М. Әлімбаевтыц педагогикалық көзқарастары


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Қолжазба құқығында

ӘОЖ 37(092)

ЕЛУБАЕВА МИРШАТ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ

М. Әлімбаевтыц педагогикалық көзқарастары

13. 00. 01 - жалпы педагогика, педагогика
және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

у/. Қт--

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байсерке Л. Ә.

Қазақстан Республикасы

Тараз, 2006

Мазмұны

Кіріспе3

М. Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастарының педагогикалық негіздері М. Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері және оныңқалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтІк жағдайлар 9

М. Әлімбаевтың халық педагогикасын зерттеп дамытуға қосқанүлесі 40

М. Әлімбаевтың тәлімдік ой-пікірлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары М. Әлімбаевтың тәлІмдік тағылымдарын оқу-тәрбие процесІндепайдалану жайы және оны жақсарту 68

М. Әлімбаевтың тәлімдік тағылымдарын қазақ тілі сабақтарындапайдалану 85

М. Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік идеяларын сабақтан тысжүмыстарда пайдалану 100

Қорытынды 118

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 122

Қосымшалар 128

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кездегі Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-мәдени, экономикалық өзгерістер ұрпақ тәрбиесі жұмысы сапасын жетілдіру, оның тиімді шешілу жолдарын айқындау міндетін мемлекеттің басты саяси деңгейіне көтеруде. Бұл міндетті игілікті қызметке асыруда қоғамдық дамудағы жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер мен тәжірибелерді зерделеп, объективті түрде бағалап нәтижелерді шығармашылықпен игеру маңыздылығымен даралана түседі.

Жан-жақты қалыптасқан жеке түлғаны дамытуға бағытталған іс-шаралардың тиІмділігін арттыру үшін қажетті, әрі оңтайлы әдістерді іздестіруде және табуда қоғамдық даму барысында жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер мен идеяларды тірек ретінде пайдалану қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да атап көрсетілген [1] . Осы орайдан алғанда қазақ халық педагогикасына терең үңіліп, оның тағылымдарын жинақтап, жүйелеп, зерделеп, оларды үрпақ тәрбиесінің игілігІне айналдырудың тиімді жолдарын көрсете білгендердІң бірі белгілі балалар ақыны, шебер аудармашы, көрнекті әдебиет зерттеушісі, эссист ретінде кең танылған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мәдениетке еңбегі сіңген қызметкер, Ы. Алтынсарин медалінің иегері М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастары мен ой-пікірлерінің арнайы зерттеу нысанасына айналғандығы бүгінгі заман талабы екендігін көрсетіп отыр.

Қазақ елінің тарихи өмірінде өзіндІк қайталанбас іздерін қалдырған, ұлт мәдениетІ, әдебиеті, өнері және ғылымының дамуында елеулі орны бар тұлғалардың еңбектерінің тәрбие рөлінің жоғарылап тұрған қазіргі кезеңде жаңа көзқарас тұрғысында зерделеп, нәтижелерін оқу-тәрбие іс-әрекеттерінде пайдалану бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудың басты шарты болмақ. Өйткені оқу-тәрбие іс-әрекеттеріндегі игі нәтижелерге жинақталған озық ой-пікірлер мен көзқарастарды шығармашылықпен игеру арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын тарихи тәжірибелер дәлелдеуде. Бұл орайда М. Әлімбаевта кез- келген іс-шаралар қашанда «халық түйген тұжырымдардың, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістердің, даналық дәстүрлердің, ұстаздық ойлардың» бүгінгі міндеттермен сабақтасты жалғасқанында ғана игілікке асатынын айтып келеді [2] . Біз көтеріп отырған мәселе педагогика ғылымының қашанда да назарынан тыс қалмаған.

Қазіргі ұрпақ тәрбиесі іс-әрекеттерінің негізгі қайнар көзі болып табылатын, тәлім-тәрбие мәселесінде мәңгілік мәнге ие ой-пікірлер қалдырған ұлы шығыс ойшылдарының (Әл-Фараби [3], М. Қашқари [4], Ж. Баласағұн [5], Қ. А. Ясауи [6] т. б. ) еңбектері отандық педагогиканың дамуына негіз болып келеді. Сондықтан да біз ұлы ойшылдардың педагогикалық ой-пікірлерін өзіміздің зерттеу жұмысымызға пайдаландық.

Қазақтың тәлім-тәрбие саласындағы ой-пікірлерінің ғылыми негіздерін жасап құнды мұра қалдырған Ш. Құдайбердиев [7], А. Байтұрсынов [8], М. Дулатов [9], М. Жұмабаев [10], С. Торайғыров [11], Ж. Аймауытов [12], Т. Тәжібаев [13], М. Ғабдуллин [14] тағы басқалардың еңбектерінің біздің

көзқарас атаулы тұтасып, синкретті көрініс тапқан заманда фольклорлық шығармаларға этнопедагогикалық мәдениеттің озық үлгісі ретінде қарау заңды қүбылыс еді», - деп қоштай жазады [56, 233 б. ] .

Ал, белгілі ғалым Қ. Бөлеев өзінің монографиялық еңбегінде М. Әлімбаевты қазақ этнопедагогикасы ғылымы мен оқу пәнінің әдіснамалық-теориялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін жасаушылардың бірі ретінде атап өтеді [57, 5 б. ] . М. Әлімбаевтың педагогикалық кезқарасы жайында сөз қозғаған өзге ғалымдардан профессор Қ. Бөлеевтің еңбегінің ерекшелІгі - педагог- ақынның «халықтық педагогика» ұғымына тұңғыш анықтама берген қазақстандық ғалымдардың бірі екенін анықтап, дәлелдеп бергендігінде [57, 132 6. ] .

Тәлімгер-қаламгер М. Әлімбаев - әдебиет пен педагогиканың тізгінін тең ұстаған ұлағатты ұстаз, ақылшы аға. Оның сан қырлы творчествосымен біте қайнасқан педагогикалық қызметінің ара-жігін ажырата қарау қиын. Қорыта келгенде, «өмір жолын ұстаздықпен бастап, ұстаздықпен өткізіп келе жатқан» М. Әлімбаевтың бұл саладағы еңбегі Ы. Алтынсарин медалімен марапатталуы да тегін емес.

  1. 2 М. Әлімбаевтың халық педагогикасын зерттеп дамытуға қосқан үлесі

Адам өміріндегі ең мәнді де, қасиетті іс - артында ұрпақ қалдыру. Осыны жақсы түсінген атамыз қазақ кезінде «Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» деген. Ал, атақты Қоңқа би қартайған шағында сапарлап келе жатып, жолда кезІккен көр қазушылардан «көмгелі жатқандарың өлген адам ба, тІрі адам ба?» - деп сұраған екен. Дана бабаның ондағысы «О, дүниелІк болған жанның артында түтінін түтетер ұрпағы бар ма?» дегені еді [90] . Өзі өлсе де артында ұрпағының қалғанын тілеген халқымыз өсер ұрпағының тәрбиесіне немқұрайды қарамаған. Оған: «Баланы әуелі мейір-шапағатқа, онан соң ақыл- парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы», -- деген халық даналығы дәлел болады [90] . Бұдан түйеріміз, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да сан ғасырлық ойлы-қырлы тарихында өзгеге ұқсай бермейтін тағылымдық қағидалары қалыптасты.

Халқымыздың осындай ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында XIX ғасырдың екінші жартысында демократ-ағартушыларымыз Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар тұңғыш зерттеу еңбектерін жазды [91-93] .

XX ғасырдың 20-30жылдарында халқымыздың біртуар азаматтары Ахмет Байтұрсынов [8], Мағжан Жұмабаев [10], Жүсіпбек Аймауытов [12], Шәкерім Құдайбердиев [7], Міржақып Дулатовтар [9] бұл істі ғылыми тұрғыдан арнайы қарастырып сөз етті. Олар ұрпақ тәрбиелеудегі халықтың тәжірибесінің, тәлім- тәрбиелік идеяларының тиімді жақтарына ерекше мән беріп, халықтық тәрбиенің негіздеріне тоқталады.

Бұл жайында профессор Қалдыбек Бөлеев: «Қазақ халқының ұлы ағартушы- педагогтары, ағартушы, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады», - деп жазады. [57, 376. ]

Жоғарыда айтып өткеніміздей, философиялық мәні тереңде жатқан осьшдай халық тағлиматың кеңестік кезеңде ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдалана алмадық. Яғни, атадан балаға мирас болып келе жатқан халықтық педагогиканы зерттеу ісіне тыйым салынды. Тек өткен ғасырдың 70- жылдарынан бастап қана сан ғасырлық халықтық педагогиканың прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеу Ісі қолға алына бастады. Осы тұста аталған мәселеге алғаш көңіл бөліп қарастырған алыс-жақын шетелдік және Қазақстандық ғалымдар халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудің қажеттілігін жақсы түсініп, осы бағытта ғылыми еңбектерін жаза келе «халықтық педагогика» ұғымына тереңІрек тоқтала отырып, оздерінің анықтамаларын беріп өтті.

Сондай шетелдік ғалымдардың бірі - академик Г. Н. Волков: «халықтық педагогика» ұғымына «Халықтың тәрбиелік мәселелері жөніндегІ эмпирикалық мағлұматтарының және білімдерінің жиынтығы» деген анықтама берсе, 1974 жылы жарыққа шыққан «Этнопедагогика» атты еңбегінде «Халықтық педагогика - халықтың ауыз әдебиетіндегі, салттарындағы, ырымдарындағы, балалар ойындары мен ойыншықтарындағы сақталған педагогикалық мағлұматтары мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы», - деп атап көрсете отырып, халық педагогикасын ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты қарастырады. [57, 131 б. ]

Ал этнопедагог ғалым Я. И. Ханбиков: «халықтық педагогика» ұғымына «халықтық эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдарының, іскерліктерінің және дағдыларының жиынтығы көрініс тапқан» деген анықтама берсе, профессор А. Ш. Гашимов: «Халықтық педагогика - кең мағынада алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының салттарының, дәстүрлерінің жиынтығы», - деген анықтама береді. [57, 131 б. ]

Ғалым В . Ф. Афанасьев: «Халықтық педагогика - балалардың және халықтың өзінің күнделікті өмірі үшін қажетті білімдерді меңгеруде қамтамасыз еткен және қамтамасыз етіп келе жатқан халық бұқарасы білімдерінің жиынтығы. Жинақталып, практикада тексерілген бұл білімдердің қосындысы халықтық педагогиканың мәнін құрайды», - деп жазса, ғалым- педагог Г. Н. Филонов: «Халықтық педагогика - осы жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері», - деп атап көрсетеді. [57, 131 б. ] .

Этнопедагог-ғалым Е. Л. Христова: «Халықтық педагогика - халық бұқарасының таптық педагогикалық санасы», - десе, ғалым А. Э. Измайлов: «Халықтық педагогика - халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызекі беріліп келген, жинақталған және практикада тексерілген эмпирикалық білімдердің, мағлұматтардың, іскерліктердің және дағдылардың жиынтығы» деген анықтама береді [57, 1316. ] .

XX ғасырдың екІншІ жартысында этнопедагогиканың теориялық- әдіснамалық негіздерін зерттеу ісімен шұғылданған Қазақстандық ғалым- педагогтардың еңбектеріне мазмұндық талдау жасаған «Болашақ мұғалімдерді окушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» атты монографиясында ғалым Қ. Бөлеев қазақ педагогикасының тарихында алғаш рет «халықтық педагогика» терминін енгізген профессор Т. Тәжібаев деп атап көрсетеді [57, 37 б. ] . «Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне 1962 жылы ие болған профессор Т. Тәжібаев өзінің 60-жылдардың басында жазған «Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның мектептері» атты мақаласында «Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және халықтың тәрбиелІк дәстүрлері басты рөл атқарған» дей келіп, қазақ балаларының ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде жүргізілгенін айтып, қазақ педагогикасынның тарихында алғаш рет «халықтық педагогика» терминін былай ендіріпті: «Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп жинақталған» [57, 37 б. ] .

Қазақ халық педагогикасын зерттеу мәселесі қолға алына басталған осы кезеңде аталған мәселеге академик Мәлік Ғабдуллин, педагог қаламгерлер Мұзафар Әлімбаев, Бауыржан Момышұлы, фольклорист-ғалым Балтабай Адамбаевтар қалам тартты [56, 232 б. ] .

Халық педагогикасының қайнар көзі - фольклорлық шығармаларды зерттеу ісімен ширек ғасырдан астам уақыт үздіксіз айналысқан көрнектІ педагог М. Ғабдуллиннің 1966 жылы «Ата-аналарға кеңес» атты кітабы жарыққа шықты. Тәлім-тәрбие мәселесінің ең бір маңызды тұстарын басты назарға ұстаған бұл еңбек жайында С. Қалиев өзІнің «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты еңбегінде « . . . кітапта халықтың рухани бай мұрасы ~ ауыз әдебиеті үлгілерінің жастарды арманшыл, мұратшыл, адал, шыншыл, патриот етіп тәрбиелеуге баулитыны туралы сыр шертеді. Ауыз әдебиеті үлгілерін отбасы тәрбиесінде еркін пайдалану арқылы оқушы жастарды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін ғылыми тұрғыда сөз етеді. Жастарды атамекенді қорғауға, ана тілін ардақтауға, әділ, шыншыл, ізетті, ілтифатты болуға шақыра келіп, ғалым қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған ұлттық тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттеуді қажет ететін келештің мәселесі дегенді айтады», - деп жазады [56, 245 б. ] .

Осыдан соң біршама уақыттан кейін басылған М. Әлімбаевтың «Тәрбие туралы әңгімелер» атты еңбегінің бір бөлімі халықтық педагогикаға арналды. Қазақ этнопедагогикасы ғылымымен оқу пәнінің әдіснамалық-теориялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін жасаушылардың бірі ретінде танылган педагог-ақын Мұзафар Әлімбаев «халықтық педагогика» ұғымына алғаш анықтама берген Қазақстандық ғалымдардың бірі болды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, М. Әлімбаев 1977 жылы басылып шыққан «Халық - қапысыз тәрбиеші» атты еңбегінде «халықтық педагогика дегеніміз - халықтың рухани мәдениетіне толқын-толқын ұрпақтардың көп болып, қауымдасып қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі. Халық педагогикасы - халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, еңбеккер қалың көпшілік мүддесінің айқын көрінісі. Халықтық мұң-мұқтажына, қажетіне сай бұл педагогика тәрбиенің ең адамгершіл, ең демократияпіыл мұраттарын ұсынады», - деп атап көрсетеді [66, 3 б. ] .

Осыдан соң «халықтық педагогика» ұғымына этнопедагог-ғалым Қ. Жарықбаев: «Халықтың педагогика - халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы педагогикалық білімдерінің қосындысы», - деп, ал қазақтың тәлім- тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеу ісІне зор үлес қосқан ғалым С. Қалиев: «халық педагогикасы дегеніміз - халықтардың ғасырлар бойы жинақталған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелер жиынтығы», - деген анықтама береді [57, 45 б. ] . Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие мәселесін зерттеу нысанасына алған С. Үзақбаева: «халықтық педагогика дегеніміз - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы», - десе, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау ісімен шұғылданған ғалым Қ. Бөлеев: «халықтық педагогика - халық бұқарасының тәрбиелеу және оқыту туралы ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері мен білімдері, өйткені халық «ғылым негізі - тәжірибеде, даналық негізі - білім», - деп жазады [57, 132 б. ] . Қазақ мектептерінің оқу-тәрбие жұмысында ұлттық ойындарды пайдалану мәселесінің төңірегінде өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген ғалым Е. Сағындықов: «халықтық педагогика» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «Халық педагогикасы дегеніміз - халықтың өзіне ғана тән ерекпіеліктеріне негізделген, өзін қоршаған қоғамдық - әлеуметтік орта мен табиғат жағдайына бейімделе қалыптасқан, халықтың шаруашылық - экономикалық жағдайына байланысты атадан балаға мұра болып келе жатқан тәрбие туралы ақыл-ой үлгілерІнің жиынтығы» [57, 132 б. ] .

Профессор Қ. Бөлеев 2004 жылы «Болашақ мұғалімдердІ оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау деген атпен жарыққа шыққан монографиясының «Болашақ мұғалімдердІ оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындаудың мазмұны, формалары және әдістері» бөлімінде «халықтық педагогика» ұғымына анықтама берген жоғарыдағы шетелдік және Отандық ғылым-педагогтардың еңбектеріне шолу жасап, бір жүйеге келтіреді.

1978 жылы Қ. Жарықбаевтың «Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихынан» атты әдІстемелік нұсқауы жарық көрді [57, 42 б. ] . Бұл әдістемелік ұсынысында «көшпенді қазақ халқының салттары мен дәстүрлері, моральдық ~ этикалық нормалары, адамгершілік тәрбиелігі, мал шаруашылығымен айналысуы, соған байланысты пайда болған еңбек дәстүрі, көшпенді өмірдің табиғатпен байланысы туралы айтылған. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер қыз бала мен ұл баланың отбасындағы тәрбиесі, балаға дене тәрбиесін беру, ұл баланы шынықтыру, ондағы ұлттық ойындардың маңызы, қазақ отбасындағы әкенің және үлкендердің рөлі, ата-ананың беделі, отбасыдағы өзара қарым-қатынас, баланы күту мәселелері сөз болады» [57, 42 б. ] . Еңбекте сан ғасырлық тәрбие құралы болып келген бата сөздер, айтыс, мақал-мәтел тәрізді рухани мұраларының тәлімдік маңызына тоқтала келе автор ХУ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген ақын-

жыраулар поэзиясының тәлім-тәрбиелік идеяларын талдайды. Ең бастысы бұл әдістемелік н. үсқауында автор Қазақстандық ғалымдардың ішінде тұңғыш рет «этнопедагогика» терминін қолданысқа енгізеді.

«Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп, қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері - мәдени мүрамыздың ең қүнды қазынасы. Ол - ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұры мен от алатын, ой тамызғы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.

Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл - халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал халықтың мақал- мәтелдері педагогика мен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады» [16, 6 б. ] .

XX ғасырдың екінші жартысында фольклорлық шығармаларда этнопедагогиканың көріністерінің зерттеп қарастырған ғалымдардың қатарында Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Балтабай Адамбаевтың «Халық даналығы», Серғазы Қалиевтің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбектері орын алады [56, 232-233 б. ] .

С. Қалиевтің 1987 жылы жарыққа шыққан «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты кітабында ғалым халық тағылымының негізгі мақсаты және оны қазіргі уақытта жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалану мәселесін сөз етеді. Сондай-ақ, «шетел педагог-ғалымдарының халықтық педагогиканы бала тәрбиесінде пайдалану туралы ой-пікірлерін, қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеуші орыс және батыс оқымыстыларының, қазақ халқының ағартушы-демократтарының еңбектерін талдай отырып, олардың халқымыздың өткендегі мәдени мұрасы жөніндегі ағартушылық ой- пікірлерін ортаға салады» [57, 43 б. ] . Еңбекте балаға деген атамыз қазақтың сүйіспеншілІгі, тәлім-тәрбие мәселесіне деген жауапты көзқарасы, ұрпақ тәрбиелеуде отбасының, қоршаған ортаның алар орнын қаншалықты бағалағаны, ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі, осыған байланысты халқымыздың салт-дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні қарастырылған. Кітаптың соңғы бөлімінде мектептің оқу-тәрбие жұмыстарында халықтың даналық, дәстүрлерін пайдалану мәселесін сөз етеді.

«Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе - әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті», - деп халқымыздың тәлімгерлік рухани қазынасының құдыретін танып, оған осылай жоғары баға бере білген М. Әлімбаев оны жинауға, әрі зерттеуге үлкен үлес қосты [2, 3 б. ] .

1980-жылдардың өзінде: «Халықтық тағылиматтың кең өрісті, келІсті көрініс табуы халық мақалдары мен мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, халықтың даналықтарында. Біз мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды, аңыз-әңгімелердІ жинай жүре, олардағы педагогикалық пайымдауларға да көптеп зер салып, зерттеп келеміз», - деп жазған ақын бұл салада соңғы қырық- елу жылдан бері қыруар еңбек етті [2, 6 б. ] . Оған М. Әлімбаевтың халық фольклорының мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, баталар тәрізді тағы басқа үлгілерін асқан ыждаьаттылықпен жинап, терең зерттеген «666 мақал мен мәтел» [94], «Мақал - сөздің мәйегі» [95], «Өрнекті сөз - ортақ қазына» [96], «Ер айнасы - еңбегі» [97], «Мақалнама» [98], «Денсаулығыңды ойласаң» [99], «Маржан сөз» [100], «Батаменен ер көгерер» [101] сияқты еңбектері дәлел бола алады.

«Мақал-мәтел - үлкен тәрбие құралы» деп түсінген М. Әлімбаев халық ауыз әдебиетінің бұл жанрын бірнеше жылдар көңіл қоя қарастырып, тек қазақ халқының ғана емес дүниежүзі бойынша сексен беске жуық халықтардың отыз мыңдай мақал-мәтелдерін және әйгілі тұлғалардың нақылдарын қазақшалап бірнеше кітаптар шығарған. Оның осы саладағы алғашқы еңбектері 1960 жылы «666 мақал және мәтел» және 1963 жылы «Мақал - сөздің мәйегі» деген атпен жарық көрдІ [94], [95] . Оқырман қауымға қаламгерлік талантының жаңа қырынан танылған М. Әлімбаевтың осыдан соң «Өрнекті сөз - ортақ қазына» [96], «Ер айнасы - еңбегі» [97], «Мақалнама» [98], «Денсаулығыңды ойласаң . . . » [99], «Маржан сөз» [100] сияқты құнды дүниелері баспадан шықты.

Өткен ғасырдың 1960-жылдарына дейін «сөзге сарабдал, пікірге бай, өлең жолдарында ой айтуға құштар ақын» ретінде танымал тұлғаның бұл еңбектерінің ең басты ерекшеліктері - кітаптарға тек қазақ халқының ғана емес өзге де бірнеше халықтардың тілінен аударылған мақал-мәтелдердІң енгендігі. Мәселен, «666 мақал және мәтел» атты кітапқа 21 халықтың, «Мақал - сөздің мәйегі» деген жинаққа 55 халықтың, «Мақалнамаға» 26 елдің, ал «Маржан сөзге» 70 ке жуық ұлт пен ұлыстардың мақал-мәтелдері топтастырылған. М. Әлімбаевтың аудармашылық қырының өзіндік бір ерекшелігі - басқа ұлттар тіліндегі мақал-мәтелдерді қазақшаға тек орыс тілінен ғана аударушы емес, ол сонымен қатар тікелей украин, татар, башқұрт, өзбек, ұйғыр, қырғыз, түркмен, қарақалпақ және ішІнара азербайжан тілінен аударатын бесаспаптығы [58] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Қазақ педагогтары
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz