ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
7 2 ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Педагогикалық эксперимент
Педагогикалық эксперимент 1995 жыл мен 2002 жыл аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданы "Шалкөде", "Ш.Уәлиханов", Албан-Асан Барманбекұлы және N2 Кеген орта мектептерінде жүргізілді. Эксперимент жүргізуге орта білім беретін мектептердің 8-10 сыныптары таңдап алынды. Осы мектептерден эксперименттік сыныптармен қатар бақылау сыныптары іріктелді. Жоғарыда көрсетілген мектептердің әрқайсысынан үш сынып экспериментке қатысты. Оларда үш жыл қатарынан жүргізілген бақылау және оқыту эксперименті кезінде 1000 аса оқушы қатысты. Зерттеушінің өзі Шалкөде мектебінде бүкіл эксперименттік жүмысты жүргізіп келеді. Сонымен қатар әр оқу жылының басында эксперименттік сыныптар мүғалімдеріне дәріс оқып, әдістемелік нүсқаулар беріп отырды.
Педагогикалық эксперимент үш кезеңнен түрды:
Кезевде экспериментке керекті материалдар іріктелді:
а) Химия пәнінің бағдарлама мазмүны сараланып, кіріктірілетін тақырыптар айқындалды.
ә) Осы тақырыптар мазмүнын кіріктірумен қатар, оларды оқыту барысында қолданылатын халықтық педагогика элсменттері іріктеліп, олардың мазмүны жан-жақты талданды.
б) Химия пөнінің оқулығындағы бағдарламалық талапқа сай мәтіндер іріктеліп, оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары жіктелді.
в) Сабақ барысында қолданылатын халықтық педагогикаға байланысты материалдардың мазмүнымен мүғалімдер таныстырылды, олардың пікірі ескерілді.
г) Сабақтың жоспары жасалып, талқыланды, ол мүғалімнің дайындығына берілді.
Кезең
Мектептегі сабақтарға қатысу. Химия сабақтарының өтілу жүйесін бақылау, мүғалімдермен пікірлесу, олардың халықтық педагогикаға байланысты түсініктерін анықтау:
а) Әңгімелесу.
ә) Сауалнама жүргізу.
б) Сабаққа қатысып, талдау барысында халықтық педагогиканы пайдалану деңгейін анықтау.
в) Мүғалімді эксперимент жүмысын жүргізуге дайындау.
Ол үшін халықтық педагогиканың маңызын және оны қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Химия пәнінің тек ғылыми үғым берумен шектелмей, тәрбиелік мол мүмкіндігін мүғаліммен бірге отырып талдау.
г) Мүғалімді эксперименттік бағдарлама мазмүнымен таныстыру. Бағдарламаға байланыеты үстаздың пікірін тыңцау.
д) Эксперименттік сабақтар барысында қолданылалатын әдістерді талдау.
Кезең. Эксперимент жүмысын жүргізу. Бүл кезенде дайын сабақ жоспарларын мүғалімдерге беріп қана тынбай, мүмкіндігі болған жерде ізденушінің өзінің сабаққа басынан аяғына дейін қатысуына тура келді. Сонымен қатар, ізденушінің өзі де үстаз болғандықтан, негізгі қағидалардың бәрін дерлік өз сабағында қолданды. Эксперимент нәтижесі үнемі хаттамаға түсіріліп және талқыланып отырды.
Эксперимент жүмысы бірнеше мақсатты көздеді:
Зерттейтін тақырыбымызға байланысты халықтық педагогиканы химия сабағында пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістерін саралау.
Халықтық педагогика элементтерінің түрлерін іріктеп тақырып мазмүндарына және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін байқау.
Оқушылардың қызығушылығын және сабаққа ынтасын көтеруде халықтық педагогиканың маңызын және оның кіріктіре оқытуда пайдалану мүмкіндігін анықтау.
Экспериментке қатысқан оқушылардың химия пәнінен білім деңгейін анықтап, олардың шығармашылық әрекеттеріне халықтық педагогиканың әсерін байқау.
Халықтық педагогиканың оқушылар ойын дамытуға, тіл байлығының үшталуына тигізетін әсерін байқау.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушыларға дүниенің
біртүтатастығы жайында үғым қалыптастыру.
Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін кез келген жағдайларда қолдана білуге дайындап, шығармашылығын арттыру.
Осылардың негізінде оқушыларды дамыту принципін жүзеге асыру.
Мақсатқа жету үшін мүғалімдердің күнделікті үйымдастырған сабақтарына қатысып, оқушылармен әңгімелесіп, бақылау жүмыстарын алуға көңіл бөлдік.
Экспериментке қойылатын материалдарды іріктегенде алдымен халықтық педагогиканың элементтері іріктеліп жіктелді. Олар: а) халықтың қолөнеріне енетін заттар, құралдар; ә) халық ауыз
әдебиеті туындылары (ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел); б) алдыңғы қатарлы ақын-жазушылар поэзиясы.
Мұнда ескере кететін жәйт - ақын жазушылар поэзиясының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы жоғары болғандықтан және халықтың өнері мен әдет-ғұрпының қайнар көзі екенін ескеріп, тақырыптар мазмұнына сәйкестендіріп іріктедік.
Эксперимент барысында халықтық педагогиканың пайдаланудың әдіс-тәсілі де сараланды. Әсіресе, сөз шеберлігі, оның көркемдігі оқушы ойын өрбітіп, тілін дамытуда тендесі жоқ құрал екенін ескеріп, сөздік әдісті орынды қолдануды көздедік. Сонымен қатар, практикалық және көрнекілік әдістері де тиімді, ұтымды тұстарда қолдану.
Әдебиеттерде көрсетілгендей, оқушылардың ойлау әрекетін арттыру үшін бірнеше міндеттер шешу эксперимент барысында ескерілді.
Кез-келген оқушыны қызықтыратын сабақ түрін тандау. Сол арқылы сынып оқушыларын бірлескен танымдық процеске жетелеу.
Оқытудың дифференциалдық принципін іске асыра отырып, әркімге шамасына қарай тапсырма беру.
Оқушының танымдық әрекетін күшейтетін материалдарды пайдалану.
Қазіргі (жаңа) сабақ көп құрылымды құбылыс. Сабақ тұтас жүйе ретінде үш құрылымнан тұрады: Оқу үрдісі құрылымы, мазмұн құрылымы, әдіс құрылымы.
Оқу процесі құрылымы дидактикалық мақсатты ашатын бірінші құрылым болып табылады. Әрбір бөлім оқу процесінің логикасына сай өткен бөліммен байланысты бірінен бірі туып отырады. Бірінші құрылымның мақсаты - сабақ типін анықтау.
Оқу материалының мазмұны бірінші құрылымға бағынады. Сабақтың компоненті ретінде оқу материалы мазмұнына белгілі химиялық ұғымдар, фактілер, зандар, химиялық заттар мен құбылыстар олардың ерекшелігі, заңдылықтар, қорытындылар, іскерлік пен дағдылардың қалыптасуы кіреді. Міне осы тұста біз халықтық педагогиканы пайдалану арқылы білімнің мазмұны толықтырамыз, жүйелейміз, жаңартамыз. Эксперимент кезінде бұл үнемі ескеріліп отырылды.
Әдіскер М.И.Махмудов пен Л.И.Ерунова сабақтардың құрылымы, оқытудың мазмұны мен әдісі біртүтас дидактикалық мақсат дейді. Бұл құрылым элементтері өзара байланысқа түседі. Мәселен, сабақ мақсатының өзгеруі оқу материалының мазмұны мен оқыту әдісінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Жоғарыда айтылған пікіріміз негізінде қорыта келіп халықтық педагогиканы пайдалану сабақтарының құрылымын төмендегідей бөлімдерден тұрады деп есептейміз:
сабақтың нысаны мен мақсаттарын анықтау. сабақтың түрін белгілеу
оқушыларды сабаққа қызығупіылығын арттыру олардың бұрын алған білімін, тәжірибесін байқау. халықтық педагогика материалдарын қолдану және оны тақырып мазмұнымен кіріктіру.
білімнің түжырымдалуы мен жүйеленуі кезеңінде халықтық педагогика материалдарына негіздеу.
үй жұмысын орындау барысында да халықтық педагогика материалдарына суйену.
Химияны оқыту методикасын оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұратындығы И. Н. Борисов, Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосин, Г.М.Чернобельскаяның методикалық оқу құралдарында көрсетіледі. Соның негізінде химияны оқыту методикасы жалпы және жеке бөлімнен тұратындығы дәлелденген,
Химияны оқыту әдістемесіне арналған зерттеу жұмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселелерді шешудің жолын көрсетуге бағытталған. Мәселен, О.Хаймолдин - химияны оқыту барысында оқушылардың таным әрекетін жандандыру, А. Мырзабаев - химиядан сыныптан тыс жұмыстар жүргізумен байланысты оқушылардың практикалық дағдыларын және икемділіктерін қалыптастыру, М.Д.Жадрина - химияны оқыту әрекетінде оқушылардың оқуға икемділігін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулердің бәрінде халықтық педагогиканы пайдалану барысында біздің негізге алып отыруымызға тура келді. Оқыту әдістері екі жақты процесс екені бслгілі. Бүл оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекетінен тұрады. Белсенді оқыту әдісі - оқушыларды оқуға жұмылдырудың тиімді жолдарын қарастыру. Олар:
сабақ барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын тудыру;
оқытушылардың өзіндік шешім қабылдауы; оқушылардың өзіндік жұмыстарының, ой тұжырымдарының басым орын алуы;
өздігінен қорытындылау, алған білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білуі.
Оқушылардың белсенді оқыту әдістері, олардың психологиялық ерекшеліктеріне негізделеді:
ол үшін тиісті жағдайларды нақты шешуге мүмкіндік жасайтын ойындар үйымдастыру;
сабақта ең маңызды түйінді мәселені есте сақтауға мүмкіндік беретін материалдарды қолдану, талдау; сабақта оқушылардың өздік жұмыс түрлерін үйымдастыруға баса көңіл бөлу, соның негізінде білім алуға қажеттілік туғызу;
халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың теориялық білімін толықтыра түсуге көмектесетіндей болуға тиіс. Сонымен қатар, оқушылардьщ пәнге қызығушылығын арттыруға оң әсер етуі керек;
халықтық педагогика элементтерінің тәрбиелік мәні жоғары болуға тиіс.
Қорыта келгенде халықтық педагогика элементгерін оқу қүралы және оқыту тәсілі ретінде пайдаланғанда оның мүмкіндігі мен мәнін жан-жақты талдауды қажет етеді.
Халықтық педагогика ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі болғандықтан, оқушыларға білім беру барысында қолдану және оны тәрбие процесіне ендіру. Химияны оқытуда халықтық педагогиканы оқу-тәрбие үрдісіне арқау ету үшін үлттық тәрбие нүсқауларын жүйелеу міндетін қамтамасыз етуге тырыстық. Халықтың ауыз әдебиет шығармаларының үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жүмбақ) зерттеп -- талдау, және оларды химия пәнін оқытуда пайдаланудың дидактикалық мүмкіндігін анықтап, олардың мазмүнын білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын сараладық. Сабақта және сыныптан тыс жүмыстарда халықтық педагогиканы тиімді пайдалану оқушылардың білімін, біліктілік дағдыларын қалыптастыруға алған білімдерін тереңдетіп кеңейте түсуге, қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар, олардың халықтық әдет-ғүрып, салт-дәстүр туралы білімін молайтып жеке түлғалық қасиеттерін дүрыс қалыптастыруға ықпал етеді.
Химия сабағында халықтық педагогика элементтерін пайдалану төменде көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс:
халықтық педагогика элементтерінің мазмүны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы;
берілетін материалдың мазмүны оқушыларға түсінікті және халықтың ерекше құндылығын көрсете білетіндей болуы; қолданылатын халықтық педагогика элементтері мазмүны жағынан оқу материалдарына сәйкес болуы керек; халықтық педагогиканы қолдану оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс;
әдеби шығармалар, халықтық ауыз әдебиет үлгілері оқушылардың ақыл-ой қабілетін, психикалық сапаларының дамуына ықпал ететіндей болуға тиіс.
Осылардың негізінде білімді белсенді әдістер арқылы меңгеруге жағдай жасау эксперимент барысында әрбір сабақ түрлеріне байланысты орындалатын жүмыстардың басты белгілері берілді.
Жарыс сабақтары бойынша:
Оқушылардың өздігінен орындап шешетін жағдайлардың болуы;
Жағдайларға байланысты бақылау сүрақтарының дайындалуы;
Жарысатын топтардың жағдайларына шешу варианттарының болуы;
Шешімді талқылауға оқушылардың түгел қатысуы.
Шешімнің қолайлығы және тиімділігі.
Білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабақтары бойынша:
Ойын жаттығуларының болуы.
Ойын мазмүнының химиялық нақты үғым алуға мүмкіндік туғызатындай болуы.
Ойын кезінде бүкіл сынып оқушыларының қатысуына жағдай жасалу.
Ойын барысында оқушылардың қимыл-өрекеттері, ой жүйесі, ережелерді меңгеру, үлттық ерекшеліктерді түсіну қабілеттерінің қалыптасуы.
Түжырымдау және жүйелеу сабақтары бойынша:
Оқушылардың халықтық педагогикасы материалдарын меңгеру деңгейін байқау;
Тақырып мазмүны мен халықтық педагогикасы материалдарын (ертегі, жаңылтпаш, жүмбақ т.б.) байланыстыра білуі.
Ұлттық үғымдар мен ғылыми түсініктердің сәйкестігін дөлелдеуі.
Халықтық педагогикасы бойынша берілген тірек сөздер негізінде тақырыпқа байланысты әңгіме, өлең, жұмбақ қүрастыра алуы.
Сайыс сабақтары бойынша:
Оқушылармен алдын ала дайындық жүмысының жүргізілуі.
Сайыс жоспарымен оқушыларды таныстыру.
Пайдаланылатын әдебиеттермен таныстыру.
Сайыс барысында оқушылардың дүрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
Сайыс мазмүнының тақырып мақсатына сәйкестігі.
Эксперимент барысында халықтық педагогикасын пайдалана отырып сабақ типтерінің қолайлы түрлерін өз зерттеуімізге іріктеп алдық.
Олар мына төмендегідей жіктелді:
Жаңа үғым беру.
Білім, іскерлік, дағдыны жетілдіру.
Түжырымдау және жүйелеу.
Қүрастырушылық.
Білім, іскерлік, дағдыны бақылау.
Сайыс сабақ.
КВН.
Диспут.
Аукцион.
Конференция.
Егер осы типтік белгі сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты болса, сабақ түрі оқыту әдісі және материал мазмүнымен анықталады. Бірдей типтегі сабақтың өзі қолданған әдісіне қарай бірнеше түрге ие болуы мүмкін.
Эксперименттің нәтижесін байқау сыныптан тыс жүмыстардың барысында жүргізіліп отырды.
Оқушылардың шығармашылық деңгейін олардың сабақ барысында алған білімді кез келген жағдайларда қолдана білуінен байқалды. Эксперименттің қорытындысында эксперименттік сынып оқушылары мен бақылау сынып оқушыларынан
бақылау жүмыстары алынды.
Байқау нәтижесінде анықтаудың өлшемі - оқушылардың әрбір зат пен қүбылыс жайындағы түсініктерін нақты мысалдар, қосымша материалдар арқылы дәлелдей алуы болды.
Бақылау кезінде оқушылардың химиядан алған білімдерін халықтық педагогика негізінде дәлелдей алу деңгейін ой-өрісін анықтау жүзеге асты.
Ол үшін 8-10 сынып оқушыларына бағдарламалық материалдар негізінде тапсырмалар, тәжірибелер, химиялық есептер, сауалнамалар берілді. Эксперимент нәтижесін қорыту барысында оқу ойындарын қолдану арқылы да оқушылардың белсенділігін, логикалық ойын, шығармашылық әрекеттерін байқадық.
Бақылау нәтижесінде оқушылардың халықтық педагогикасы бойынша алған білімдерінің химияны нәтижелі меңгеруге тиімді әсер еткенін, пәнге деген қызығушылығының күшейгенін байқадық. Сонымен қатар оқушылардың ой қорыту, түжырым жасау, алған білімдерін қолдана білу дағдылары да көрінді.
2.2. Педагогикалық эксперимент жүмысының нәтижелері
Эксперименттік жұмыс химия сабағында оқытудың белсенді әдістерін қолдану барысында халықтық педагогиканы пайдаланудың оқушылар шығармашылығын арттырудағы және сабаққа қызығушылығын күшейтудегі тиімділігін тексеру мақсатымен жүргізілді.
химияны оқытуда ғылыми түсініктер мен үлттық үғымдардың байланысын түсіндіру, пәнаралық байланыс жүйесін халықтық педагогиканы пайдаланудың мазмүнын ашу;
зерттеу жорамалына сәйкес енгізілген әдістемелік жүйенің тиімділігін дәлелдеу;
оқушылардың білім-білік дөрежесін көтеру мақсатында үйымдастырылған сыныптан тыс оқыту кезінде халықтық педагогиканы пайдалану түрлерін сынақтан өткізу;
Орта мектептерде химиядан сабақ беретін тәжірибелі мүғалімдермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі
Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Химияны оқытуда әріптестік технологияның жаңа модификацияларын қолдану
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Халықтық педагогика - тәрбие бастауы
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Пәндер