НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы мемлекеттік университеті
УДК 372.851.02:39(574)
Қолжазба құқығывда

Жолтаева Гүлнәр Нұрболатқызы
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
13.00.02 -- Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кавдидаты, профессор Т.Қ. ОСПАНОВ
Қазақстан Республикасы
Алматы
1999
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ
АЛҒЫШАРТГАРЫ 12
Математиканы оқытудың қазіргі жайы және оны
жетілдірудің негізгі бағыттары. 12
Этнопедагогика үғымының мән-мағынасы және
оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі оның мәні мен маңызы 20
Математиканы оқытып-үйретуде пайдаланылатын эт- нопедагогика элементтерін сүрьпггау
және оларға қойылатын әдістемелік талаптар 31
тарау бойынпіа түйіндеме 76
ТАРАУ. НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІ 78
1-6 сыныптардың математика сабақтарында
этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі 78
Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарда
этнопедагогика элементтерін пайдалану мүмкіндікгері 132
Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері 144
II - тарау бойынша түйіндеме 154
ҚОРЫТЫНДЫ 155
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТГЕР ТІЗІМІ 159
ҚОСЬІМНІАЛАР 168
КІРІСПЕ
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан саяси- экономикалық, мәдени-әлеуметтік және т.б. езгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бет бұрыстардан білім және тәлім-тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеру қажеттігі туындап отырғандығы белгілі. Өйткені егемен еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. Сондықтан да қоғамның білім беру жүйесін жаңғырту мен жетілдіре түсу деген талап-тілектерден жөне ниеттен туындап отырған мемлекеттік деңгейдегі іс-әрекеттер мен шаралар жүзеге асырыла бастады Атап айтқанда, білім беру жүйесінің барлық буындары мен сатыларын құрылымдық тұрғыдан қайта құру; сәйкес сатылардағы білім мазмұнын жаңғырту және оның қазақстандық моделінің нұсқасын жасау және тәжірибеге енгізу; оқытудың құрал жабдықтарының, яғни оқу-әдістемелік топтаманың (бағдарлама, оқулық, мұғалімдерге арналған көмекіиі әдістемелік құрал, оқу- әдістемелік құралдар, ата-аналарға арналған оқу құралы және т.б.) жаңа жүйесін жасау және сол арқылы білім мазмұнының жаңа моделін тәжірибеге енгізуді қамтамасыз ету; оқытудың әдіс-тәсілдерін және оны ұйымдастырудың түрлерін бүгінгі күннің талабына және психологиялық, педагогикалық, дербес әдістемелік ғылымдардың қазіргі даму деңгейіне орай жетілдіре түсу көзделуде.
Осы бағыттардағы елеулі жұмыстар бастауыш буыннан басталып отырғанының да өзіндік мәні бар. Өйткені, бастауыш мектеп оқу пәндерінің іргетасын қалайды. Осы түрғыдан алғанда бастауыш сыныптардағы математиканы оқытуға байланысты оны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің жасалып, мектеп тәжірибесіне біртіндеп енгізіле бастады: бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандартыньщ жасалуы; математиканы оқытудың мақсаты мен міндеті, мазмұны мен әдіс-тәсілдері, формалары мен құралдарының анықталуы; оқу әдістемелік топтаманың жаңа буынының дүниеге келуі және 1997-98 оқу жылынан бастап біртіндеп мектеп тәжірибесіне енгізілуі; жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламаға көшудің жүзеге асырылуы, соңғы үш-төрт жылдың ішінде, осы салада біршама істің тындырылғандығын көрсетеді. Орта буын сыныптарына қатысты жұмыстар да бүгінде қарқынды жүргізілуде. Демек, математика пәнін оқытуға қатысты алғанда, яғни 1-6 сыныптарда, пәнді оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау өзінің шешімін белгілі бір деңгейде тауып отыр деп түйіндеген орынды. Ал 7 сыныптан бастап алгебра мен геометрия жүйелі курстарын оқыту басталады.
Математиканы 1 -- 6 сыныптарда оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі қазақ мектептерінде пәнді табысты оқытып-үйретудің негізгі

технологиясьшен және қазақтың этнопедагогикасымен үштастыра жүргізу жүмысын практикаға енгізу мәселесіне ерекше көңіл аудару қажеттігін көздеп отыр. Осыған орай бастауыш сыныптардың математика бағдарламасында математика курсының мазмүны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ, ата-дәстүр, әдет- ғүрып, салт, сана, халықтық және үлттық болмысты дүние жүзілік мәдени мүралармен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру 1, 131 қажеттігі ерекше айшықталған. Мұның өзі математикалық білім мазмүнының қүрамына этнопедагогика элементтерін мүмкіндігінше енгізуді және оларды оқытудың әдіс- тәсілдері деңгейіне көтеру керектігін талап етеді.
Бүл мәселе бүгінгі күні әдістемелік ғылымда өз шешімін тауып отыр деп айтуға бола қоймас. Қандай оқу пәніне қатысты алсақ та, соның ішінде математиканы оқыту әдістемесінде де, бұл мәселенің зерттелуі кешеуілдеп отырғандығы байқалады. Осы саладағы арнайы зерггеулердің бірі ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е Әбілқасымованың ғылыми жетекшілігімен жүргізіліп жатқан Бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану 2 атты арнайы курстың оқу бағдарламасы жасалып, болашақ бастауыш сынып мүғалімдеріне қазақ этнопедагогикасының математикада қолданылуын меңгерту және сол алған білімдерін бүгінгі тандағы мектептерде қойылып отырған талаптарға байланысты
математиканы оқыту процесінде нәтижелі пайдалана білуін қамтамасыз ету бағытындағы зерттеу жүмысын атауға болады. Ал бұдан басқа тілге тиек болатын іргелі жүмыстардың жоқ екендігі белгілі. Мерзімді басылымдардағы ара-кідік үшырасатын жекелеген мақалалар қарапайым түрде ғана сипатталған тәжірибенің деңгейінен көтеріле алмай отыр. Демек, математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдаланудың әдістемесін жасау әдістемелік ғылымдағы кекейтесті мәселелердің бірі. Өйткені мүнда әр оқу пәнінің өзіндік ерекшелігі, мүмкіндігі, қолданыс ауқымы, тиімділігі және т.б. ескерілуі тиіс.
Ал этнопедагогиканың педагогика ғылымының қүрамдас бөлігі ретіндегі теориялық негіздері жан-жақты зерттелгендігі байқалады.
Шынында, қай халықтың тәлімгерлік тәжірибесі болмасын, ол адамзат атаулыға ортақ рухани қазынаның қүрамдас бөлігі. Қазақ халқының да мәдени жетістіктерін, адамгершілік, балажандық, еңбексүйгіштік, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй ақын-жыраулардың философиялық болжамдарының, психологиялық пайымдауларының, педагогикалық түжырымдарының өшпес ізі жатыр.
Этнопедагогика элементтері бала тәрбиесін жетілдіру. ана
5
кеміпіліктердің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының бірі. Республикамызда халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап игеру, жастар тәрбиесінде тұтынып, жаңғырту мәселелері өріс алуда. Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасында, мектеп тәжірибесінде, мектепке дейінгі тәрбиеде орын алуда. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-шараларын, жастарға білім беру, ғылым мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ететін Конституциясы, еліміздің мәдени-әлеуметтік дамуына бағытталған Тұжырымдамасы жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейде көтереді.
Этнопедагогика элементтерін пайдалану бұл күнде оқу-тәрбие ісін ізгілендіру және демократияландыру, түбірлес пәндердің мазмүнын интеграциялап оқыту, ғылым негіздерін игертуде жаңа ақпарат технологиясын қолдану, саралап және даралап оқыту сияқты жаңа талаптармен ұштасып, білім мазмұнына, әдістемелік жүйеге, оқу жоспарларына, ғылыми зерттеулерге жаңа леп, соны өзгерістер әкелуде. Халық тағылымдары негізінде жүргізілген сабақтар мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстары арқылы жастар арасында оқытып- үйрету, тәлім тәрбие беру жұмыстарын жақсарту мақсаттары жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдары қазақ тарихын, Қазақстандағы мәдени және қоғамдық ой-пікірлердің даму тарихын зерттеуде елеулі жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар қазақ халқының педагогикалық мәдениетіне, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне байланысты (А.К. Көбесов 3, Қ.Б. Жарықбаев 4, С. Қалиев 5, т.б.), халық педагогикасын оқу- тәрбие ісіне пайдалану жолдарын анықтауға, халық педагогикасының озық дәстүрлерін қазіргі тәрбиенің барлық бөлігінде пайдаланудың, тәрбиенің жекелеген міндеттерін інеіиудің әдістемелеріне байланысты (С. Үзақбаева 6, М. Балтабаев 7, Е. Сағындықов 8, т.б.) көптеген ғылыми еңбектер мен зерттеулер жарық көрді. Ол еңбектерде халық педагогикасы, этнопедагогика ұғымдарының маңызы, мазмұны, байланысы қарастырылған.
Ғалымдар еңбектерінде халықтың ауыз екі туындыларын ұлттық салт-дәстүрлердің мән-мағынасын тәлімдік тұрғыда қарастырып, бүгінгі заман талабына сай келетін озық дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің құралы ретінде орынды пайдалануды ұсынады.
Қазақ этнопедагогикасында қазіргі мектеп практикасында математиканы оқытуда тиімді пайдалануға болатын материал баршылық.
Ата-бабаларымыздың ежелгі замандардан бастап-ақ жас
ТТО ТТППП гггггттпглггт т г -- -
білім өрісін кеңейтуге де көңіл бөлген бай тәжірибесін пайдалану жайында соңғы уақытта жиі пікірлер айтылып, үсыныстар жасалып жүр. Осы мәселелермен байланысты еңбектер Қ. Нүрсүлтановтың, Е. Сағындықовтың, Б. Қосановтың, т.б. диссертациялық зерттеулері. Мәселен, Қ. Нүрсүлтановтың еңбегінде мектепте математиканы оқыту мәселесін тарихи түрғыдан зерттеп, қазіргі қазақ мектептерінде математиканы оқытуда тарихи элеменггерді пайдаланудың тәрбиелік маңызы, әдістемелік мүмкіндіктері баяндалған 9, ал Е. Сағындықовтың жұмысында үлттық ойындарды, оқыту және тәрбиелеу процесін жақсарту әдісі, балалардың білімге қызығуінылығын арттыру мақсатында математика және қазақ тілі сабақтарында оқыту құралы ретінде, пайдалану қарастырылған 8. Бірақ пайдаланудың әдістемесі жасалмаған. Сондай-ақ, Б. Қосанов диссертациялық жұмысында қазақ бастауыні мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ой-пікірдің даму үрдісін кешенді түрде қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын зерттеген 10.
Әрине, бүл зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының педагогикалық мәдениетіне қомақты үлестерін қосқаны сөзсіз. Алайда бүл жүмыстар қазіргі 1-6 сыныптар математикасын оқытуда этнопедагогика элменттерін пайдаланудың әдістемесін жасап беру мақсатын көздемегендігі белгілі. Сондықтан да, көбінесе, бүл жүмыстарда этнопедагогиканың сәйкес элементтерін пайдаланудың мүмкіндіктері жайлы мысалдар ғана келтірумен шектелу орын алған.
Жоғарыда қарастырылған қысқаша шолудың өзі, сондай-ақ педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиетке, арнайы зерттеулерге жасалған талдау бүгінгі күнге дейін этнопедагогиканың жалпы теориялық негіздері мен тәрбиелік мәселелеріне баса назар аударылып, пәнді оқытуда, соның ішінде математикалық білім беруде, яғни математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің назардан тыс қалғандығын аңғартады. Осыдан негізгі мектепте математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесін этнопедагогика элементгерін пайдалану әдістемесімен үштастыру проблемасын арнайы зерттеудің қажеттігі туындайды. Демек, зерттеу жұмысының көкейтестілігі қарастырылып отырған ғылыми проблеманың теориялық және тәжірибелік қойылымының арасындағы қарама-қайшылықтан, яғни негізгі мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін жетілдіруте байланысты практика талабынан туындайды.
Зерттеу жумысының мақсаты ~ негізгі мектеп математикасын оқытудың мазмүны, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, қүралдары, оқытуды үйымдастырудың формалары, оқушылардың сәйкес психологиялық және жас ерекпгеліктері мен түлғалык
әдістемесімен табиғи үйлесетін математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің мүмкін бір нүсқасын жасау.
Зерттеудіц объектісі -- негізгі мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеудіц пәні ~ 1-6 сыныптар математикасын оқыту
процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: этнопедагогика элменттерінің әрқайсысының өзіндік мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере және оларды математика ғылымының табиғатынан және математиканы оқытудың мазмүны мен әдіс-тәсілдерінен туындайтын талаптар түрғысынан сүрыптауға және саралауға негіздей отырып этнопедагогика элементтерін пайдаланудың өдістемесі жасалып, оны математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесімен тәжірибеде үйлесііре және үнітастыра қолданса, оқушылардың пәнге қызығушылығы мен іс-әрекет белсенділігі, білім сапасы, сөйтіп математиканы оқытудың тиімділігі артады.
Қойылған проблеманы шешу және тұжырымдалған болжамды тексеру келесі зерттеу міндеттерін анықтады:
1-6 сыныптарда математиканы оқытудың қазіргі жайының және оны жетілдірудің негізгі бағыттарының сипаттамасын тұжырымдап беру;
математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдаланудың теориялық және практикалық алғышарттарын анықтау;
математиканы оқытып-үйретуде пайдал анылатын
этнопедагогика элементтерін сүрыптау және оларға қойылатын әдістемелік талаптарды анықтау;
математиканы оқыту процесіңде этнопедагогика элементтерін пайдаланудың әдістемесін жасау;
этнопедагогика элементерін математика сабақтарында және пән бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жүмыстарда пайдаланудың үсынылған әдістемесінің тиімділігіне эксперимент жүргізу арқылы көз жеткізу.
Зерттеу проблемасы, болжамы, міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін пайдаландық:
зерттеу проблемасына байланысты философиялық, тарихи, педагогикалық, психологиялық және оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;
оқу деректерімен (оқу жоспарлары, бағдарламалары, т.б.) танысып, оларды талдау;
этнопедагогика элементтерін пайдаланып жүргізілген математика сабақтарындағы мүғалімдер мен оқушылардың
'зпюгктртяпт.тхт '(^атлитттотЛ::
оқушыларды анкеттеу;
мұғалімдермен және оқуінылармен әңгімелесу;
оқушылардың жазба жұмыстарын, сыныптан тыс жұмыстарын талдау;
алынған мәліметтерді сандық және сапалық жағынан талдап, өндеу.
Зерттеудің методологиялық негізіне жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі философиялық және тарихи тұжырымдар, халық педагогикасының мүралары, қазақ әдебиеті мен мәдениетін және түрмыс-салт дәстүрлерін көрсетуге бағытталған еңбектердегі, сондай- ақ психология, педагогика жөне әдістемелік ғылымдар саласындағы озық идеялар алынды.
Крргауга мыналар усынылады:
сыныптарда математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдаланудың теориялық және практикалық алғыпіарттары;
математиканы оқытып - үйретуде пайдаланылатын этнопедагогика элементтерін сұрыптаудың және оларды қолданудың негізіне алынатын талаптар жүйесі;
математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің ұсынылып отырған нүсқасының сипаттамасы;
ұсынылған әдістеменің тиімділігін дөлелдейтін педагогикалық экспериментгің нәтижесі.
Жұмыстың гылыми жаңалыгы:
негізгі мектептің 1-6 сыныптарында оқытылатын математика курсының мазмұны және оны оқытудың мақсаты мен міндеттеріне орай этнопедагогика элементтерін сұрыптау алғаш рет жүзеге асырылды;
этнопедагогика элементтерін оқытудың құралы және әдіс- тәсілдері деңгейіне көтеру тұрғысынан әдістемелік талаптардың жүйесі жасалды;
математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің өзіндік-дербес нүсқасы жасалды.
Теориялық және практикалық қундылыгы:
Математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін пайдаланудың теориялық тұрғыда негізделген және тәжірибеде сынақтан өткен алғыпіарттары математикалық білім мазмұнын анықтаудағы және нақты мәселелерді оқытып-үйретудің әдістемесін жасаудағы бағыт жөне бағдар ретінде оқулықтар және әдістемелік құралдар әзірлеушілерге пайдалы. Сонымен бірге этнопедагогика элементтеріне қойылатын әдістемелік талаптарды басшылыққа алып және ұсынылып отырған этнопедагогика элементтерін пайдаланудың
тәжірибесінде ұштастыра қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруга септігін тигізіп, әр мүғалімнің осы саладағы кәсіби шеберлігін жетілдіруге көмектесуі мүмкін.
Қол жеткен нәтижелердің дәйектілігі мен дәлелдігі зерттеу әдістері жиынтығының қойылған міндеттерге орай іріктеліп алынуы мен және іске асырылуымен, зерттеліп отырған проблема бойынша жан-жақты жасалынған теориялық талдаулармен, жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелерін сапалық және сандық өндеулердің тиянақты және тыңғылықты жасалуымен қамтамасыз етіледі.
Жүмыстың макулдануы және тожірибеге енгізілуі. Зерттеу жүмысымен байланысты педагогикалық эксперимент Талдықорған қаласының № 14, 18, 19 мектеп-гимназияларында, Алматы облысы Талдықорған ауданының Заря ауылындағы орта мектепте өтті. Зерттеудің нәтижелері алдымен осы мектептердің бастауыш сыныптар мүғалімдері мен 5-6 сынып математика мүғалімдерінің әдістемелік бірлестіктер отырыстарында талқыланды, сондай-ақ Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы атты ғылыми-практикалық конференцияда (1992ж., Алматы), Үздіксіз педагогикалық білім берудің үрдісі мен стратегиясы атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (1998ж., Алматы), I. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің профессорлары мен оқытушылары қүрамының жыл сайынғы ғылыми-практи калық
конференцияларында ғылыми баяндамалар және хабарламалар жасалып, талқыланды.
Зерттеу нәтижелері және автордың әдістемелік үсыныстары I. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бастауыш мектеп математикасының теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырыстарында әр кезеңде талқыланды және мақүлданды.
Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен түжырымдары жөнінде бүрынғы Талдықорған облысы мүғалімдер білімін жетілдіру институтында негізгі мектеп математика мұғалімдері үшін (1992ж.) баяндамалар жасалып, қолдау тапты. Ал бастауыш сыныптар мүғалімдерінің кезекті білім көтеру курстарында жыл сайын баяндамалар оқылды.
Зерттеу жүмысының тақырыбына орай диссертанттың жетекшілігімен бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері дипломдық жұмыстар орындап, оларды қорғау арқылы диссертацияның негізгі нәтижелері практикада қолданыс тапты.
Зерттеу кезеңдері. Жүмыстың орындалү барысын шаптты тұоле
10
зерттеу жүмысының тақырыбы анықталып, зерттеу проблемасына талдау жасалды, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, объектісі, пәні және әдістері анықталды. Негізінен бұл кезенде таңдап алынған тақырыптың теориялық және методологиялық негіздерін анықтау жүзеге асырылды, сондай-ақ ғылыми болжам түжырымдалды. Екінші кезенде (1992-1995ж.ж.) Қазақстан тарихы, Қазақстан мөдениетінің тарихы, педагогика, этнопедагогика, психология, математика және оны оқыту әдістемесі ғылымдары саласында жарық көрген еңбектер, негізгі мектеп математикасымен баиланысты оқу-әдістемелік әдебиеттерді, мерзімді басылымдардағы әдістемелік-математикалық сипаттағы мақалаларды оқып үйрену, зерделеу, саралау, іске асырылды. Осы кезенде мектептің 1-6 сыныптарында математиканы оқытудың жайы және ондағы қолданылатын бағдарламалар мен оқулықтар туралы мағлүматтар мен деректер жинастырылды. Әсіресе дәстүрлі оқулықтар мен қазақстандық оқулықтарды салыстыруға, талдауға ерекше көңіл бөлінді. Үшінші кезенде (1995-1999ж.ж.) жиналған материалдар сүрыпталып, оларға теориялык түрғыда жүйелі талдаулар жасалды. Негізгі мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін пайдаланудың мүмкіндігі мен қажеттілігі айқындалды. 1-6 сыныптар математикасының мазмүнына орай пайдаланылатын этнопедагогика элементтері сүрыпталып, олардың теориялық негіз^дері айқындалды. Осылардың нәтижесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің нүсқасы жасалды да, педагогикалық экспериментте тексерілді, сәйкес нәтижелері сапалық және сандық түрғыда өнделді. Диссертациялық жүмысты аяқтау жүзеге асырылды.
Диссертация қурылымьі. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан түрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми-методологиялық аппараты баяндалған.
Математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін пайдаланудың теориялық және практикалық алғышарттары атты бірінші тарауда математиканы 1-6 сыныптарда оқытудың қазіргі жайына қысқаша сипаттама беріліп, осы салада болып жатқан түбегейлі өзгерістер және оны жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде этнопедагогика элементтерін пайдаланудың қажеттігі негізделген және осыған орай этнопедагогика үғымының мән- мағынасы және оның мәні мен маңызы ғылыми теориялық түрғыдан талданған, пәнді оқытып-үйретуде пайдаланылатын этнопедагогика элементтерін сүрыптау жүзеге асырылған және оларға қойылатын әдістемелік талаптар түжырымдалған.
Негізгі мектепте математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдаланү әдістемесінін сипаттамасы
сыныптардың математика сабақтарында этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі, оларды сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері баяндалған.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша жасалған түжырымдар мен түйіндемелер, негізгі мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін пайдалану жайлы үсыныстар берілген.
Қосымшада қосалқы және көмекші материалдар келтірілген.
12
I ТАРАУ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1. Математиканы оқытудың қазіргі жайы және оны жетілдірудіц негізгі бағытгары
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың төжірибесіне, тарихи-даму тұрғысынан, шолу жасасақ осы пәнді оқытып-үйретуді шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең 1969-70 оқу жылына дейінгі уақыт аралығында бастауыш сыныптарда таза арифметика пәнінің оқытылуымен сипатталады, яғни мүңда сандардың нумерациясы және олармен жүргізілетін амалдарға ғана көп көңіл бөлінгені байқалады.
Қоғамның саяси-өлеуметтік дамуы және психология мен педагогика ғылымындағы соны жаңалықтар бастауыш буында математика пәнін оқытудың қажеттілігін анықтады да, осыған орай 1969-70 оқу жылынан бастап осы уақытқа дейінгі аралықта оқу пәнінің жаңа мақсаты мен міндеттерін және мазмүнын анықтау барысында әралуан психологиялық-дидактикалық және әдістемелік зертгеулерді жүргізуге тура келді. Көптеген ғалым-педагогтардың зерттеулері (Л.В. Занков 11, П.Я. Гальперин 12, Н.Ф. Талызина 13, Д.Б. Эльконин 14, В.ВДавыдов 15;16, П.М. Эрдниев 17, және т.б) кіші жастағы оқушылардың эмпирикалық қана емес, теориялық ойлауды жүзеге асыратындай абстракциялық үғымдарды қабылдай алатындығын дәлелдеп берді. Осының нәтижесінде: жалпылаудың қүралы ретінде әріпті символиканы пайдалану, алгебра мен геометрияның элементтерін қарастырудың мүмкіндігі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру қажетгігі, білімнің дидактикалық бірлігін ірілендірудің тиімділігі ғылыми түрғыдан негізделіп, оларды төжірибеге енгізу бағытындағы көптеген ізденістерді туғызды.
Сонымен жаппай мектептің тәжірибесіне алдымен үш жылдық бастауыш мектептің моделі енгізілді және мүнда математика пөнін оқыту жүзеге асырыла бастады да, 1969-1984 жылдар аралығында математиканы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесіне негізделген білім беруді реформалау арқылы математика курсын өзара табиғи бірлікте болатын арифметика, алгебра және геометрия сияқты ғылым салаларын пәнішілік интеграциялау мүмкін болды. Бүл математиканы оқытудың өзіндік кезеңі болып табылады.
Әрі қарай 1984-1996 жылдар аралығында, бұрынғылардан өзгеше кезенде алтьі жасарлардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне негізделген бастауыш буын математикасын оқытудың жаңа әдістемелік жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Мүнда, әсіресе бірінші
ГКТТТКТГГ иятриотитлалг ттт ^тлт гтггттг
мен әдістері, құралдары мен оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыру формалары түбегейлі өзгеріске үшырады. Ең басты мәселе ретінде мектепке дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылатын ойыннан, күрделі де қиын, әрдайым қызықты бола бермейтін оқу іс-әрекетіне олардың табиғи көшуін үпггастыруға ерекше көңіл бөлінді. Бастауыш мектепте математиканы оқыту үш жылдан төрт жылға алмастырылды. Алайда алты жасарларды оқытуға қажетті және жеткілікті жағдайлардың жаппай мектептің тәжірибесінде жасалмауы себепті, бүл озық педагогикалық идеяны жүзеге асыру көптеген қиындықтарға киліктірді және өз дәрежесінде оң шешімін таба алмады. Осыдан 90 жылдардың соңына қарай бастауыш мектептерде білім беру жүйесін реформалау қажеттігі қайтадан көтеріле бастады. Сондай-ақ еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, егемен ел болуы, білім беру саласында өзіндік саясатының қалыптасуы, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне шығудың қажеттілігі және т.б. саяси-әлуметтік және экономикалық бетбүрыстар, үздіксіз білім беру жүйесін қайта қүруға түрткі болды. Соның нәтижесінде бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқытуды төл оқулықтар арқылы оқытуға көшу мүмкін болды да, осы кезеңде, яғни 1991-1996 жылдары математика курсының қазақстандық моделі жасалды және мектеп тәжірибесіне енгізілді, алайда алты жасарларды оқыту сақталып қалды. Дегенмен осы уақыт аралығында алты жасарларды оқытудың бастапқы кезеңіндегі қиыншылықтар мен кемшіліктерді жою мүмкін болмады. Оған қоса мектепке дейінгі арнайы мекемелерде балаларды дайындау мәселесі және тәрбиенің жүйесінің жүмысын тиімді жолға қою өз шешімін таба алмады. Осының бәрі қайтадан жеті жастан бастап баланы мектепке қабылдайтын, төрт жылдық бастауыш мекгепте оқытылатын математиканың жаңа әдістемелік жүйесін жасауға және оны тәжірибеге енгізуге себепші болды. Қазірде, 1997-98 оқу жылынан бастап, яғни соңғы кезенде мектептің типіне және ондағы оқытудың тіліне тәуелді емес, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған математиканы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесіне біртіндеп көшу жүзеге асырылуда.
Соңғы отыз жылда қалыптасқан бастауыш мектеп математика курсының мақсаты мен міндеті және мазмүны, әрине солардан туындайтын оқыту әдістері мен қүралдары және формалары қоғамның даму кезендеріне орай жетілдіріліп отырғандығы байқалады. Алайда осының бәрі 90 жылдарға дейін орталықта (Мәскеуде) дайындалып бүрынғы Кеңес Одағы қүрамына енетін республикалардың барлығында ешқандай өзгеріссіз қолданыс тапты. Соның нәтижесінде математикалық білім мазмүнын қүрастыруға, оқу материалының орналасу реті мен сыныпаралық бөлінуіне, білімжүиесін қүруға, яғни жалпы алғанда бастауыні мектеп математикасының мазмүнын жетілдіре түсуге, әсіресе бастауыш мектептің оқушыларының жас және психол
огиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, білім мазмүнын қүрайтын математикалықн сөйкестендіру мүмкін
объектілерді оқушының қоршаған ортасыме болмады. Осы тығырықтан шығудың бастамасы бастап бастауыш мектеп тәжірибесіне Республикасы жағдайына лайықталған Матіматика 1 оқулығының
ретінде 1986 жылдан енгізілген Қазақстан
(Т.К. Оспанов, М.И. Моро және т.б.) 18 дүниеге келуін атаған жөн. Әрине мүнда орыс тіліндегі шыққан оқулықтың жаттығуларының жүйесі және әр түрлі нақты мәселелерді сақталған. Дегенмен халықтың ұлттық өзгешеліктері, әдеті мен ғұрпы, дәстүрлері, республиканың аймақтық ерекшеліктері, экономикалық-географиялық жағдайлар және т.б. білім мазмүнын анықтаға тигізетін әсері біршама болсын ескерілгендігі байқалады. Математика 1 оқулығы 1986-1991 жывдар аралығында қазақ бастауыш мектептерінде 1 сыныптың түрақты оқулығы мәртебесінде қолданыс тапты. Бастауыш буынның басқа сыныптарында математиканы оқыту аударма оқулықтар боиынша жүзеге асырылды, Демек бір ғана сыныпта лайықталған (адаптарованный) оқулықтың нүсқасы тәжірибеге енгізілді. тәжірибесіне енгізілді 19; 20; 21; 22. Осы сияқты Қ.Р. Ыбанның Математика 5 23 оқулығы жарық көрді. Бастауыш буынның барлық сыныптарында қазақ тілінде дайындалған математика оқулықтары үйғыр тіліне, ал 1-2 сыныптың оқулықтары орыс тіліне аударылып, 1991-1996 жылдар аральпында түрақты оқулықтар мәртебесінде қолданыс тапты. Бүл оқулықтардың ең бастьі ерекшелігі - математика мазмүнын және оны оқытудың әдістемесін анықтауда халық педагогикасы элементтерін пайдалану
мүмкіндігінің ескерілуі деуге толық негіз бар. Осы оқулықтар математикадан төлтума оқу - әдістемелік гоптаманың жасалуында негізге алынды, өйткені 1997 жылдан бастап жеті жасарлардың физиологиялық, биологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне негіздей отырып бастауыш білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырыла бастады. Демек қазіргі бастауыш сыныптардаң математиканы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесіне көшуге бетбүрыс
Әрі қарай, 90-жылдардан бастап, қазақ мектептеріне арналған төлтума оқулықтар мәселесі оң шешімін таба бастады. Көптеген пәндерден, соның ішінде алгебра, геометрия және математика (1-6 сыныптар үшін) пәндерінен қазақстандық эдіскер-ғалымдарың және мүғалімдердің төлтума оқулықтары дүниеге келді. Мәселен Т.Қ. Оспановтың жетекшілігімен дайындалған 1-4 сыныптардың оқулықтары Рауан баспасынан басыг шығарылып, мектеп топтаманың жаңа толқынының Атамұра баспа корпорациясынан шыққан нұсқасы бойынпіа оқытылуда. Төл оқулыяТардың жаңа толқыны қазақ, орыс және ұйғыр тілінде оқитын мектептердің бәрінің тәжірибесіне бірден енгізілуде. Әрі қарай орта буынның алғапіқы екі сыныптары математикасын оқыту төл оқулықтардың жаңадан дайындалып жатқан нұсқасы бойынпіа жүзеге асырылмақшы. Сондықтан да математиканы оқытудың қазіргі жайы және оны жетілдірудің негізгі бағыттары төлтума оқу-әдістемелік топтаманың жаңа толқыны анықтап отырған оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерімен сипатталады. Оқу-әдістемелік топтаманың бастауыш мектеп математикасы бойынша жасалған жаңа толқынының құрамдас бөліктері ретінде мыналарды атаған жөн: бағдарлама, оқулық, баспа негіздегі дәптер, үлестірме дидакгикалық материалдар, әдістемелік құрал, дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар, көрнекі көрсету кестелері, көрнекі көрсету кестелерін қолдану жайында әдістемелік нұсқау, ата-аналарға арналған түсіндірме. Бүгінде бастауыш буынның алғашқы екі сыныбына арналған оқу әдістемелік топтама баспадан шықты және мектептің тәжірибесінде қолдануда. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты 1 деп аталатын ресми нормативтік-құқықтық құжат дүниеге келді. Мұнда бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, базистік білім мазмұны, оқу жоспары, әр пәннің бағдарламасы, әр пәннен оқушы дайындығына қойылатын талаптар жүйесі келтірілінгендіктен, оны сәйкес пәнді оқытуды реттеп отыратын негізгі құжат деп айту жөн. Осы жерде оқу- әдістемелік топтаманың қүрамдас бөліктеріне қысқаша талдау жасай отырып пәнді оқытудың жайына сипаттама беруді және оны оқытуды жетілдірудің бағыттарын анықтауды орынды деп есептейміз.
Бастауыш мекгеп математикасын оқытудың мақсаты мен міңдетін анықтауда оқу бағдарламасыңда этнопедагогика элементтерін пайдалану қажеттігі айтылған математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ ата- дәстүр әдет - ғүрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндеегіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру1, 131 және математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге кемектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсінікгердің қалыптасуь; на әсер ету 1, 131, - деп айқын көрсетілген. Демек, этнопедагогика элементтерін математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтаудың негізіне алу қажеттігі байқалады.
Бастауыш математикалық білім мазмұнын, оның қүрамы мен
тәжірибедегі ұтымды идеялар мен үрдістер, тұжырымдамалар мен принциптер басшылыққа алынған, солардың бірі қоршаған ортаның, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін және халықтық педагогиканың элементтерін пайдалануға 1, 131 білім мазмұнының мүмкіндік беруі болып табылады. Осының мысалы ретінде бастауыш буында теріс емес бүтін сандарды оқытудың ұзақ уақыт бойы қалыптасқан концентрлік жүйесіне енгізілген өзгерісті және алты жасарларды оқытып- үйретудің қалыптасқан дәстүрлі әдіс-тәсілдеріне орай ауызша және жазбаша нумерацияның ара-қатынасы мен рет-тәртібін басқаша жүзеге асырылатынын атаған жөн. Шынцығында, қазіргі математика курсының жаңа моделіне орай 10 көлеміндегі сандар тақырыбының алғашқы сабақтарынан бастап-ақ сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы қатары қарастырылады. Сондай-ақ бірінші сыныптың соңына қарай толық ондықтардың нумерациясы оқытылып-үйретіледі, өйткені 10-нан артық екі таңбалы сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы түркі тектес тілдердің бәріне де ортақ, қарама-қайшылық жоқ. Әрі қарай бірліктермен санау, ондықтармен санау, ондықтармен және бірліктермен санау, жүздіктермен санау, жүздіктермен және ондықтармен, бірліктермен санау біртіндеп қарастырылады да бір таңбалы, екі таңбалы және үш таңбалы сандардың нумерациясы дамытыла оқытылып-үйретіледі. Сандар нумерациясының концентрін оқытудың осы жердегі өзгерісі этнопедагогика ерекшелігінің қолданыс табуының мысалы болып отыр. Осы сияқты әр сынып оқулығындағы жаттығулар жүйесіне халықтың қолөнерімен, түрмыс-салтымен және т.б. болмысымен байланысты тапсырмалардың енгізілуін де атаған жөн. Мәселен, Дастархан басында екі әке және екі бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Әр адам неше алма жеді? тапсырмасы - туысқандық қарым-қатынасты анықтауға тіреледі, яғни атасы, оның баласы және немересі жайында әңгіме қозғалады. Ал Үш мейманға бір табақ тартылса, бір табақ артық қалады- Екі мейманға бір табақ тартылса бір табақ жетпей қалады. Осы үйдің меймандары нешеу? Табақ нешеу? тапсырмасы мейманды қадірлейтін қазақ халқының үлттық қасиетін сипаттайтын және халықтық есепіің мысалы бола алады. Осындай есептер және т.б. жаттығулар математика мазмүнына және сәйкес оқулықтарға енгізілген, олардың көпшілігі халықтың қолөнермен байланысты, сондай-ақ байырғы есептер қатарына жататындары да баршылық, мысалы Қайықшының бір жағадан екінші жағаға бір бума шөпті, қасқырды және ешкіні өткізу тәсілін табу және т.б.
Ал үлттық ойындарды дидактикалық ойындар мәртебесіне көтеру де назардан тыс қалмаған, олай дейтініміз Дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар 24 атты оқыту құралында сәйкес
17
тақырыптар бойынша қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың үлгілері келтірілген.
Демек, қазіргі бастауыш буын математика курсының мазмүнын және оқытудың әдістемесін жетілдіру бағыттарын анықтаудың өзі этнопедагогика элементтерін пайдаланудың тиімді екендігін көрсетеді. Алайда оның табысты қолданыс табуы 1-6 сынып математика курстарының өзіндік ерекшеліктері және этнопедагогика элементтерінің оқытудың мазмүны мен қүралы деңгейіне көтеріле алу мүмкіндіктеріне орай анықталады. Олай дейтін себебіміз математиканың әр сыныпқа арналған мазмүнының өзі біртекті емес, сондай-ақ ілгерлеген сайын оқушының түлғалық жөне басқадай да (жас, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік) ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.
Қазіргі математика курсы 1-6 сыныптарда оқытылады да әрі қарай алгебра мен геометрияның жүйелі курстары басталады. Бүгінде математика пәнін оқытып-үйрету барысында оқушыларға берілетін білімнің м емлекеттік стандарты анықталған. Бастауыш буынның математика курсының бағдарламасы, ал 5-6 сыныптар математика курстарының бағдарламаларының жобалары жасалған25. Осы екі қүжаттар бойынша анықталған 1-6 сыныптар математика курсын оқып-үйрену және талдау оның мына сияқты мазмүндық-әдістемелік желілерден қүралатынын көрсетеді, атап айтқанда: сандардың нумерациясы, сандармен жүргізілетін арифметикалық амалдар жоне олардың қасиеттері, есептеу тәсілдері және сәйкес білік пен дағдылар қалыптастыру, есеп және оны шешу процесі, сәйкес білік қалыптастыру, шамалар және оларды өлшеу, алгебраның элементтері, геометрияның элементтері. Сонымен математикалық білім мазмұны біртекті емес және екі әр түрлі деңгейді қамтиды: міндетгі және мүмкіндік деңгейлері. Міндетті деңгейге 1-6 сыныптар көлемінде берік игертілуі тиісті материалдар жатады. Олар теріс емес бүтін сандардың және рационал сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы; аса маңызды шамалар және олардың өлшем бірліктері; жай есептердің негізгі түрлері және оларды шешу тәсілдері, әр түрлі деңгейде кеңейтілген сандар облысында арифметикалық амалдарды орындау және т.б.
Ал мүмкіндік деңгейлеріне мазмүны түрғысынан алғанда негізгі мәселемен үйлесегін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде үсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен үштасатын материалдар жатады. Мүның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып-үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына өсерін тигізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі. Міндетті деңгейдегі
18
материалдар төңірегіне мүмкін деңгейдің материалдары топтастырылған.
Осы екі деңгейдегі математика курсы мазмүнының бір типті этнопедагогика элементтерін сүрыптау қажеттігін көрсетеді. Ал әр текті материалдарды оқытудың өзіндік әдістемесін анықтау қажеттілігі осыған негіздей отырып этнопедагогика элементтерін саралау керектігіне саяды. Оған қоса математиканы оқыту барысында дамыта оқытудың технологиясын жүзеге асыруды да көздеу тура келеді. Мүндағы басты мәселе баланың түлга ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллекгуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу болып табылады. Демек осы түрғыдан алғанда этнопедагогика элементтерін пайдаланудың мүмкін жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтауға көңіл бөлінуі тиіс.
Сонымен математиканы оқытудың қазіргі жайы, оны жетілдірудің екі негізгі бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Осы бағыттардың бірі - әр пәннің мазмүны мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дамыта оқытудың технологиясына пәнді оқытуды бағыттай және бағдарлай жүргізу. Ал дамыта оқыту технологиясы дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдерін бала түлғасын қалыптастыруға септігін тигізетін басқадай әдіс-тәсілдермен үпггастыра қолдануды көздейді. Осы бағыттардың екіншісі - математиканың мазмүнын және оқу пәні ретіндегі оның өзіндік ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, олармен үндесетін және үйлесетін этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесін жасау және математиканы оқытуды тәжірибеге енгізуге бағдарлай және бағыттай жүзеге асыру.
Әрине осы екі бағытта да жүйелі жүмыс жүргізуге тура келеді. Осы түрғыдан мүғалімдердің сәйкес теориялық және практикалық арнайы дайындығының болуы тиіс. Өйткені дамыта оқытудың мән- мағынасын, принциптерін, әдіс-тәсілдерін игермеген мүғалімнің сәйкес технологияны тәжірибеде қолдана алмайтыны өзінен-өзі түсінікгі. Осы сияқты этнопедагогика үғымының мән-мағынасын және оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі оның мәні мен маңызын жетік меңгеру этнопедагогика элементтерін дүрыс және орынды пайдаланудың теориялық алғышарты болып табылатындығынан осы мәселелерді талдаудың қажеттігі туындайды. Мүнда пәнді оқыту процесі біртүтас педагогикалық процесс екендігін де ескеруге тура келеді, яғни бағдарламада көрсетілгендей математиканы оқыту: баланың түлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу, математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмекгесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір
үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру сияқты міндеттерді айқындайды. Демек, этнопедагогика элементтерін пайдалану мүмкіндігі оқыту, тәрбиелеу және дамыту сияқты біртүтас педагогикалық процестің қүрамдастарына қатысты саралануы тиіс. Онда мына жағдайларға сүйеніп қарастыруға тиістіміз:
1-4 және 5-6 сынып оқушылары әр түрлі жастағы топтар балалары, сондықтан оларға тән іс-әрекеттің негізгі және басты түрі ескеріліп, әр топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Әр топта да оқу іс-әрекеті негізгі болатындықтан сәйкес топтардың іс-әрекет түрлерінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ деп есептеуге тура келеді;
7-10 жастағы балалардың белгілі бір дәрежеде оқу іс- әрекетімен бірге ойын да іс-әрекеттерінің басты компоненті болып қала береді. Бүл іс әрекет барысында оқупіылар тек білім алып қоймайды, сол білімді алу қажеттілігі сезімі де тәрбиеленеді, 10-12 жастағы балаларға әр түрлі оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекет тән. Оның үстіне олар қызықты жағдайларға, ойындарға зор қүштарлық көрсетеді;
бастауыш мектеп оқушыларының басты жас ерекшелігін ескеру, олар жаңаны жеңіл қабылдайды, бірақ сонымен бірге оны тез үмытып қалуы мүмкін, ал 5-6 сынып оқушыларының қабылдау деңгейі олардың қабылдайтын материалға көзқарасына тәуелді бол-уы мүмкін;
оқушылардың ырықсыз зейінін қалыптастыру мен түрақтандырудың басты шарттарының бірі -- оқылатын материалға деген ынтасын туғызу қажет болады. Мүнда материалды баяндаудың және орындалатын жаттығулардың сипаты, жалпы алғанда оқу жүмысын үйымдастыру шешуші маңызға ие болады, сонда баяндаудың тартымдылығы мен бейнелілігі, көрнекілігі баланы ынталандырады және білімге деген қүштарлығын туғызады;
кіші жастағы оқушының есте сақтауы материалдың бейнелілігімен, нақтылығымен, көлеміне қатысты шектеулі болатыныдығымен басым екендігі ескерілу керек болады;
бастауыш сыныптардың оқушылары жауапкершілік сезімінің, шығармашылық инициативаның артуымен сипатталады. Біртіндеп олар өздігінен әрекет етуге үмтылады, ойлап тапқыштықты, яғни тапқырлықты, зерделілік танытуды, сондай-ақ белгілі бір ой жұмсауды талап ететін тапсырмаларды орындауды жақсы көреді және тапсырманы өз бетімен орындағанда қанағаттанғандық сезінеді;
оқушыларда білімге деген жаңа көзқарас және оны қолдана білуге үмтылыс пайда болады.
Осылардың бәрін ескере отырып, этнопедагогика элементтерін саралау, оларды пайдаланудың мүмкіндігі мен қажеттілігін айшықтап б^пегті ттргртт пйти^тт пигкг тяггттягтя тгпттгемі я.
1.2.Этнопедагогика үғымының мән-мағынасы және оқушыларга тәлім-тәрбие берудегі оның мәні мен маңызы
Тәрбие әр халықтың өте әрідегі ата бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, оның қажетінен туған. Тәрбие мен оқу әр халықтың даму тарихының өркениетті және рухани сапаларын бейнелеп көрсетеді.
Алғаш адамзат пайда болғанда қоғамдық тәжірибе тек практикалық білік - дағдылардан қүрылган, аздаған тәжірибені балаға жеткізетін арнайы адам, оқу орны жоқ кезенде , өсіп келе жатқан үрпақ өзін-өзі сақтауды, өмір сүруді айналасындағы адамдармен карым - қатынас арқылы үйренетін. Адамдардың еңбек іс - әрекеттері түрленіп тәжірибесі байыған сайын сол тәжірибені жаңа үрпаққа жеткізу жолдары да күрделенген. Адам тәрбиесінің тірпіілік жағдайларын жақсартудағы мағынасын түсіне бастаған. Педагогикалық түсініктері, көзқарастары, идеялары біртіндеп жинақталып, өзінше халықтық тәрбие жүйесі қалыптасқан. Сондықтан халық педагогикасы халықтың тәрбие саласындағы ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің көрінісі ретінде адамзат қоғамының ең бастапқы сатысында пайда болған деуте болады.
Қоғамның дамуымен қатар қоршаған айнала, адам туралы білім жинақталды, дін, ғылым пайда болды, тәрбие мазмүны да біртіндеп күрделенді. Халық педагогикасы негізінен қарапайым халықтың еңбек сүйгіштік, еңбек адамдарын қүрметтеу, әділеттікке үмтылу сияқты демократиялық және айналаға, адамға аса ықыласпен қарау, адамға қамқорлық жасау сияқты көзқарастарын, гуманистік идеяларды бейнелейді. Сонымен қатар әр уақытта келіп отырған үрпақ өзінің адамға, оны тәрбиелеуге көзқарастарымен, жаңа идеялармен, халық педагогикасын толықтырып, байытуға өз үлестерін қосып отырды. Қоғамның даму процесінде халықтың педагогикалық түжырымдамалары тексеріліп, тәрбие қүралдары, әдіс-тәсілдері іріктеліп отырды.
Бірақ педагогикалық тәжірибе эмпирикалық деңгейде болды.
Халық педагогикасы - озық педагогикалық жүйенің қүрылуының бастау бүлағы, педагогика ғылымының алғашқы сатысы ретінде жалпы адамзат мәдениетінің дамуында маңызды роль атқарды.
Халық педагогикасы мәселесі әрқашанда негізгі проблемалардың бірі болған.Халық педагогикасы проблемаларын зерттеу тарихына үңілсек халықтың тәрбиелеу тәжірибесін оқып- білу әр кезде ойшылар, ағартушылар, ғалым - педагогтар назарынан тыс қалмаған екен. Түрлі уақытта ағартушылар, педагогтар өздерінің шығармашылық жолын халықтың мәдени дәстүолеоінен үйоеніп.
іргетасын қалаған классиктер, агартушылар халық педагогикасын - тәрбие туралы ғылымды байытатын оның тірегі болады деп санаган. Мысалы, чех халқының ғалым-әдіскері Я.А.Коменский өзінің ағартуілылық қызметін халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, әдет-ғүрып, салт-дәстүрін зерттеуші ретінде бастаған, өзінің Ұлы дидактикасында балаға тәрбие, білім беруді төрт сатыға бөліп, соның алғашқы сатысын Ана мектебі, екіншісін Ана тілі мектебі (бүл екі саты баланың туғанынан 10 -- 12 жасқа дейінгі кезеңін қамтиды) деп атаған. Үлы педагог ана мекгебінің идеясын жанүяда тәрбиелеу тәжірибесіне сүйеніп түжырымдаған және бала дамуының ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Бастауыш сынып оқушыларын этнопедагогика арқылы математиканы оқытудың маңызы
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Мектепте математиканы оқыту үрдісінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халықтық педагогика ұғымы
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Пәндер