Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару
Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару мәселесін қарастырмас бұрын, алдымен мемлекеттік басқару деген не, тұтасымен алғанда мемлекеттік басқарудың неден тұратынын, оның түрлері мен ерекшеліктерін анықтап алу қажет деп ойлаймыз. Мемлекеттік басқару ұғымының мәнін ашуда оның екі құрамдас бөлігі мемлекеттік және басқару деген түсініктердің мазмұнын ашып алу қажет. Өйткені бұл ұғымдар әлі күнге дейін әрқилы мағыналарда, интерпретацияларда, бір-біріне қарама-қайшы келетін түсініктерде айтылып жүр. Әсіресе басқару түсінігі көптеген түрлерде беріліп, ол тіпті әртүрлі сападағы құбылыстарды, қатынастарды және процестерді қамтып жүр. Басқару аспектісін механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық байланыстар тұрғысынан қарастыру да етек алды. Тіпті табиғи және әлеуметтік әрекеттердің өздігінен туындайтын элементтеріне де басқарушылық сипат беруге тырысуда [1].
Осындай жағдайлардан, басқаруды табиғаттың, қоғамның және адамның көптеген элеметтері мен құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын ретке келтіруді сипаттайтын түрлерге бөлу пайда болып таныла бастады. Мұндай басқару механикалық, биологиялық және әлеуметтік жүйелердің өзара әрекеттері мен байланыстарының қасиеттерін зерттейтін кибернетикада (Н. Винер), осыған байланысты басқару теориясының математикалық және ақпараттық саладағы түрі (К. Шеннон, У.Р. Эшби), сондай-ақ басқа да ғылым салаларында көрініс берді [2]. Басқару ұғымының мұндай сипат алуы тәжірибеде бірқатар жетістіктерге жетуге жол ашқанын жоққа шығаруға болмайды (физикалық және химиялық процестерді тануға, биотехнологияның туындауына және т.б.).
Осы адам қоғамындағы басқарудың өзін ғылыми әдебиеттерде негіздері бойынша әр түрге бөледі. Мәселен, қоғамдық өмірдің аяларына байланысты: жалпы қоғамды басқару, экономикалық басқару, саяси басқару, әлеуметтік басқару, рухани, идеологиялық саланы басқару.Осы орайда, Г.В. Атаманчук басқару жөнінде: басқару түрлерін жіктеудің негізін басқару субъектісі болып табылатын биліктің қайнар көзі мен әлеуеті құрайды. Осыған байланысты басқару мемлекеттік басқаруға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, менеджемет (кәсіпорындарды, фирмаларды басқару), қоғамдық басқару, топтық өзін-өзін реттеушілікке, адамның мақсатты жүрістұрысына бөлінеді, - дейді [3].
Басқарудың барлық түрлері арасында мемлекеттік басқару, өзіне тән қасиеттері арқылы ерекше орынға ие болады, өйткені басқарудың негізгі әлеуеті мемлекет қолында шоғырланған. Мемлекеттік басқару әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде кең және тар мағынады түсініледі. Кең мағынады - бұл, ұйымдастырушылық, тәртіпке келтірушілік қызметі, яғни әртүрлі қоғамдық қатынастарды мемлекеттің барлық билік тармақтарының, мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен реттеу. Тар мағынада (әкімшілік-құқықтық) - бұл, атқарушы биліктің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде, атқару билігінің арнайы мемлекеттік органдарының жүйесімен немесе мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылатын мемлекеттің әкімшілік, атқарушылықбилік етушілік қызметі.
Біздің зерттеу мақсатымызға орай, біз мемлекеттік басқаруды осы тар мағынасында қарастырамыз. Өйткені, ұйымдастырушылыққұқықтық мағынасында ғана мемлекеттік басқару әкімшілік-құқықтық реттеудің негізгі объектісі және әкімшілік құқық нормасының қолданылу аясында болады.
Мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық әдебиеттерді талдау, мемлекеттік басқарудың біз қарастыратын мағынасында төмендегідей бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден, мемлекеттік басқару - функционалды және құзіреттілік ерекшеліктерге ие, атқарушы-билік етуші мемлекеттік билік органдарымен (басқару органдарымен) біртұтас мемлекеттік билікті жүзеге асыру жөніндегі қызмет.
Екіншіден, мемлекеттік басқарудың мәні осы қызмет түрін ұйымдастырумен сипатталады.
Үшіншіден, мемлекеттік басқару дегеніміз, әкімшлік, атқарушы-билік етуші сипаттағы заңға бағынышты қызмет (басқару органдары, заңдардың, президент жарлықтарын, үкіметтің қаулыларын және өзге де жалпы құқықтық талаптарды құқықтық құзіреті шегінде іске асырады).
Төртіншіден, мемлекеттік басқару - үздіксіздік және ырғақтылық сипаттағы, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, ұйымдастырушылық, әкімшілік-саяси құрылысты күнделікті және тікелей басқару процесіндегі атқарушылық қызмет.
Демек, мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі бола отырып, ұйымдастырушылық сипаттағы заңға бағынышты мемлекеттік билік органдарымен (басқару органдарымен) жүзеге асатын әкімшілік, атқарушылықбилік етушілік қызметті білдіреді.
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару, адамды, оның өмірі мен денсаулығын ең жоғары құндылық деп тани отырып, осыларға байланысты қоғамдағы басқа құндылықтар мен игіліктер анықталып жүргізіледі. Сондықтан денсаулық сақтауды басқару бүкіл қоғамның алдындағы кешенді міндеттерді шешу жөніндегі басқару, оның жүзеге асырылуына басқару құрылымы мен халық шаруашылығының көптеген салалары қатысады.
Өз кезегінде, денсаулық сақтау саласын басқарудың міндеті емдеу, диагностикалық және сауықтыру іс-шараларының, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалану сапасын жоғарылату жолымен басқару мақсаттарына тиімді қол жеткізу болуы тиіс. Сондықтан мемлекет денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару жүйесімен басқарғанда азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді шешуі қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекетте арнайы атқару органдарының жүйесі құрылады. Осы органдар өздеріне берілген құзіреттері мен құрылымдары арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етуге тікелей араласып, өздерінің жиынтығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бір буынын құрайды. Демек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтауды басқарудың өзіне сәйкес жүйесі бар деуге болады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын басқару жүйесі, өзінің белгілі бір ішкі ұйымдасуы мен функциялары, басқа жүйелермен байланысы және одан әрі даму болашағы бар қоғамды басқарудың бір жүйесі.
Ол төмендегідей өзіне тән белгілермен сипатталады:
өзара байланысты элементтерден тұратын біртұтас жүйені құрайды;
біртұтас әлеуметтік жүйедегі күрделі бір жүйе болып табылады;
басқарудың басқа да жүйелерімен бірлікте бола отырып, өз қатынастарында дербестікке ие және бір-біріне әсер етіп отырады;
ішкі (осы жүйенің ішкі құрылымдарымен) және сыртқы (басқа жүйелермен байланысы,иерархиялық құрылымы, элементтері, құқықтық мәртебелері бойынша ерекшеленетін әртүрлі деңгейдегі құрылымдары бар;
белгілі бір тұрақтылық қасиеттеріне ие;
ырғақты, яғни дамып және жетілдіріліп отыру.
Денсаулық сақтау саласын басқарудың мазмұнын жалпы және арнайы атқарушылықбилік етушілік функциялар құрайды.
Жалпы функцияларға мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, оларды қаржыландыру, бақылау, кадрлық мәселелерді шешуді жатқызуға болады; арнайы функцияларға емдеу-сауықтыру жөніндегі көмекті ұйымдастыру, денсаулық сақтаудың емдеу-сауықтыру және өзге де ұйымдарының жұмысын орнықтыру, медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен және өзге де медициналық өнімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, медициналық сараптамалар жүргізу, медицина ғылымын дамыту, халық арасында аурулардың алдын алу мен сауықтыру жөніндегі жұмыстар жатады.
Зерттелініп отырған денсаулық сақтау жүйесіне де өзара байланысты екі элемент тән: басқарушы (субъект) және басқарылушы (объект). Денсаулық сақтау саласын басқарушы субъект ретінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар көрінеді (Президент, ҚР Үкіметі, Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері, әлеуметтік сақтандыру қорлары, өзінің қарамағында денсаулық сақтау мекемелері бар органдар (мысалы, Ішкі істер органдарының, қорғаныс министрлігінің).
Ал денсаулық сақтау саласының объектілері ретінде, жоғарыда аталған органдардың мемлекеттік ықпал етуін қабылдайтын денсаулық сақтау мекемелері жатады. Оларға жататындар: ауруханалар, емханалар, диспансерлер, перзентханалар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Қазақстан Республикасысының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы денсаулық тақырыбы
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Халықтың денсаулығын сақтау әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты ретінде
Халық денсаулығының негізі
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Пәндер