Шошқа тұмауының вирусын ажырату


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\Win\Downloads\zapadno-kazakhstanskiy-agrarno-tekhnicheskiy-universitet-imeni-zhangir-khana-zkatujpg.jpeg ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты

“Ветеринарлық медицина” мамандығының 3 курс студенті Төлеуішова Надежданың «Ветеринарлық микробиология және вирусология»

пәні бойынша орындаған практикалық жұмысы

Тексерген: а. о Ищанова А. С

Орал, 2020ж

№9 Практикалық сабақ

Шошқа тұмауының вирусын ажырату

1. Қоздырушысына сипаттама беріңіз.

2. Шошқа тұмауы вирусын зертханалық балау әдістері

3. Басқа аурулардан ажыратып балау.

Шошқа тұмауы-Grippus(Influenza) suum-(син. :шошқаның тнфлюэнцасы, энзотикалық бронхпневмония ) аса жұғымтал, жіті түрде өтетін ауру, ауру қызбамен, әлсіздікпен, тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталады. Ауру алғаш рет 1918 жылы Америкада табылған. Шошқаның тұмау вирусы, адамның тұмауында шақырады және керісінше, адамның тұмауы шошқаға жұғуы мүмкін.

Қоздырушысы . Шошқа тұмау вирусы 1931 жылы Шоуп және Левине анықтаған. Вирус ортомиксовирустардың А-туыстығына кіреді.

Морфологиялық және химиялық құрамы жағынан шошқа тұмау вирусының төзімділігі жылқы, адам тұмау вирусына ұқсайды. Шошқа тұмау вирусының антигендік құрамы өзгермелі. Қазіргі уақытта 5-эталонды штамы белгілі:А (шошқа) Айова (31), А(шошқа) Кембридж (39), А (шошқа ) Мератин (57), А(шошқа) Висконсин (61) және А (шошқа) Висконсин (70) . Ару шошқаның организмінде антигемагглютининдер, вирусбейтараптаушы, комплемент байланыстырушы антиденелер пайда болады. Вирус тауық, үйрек, адам, теңіз шошқасының және т. б. эритроциттерін агглютиндейді.

Балау. Шошқа тұмауына балау қою қиындау, өйткені малдардың респираторлы аурулары ұқсас болып келеді.

Зетханалық балау. Шошқа тұмау вирусының индикациясы мен иденфикациясы және ретроспективтік балауы жылқы тұмауындай.

Басқа аурулардан ажыратып балау.

Ажыратып балау. (Шошқа тұмауы вирусы) Шошқаның тұмауын аденовирустық індеттен, хламидиозды пневмониядан, микоплазмоздан, парагрипптен, сондай-ақ пневмония табиғи індетті емес аурулардан ажырату керек.

Ажыратып балау. (Құтырық вирусы) Құтырықты Ауески ауруынан, иттің обасынан, жылқының инфекциялық энцефаломиелитінен ажырату керек

Алдын ала балаудың әдістері:

Эпизоотологиялық. (Шошқа тұмауы вирусы) Шошқаның Ауру көптеген елдерге тараған, көбінесе 1 жастағы жас төлдер ауырады. Ауру таратушы -вирус тасымалдаушылар және ауру малдар болып табылады. Індет ауа арқылы беріледі. Шошқалар жылдың суық уақытында ауырады.

Эпизоотологиялық (Құтырық вирусы) құтырық зооантропонозды ауруларға жатады. Індеттің көзі-ауру жануарлар. Ауру көп елдерде тіркелген, аурудың таралуы вирустық резервуарларына байланысты.

Клиникалық. (Шошқа тұмауы вирусы) Шошқаның Ауру өте жіті, жіті және өлім шығымымен өтуі мүмкін. Ауырған малдарда температура жоғарылайды -40-42 С-дейін, азықтан бас тартады. Мұрын қуысынан сілекей бөлінеді, коньюнктивит, қырылдау, жетел, түшкіру, тыныс алуы қиындайды.

Клиникалық (Құтырық вирусы) а урудың сиптомдары малдың түріне, жасына тістеген орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығына байланысты. Аурудың дамуында үш кезең байқалады-алдын ала сатысы-мұнда жануарлар дыбысқа, жарыққа, тиюге өте сезімтал келеді, қозу сатысында-құтыру, сезімталдықтың бұзылуы; салдану сатысында-ауруды сезіну қабілеті жойылып, сал болады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер (Шошқа тұмауы вирусы) Шошқаның мұрын кілегейлі қабығы, бронхылары, альвеолдары кілегейлі, ісінген. Бронхиалды лимфа түйіндері үлкейген.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер(Құтырық вирусы) . Анық өзгерістер байқалмайды, тек сойғанда арықтау, бас пен мойын жүні сілеккймен суланған.

Қолданылған әдебиет:

Мырзабекова Ш. Б Ветеринарлық вирусология. Оқулық Алматы, 2012, ҚазҰАУ-330бет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы құс шаруашылығы мәселелері
Тұмау вирусының морфологиясы
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Әлемнің ұлттық саябақтары және оның туризм дамуына әсері
Ортомиксовирустар. Құс тұмауы ауруының сипаттамасы,диагностикасы,алдын алуы
Ньюкасл құс ауруы кезіндегі балау қою әдістері және алдын алу шаралары
ДНК және РНК бар вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Жылқы тұмауы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz