары бері бұрып, аузын ашпайды, тістерін қатты айқастырып алады. Ұзақ уақыт тамақ ішпегеннен ауыздан ацетон иісі шығып тұрады, тері тургоры төмендейді, гипотония, гипоглекемия, үлкен дәреттің болмауы, жүдеу пайда болады. Стационарда күнделікті дене салмағын өлшеп отыру керек.
Алғашқы көмек:
Төсектік режим тағайындалады. Күнделікті тазарту клизмасы жасалуы керек. Тәбетті жоғарылату үшін тері астына инсулинді 10-20 бірлік енгізеді, 1-2 сағаттан соң 40% глюкоза және жылы тәтті шай ішкізу керек. Нейролептиктер: 10 мг френолонды тәулігіне 50мг немесе 50мг пипольфенді тәулігіне 1 рет инъекция түрінде. 10 % Гипертониялық натрий хлор ерітіндісін 20мл көк тамырға немесе тұздық клизма түрінде. Бұлшықетке С, В1 В6 витаминдерін, венаға 5 %глюкоза салу керек. Анаболикалық гормондарды 1 мл 5% ретаболилді 1 реттен 8-10 күн.
Алкогольді делирий
Алкогольді делирий көп жағдайда сауығумен аяқталады. Бірақ 15-20 % өлімге алып келетін ауыр формада өтеді. Қауіпті делириозды ұстамалар тек алкогольмен ғана емес соматикалық ауруларменде бірге жүреді.
Мусситирлеуші делирий - айқын азып тозумен, артериальды гипотониямен, төсектегі майда абыр-сабыр қимылдармен, мағынасыз сөйлеумен, науқаспен қатынас жасау мүмкін еместігімен көрінеді.
Гиперкинетикалық делирий - шектен тыс қимыл қозғалысынң қозуымен, артериальды гипертензиямен, атаксия және гиперкинездермен, дене температурасының жоғарылауымен көрінеді. Сананың терең бұлыңғырлануымен көрінетін, өте сирек кездесетін алкогольді психоздың өте қауіпті түрі - Гайе - Верниктің жедел алкогольді энцефалопатиясы.
Алғашқы көмек:
Алкогольді делирия алкогольді ішімдікті тоқтатқаннан кейін 1-ші және 5-ші күндері алкогольді абстиненті синдромның фонында дамиды.
Емдеу принциптері :
Диагностикалық және емдік шаралар паралелльді жүргізіледі.
1) Жалпы жағдайын,әсіресе негізгі физиологиялық функцияларды бағалау керек.
2) Дезинтоксикациялық терапия :
- кристаллоидты ерітінділер - физиологиялық ерітінді (жалпы инфузияның 2\3 кем емес), с электролиттермен (калий хлориді 4% - 10-20 мл және магний сульфаты 25% - 5-10 мл. және т.б. ерітінділерді де қолдануға болады.
- инфузияның көлемі науқастың жағдайына байланысты
- дегидратацияда (көбіне, құсуда, диареяда, гипергидрозда) тәулігіне 1.5-2 л сұйықтықты қажет етеді.
- глюкоза ерітіндісі 5%
- Гайе-Вернике энцефалопатиясының дамуының алдын-алу үшін тиамина (витамина В1) енгіземіз.
3) Витаминдерді тағайындау:
- тиамина (В1) 2.0-4.0 в\м
- пиридоксин (В6) 2.0 - 4.0 в\м - аскорбиновая кислота (С) - внутривенно струйно в процессе инфузии или в\м - 2.0-4.0
4) Бензодиазепинді транквилизаторларды енгізу керек.
- S.Phenazepami 0.1% - 3.0-4.0 в\м -
- S.Diazepami 0.5% - 4.0-6.0 в\м - при необходимости возможно повторное введение (не более 12 мл\сут)
5) ноотроптар, антигипоксанттар және нейропротекторлар тағайындаймыз
6) АҚҚ-ның жоғарылауы мен тахикардияда - b-блокаторларды - пропранолол (анаприлин) - 20-40 мг 2-3 рет күніне және метопролол 25-50 мг 2 рет күніне тағайындаймыз.
Ауыр алкогольді масаю
Ауыр алкогольді масаю - сананың бұзылуымен, жүрісінің бұзылуымен, дизартриямен, бұлшықеттік гипотониямен сипатталатын, сонымен сопор,комаға дейін алып баратын жағдай.
Алғашқы көмек негіздері:
1) Әлі ағзаға сіңбеген алкогольді шығару. Ол асқазанды зонд арқылы шаямыз.
2) Әдетте масайған адамның тілі артқа кетіп, аспирация болады. Сол үшін де адекватты тыныс алуды қалыптастыру үшін науқастың басын бір жағын бұрып жатқызамыз. Егер де тілі артқа кететін жағдай болса, науқастың төменгі жағын алға қарай тартып,құсық массаларынан электроотсос көмегімен тазартамыз.
3) Алкогольдің метаболизмін жылдамдату және ОНЖ жұмысын қалпына келтіру. Көктамырға 400 мл гипертонического раствора глюкозының гипертониялық 10% ерітіндісін және 8 ЕД қысқа әсерлі инсулина енгіземіз. Тиамина (В1) - 4.0 мл және пирацетама 20 мл.
4) Ацидозды и плазмының сілтіленуін коррекциялау - натрий гидрокарбонаты 200 мл көктамырға тамшылатып енгіземіз.
Егер де жоғарыда аталған 3) и 4) пунктті жасауға мүмкіншілік болмаса, тері астына 2мл кордиамин немесе натридің кофеин-бензоата енгіземіз..
Алкогольді абстинтенттік синдром
Негізгі клиникалық белгілері:
Қорқыныш және қозғалыс бұзылыстары(психомоторлы қозуға дейін алып баратын)
Қолдардың айқын треморы
Тахикардия, тері жамылғысының гиперемиясы, гипергидроз
Артериальды гипертензия
Ұйқысыздық
Алғашқы көмек:
1) Науқастың жалпы жағдайын бағалау
2) - кристаллоидты ерітінділер - физиологиялық ерітінді (жалпы инфузияның 2\3 кем емес), с электролиттермен (калий хлориді 4% - 10-20 мл және магний сульфаты 25% - 5-10 мл; немесе аспаркам (панангин) - 10 мл). Рингера және т.б. ерітінділерді де қолдануға болады.
- инфузияның көлемі науқастың жағдайына байланысты
- дегидратацияда (көбіне, құсуда, диареяда, гипергидрозда) тәулігіне 1.5-2 л сұйықтықты қажет етеді.
- глюкоза ерітіндісі 5%
- Гайе-Вернике энцефалопатиясының дамуының алдын-алу үшін тиамина (витамина В1) енгіземіз.
- тиол препараттарын (тиосульфат натрия 30% - 10.0 в\в струйно) енгіземіз.
3) Бензодиазепинді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы
Аддиктивті мінез - құлықтың жіктемесі
Қорғасынмен уланудың патогенезі
Аддективті мінез-құлық ерекшеліктері
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау туралы ақпарат
Психологиядан дәрістер жайлы
Психиатрияның негізгі даму кезеңдері және бағыттары
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Психикалық аурулар сараптамасы
Психикалық бұзылыстар жіктелуі
Пәндер