Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері
Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы
Халық әндері
Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы -- әдебиет пен өнер.
Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.
Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны -- ән.
Ән -- халық мұрасы. Халық әндері -- сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән -- өнер. Ән -- адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән -- табиғат сүреттемесі. Ән - халыктың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған кобыз сарынына қосылып ән салады, би бнлейді және аруақтарға бағыштап олең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.
Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен
шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі -- ән өнері.
Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән -- өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,
Әннің келесі бір қасиеті -- әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.
Халық әндеріне тән тағы бір белгі -- әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте -- өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мүны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.
Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.
Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?
Тарихшы -- шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбсн баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғак, өлшем, ұйқас бола бермепді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге токталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.
Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
Қазақ әнінің ұлы көші
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Қазақтың тұңғыш операсы
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Пәндер