Сезіну, қабылдау, ұсыну, елестету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Сезіну, қабылдау, ұсыну, елестету

Сезіну - материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін психикалық үрдіс. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белтілейміз; сипап-сезіну аркылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозгап көріп оның салмағын т. с. с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Сезіну хабарлайды. Сезіну материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен касиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп. миымызда бейнеленуі. Сезіну - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болын жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сезіну таным үрдістеріне жатады, өйткені адам соның арқасында дүниені таниды. Сезіну басқа психикалық үрдістерге - қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Сезінудің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке'талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар - сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізге сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипап-сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарыньщ қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлар) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шелдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын козғалыс (немесе кинестетикалык) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының реиепторлары (проприоцепторлар) Бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.

Қабылдау түсiнiгi

Жоғарыда айтқанымыздай, түйсiктер қарапайым бейнелеудiң жеке формаларының шеңберiнен шыға алмайды. Ал сыртқы дүниенi бейнелеудiң шындықты процесi бұл формалардан анағұрлым бай келедi. Адам бiрiнен бiрi бөлектенiп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иiс сезiмдерiмен шектелмей, заттар мен формалар, күрделi құрылымдар мен жағдайлар əлемiнде жасайды, субъект нендей затты

қабылдамасын, оны түйсiктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелердi қабылдауда адам бөлектенген түйсiктер шегiнен асып, сезiм мүшелерiнiң бiрлiктi қызметiне арқа сүйеумен бiртұтас күрделi жүйеге өтедi. Бiрiктiрудiң (синтез) мұндай түрi бiр сезiмдiк қызмет аймағында да (суретке қарай, бiз əртүрлi көру əсерлерiн бiр, бүтiн бейнеге бiрiктiремiз, сондайақ, бiрнеше сезiмдiк қызмет ауқымымен (апельсиндi тану үшiн бiз көру, сипай сезу, дəм, бұларға қоса жемiс жөнiндегi бiлiмдерiмiздi байланыстырамыз) орындалуы мүмкiн. Осындай психикалық бiрiктiрудiң нəтижесiнде ғана дербес түйсiктер бiртұтас қабылдауға айналып, дара белгiлер мен қасиеттердi бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.

Бұрыннан белгiлi заттарды (кiтап, үй) танудың ешбiр қиындығы жоқ қажеттi пiкiрге келу үшiн адам қабылданатын объекттiң бiрекi белгiсiн бiрiктiрсе, жетiп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттардың қабылданып, танылуы əлдеқайда күрделiрек əрi көптеген формалардың бiрбiрiне қатынасын ұғу негiзiнде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мəндi тараптарын айыра бiлу, онша қажеттi болмаған белгiлерiн елемеу арқылы түсiнiктi болған бөлшектерiн бiртұтас заттық мағынаға келтiру құсаған күрделi талдаубiрiктiру жұмыстың нəтижесiнде iске асады. Қабылдау аса көп талдап, бiрiктiру қызметiн керек ететiн құрылымды əрi белсендi психикалық əрекет.

Бұл күрделiлiк пен белсендiлiк келесi жəйттерден көрiнедi. Ең алдымен, ақпарат ағымы бұл сезiм мүшелерi жəй тiтiркенуiнiң нəтижесiнде қозулардың шеткi қабылдаушы мүшелерден миға жетуi ғана емес. Қабылдау қызметiне қозғалыс əрекеттерi де қосылады (мəндi тетiктерiн байқастыру үшiн заттарды түртiп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мəндi ерекшелiктердi анықтау мақсатында тиiстi дыбыстарды əуендеп не күбiрлей қайталау) . Сондықтан да, психикалық қабылдау процесiн субъекттiң затты тануға бағытталған тiкелей iсəрекетi деп қарастырған жөн.

Сонымен бiрге, қабылдау өткен тəжiрибе iздерiн жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзiне келiп жеткен ақпаратты бұрыннан бар бiлiктерiмен салыстырады, мəндi белгiлерiн айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнiнде болжам жасайды; қабылданған затты тиiстi категориялар тобына жатқызу жөнiнде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъекттiң танымдық iсəрекетi көрнекiлiк пен ойластыру негiзiнде өтiп, қабылданатын объект неғұрлым бейтаныс əрi күрделi болса, ондағы көрнекiлiк басымдау келедi. Мiне сондықтан да, қабылдау барысындағы iсəрекет ешқашан да бiр сезiм қызметiнiң аймағымен шектелмей, бiрнеше сезiм мүшелерiнiң жұмысы нəтижесiнде қалыптасады. Жəне бiр, маңызды жағдаят: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жəй деңгейде орындалуы мүмкiн емес, ол психикалық iсəрекеттiң ең жоғары сатысы тiлмен тiкелей байланысты. Адам затқа жəй назар аударып, оның қасиеттерiн енжар танып қоймастан, олар iшiндегi мəндi деп есептегендерiн айыра талдай жəне

бiрiктiре, заттық бейнеге келтiрiп, оны сөзбен баламаластырады, соның арқасында заттың қасиеттерi мен сапаларын тереңдете тани отырып, белгiлi категориялар тобына қосады. Мысалы, адам уақыт көрсететiн механизiмдi қабылдай, танып, оны "сағат" сөзiмен атайды, əрi осы механизм үшiн онша қажеттi маңызға ие болмаған сағаттың түрi, түсi, көлемi сияқты белгiлерге мəн берместен, оның негiзгi қызметтiк қасиетi уақыт көрсетуге айыра зейiн аударады. Сонымен қатар, бiр сəтте адам қабылданып жатқан затын белгiлi категорияға жатқызып, сырттай ұқсас болған басқа категория заттарынан (барометр, компас) айырады. Осының бəрi субъекттiң қабылдау iсəрекетi өзiнiң психологиялық құрылымы бойынша бейнелi ой iсiне жақын екендiгiн дəлелдейдi. Сонымен, қабылдау бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерi жəне бөлшектерiмен бiрiге, сезiм мүшелерiне тiкелей əсер етуiнiң нəтижесiнде тұтас түрде бейнеленуi.

Қабылдаудың қасиеттерi

Қабылдаудың заттық тектiлiгi. Қабылдаудың бұл қасиетi оның объектив болмыстық көрiнiсiмен түсiндiрiледi, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзi осы объектив дүниенiң өзiнде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиетi емес, ол өмiр бойы қалыптасып, iсəрекеттiң барша саласында бағыттауреттеу қызметiн атқарады. Қоршаған дүниенi заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерiнiң негiзiнде орнығады (И. М. Сеченов) . Қозғалыс болмаған жерде бiздiң қабылдауымыз заттық қасиетiнен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар едi. Қабылдаудың заттық негiздi болуы əрекетқылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Əдетте, бiз нақты нысанды басқалардан түрi мен сипатына қарай бөлмеймiз, бiз үшiн бұл жағдайда ең қажеттiсi оның тұрмыстық қажеттiлiкке жарайтын негiзгi қасиеттерi. Мысалы, пышақ кесуге жараса пышақ, болмаса əншейiн металл. Қабылдаудағы басты мiндет осы қасиеттердi тану.

Қабылдаудың тұтастығы. Түйсiк, жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Түйсiк құрайтын бөлiктер өзара өте тығыз əрi күштi байланысқан, мұны бiз сезiм мүшелерiмiзге кейбiр заттардың бiр қасиетi немесе бөлiгi ғана əсер етуденақ бiздiң санамызда сол заттың күрделi бейнесi туындайды (мақпал, мəрмəр тас) . Мұндай танымның негiзiнде бiздiң бұрынғы тəжiрбиемiзде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлекстi қалыптасқан байланыстар жатыр. Тұтастық қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда бiздiң мезеттiк түйсiнулерiмiзге тура келе бермейдi, əрi сол түйсiктердiң қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, əдетте, нақты түйсiнуден дербестенiп, дерексiзденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қорытындыға келу бiршама уақыт өтуiн талап қылады. Егер сiз қандайда бiр əуендi тыңдай қалсаңыз, алғашқы естiген нотаңыз келесi нота берiлгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Əдетте, тыңдаушы үшiн əнкүй бiрiнен соң бiрi келетiн ноталарымен емес, бiртұтас əуенiмен мəндi. Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленушi қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзiндiк ерекшелiктерiнен туындайды.

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы) . Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбiр қасиеттерiнiң бiр тектi сақталуын айтамыз. Өзгерiстер орынын толықтыру қабiлетiне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай бiз қоршаған дүние заттарын бiр қалыпты күйiнде танып, бiлемiз. Көбiне заттардың түрi, көлемi мен формасы мызғымас қалпында бейнеленедi.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мəнi сөзбен берiледi, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрi тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралап тану болып бөлiнедi. Жалпылап тануда нəрселердiң жайжапсары терең бiлiне бермейдi, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi.

Апперцепция. Қабылдау процесi тек тiтiркенуден ғана пайда болмай, субъекттiң өзiне де байланысты көрiнiс бередi. Қабылдайтын көз, құлақ емес, əрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшелiктерiмен де сипатталады. Қабылдау нəтижесiнiң жеке адам психикалық өмiрiне, оның тұлғалық ерекшелiктерiне тəуелдiлiгi апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмiр тəжiрибесi үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бiр заттың өзiн əрқилы адамдар (бiлiмiне, тəжiрибесiне, тəрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтiк дəрежесiне, т. т. орай) əртүрлi қабылдайды. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесiне де орайлас келедi. Ниет, көңiл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгерiске де түсуi мүмкiн. Мұндай уақытша апперцепция адамның əртүрлi алдануы иллюзия салдарынан жаңсақ пiкiрлер туғызатын жағдайларда болады. Жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты жалған, терiс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галлюцинация деп аталады.

Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

Уақытша түрі - адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп - заттардың алыстығын, түрін, көлемін қате қабылдау.

Кеңістікті және уақытты қабылдау.

Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды. Кеңістікте қабылдау деп - дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

Уақытты қабылдау.

Уақыт дегеніміз - дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның орнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.

Қабылдаудың физиологиялық негiздерi

Қабылдау да түйсiк секiлдi рефлекторлы процесс. Оның негiзiнде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға əсер етуiнен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектерiне келiп түскен құрамды тiтiркендiргiштер күрделi талдаудан өтiп, бiрiгiп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөлiп алынады, сонымен бiрге оның барша қасиеттерi бiртұтас сапалық бейнеге бiрiктiрiледi.

Түйсiкпен салыстырғанда қабылдау процесi ми қызметiнiң ең жоғары талданубiрiгу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мəн жайына жету мүмкiн емес. Мысалы, түсiнiксiз тiлдегi ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкiн емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал ендi осы баянды түсiнiп, қабылдау үшiн оны бөлек тiркестер мен сөздерге мағынасына орай жiктеу қажет, яғни естiп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшiн талдаумен бiр уақытта бiрiктiру əрекетi де жүрiп жатады. Осының арқасында бiз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тiркестерiн ұғамыз. Мұндағы бiрiгiм уақытша жүйке байланыстарының түзiлуiмен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екi түрiне негiзделген: бiрiншi байланыс түрi талдағыш төңiрегiнде түзiлген де, екiншiсiне талдағыштар арасындағы байланыстар себептi. Бiрiншi жүйке байланысы ағзаға бiр тектi құрамды тiтiркендiргiштердiң əсер етуiнен болады, мысалы, есту талдағышына əсер етушi жеке дыбыстардың ерекше бiрiкпесiнен пайда болған əнкүй бiртұтас күрделi тiтiркендiргiш ретiнде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетiн бiрiгу (интеграция) процесi мен күрделi синтездiң болуынан. Құрамды тiтiркендiргiштердiң əсерiнен түзiлетiн жүйке байланыстарының екiншi түрi əртүрлi талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңiстiктi қабылдау, көру, қозғалыс, сипап сезу жəне басқа да түйсiктердiң өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келедi (И. П. Сеченев) . Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңiстiктегi қатынастарды белгiлейтiн сөздiң дыбыстық бейнесi қосылады. Заттардың көлемi мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсiгi бұлшық еттер түйсiгiмен байланыспай болмайды. Қабылдау негiзiнде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Əртүрлi талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жəрдемiмен бiз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерiн де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншiктi салмақ жəне т. б. ) . Түйсiкке қарағанда қабылдау барысында бiздiң дүниенi тереңiрек қабылдап, дəлiрек тануымыз осыдан. Сонымен, қабылдау сынды бейне түзушi күрделi процесс негiзiнде бiр талдағыштың өзiндегi жəне талдағыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы бiз тiтiркендiргiштердi жете танып, күрделi тұтастық құраған зат қасиеттерiнiң өзара ықпалды əрекеттерiн ескеремiз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық тәрбиенің маңызы
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұны
Түйсік пен қабылдаудың патологиясы жайлы мәлімет
Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz