Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті
ӘОК 37.03:372.854.02(574) Қолжазба қүқығында
С 5 е з, вс^ме
Әбдіқадырова Ғалия Санаққызы
Орта мектепте химия пәнін оқытуда
халықтық педагогика элементтерін
пайдалану әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дорежесін алу үшін
дайындалған диссертация
13.00.02 - оқыту жөне төрбиелеу теориясы мене өдістемесі (химия)
Ғылыми жетекшілері: химия ғылымдарының докторы, профессор Танашева Маруан Рахметқызы, химия ғылымдарының кандидаты, доңеғгг Смағұлова Дыбыс Әбдікорімқызы

Қазақстан Республикасы
Алматы
МАЗМҮНЫ
Кіріспе 3
Химияны окытуда халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық-психологиялық алғышарттары 11
Орта мектепте химияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдаланудың қазіргі жайы 11
Химия сабақтарында понаралық байланыс негізінде халықтық педагогиканы пайдалану 20
тарау бойынша тұжырымдама 32
Орта мектепте химияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану әдістемесі 34
Педагогикалық эксперимент 34
Педагогикалық эксперимент жұмысының нотижелері 41
8-10 сыныптарда химия сабақтарында халық педагогикасын пайдаланудың жолдары мен өдістері 52
Поэзияны пайдалану әдістемесі 85
тарау бойынша тұжырымдама 108
Қорытынды 1Ю
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 112
Қосымша 120
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бстбүрыстардан білім мен төрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға котеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім1.
Осыған орай бүгінгі танда қоғамның ұлттық мәдсни түрғыдан кемслденуі, жас ұрпақты оз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен терсңірек таныстырып, соның негізінде жеке түлғаны қалыптастыруға, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тәбие мен білім беруде мұғалімнің кәсіптік даярлығын қамтамасыз етуді міндеттейді 2. Өйткені егсмен еліміздің болашағы оның материалдық және рухани дамуы, жас үрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. Сондықтан да қоғамның білім беру жүйесін жаңарту мен жстілдіру моселссі мұғалімнің алдына зор міндеттер жүктеп отыр.
Осыған орай химияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектсптерде пөнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-өрекеттері белсендіру мен тиімділігін арггыру, педагогикалық технологияларымен үштастыра жүргізу жүмысын практикаға енгізу мөселесіне ерекше көңіл аудару қажсттігін көздейді. Осы тұрғыда негізгі ауыл мектебіндс оқьггуды үйымдастыру мәселесіне, оқу тәрбие жүмысының дсңгейіи көтеруге жөне оның беделін жоғарлатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді өдістерін зерттеп, оны іс жүзіндс қолдануға үсыну күрделі мәселслердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, қүбылыстарымеп таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйслсп, коз- қарастарын қалыптастыруда орта мектепте оқытылатын химия пәнінің мәні өте зор. Сондықтан да химияны оқытудың одіс- төсілдерін сан-салалы бағытта, жан-жақты қарастыру көзделеді.
Химияны оқыту мәселесі белгілі педагогтармен методисттердің назарынан тыс қалмай үнемі зерттеу нысанасына айналып кслді: К.А.Аймағамбетова, А.Г. Сармүрзина, Н.Н. Нүрахметов, С. Жайлау, Т.Т.Омаров, Ж.Ә.Шоқыбаев, К.А. Сарманова, М.Р.Танашева т.б. көптеген зерттеулерде оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу жолдарын қарастыру тснденциясы оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын дамытуға негіз салатындығы көрсстілген.
Ауыл мектептерде сабақтарға қатысып жүргізілгсн талдау қөрытындысы ондағы оқыту жұмыстарының қазіргі талаптарға
сәйкес еместігін, оқушылардың өздігінен білім алуының нашарлығын, олардың танымдық қызығушылығының жәнс білім сапасының төмендігін көрсетті. Бүл жағдайлардың себебін ортүрлі түсіндіреді: кейбіреулері кризистік жағдайға байланысты қажстті пөндердің қысқаруы десе, енді бірі қаражаттық - инвестицияның жетіспеушілігі, немесе білім беруге арналған бағдарлама қүрылымының әлсіздігі, ал үшіншісі ауыл мүғалімінің өлеумсттік - түрмыс жағдайының төмендігінен деп дәлелдейді.
Бұл факторлардың барлығы мұғалімнің өмір-тіршілігіне байланысты айтылып отыр. Біздің көзқарасымыз бойынша ауыл мектептерінің кризистік жағдайының себебі ~ саяси немссе олеуметтік экономикалық жағдайдан ғана туындамайды, оның педагогикалық технологиялық негізі де бар, сонымсн қатар, ауылды жерде ғылыми-ағарту орталықтарының, мұражайлардың, кітапхана, театрлардың жоқтығы да әсер етеді. Үстаз оқушыларға білім беру барысында оқу үрдісін ұйымдастыру кезіндс түлғаның дұрыс қалыптасу мүмкіндігін зерттеп, жеке бас срекшелігін аңғарып, осыған сойкес жұмыс істегенде ғана орынды педагогикалық шсшім табады. Химия пәнінің көптеген мүғалімдсрі оқушыларды химия ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан химиялық құбылыстармен таныстырып, оны коругс, ссзінуге, түсінуге жағдай жасау арқылы дүниедегі химиялық айналулармен оқушыларды қаруландырудың жолдарын таңцай білуі, заттар және өлардың көптүрлілігі туралы ұғымды мсңгерте отырып, сабақта көркем әдебиетті, поэзияны, оқу ойындарын енгізу арқылы оқушылардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға болатындығын дәлелдеді.
Осы орайда химия пәнінде көркем әдебиет псн поэзияны, оқу ойындарын пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту жолдарын Г.Г.Филимонова 3, А.Р.Нұрахметова 4, Ж.Ж.Жұмаханов 5, З.Т.Мүшрапилованың 6 зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Ж.Жүмахапөвтың еңбектсрінде химияны оқытуда оқушының сабаққа дсген қызығушылығын күшейтіп, өңгімелер, өлевдер оқыту олардың бслсенділігін арттыру үшін, олардың мазмұнын мәтінгс сәйкес талдаудың тиімділігін дөлелдейді. Ал, З.Мұшрапилованың жұмысында химияны көркем әдебиетпен поэзиямен байланыстыра отырып оқытқанда оқушының шығармашылық қабілетін котеруге бөлатындығын көрсетеді. Бірақ бұл еңбектердс орыс жазушыларының шығармаларын кеңінен пайдаланған.
Ал, Г.Филимонова мен АР.Нұрахметовалар зсрттсулсрінде ойын арқылы оқытудың, оқушылардың білім деңгейін көтсрудсгі тиімділігіне негіздеп оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыру жолдарын қарастырған.
Жоғарыда келтірілген дсректер қазіргі таңда химияны оқытудың тиімділігін көтеруде біраз зерттеу жұмыстарының жүргізілгендігін аңғартады.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және оқу- әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдау нотижесі бүгінгі күнге дейін этнопедагогиканың жалпы теориялық негіздерімен тәрбиелік мәселелеріне баса назар аудару пәнді оның ішінде химияны оқытуда халықтық педагогика элементтсрін пайдалану одістемесінің назардан тыс қалғанын көрсетеді.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында, өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттарымен қүбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең иегізгісі - қазақтың халықтық педагогикасы.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдст-ғұрып, аңыз ертегілері, жүмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бұл моселе жан-жақта талданған. Кейбір пәндерде математика, одебиет, биология, еңбек сабақтарында халықтық педагогика үлттық одет- ғұрып, салт-дәстүр тиімді пайдаланып отыр. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е: Әбілқасымованың 7 ғылыми жетскшілігімен жүргізіліп жатқан " Бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану" атты арнайы курстың оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарлама болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасының математика еабағында қолдануды меңгерту және сол алған білімдсрін мектсн қабырғасында қолдануға дайындау. Бұл математиканы оқыту процесінің нәтижелі болатындығының кепілі. Ал, химия пәні бойынша ұлттық төл оқулықтардың болмауына байланысты бүл мәселе осы кезге дейін қолға алынбады. Мектепте химия ионін осы кезге дейін одақтық бағдарлама бойынша аударма оқулықтар арқылы оқытып келгендіктен, үлттық педагогикамен байланыстыру назардан тыс қалды.
Республиканың жер қойнауының табиғи кен байлықтарға өте бай Д.И.Менделссвтің периодтық жүйесіндегі элементтердің борі дерлік біздің туған өлкемізден табылады. Қазақ топырағында игсрілген шикізат түрлері мен химиялық өнеркәсіптср коптеп саналады. Солай бола тұрса да, оқулықтарда Қазақстан химиясы туралы материал берілмеген және бағдарламада ол туралы айту да талап етілмейді. Сонымен қатар химия оқулықтарына снгсн мәтіндер өмірмен байланыссыз берілген.
Жоғарыда айтылған жағдайлар орта мектепте химиядан білім беру стандарты қойып отырған талаптар мен қазіргі тандағы химияны оқыту үрдісінің арасында қарама-қайшылық тудырады. Білімді өмірмен, салт-дәстүрмен байланыстыру, олкстану принципін қамтамасыз ету өз деңгейінде жүзсге аспай отыр. Осы жағдай біздің тақырыбымыздың " Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі" деп аталуына негіз болды.
Зерттеу жүмысының мақсаты: халықтық педагогиканы бүгінгі өмір талабымен үштастыра отырып орта мектептердегі химия понін оқытуда қолданудың әдістемесін жасау, оның оқу үрдісінде тиімді қолданудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу нысанасы - жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні - химияны оқыту үрдісінде халықтық педагогика элементтерін қолданып, оқушылардың білім сапасын дамытудың жолдары мен әдістері.
Зерттеу болжамы: орта мектептердегі химия сабағында оқушының білім сапасын дамытуға болады егер:
оқытудың белсенді әдістерін оқыту үрдісінде тиімді пайдаланса;
химияны оқытуда халықтық педагогика элемснттсрін
қолданудың арнайы бағдарламасы жасалса;
оқушылардың өзіндік жұмыстарын даралап үйымдастырса;
химиялық заттар мен құбылыстарды таныстыруда қазақтыі ұлттық таным, тәлім-тәрбие мүрасы мен ауыз әдебистін тиімді қолданса.
Зерттеу міндеттері:
орта мектепте химияны оқыту үрдісінде халықтық педагогиканы, әдеби материалдарды және оқу ойындарын қолданып, білім мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру;
оқу үрдісінде және сыныптан тыс жүмыстарда халықтық педагогиканы пайдаланудың әдістемесін жасау;
химия сабақтарында қолданылатын халықтық педагогика нұсқасының мазмұнын ұсыну.
Зерттеудің дерек көздері: Қазақстан Республикасының білім туралы зандары, жоғары білім бойынша занды жәнс нормативті құжаттар жинағы. Жалпы білім бсретін орта мектспке арналған мемлекеттік стандарттар; оқу бағдарламалары, педагоггардың оқу, білім және ақыл-ой тәрбиесі туралы еңбектері; дидактика мен химияны оқытудың әдістемесі саласындағы ғылыми еңбектер; оқулықтар мен оқу әдістсмелік құралдар, ғылыми мақалалар. Сондай-ақ автордың көп жылғы педагогтік іздсніс еңбектсрі мен зерттеу тәжірибелерінің нәтижелері пайдаланылады.
Зерттеудің методологиялық негізіне жас ұрпақты оқыту мсн тәрбиелеу туралы көп ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық қағидалар қазіргі кезендегі психология, педагогика, физиология салаларының ғылыми жаңалықтары химиядағы жәнс әдістсмедегі жаңа идеялар мен ұлы ғалымдардың қисынды тұжырымдамалары; шығармашылық ұғымын жан-жақты ашып көрсетуге бағытталған педагогикалық еңбектер жатады.
Зерттеудің теориялық негізіне ағартушы-ғалымдар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жүмабасв, пәнаралық байланысты проблемаларына арналған педагогтар мен дидактиктердің (Бельчанский Г., Максимова В.Н., Ильченко В.Р., Макареня А.А., Калугин П.Г., Зверев И.Д., Сарманова К.А., Пак М.С., Сармузина А.Г., оқыту-методистері (Чернобельская Г.М., Кузнецова Л.М., Иванова Р.К., Махмутов М.И., Гузик Н.П., Иодко А.Г., Нұғыманов И.Н., Аймағамбетова К.А., Ахметов Н.К., Жайлау С., Нұрахметов Н.Н., Омаров Т.Т., Шоқыбаев Ж.А., Танашева М.Р. және т.б.) еңбектері және орта білім концепциясы мен тұжырымдамасы химия пәні стандарты пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері:
зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және жас ерскшеліктері физиологиясы мен әдістемелік өдебиеттердІ теориялық тұрғыдан талдау жасау; озық педагогикалық іс-тәжірибелер мен танысу, оларды жинақтап қорыту, педагогикалық сабақтарға қатысу арқылы бақылау; химия пөнінің оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, өдістемелік құралдарды талдау; оқушылармеп әңгімелесу, байқау, сауалнама, тест жүргізу, педагогтік тожірибе, экспсримснт жүргізу; оқушылардың білімдері мен іскерліктсрін, шығармашылық қабілеттерінің деңгейін тексеру, олардың қорытындыларын талдау;
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңдс (1995-1997 ж.ж) зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, химия және оны оқыту әдістемелсрінің бағдарламары мен оқу құралдарына, ғылыми зерттеулерге жан-жақты талдау жасалып зерделенді. Зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, зерттеудің мақсаты мен міндеті, пөні және өдістері анықталды. Бұл кезенде тақырыпқа байланысты теориялық зерттеу жүргізілді.
Екінші кезевде (1997-1999ж.ж) деректі материалдар жинау жалғастырылды. Мектептердегі химия сабақтарына қатысу, оны оқыту әдістемесінің тиімді түстарын саралау, халықтық педагогика материалдарын жинақтап, оны пайдаланудың өдістерін ірікгеу, осы материалдарды бағдарламаға ендіру, эксперимент жүргізу мақсатын айқындап, оның жоспарын жасау жұмыстары орындалды.
Ү шінші кезевде (1999-2002 ж.ж) жинақталғаи деректі материалдар сұрыпталып, оларға теориялық тұрғыда жүйелі талдаулар жасалды, іс-тәжірибеде қолдану жұмысы басталды.
Орта мектепте химияны оқытуда халықтың педагогика элементтерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен қажсттілігі айқындалды. Химия сабақтарында тақырып мазмұнына орай пайдаланатын халықтық педагогика элементтері, ауыз әдебиеті, оқу ойындары сұрыпталып, эксперименттік байқаудан өткізілді. Эксперимент жұмысының нәтижесінде халықтық педагогика элементтерін, ауыз әдебиетін пайдаланудың өдістемелік нұсқауы және нақты тұжырымдар жасалды.
Зерттеу жүмысының ғылыми жаңалығы:
орта мектептің химия курсының мазмұны, мақсаты, міндеттеріне орай халықтық педагогика элементтерінің нұсқаулары сұрыпталды.
химия сабақтарында халықтық псдагогика элементтсрін пайдалана отырып оқытудың әдістемесі жасалды.
химия сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімін теревдетіп және шығармашылыққа баулудың жолдары мен әдістемесінің тиімділігі педагогикалық эксперимент жұмысы арқылы дөлелденді.
Зерттеудің практикалық маңызы:
химия пөні мұғалімдеріне оқытудың жаңа әдістемесін қолдануға баулу бағытында олардың әдістемелік шебсрліктерін жетілдіруді ғылыми тұрғыдан негіздеу барысында жалпы білім беретін мектептердегі химия сабағының оқу-тәрбиелік сапасын арттыру мақсатында; мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында химия пәні мүғалімдерінің әдістемелік шеберлігін көтерудс; химия пөиін оқытатын маман дайындайтын жоғары оқу орындарында студенттергс көмекші қүрал ретінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып химия
сабақтарында халықтық педагогиканы пайдалану өдістері
Химияны оқу бағдарламасына сәйкес халықтық педагогика материалдарымен толықтырылған білім мазмұны (толықтырылған бағдарлама)
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар барысында халықтық педагогиканы пайдалану өдістері.
Халықтық педагогиканы химия сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары.
Зерттеу базасы:
Тәжірибелік эксперименттік жұмыс Алматы облысының Райымбек ауданындағы "Шалкөде", "Шоқан Уәлиханов", "Албан- Асан Барманбекұлы" және N2 "Кеген" орта мектентсрінде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен неіізділігі өдістемелік тұрғыдан теориялық материалдардың іс жүзінде қолданылуымен, жасалған қорытындылардың қазіргі білім беру стандартына сәйкестігімен, олардың психологиялық, философиялық, педагогикалық және методологиялық түрғыдан негіздслуімен қойылған міндеттерге сай зерттеу өдістерінің тиімді пайдаланылуымен, теориялық дерек көздерінің нақты талдануымен, эксперимент нөтижесінің түжырымдалуымен қамтамасыз етілгсн.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру
Төжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижслсрі "Материалы третьего международного Беремжановского съезда по химии и химической технологии" тақырыбына арналған халықаралық съезінде Шығыс Қазақстан Университеті, Өсксмен, 2001 ж., "III Мсждународная научно-практическая конфсренция молодых ученых по прикладным вопросам химии" атты Қазақстанның химиялық күндерінде (Алматы, 2002 ж.);
"Бейорганикалық, органикалық силикаттар мен құрылыс матсриалдар химиялық технологиясы және инженсрлік кадрлср даярлау мәселелері" халықаралық ғылыми-практикалық конферен- цияда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мсмлскеттік Университеті, (Шымкент, 2002 ж.), "Қазақ мектебінің бүгінгі жайы жөне даму болашағы" Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда Гумилев атындағы университет, (Астана, 2002 ж.), "Повышсние качества подготовки специалистов на соврсмсшюм этапе" атты халықаралық ғылыми методикалық конференцияда (Қарағанды, 2002 ж.), "Жаңа педагогикалық технология химия сабағында" тақырыбына арналған аудандық ссминарда (Алматы облысы, Райымбек ауданы, 2001 ж.), эксперименттік мектептердің педагогикалық кеңестерінде баяндалып, баспасөз бсттеріндегі мақалаларда көрініс тапты. Сонымен қатар, аудандық "Жыл химигі - 97" және "Жыл химигі - 2000" байқауларында жүлдегер, "Жыл мүғалімі - 2000" байқауында 2 орын "Айналайын! Атамекен. Ақмекен!" облыстық ғылыми төжірибелік конференцияда Қүрмст грамотасымен, "Экология және балалар" Рсспубликалық конференцияда дипломмен марапатталған.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер Алматы облысының Райымбек ауданы "Шалкөде", "Шоқан Уәлиханов", "Албан-Асан Барманбекүлы", "Кеген" орта мсктептерінің іс-төжірибссінде пайдаланылуда.
Диссертацияның қүрылымы: кіріспеден, скі тараудан, қорытындыдан, диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған ғылыми өдебиеттер тізімінен және қосымшалардан түрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, дөйсктіліғі, зерттеудің мақсаты, нысанасы, болжамы, міндеттері, қорғауға ұсынылатын мәселелер тұжырымдалады. Оларды шешудің өдістерімен теориялық, практикалық маңыздылығы айқындалды. Еңбектің ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелері корсстілді. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге жөне арнаулы зерттеулерге шолу жасалып, оның негізінде тұжырымдама берілді.
"Химияны оқытуда халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық-психологиялық алғышарттары" атты бірінші тарауда химияны оқытуда халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық-психологиялық мәселелері және орта мектспте химияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдаланудың қазіргі жайы, химия сабақтарында пәнаралық байланыс негізінде халықтық псдагогиканы пайдалану мәселелерін шешу жолдары мен әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады.
"Орта мектепте химияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану әдістемесі" деп аталатын екінші тарауда зсрттеу тақырыбы бойынша жүргізілген эксперименттік жүмыстың мақсаты, барысы, нөтижесі талданды, алған нөтижелсрі т үжырымд алд ы.
Экспсримент кезінде қолданылған халықтық педагогика
элемснттері, өдістер, оқу ойындары оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдары ретінде қарастырылады. Халықтық педагогикаға енетін ауыз өдебиетін, қолөнер туындыларын, халық шығармашылығын және ақын жазушылар өлеңдерін пайдаланудың жолдары, оны күнделікті іс-төжірибеге енгізу әдістері сараланды.
Қорытындыда диссертацияда зерттелген мәселелерге жалпы тұжырымдамалар бсрілген.
Қосымшада зерттеу кезінде қолдау тапқан әдістемелік үсыныстар мен сабақ үлгілсрі бсрілген.
I ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
Орта мектепте химияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдаланудың казіргі жайы
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып, өркендеуіне байланысты дарынды, талантты жастар тәрбиелеп шығару үстаздар қауымына үлкен сын болып отыр.
Білім беру ісін батыл да табанды қайта құрудың талап стілуі еліміздің барлық салаларында болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы, өскелең үрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, білімдігін талап етеді.
Парасатты да білімді, білікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу олардың дүнистанымын жалпы адамзаттық деңгейге котсруді, бойында үлттық салт-дәстүрді, адамзаттық намысты қалыптастыруды керек стеді 8. Сондықтан да білім беру мәселесіндегі барлық күш-жігерді мектептерге, өсіресс ауылдық мектептердегі оқу-тәрбие саласына жұмылдырудың қажеттігі туындайды.
Білім беру жүйесін қайта құру жағдайында басты міндеттсрдің бірі - болашақ тұлға қалыптастыру, олардың ой-өрісін онерге, білімге қызығушылығын дамыту болып отыр.
Балалардың білімге қызығушылығын тудырудың тиімді жолдарын К.Д.Ушинский 9, Ы.Алтынсарин 10 және коптеген психологтар (Б.Г. Ананьев 11, В.Б. Бондаревский 12, Л.И. Божович 13, Л.Ю. Гордин 14, С.Л. Рубинштейн 15) оз еңбектерінде жан-жақты көрсеткен.
Бірқатар педагогикалық - психологиялық зерттеулердс мсктеп оқушыларының қызығушылығын дамытудың жолдарын талдай келіп, оқу үрдісінде түрлі оқу құралдарын пайдалану арқылы, оқушылардың сыныптан тыс кездегі танымдық өрексттсрін жетілдіруді зерттеу жұмыстарының өзегі рстінде ал ған. (Әбілқасымова А.Е. 16, Ұзақбаева С.А. 17, Ахметов Н.С. 18, Щукина Г.И. 19, Тряпицына А.Л. 20, Шамова Т.И. 21.
Оқушылардың ойын дамыту туралы атақты ойшылардың шығармаларындағы педагогикалық пікірлер мен қағидалары біздің зерттеулеріміздің өзегі болып, септігін тигізді. Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана
сөздерін, Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз.
М.Жұмабаевтың бүкіл педагогикалық, психологиялық еңбектерін дамыта отырып оқыту оқушылардың қиялын, ойлау қабілетін жетілдіру мақсаттарын жүзеге асыруда қазіргі таңда да құны жоғары. Атақты педагогтың оқушылардың ой-қиялын дамыту жолдарын талдаған қағидалары осы заман талабымсн астасып жатыр.
Мағжан Жүмабаевтың "Педагогика" 22 оқулығында оқытудың білімдік және тәрбиелік мақсатын үлттық төрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім беріп, жастардың санасын көтеруге жөрдемі тиетіндігін айтады. М.Жұмабаев өзінің осы еңбегінің кіріспе бөліміндегі түсінік хатында "Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым" - деп, халықтық өдет- ғұрыпын негізге ала отырып жазғандығын көрсетеді. Бүл пікірінің тағы бір дәлелі "Жанның түкпірінде жатқан ойларды, жүрсктің жетпіс қабат астында жатқан ыстық сырларды ашып шешіп берстін адам "сезімінен қымбат дүниеде не нәрсе бар" деп, есіту сезімінің адамның көру сезіміне көмектесетінін, көз заттың сыртын ғана көрсе, қүлақпен есіту заттың бүкіл қасиетін ашуға жәрдемдесетінін айтады. Бала қоршаған дүниені сезім мүшслері арқылы ссзіпсс, оны тұжырымдау, жүйелеу ой арқылы жүзеге асады дейді. Бүл пікір химия заттары мен құбылыстарын оқытуда бізгс ой салады. Халықтық педагогиканың тиімді тұстарын пайдалану оқушының ойын қозғауға, ой қорытуына, түжырым жасауына көмектесетіндігін айқындай түсуге тырысамыз.
"Дүниені танытудағы сыртқы әсердің маңызын талдан, әсер жеке болсын, әсер жаңа болсын, ескі біліммен жаңа білімнің қатысы болсын, жағырапияны оқыту туған ауылдан басталсын" - дейді. М.Жұмабаевтың бұл пікірінің осы кезге дейін қүны жойылған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов 23 зерттеулерінде де адам баласына жас шағынан-ақ өзін қоршаған ортаның неден түратынын білу шарт екенін айтады. 1926 жылы жарық көрген "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде "біздің сезіп коріп жүргендеріміздің бәрі табиғат заттары, табиғат денелері жөне адам ісінен шыққан жасанды нөрсслер, жасанды нәрселерді істеуге жұмсалатын адамның онері, білімі, күші, олай болса, сол заттарды істейтін де, пайдаланатын да болашақ жастар екенін ұмытпау керек" - дейді. Бұл пікірдің химия ғылымына да қатысы бар деп қарауымыз керек.
А.Байтұрсынов бала қиялын дамытуда жұмбақ жаңылтпаштардың маңызы зор екенін атап көрсетті, Ол жаңылтпаштың бала тілін дамытудағы ролін өте жоғары бағалады.
Жаңылтпашты жаңылмай айту үшін алдымен сөздің мағынасын түсіну, сонан өрі дұрыс айту үшін бала үлкен күш жүмсайды, ойланады, ой қорытады. Осы арқылы оның санасында үғым қалыптасады. Міне бүл пікір химия сабағында да жұмбақ- жаңылтпаштарды кеңінен қолдануға болатындығын көрсетсді.
Кемеңгер, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбергеновтың 24 табиғатгы суреттейтін шығармаларының оқушыларға табиғат заттары мен құбылыстарынан білім беруде теңцесі жоқ дайын материал. Осы тұста академик Сухомлинскийдің: "... балалардың сезіміне, түйсігіне, қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемгс дсген терезені біртіндеп қана ашыңдар",-деген қағидасы ойға оралады. Шәкөрімнің әрбір өлеңі дүниеге қызығуы, еліктсуі мол, қиялы үшқыр, бала жанына тербеу салып, өдемілікке, сүлулыққа еліктетіп, сол сүлулықты өзін қоршаған ортадан іздеуге итермелейді. Нақты табиғи өзгерісті көркем тілмсн жсткізе отырып, табиғатта болатын құбылысты, оның шаруашылыққа тигізетін әсерін паш ететін өлеңдері оқушылардың дүниетанымын ксңейтеді, оларда табиғат туралы ғылыми түсініктердің пайда болуына, дүрыс көзқарастарының қалыптасуына негіз салады.
Шәкәрім шығармаларында халықтың бай дөстүрі жете сипатталады. Сонымен қатар, ол балаларға жүмбақ шештіру арқылы олардың тапқырлық, сезімталдық қасиеттерін дамытуға өсер етуге мүмкіидік туатынын сөз етеді.
Бесарыс еңбектеріне 25 шолу жасағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі
ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Химиялық ұғымдарды оқыту
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Халықтық педагогика ұғымы
Пәндер