ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ

Тақырыбы: ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау

Дайындаған :Жанымханова Б
Тобы:ф1-801

Сыртқы талдау:Конституцияның құрылымы, қашан қабылданды, қанша рет өзгеріс енгізілді, қанша бөлімнен қанга тараудан тұрады.
Ішкі талдау: құжат мазмұны қандай, конституцияның негізгі мазмұнын түсіну.

Мемлекет пен заң егіз ұғым. Себебі, адам қоғам мүшесі. Ал, адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамда болып жатқан түрлі құқық бұзушылықтардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің нақты санын ешкім атай алмайды. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі - Конституция болып табылады.
Конституция (лат. constitutio - құрылу, өкім) - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік органдар жүйесінің реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан Конституцияны қабылдау аса зор жаупкершілікті қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын негізгі заң болғандықтан, Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі қайталана бермейді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын - Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы - Конституциясы қабылданды.Ол 4 бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды.
Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде үлкен рөл атқарды. Бұрынғы Қазақ КСР-інің аумағы тәуелсіз аумақ деп танылды. Ол бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстан Республикасының азаматтары ұлтына, тегіне, атқаратын қызметіне, тұратын мекеніне және басқа да әлеуметтік жағдайларына қарамастан, тең құқықтар мен бостандықтарға ие..
Алайда 1993 жылғы Конституция ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай болмады. Әрі онда адамның жеке құқығы мен бостандығы, және оны қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүргізу нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған болатын.
Сондықтан Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қайта қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. Қазақстандықтардың 89%-і жаңа Ата Заңды қолдап дауыс берді. Ол тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Онда адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады.
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
"Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" деп жарияланған.
Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер "Адам және азамат" деп аталған ІІ бөлімде жинақталып берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға т.б. құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға тиісті.
ІІІ бөлімде Президенттің, ІV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалуы мерзімдері мен заңдары, өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б. баяндалған.
VI бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
Конституцияның маңызды ерекшелігі - ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Сондықтан құқық қорғау органдары Конституция нормаларының бұзылу жағдайына қатысты шаралар қолданғанда, Конституцияның өзін тікелей басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Республика президенті - біртұтас халықтын жəне мемлекеттін билікті жоғарыданбасқаратын тұлға
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Пәндер