МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ӘОК 37. 035. 6:372. 851(574)
Қолжазба құқығында
Сәрсекеев Әбдірахман Сапарүлы
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ
ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
(5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
13. 00. 01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дэрежесін алу
үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшілері:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбдікәрімүлы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н. Т. Темірғалиев
Астана, 2005
КіРІСПЕ 3
Орта мектепте математиканы оқытудың дидактикалық негіздері Математика педагогикасының тарихы мен мазмұнының дамуы 10Орта мектепте математиканы оқытуда қазақ дидактикалық мүмкіндіктері 28
Этнопедагогика элементтерін пайдалану негізінде математиканыоқыту мазмүны 40
- Этнопедагогика элементтерін үтымды қолдану негізінде математиканы оқытуды жетілдіру жолдары5-9 сыныптар математикасы курсының мазмұнына этнопедагогика элементтерін енгізу тэсілдері
Салт -дәстүр, тарихи деректермен байланысты есептер 59Есеп құрастырудың алгоритмі 72Этнопедагогика элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың математикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіруКомпьютерге шығысы бар логикалық есептер 81Әңгіме есептер 89Математиканың базалық мазмүнын оқытуда қазақ енгізу тәжірибесінің нэтижелері
Математикадан факультатив сабақтар 95Жұмыс дэптері. Квадрат теңдеулер 102Тексеру қорытындылары 109 Қорытынды 115
Қолданылган әдебиеттер тізімі 119
Қосымніалар 128
КІРІСПЕ
Адам тұлғасының рухани келбетін қалыптастыру сияқты көкейкесті мэселе қазіргі кезде әлеуметтік - тарихи жағдай ерекшеліктерімен, қоғамның гуманистік тэрбиесі міндеттерімен анықталады. Тұлғаның рухани келбетін халқының рухани-адамгершілік құндылықтарына баулу - қазіргі қоғамның білім қызметкерлері алдына қойған талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында бұгінгі таңда «XXI- ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тоғырыққа тірелетіні » [1] және «біздің болашақтың жоғары технологиялық жэне ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» екендігі аталған. Мемлекеттің бэсекелік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тэрбие беру саласының, оның ішінде адамгершілік - рухани білім мен тәрбиенің маңыздылығын мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табигаты мен ойын мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуымен қатар, рухани бастаманы қабылдап, бойына сіңіру проблемалары тағы да өзектілікке ие болып отыр. Бұл жайт руханилықты адамгершіліктің қайта өрлеуінің факторы ретінде қарастыру мүмкіндігін береді, өйткені тек рухани бай тұлға ғана мол адамгершілікке ие бола алады [2] . Қазіргі танда мұғалімдердің негізгі міндеті - ұлттық ділі жоғары, сана - сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастырумен [3, 321] қатар, оқушылардың өздерін білім алу жолдарына үйрету. Осыған орай оқушы оқыту процесінде, әрбір сабақта өзінің оқу эрекетінің мақсат - міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін - өзі бақылап отыруға үйренуге тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділік қалыптасады [4] .
Оқушыны оқу процесінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол процестің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі тенденцияларының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында [5] “білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінуімен бедерленеді” делінген.
Өздігінше математикалық есеп құрастыру оқушы үшін шығармашылық жұмыс болып табылатыны белгілі. Есеп құрастыруда қолданылатын материалдардың негізінде математиканы оқытудың тәрбиелік сипаты айқындалады.
Қазіргі қолданыстағы оқулықтар анализі көрсеткендей, мәселе есептер жүйесіндегі есеп мазмұны, негізінен, өндіріс, шаруашылықпен байланыстырылып, оқушыларды есеп материалдары негізінде халықтың тарихы, салт - дәстүрімен таныстыру мүмкіндіктері, рухани дамуы мүмкіндіктері ескерілмей келген. “Кеңестер” кезеңінде көп нэрселер табиғи негізде емес, жасанды идеяларға бағышталса, қазір өмір талабы, ол - адамның іс - әрекеттерін негізсіз талап, мақсаттар көмегімен жасанды түрде шектемей, оның табиғи заңдылықтарға сүйенгіштігін қажет етеді. ¥лттық педагогика, салт-дәстүр, бүл уақыт сыңынан өтілген және адамның ортасымен, табиғатымен сабақтас құбыластар. Демек, халық педагогикасын оқу процесінде қолдану - қазіргі заман талабы.
Нарық - өз ісі мамандарының заманы, сондықтан мектептік білім беру жүйесінде оқушылардың қабілеттілігін дамыту ісіне жағдай жасау міндеттерінің көкейтестілігі сөзсіз. Сол мақсатарға жету жолдарының бірі ол - математиканы оқытудың қолданбалық жағын, ал қоғамдағы өзгерістерді ескеретін болсақ, оқушы түлғасының рухани дамуын көздейтін үлттық педагогиканы математиканы оқытуда қолдану жағын қарастыру. Мектептік математика курсының тәрбиелік бағытын күшейту бүгін пайда болған сауал емес, бүл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жеткендер де аз емес. Дегенімен, есеп қүрастыруды математика курсыньщ тәрбиелік және қолданбалық бағытын күшейтудің қүралы ретінде қарастырумен байланысты сауалдар толық зерттелмеген десек қателеспейміз. Қазіргі мектеп практикасы осыған дэлел.
Мэселе есептер математиканы оқыту процесін жетілдіруде, оқушының логикасын дамытуда маңызды роль атқарады. Мәселе есептердің көмегімен математикалық білімдерді меңгеруді және оқушылардың білім алуға деген белсенділіктерін арттыруды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдерге қатысты зерттеулер жоқ емес. Алайда, сол жүйеге енетін есептер тәрбиелік мазмүны жағынан ерекше объект ретінде қарастырылмаған.
Оқулықтардағы есептер жүйесіне келсек, эрине, елдегі барлық оқушылар мен оқытушыларды толық қанағаттандыратын есептер жүйесімен қамтамасыз етілген ортақ оқулықтың болуы мүмкін емес. Сондықтан, оқулықтағы есептер эрдайым оқытушының өз есептерімен толықтырылып отыруы қажет.
Адам өмірі үлкен - кіші мақсаттарға жету аралықтарынан түрады деуге болады, ал кез келген математикалық есепті шығару - ол да қандай да бір мақсатқа жету. Демек, есеп шығару процесі - ол оқу процесі ғана емес, ол шәкірт үшін үлкен өмірге бейімделу процесі. «Шешілген есепті талқылау, оны талдау, есептің кемшіліктерін табу, оңай шешілу жолын іздеу, берілген есепте қолданылған тәсілдерді оқушылардың есінде сақтау, бүл тэсілдерді қолдану амалын табу - бүлардың барлығы есептерді шешуді оқытудың үлкен әдісіне айналуына көп дэрежеде көмектеседі» [6] .
Есеп қүрастыру - есептей білумен тікелей байланысты: тек қана есепті шығара алған, оның мағынасын меңгеріп, өзі үшін ақиқатты ашқан бала ғана есеп қүрастыра алады. Оқушының күнделікті өмір сүру ортасына сәйкес математикаға тоқталсақ, әрине, “салт-дәстүр, тарихи элементтер емес, нарыққа бағытталған экономикалық т. б. есептерді шығару сияқты жүмыстарға көңіл бөлу керек” деген пікір тууы мүмкін. Бүл пікірмен таласу қиын, дегенімен, кез келген білімнің қүндылығы оның қолданғыштық дәрежесімен анықталады, ал өзіндегі математикалық аппаратты математикамен мүлде байланысы жоқ болып көрінетін үлттық салт-дәстүр, тарихи басқа да гуманитарлық салаларда қолдана алған бала ол білімдерін математикаға “туыс” салаларда қолдана алатындығы күмәнсіз. Оқушының ортасы мен математиканы жақындатуды көздеген “коммерциялық математиканың” қолданбалық дәрежесі салмақты болғанымен, тәрбиелік мүмкіндіктері кемдеу, сондықтан есеп қүрастырудағы негізгі бағыт, негізінен, адамгершілікті насихаттайтын халық педагогикасын қолданумен байланысты болуы оқушының математика пәніне көзқарасын өзгертіп, өмір мен ғылым арасындағы гармонияны сезінуіне жол аша алады.
Этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбиелік процесте қолдану сауалдарына байланысты зерттеулер жоқ емес. Оның ішінде: үлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін үйымдастыру және Қазақстанда математикалық білім беру тарихы мен оның материалдарын педагогикалық процесте пайдалану сауалдары С. Елубаев [7], Қ. Жарықбаев, С. Қалиев[8], К. Ж. Қожахметова, С. А. Ұзақбаева [9], Қ. Нүрсүлтанов[10], Ә. Табылдиев [11] еңбектерінде терең зерттелген.
Халық педагогикасы элементтерін бастауыш сынып оқушыларын тэрбиелеу жүйесіне енгізу бағытында Т. И. Қоқымбаева [4], Б. М. Қосанов[12], К. А. Утеева [13], Ж. С. Хасанова [14] диссертациялық жұмыстар орындаған.
Халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тэрбиелеу тақырыптарында
- Әбдікәрім [15], Ж. Ембергенова [16], А. К. Қисымова [17], Ж. Т. Сарыбекова [18], Л. К. Топоркова [2] зерттеу жүмыстарын жүргізген.
Зерттеу тақырыбымызға жақын тақырыпта қорғалған диссертациялық жүмыстарға келсек А. Әбдікәрімнің [15], Г. Н. Жолтаева [19], А. С. Магауова [20], Сабыров Т. С. [21], Ж. Б. Сәдірменова [22], К. А. Утеева [13] еңбектерін атауға болады.
Біздің зерттеуімізде қолданбалы және қызықты математика салмақты орын алады. Математикаға оқытудың қолданбалық және тэрбиелік бағытын іске асырудың жеке сауалдары Ю. М. Колягин, М. Б. Балк, В. А. Петров [23],
- В. Пикан [24], В. А. Крутецкий мен С. М. Шапиро [25], А. Н. Куликов [26, 27], Я. И. Перельман [28], Ю. П. Попов, Ю. В. Пухначев [29], В. Русанов [30] сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Қазақ этнопедагогикасында математикалық мазмүнды материалдардың тәрбиелік мүмкіндіктері мен оларды үтымды пайдалануға байланысты математика мүғалімдерінде қажетті білім, білік және дағдының жеткіліксіз қалыптасуы арасында қайшылықтар бар екені анық байқалады.
Диссертациялық зерттеулер мен баспаға шыққан еңбектер талдауы көрсеткендей, оқушы түлғасының рухани жетілуінің қозғаушы күші ролін атқара алатын тәрбиелік мэнді есептік материалдарды қолдана отырып, есеп қүрастыру әдістемесін қалыптастыруға бағытталған жүмыстардың болмауы, қазіргі мектеп оқулықтарындағы есептер жүйесін заман талаптарына сәйкестендіруге қатысты сауалдардың толық зерттелмегендігі зерттеу жүмысының өзектілігін анықтайды. Осыдан, қазақ этнопедагогикасы материалдары көмегімен мектептік математика курсының қолданбалық жэне тәрбиелік бағытын күшейту мақсатында қосымша есептер жүйесін қүрастыру жэне оларды қолдану эдістемесін жетілдіру проблемасын зерттеу қажеттілігі туындайды.
Оқушы тұлғасының рухани келбетін қалыптастыруда математикадағы тарихи-этникалық материалдардың ролін зерттеп, халық педагогикасы негізіндегі есептер құрау арқылы математиканы оқытудың тэрбиелік жэне қолданбалық бағытын күшейтудің ұтымдылығын негіздеу зерттеудің мақсаты болып табылады.
Зерттеудің нысаны - қазақ этнопедагогикасы материалдарын математиканы оқыту процесінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктері.
Зерттеудің пәні - тәрбиелік мазмұнды есеп құрастырудың этнопедагогикалық негіздері, есептік материалдар параметрлері (сипаттамалары), тәрбиелеуші есептер модельдері.
Зерттеудің болжамы: егер оқу процесінде қолданылатын қосымша есептер жүйесінің тәрбиелік компоненттері халық педагогикасын мүмкіндігінше терең қамтитын болса, онда оқушының математикалық үлгерімі артады, өйткені оның есеп құрауға қызығушылығы жанданып, нәтижесінде оқушы халық педагогикасы әсеріне түсіп қана қоймай, ол үшін құрастырғалы тұрған есептің математикалық мазмұнын жетік білу қажеттілігі туады.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақ этнопедагогикасының математитка педагогикасымен байланысын талдау.
- Оқулықтардағы есептер жүйесін қосымша құрастырылған есептермен толықтырудың қажеттілігін негіздеп, олардың негізгі міндеттерін ашып көрсету.
- Есеп құрастырудың тәрбиелік жэне танымдық мүмкіншіліктерін анықтау және мектеп оқулықтарындағы есептер жүйесін толықтыру мақсатында есеп құрастырудың келесі бағыттарын қарастыру:
а) Шешімі қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы мен мэдениеті туралы мәліметтер беретін мэселе есептер;
б) Тәрбиелік мәнге ие, ЭЕМ -ге шығысы бар логикалық есептер;
в) Әңгіме - есептер.
- Қосымша есептер жүйесін мектеп практикасында қолдану әдістемесін қарастыру.
Жетекші идея: Халық педагогикасы, тарих, салт-дәстүр элементтері - құраушылары болып табылатын есептік материалдар негізінде математика мазмұнын жаңаша танып, оқушы ортасында қызығушылықпен пэнді меңгеруге итермелейтіндей жағдай жасауға болады.
Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздерін әйгілі педагог ғалымдардың шығармалары, Қазақстан педагогикасы тарихындағы зиялылардың және халықтың педагогикалық тәжірибесі құрайды.
Жұмыста мынадай зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми педагогикалық әдебиеттер, зерттеу тақырыбы бойынша арнайы эдебиеттерді талдау; ғылыми-эдістемелік басылымдар, баяндамалардағы ақпараттарды өңдеу; озық оқытудың жаңа әдістерін тағайындауда педагогикалық тәжірибеден
туындайтын тэжірибелік үлгілерді эксперименталды тексеру; оқушылар және мүғалімдермен сұхбаттасу.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасыньщ оқу - тәрбие жөніндегі ресми мағлұматтары; халық педагогикасын дамытуға бағытталған, математиканы үгіттейтін қызықты және оқу-әдістемелік әдебиеттер; мектептік математика оқулықтары жэне оқу құралдары; халық педагогикасын математика пәнімен сабақтастырумен байланысты диссертациялар қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
- ші кезеңде(1993-1996) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық жэне оқу-әдістемелік эдебиеттерге талдау жасалынды, ғылыми аппарат айқындалып, материалдар жинастырылды.
- ші кезеңде(1997-2000) қойылған мақсат, талаптарға сай мектеп оқулықтарындағы есептер жүйесін толықтыратын қосымша есептер жүйесінің ішкі құрылысы, есеп шартын жаңаша мазмұндаудағы басты идеялар мен басты бағыттар анықталып, есептердің жаңа типінің үлгілері тағайындалды, эксперименттік жұмыс жүргізілді.
- ШІ кезеңде(2001-2005) жиналған материалдарды талдау, өңдеу жүйеге келтіру жұмыстары атқарылды; алынған теориялық және практикалық нэтижелер қорытылып, зерттеу нәтижелері басылымдарға жариялануға ұсынылды.
Зерттеудің базасы: тэжірибелік жұмыс Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Математика институтында, Астана қалалық №4, №37 қазақ мектептерінде, Қорғалжын ауылдық мектебінде, Ақмола облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында арнайы курс оқу арқылы жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- математиканы оқытудың тәрбиелік және қолданбалық бағытын күшейту мақсатында оқулықтағы есептер жүйесін қосымша есептермен толықтыру үшін, халықтық педагогика негізінде мэселе есептердің жаңа түрлері құрастырылды;
- этнопедагогика элементтерін пайдалану негізінде математиканы оқыту тұжырымдамасы жасалынды;
- математиканы оқытуда ЭЕМ -ді қолдануды көздейтін қолданбалық мэнге ие логикалық есептер модельдері жасалынды;
- мәселе есеп мәтіні арқылы қазақша атауларды ғана емес, салт-дәстүр мен тарихи деректерді танып-білумен қатар, ол білімдерді есеп шешіміне жетудің қажетті шартына айналдырудың ұтымдылығы негізделді.
Зерттеудің теориялық құндылығы - тэрбиелік, танымдық жэне қолданбалық функциялардың әрқайсысын бойына жинауды көздеген мәселе есептер - есеп құру теориясын толықтырып, математика педагогикасын жетілдіру Ісіне ықпалын тигізе алатындығында.
Зерттеудің практикалық мәні - математиканы оқыту барысында қолданылатын қосымша есептер жүйесінің құрылуында; зерттеу негізінде тағайындалған эдістемелік материалдар математиканы оқытудың қолданбалық және тәрбиелік бағытын күшейтіп, оқу процесінде толықтырылып, қолданылуы мүмкіндігінің болуында.
Қорғауға мынадай қағидалар үсынылды:
- Математиканы оқытудың тәрбиелік және қолданбалық бағытын іске
асырудың халық педагогикасына, салт-дәстүрі, тарихы мен мэдениетіне негізделген педагогикалық шарттары:
а) салт -дәстүр, тарихи деректермен байланысты есептер
ә) есеп құрастыру алгоритмі
б) компьютерді қолдануды көздейтін логикалық есептер
в) әңгіме есептер
г) жүмыс дәптерлері
- Орта буын (5-9 сынып) математикасындағы мәселе есептер мазмүнына сәйкес тәрбиелік мэнді қосымша есептер жүйесі, есептердің жаңа түрлері.
- Математиканы гуманизациялауды іске асыруды көздеген оқу- әдістемелік қүралдар үлгілері.
- Этнопедагогика элементтерін пайдалану негізінде математиканы оқыту түжырымдамасы
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу кезеңдерінің міндеттеріне сәйкес қолданылатын жэне бірін-бірі толықтыратын тэсілдердің әрқилылығымен, сонымен қатар, эксперименталды материалдарды алуда сэйкес эдістердің қолданылуымен (салыстыру, пікірлесу, нәтижелердІ бағалау, анкеталау), тағайындалған материалдардың практикалық сүранысының болуымен қамтамасыз етіліп отыр.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру:
Зерттеу идеялары мен нәтижелері 1994-2005 жылдары аралығында эртүрлі деңгейлі ғылыми конференцияларда, математикалық білім берумен байланысты семинарларда баяндалды.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ғылыми-эдістемелік конференцияларында есептеуіш техника көмегімен шығарылатын логикалық есептер қүрастыру сауалдары бойынша (ЕАУ, 1997), эңгіме-есептерді қүрастыру жэне оқу процесінде қолдану мәселесі бойынша (1998, ЕАУ), есеп материалдары негізінде оқушыларды халықтың әдет-ғүрыптарымен таныстыру мәселелері бойынша (2000, ЕАУ), этнопедагогика элементтерін пайдалану негізінде математиканы оқыту түжырымдамасы бойынша баяндамалар жасалды(Е¥У, 2005) .
- Аймақтық ғылыми-эдістемелік конференцияларда қосымша қүрастырылған есептерді практикада қолданумен байланысты (Ақмола, 1998) және педагогикалық эксперимент нэтижелері бойынша (Ақмола, 1999) баяндамалар жасалды.
- Халықаралық конференцияларда математикалық білімдерді игеру ісіне байланысты үлттық мэдениет пен тілдің кейбір ерекшіліктері жөнінде (Ақмола, 1993), есеп қүрастырудың тәрбиелік мәні жөнінде (Қарағанды, 2001), оқу-тәрбие процесінде компьютер мүмкіндіктерін пайдалану жөнінде (Астана, 2004), «Мәтінді есептер» тақырыбын оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін пайдалану жөнінде (Көкшетау, 2005) баяндамалар жасалынды.
Жұмыс нэтижелері кафедралық жэне институттық ғылыми-эдістемелік семинарларда талқыланып, «Университет жаршысында» («Вестник» ЕАУ, 1998 №2), «Қарағанды университетінің Хабаршысында» («Вестник
Карагандинского университета», 2004, №4), «ЕАГИ жаршысында» («Вестник ЕАГИ», 2005, №1), жарық көрді.
Зерттеу материалдары негізінде Еуразия ұлттық университетінің Білім беру институтында жэне Жаратылыстану институтында арнайы курс бағдарламасы енгізіліп, тағайындалған бірқатар әдістемелік құралдар қалалық жэне ауылдық мектептерде қолданыс тапты. Жұмыста Астана қаласының №4, Х°37 мектептерінде 7-8 сынып үшін тағайындалған қосымша жұмыс дэптерлерін оқу процесіне енгізу нәтижелері бойынша эксперименталды деректер қолданылды.
Зерттеудің логикасы нәтижелерді мазмүндау тізбегі мен диссертацияның келесі құрылымын анықтады:
Диссертация кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан түрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы анықталған, сонымен қатар, жүмыстағы ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық мэні, қорғауға үсынылған негізгі түжырымдар сипатталған.
«Орта мектепте математиканы оқытудың дидактикалық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда математика педагогикасының тарихы мен мазмүнының дамуы, қазіргі кездегі белгілі қазақтың байырғы қара есептерін талдау негізінде проблеманың қазіргі жағдайына шолу жасалып, орта мектепте математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасын пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері ашылып, этнопедагогика элементтерін пайдалану негізінде математиканы оқыту түжырымдамасы жасалынды.
«Этнопедагогика элементтерін үтымды қолдану негізінде математиканы оқытуды жетілдіру жолдары» атты екінші тарауда мектептік математика курсында қарастырылатын мэселе есептер жүйесін, теңдеу қүру арқылы шығарылатын есептерді, стандартты емес есептер жэне ауызша есептерді сол тақырыптарға сәйкес құрастырылған тәрбиелік мәнді қосымша есептер үлгілерімен толықтырып, оларды қолдануға байланысты талдаулар жасалды. Қосымша есептерді қүрастырудагы негізгі бағыттар, есептердің ішкі қүрылысы, қүраушылары, қолдану эдістемесі мен есеп қүрастыру технологиясы суреттеліп, зерттеу нәтижелерін практикада қолдану мэселелері, эксперименталдық жүмыс суреттемесі қарастырылды.
Қорытында диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар мен нүсқаулар баяндалып, баяндалып, тақырып бойынша ғылыми-ізденіс бағыттары көрсетілді.
4 Орта мектепте математиканы оқытудың дидактикалық негіздері
1. 1 Математика педагогикасының тарихы мен мазмүнының дамуы
Қазақстаіі Республикасы “Білім беру туралы” заңында [31 ] ғылым жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани жэне дене мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыттау нэтижесінде кэсіби білімді маман тәрбиелеу міндеті кезделген.
Оқушылардың дербестігі мен шығармашылығын дамытуда бабалар мұрасын пайдалану қоғам өмірі дамуының қазіргі кездегі қажеттілігі болып отыр.
Өркениетті елдер қатарына қосыламыз десек, келешекте көш бастайтындай үрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тэрбие тағылымдарын естен шығармауымыз керек.
“Тәуелсіз Қазақстанның элеуметтік - мәдени даму жолы дегеніміз, ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дэстүрлері мен эдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мэдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттердің қазыналары мен дербестігін мойындау” [32] .
Әр кезде әр халықтың басты міндеттерінің бірі - ұрпақ тәрбиесі болған. ¥лттық тэрбие-рухани сабақтастықтың негізі. «Тәрбие - өмір сүрудің мэні мен мазмұнын ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын айқындайтын жүйе» [18] . Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі, - деген Әл- Фараби бабамыз өзінің философиялық трактатында жамандық пен жақсылықты ажырата білу, ұстамдылық, әдептілік сияқты қасиетердің маңызын терең көрсеткен [33] .
Қазақ мектебі эр кезде өзіне жүктелген міндеттерді заман талабына сай атқарып келгенімен, коммунистік идеология, орталықтан басқару ұлттық мектепті тығырыққа тіреді. Мектептердің ұлттық болмыстан алшақтауы жылдар бойы созылып, оның қайшылықтарының тереңдей түсуі 80-ші жылдарға келеді. Қазақстанда Қазақ мектептерінің күрт азаюы да осы жылдарға сәйкес. “Желтоқсан оқиғасынан” кейін мектептердегі тэрбие мазмұны түбегейлі ұлттық негізде құрылу қажеттілігі айқындала түсті.
Қазақстан Республикасы егемендік алуымен байланысты 1991 жылдан бастап тэрбиенің мазмұны ұлттық сипатқа ие бола бастады [34] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz